Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп Акерке.docx
Скачиваний:
209
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
134.2 Кб
Скачать

Тәрбие жұмысы

№ 36 орта мектебінде директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, мұғалімдер және тәжірибе жетекшісімен тәрбие жұмысы жүргізілді. Мектептегі тәрбие жұмысының мақсаты: ұлттық сана-сезімі оянған , рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы мол, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеу.

Мақсаты –оқушыларды этика, эстетика ережелерімен таныстырып, отбасындағы, достарының арасындағы, мектептегі, қоғамдық ортадағы тәрбиенің ерекшеліктері, дүниетанымымен таныстыру.

Міндеттері – арнайы тәрбие арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыруға, осы идеяларға негізделген үйірме жұмыстары , іс-шаралар өткізу, кештер, кездесулер , интелектуалдық – танымдық ойындар , т.б.өткізу.

  • оқушыларды жалпы азаматтық құндылықтарға тарту , сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;

  • баланың ұлттық сапасын қалыптастыру , халыққа деген құрмет , мақтаныш ұялату , ұлттық рухын дамыту;

  • ана тілін, дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін кәсіби меңгеріп , салт- дәстүрін , мәдени мұраларын қастерлеу;

  • шыдамдылық, намысшылдық, жинақылық, сенімділік мінезін қалыптастыру;

  • Сұлулықты сүйетін , салауатты ұлт алдында ерекше істерді атқаруға қабілетті, іскер, білімді , жауапкершілігі мол , текті, алғыр тұлға қалыптастыру;

  • Осы мақсатқа орай аталған сатыға қарай мынандай үйірмелер жұмыс істейді: шахмат, футбол, баскетбол, волейбол, ән өнерінен сайыстар.

Мектепте осы құрылымның барлық сатылары жұмыс істеуде, ол үшін нақты материалдық-техникалық база жасалған. Мекепте білім стандартының жоғары деңгейіне , қосымша үйірмелер арқылы оқуға қызығушылығының туындауына жағдайлар туғызуға бағыттталған дамыта оқу жүйесі қарастырылады, яғни деңгейлік , тереңдете оқыту, ерте кәсіби бағдарлау мақсатында оқушылардың сұрауына қарай оқу саралана жүргізілді.

Сынып жетекшісі студенттермен жан-жақты тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл өткізілген тәрбие жұмыстары болашақта оқушыларды еліміздің патриоты ретінде тәрбиелеуге бағытталған.Тәрбиенің негізгі бағыттары «Е» қосымшасында көрсетілген.

Талдай келе сабақ 45 минутқа созылды. Сабаққа оқушылардың қатысу деңгейі жоғары болды. Сабақ ашық түрде өтті. Сабақ аяқталғаннан кейін тәжірибелі мұғалімдер сабаққа берілген ұсынымдарын, пікірлерін айтты, болашақта маған қажет болатын педагогикалық ойларымен бөлісті. Сабақ аяқталғаннан кейін осы сыныпқа Е қосымшасында көрсетілген мінездеме жаздым және сыныптағы ерекше көзіме түскен оқушыға Ж қосымшасында көрсетілген мінездеме жаздым.

Қосымша «б»

№ 36 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: « Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»

Орындаған: Оңласын Ақерке

2015жыл

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Сабақтың білімділік мақсаты: Электр тізбегіндегі кернеу мен кедергінің және ток күштерінің тәуелділігін анықтау.

Дамытушылық мақсаты: Эксперимент пен теорияның сәйкестігіне көз жеткізу. Ой - өрісін, қиялдарын, еркін сөйлеуін дамытып, формулаларды түрлендіре білуге үйрету

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың формуланы есте сақтауына және пәнге деген қызығушылын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кодаскоп, слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, интерактивтік тақта

Құрал-жабдықтар: Амперметр, вольтметр, ток көзі В-24, кілт, резисторлар,шам, қосқыш сымдар, Омның суреті

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. «Қызығушылығын ояту» Оқушыларға қайталау сұрақтарын қойдым.

Сабақ міндеттері.

  • кедергі тұрақты болған жағдайда өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток күшіне тура пророционал болатынына көз жеткізу

  • Егер кернеу тұрақты болса, онда өткізгіштегі ток күші кедергіге кері пророрционал болатынын дәлелдеу;

  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңын білу;

  • Демонстрациалық тәжірибені бақылау арқылы одан қорытынды шығара білуі қажет

  • Ом заңын қолданып есеп шығара білу;