Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
569.04 Кб
Скачать

Қорытынды

Мен, Оңласын Ақерке, КЖжКББ факультетінің 201-топ студенті Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжінде 2016 жылдың қаңтар айының 18 -29 аралығында педагогикалық-психологиялық тәжірибеден өттім. Осы өткізілген тәжірибе берілген жеке жоспар негізінде жүргізілді. Алғашқы күні оқу орнымен жалпы таныстым. Жауапты жетекшім болып информатика пәні мұғалімі,магистр Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы белгіленді.

Тәжірибе өту барысында оқу-тәрбие,өзіндік оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстым, мұғалімнің сабақтарына қатыстым, сол мұғалімдермен сабақты талдау нәтижесінде өзім білмейтін жаңа мағлұматтармен таныстым.

Болашақ маманға қажетті білімдер мен дағдылардың қалыптасуына педагогикалық қабілеттілікті дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Бұл тәжірибеден тұтас педагогикалық үрдісті бақылау мен талдау, кәсіптік үлкен тәжірибе әдіс тәсілдері меңгеріледі.

Университетте алған теориялық білімдерді тереңдетіп, іс жүзінде ұштастыра қолдана білдім. Тәжірибе барысында тағайындалған жетекшім, 2ИС-14-2 тобында кураторлық қызметын атқарады, студенттермен тығыз қарым-қатынас жасайды. Олардың сабақтарына қатысып, сабақтан тыс та тәрбие жұмыстарына атсалысып, бақылап, тәжірибе жинақтадым. Соңғы күні тәжірибе жұмыстарын аяқтап, оны есеп беруге енгізу тіркелді. Менің жұмысымда жетекшім көп көмектесті.

Танысу тәжірибесі теориялық білімді практикалық біліммен байланыстыру көмегі өте зор.Тәжірибе кезінде мен мұғалімнің сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмысына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым.

Психологиялық – педагогикалық тәжірибе теориялық білімді тәжірбиелік біліммен байланыстыру кезінде көмегі өте зор. Тәжірбие барысында оқытушылардың сабақты беру кезіндегі өзіндік бір амалдарымен таныстым. Жетекшімнің берген барлық тапсырмаларына аса жауапкершілікпен қарадым. Тәжірибе кезінде мен оқытушылардың сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмыстарына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым. Тәжірибені өту кезінде педагогикалық қарым-қатынастың білімдері мен біліктерін дамыттым.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Қоғамның әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған индустриалды – инновациялық даму стратегиясында ғылыми – техникалық прогресстің қарқынмен дамуына және елдің халық шаруашылығындағы дамудың интенсивті факторлардың қолданылуына көшу бағдарламасы жастардың кәсіптік даярлығына жаңа жоғары талаптар қояды. Бұл дайындықтың негізі мектепте қаланады.Сондықтанда мектептерде кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе екенін атап көрсетті.

Білім беру бағытындағы кәсіби бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Кәсіби бағдар беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Соңғы кездерде кәсіби бағдар беру жұмыстары оқу орындарында қажетті теориялық және тәжірибе деңгейде жүргізіледі және де еңбектің іс-әрекет саласына аяқ басқан жастарға заманауи қоғам қоятын міндеттерге жауап беретін кәсіп таңдауда жол сілтеп келеді. Колледжде кәсіптік бағдар берудің мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты ары қарайғы жалғастыратын мамандықтарын дұрыс таңдауға дайындау.

Колледждегі студенттердің белгілі бір білім саласына қызығушылығы мен бейімділігін – анкеталау, әңгімелесу арқылы кәсіптік ұмтылуы мен жеке ерекшеліктерін, кәсіби мақсаттарын біліп, тексеріп отырады.

Мен пратикадан өту барысында 2ИС-14-2 тобының студенттеріне кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Студенттерге ең әуелі Қазақстан Республикасының Президенті жолдауында айтылғандай жастардың қоғамдық сұраныстарға жауап беретін мамандықтарды таңдауына бағыт бердім. Себебі, қазіргі таңда елімізде саны көп сапасы жоқ мамандар көбейіп, еліміздің болашағына қажетті техника, ауыл шаруашылық мамандарының аз екенін айта отырып,ретінше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро - техникалық университетінің мынадай факультеттері бар деп таныстырып өттім;

  • Агрономиялық;

  • Техникалық;

  • Энергетикалық;

  • Экономикалық;

  • Архитектуралық;

  • Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру;

  • Жерге орналастыру;

  • Зооветеринарлық кафедралар.

