Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есеп Акерке.docx
Скачиваний:
209
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
134.2 Кб
Скачать

Оқу жұмысы

Тараз қаласы № 36 орта мектебінің өзекті мәселесі: «Оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану»

Мақсаты:

  • Болашақта еңбек етуге қабілетті, білімді, жоғары дәрежелі мамандарды даярлау;

  • Жаңа мәліметтер мен интерактивті технологияны енгізу негізінде білім беру сапасын жоғарылату;

  • Жоғары әдістемелік деңгейде барлық сабақтарды өткізуді қамтамасыз ету;

  • Оқушылардың біліктілігін арттыру, білімі мен қабілеттілік деңгейін анықтау;

Міндеттері:

  • Әр оқушыға қабілетіне қарай Мемлекеттік стандарт талабы бойынша сапалы білім беру;

  • Оқушылардың ерекшеліктеріне бағытталған әр деңгейлі саралап оқыту технологиясын енгізу негізінде әр оқушыға оқу материалын толық меңгеруіне қол жеткізу, білім сапасын көтеру;

  • Ұлттық мәдениетпен қатар, әлем мәдениетіне де,оқушыны да хабардар ете отырып, ойлау өрісін кеңейту, өзіндік пікір айту қабілетін шыңдау, қызығушылығын арттыра отырып, жеке тұлға қалыптастыру;

  • Оқушының білім алуға дайындық деңгейін, сапасын және жеке қабілеттерін айқындап, нақты көрсеткіштерін ғылыми тұрғыда негіздеу, сол көрсеткіштермен студенттің оқу және танымдық , шығармашылық іскерлігін бағалау;

  • Мектепте білім беру мазмұнына сай енгізілген жаңа технологияларды оқытушының жүйелі меңгеруіне, сабақ тиімділігі мен білім сапасын , деңгейін көтеруіне бағытталған оқытушылардың кәсіби жетілдірудің бағдарламасы арқылы оқу-әдістемелік жұмысты дұрыс жолға қою;

  • Оқушының сапалы білім алуына және оқытушының дидактикалық мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін материалдардың базасын жетілдіру, қажетті техникалық құралдардын, дидактикалық құралдарды және көрнекіліктерді толықтырып отыру.

Мен тәжірибеден өту барысында мектептің оқу жұмысымен толық таныстым. Мектептің оқу жұмысына байланыты нормативтік құжаттар мен оның жүргізілу тәртібімен таныстым.Ол құжаттарға: мектептің жұмыс жоспары; сынып жетекшісінің жұмыс жоспары; сабақ өткізу жоспары; журналмен жұмыс істеу тәртібі және оқушылардың жеке іс-қағаздары жатады.Мен бұл құжаттармен танысу барысында сабақ жоспарын қалай құру керектігін, ашық, тәрбие сабақтарын өткізудегі педагогтың атқаратын жұмысын үйрендім.

Мен өзімнің университеттен алған теориялық білімімді тәжірибеде қолданып, өз білімімді одан әрі шыңдадым. Жетекшімнің жеке берілген тапсырмасы: «Оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану ерекшеліктері» бойынша мәліметтерді кітаптардан, интернет желісінен ізденіп, орындадым. Жеке жұмысымның толық нұсқасы Д қосымшасында көрсетілген. Жетекшім - физика пәнінің мұғалімі Орманова Мейрамкүл Талғатқызы жаңа сабақты электонды лаборатория бойынша приборлармен жұмыс жасап, оқушыларға жаңаша, танымды сабақ өткізді.Мен осы 8 «Б» сыныбына жетекші болдым. Сыныптың тізімі Б қосымшасында көрсетілген.

Оқу- танысу педагогикалық-психологиялық тәжірибе өті барысында жоғары мамандандырылған мұғалімдердің 8 «Б» сыныбына өткізілген физика пәні бойынша тақырыбы: « Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» ашық сабағына қатыстым.Ашық сабақ В қосымшасында көрсетілген. Сабаққа талдау жасадық. Сабақтың талдауы Г қосымшасында көрсетілген. Мұғалім сабақты тиянақты, ұғымды қылып түсіндіреді және оқушылардан түсіндірген сабағын талдап сұрайды.