Сонымен қатар, университетіміздің білім беру жүйесі мен қазіргі таңдағы көп тілде білім беретін топтар жайлы айтып өттім. Әңгіме барысында кейбір студенттер колледжді оқып аяқтағаннан кейін біздің университетімізді таңдауға ниеттері барлығын айта кетті және біздің университетке деген өз қызығушылықтарын білдірді. Студенттер тарапынан мынадай сұрақтар көптеп қойылды:

  • Қазақ агротехникалық университетіне грантқа қанша баллмен түсу мүмкін?

  • ҚазАТУ-да қандай мамандықтар бар?

  • Университет мұғалімдерінің студенттерге қоятын талаптары қандай?

  • Қазақ агротехникалық университеті қандай шет елдермен мобильді байланыс орнатқан?

  • Университеттен жатақхана беріледі ма?

- Қандай студенттік ұйымдар жұмыс істейді? және т.б.

Мен студенттердің қойылған сұрақтарының барлығына дерлік толық жауап беруге тырыстым. Оларға университетіміздің сайтына кіріп,толық ақпараттармен танысып, жаңалықтарымыздан хабардар болып отыруларына кеңес бердім.Осылай, колледж студенттеріне ары қарайғы білімін біздің университетімізде жалғастыруға үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, кәсіптік бағдар бердім.

Сабақтың тақырыбы: Windows операциялық жүйелерін баптау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Microsoft Windows ортасының ерекшеліктерімен,Басқару

панелі қапшығын іске қосуды,Күнді және уақытты баптау,

Жұмыс үстелі реңінің өрнегін баптауды үйрету,меңгерту.

2.Дамытушылық:Студенттердің компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін,

логикалық ойлау қабілетін жетілдіру,алған білімдерін

нығайту,өз ойын толық айтуға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Өзін-өзі бағалауға,еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыруға,

таза жазуға,уақытты тиімді пайдалануға,компьютерлік

сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пікірлесіп түсіндіру,практикалық жұмыс элементтері бар

баяндау,демонстрациямен түсіндіру.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Сабақтың оқыту формасы: Блум жүйесі

Пән аралық байланыс: Орыс тілі,ағылшын тілі,математика.

Программалық-дидактикалық қамсыздандыруы: Windows операциялық

жүйесі,оқулық,перфокарталар,кеспе қағаздар,ДК-лер,

интерактивті диапроектор.

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Студенттер білуі тиіс:

Windows жұмысын іске қосу және аяқтау ретін;

Жұмыс үстелі ұғымын;

Тышқанмен орындалатын әрекеттерді;

Студенттер үйренуі тиіс:

1.Тышқанмен орындалатын механикалық әрекеттерді;

2.Басқару панелі қапшығын іске қосуды;

3.Күнді және уақытты баптауды;

4.Жұмыс столының реңінің өрнегін баптауды;

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Студенттермен сәлемдесіп,түгендеу.

2.Оқу-құралдарын қадағалау.

3.Студент назарын сабаққа аудару.

ІІ.Білім.Үй тапсырмасын пысықтау,қайталау сұрақтары:

1.Информатика нені зерттейді?

2.Операциялық жүйе дегеніміз не?

3.Интерфейс дегеніміз не?

4.Қандай операциялық жүйелерді білесіңдер?

5.Компьютердің қосымша құрылғыларын ата.

Ф И Л В О Р Д

Т І Н Т У

Е Ж Е Л І

Р Е З Е Р

И Н Ф О Р

П Л А М

Е П Е Ц А

Р А Ш И Т

Н П К Л И

Е Т А Б К

Т А Қ Т А

Бұл филвордта 10 сөз жасырылыған.Бұның бәрі информатикаға байланысты сөздер.Тышқан,Желі,Терезе,Информатика,Формат,Пернетақта,Таблица,Файл,Папка,Тақта.

Қанша тілді білесің?

1.Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың? (тінтуір,мышь,mouse)

2.Мәліметті сұраған

Экранға шығарған. (бейнебет,монитор,monitor)

3.Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе,окно, Windows)

ІІІ.Түсіну. Жаңа сабақты меңгерту.

Операциялық жүйе дегеніміз- бұл командаларды іске қосқан кезде барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.

Терезе- Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады.

Терезе- кез келген мәліметтер өңделіп,түзетіледі,басқару әрекеттері жүргізіледі.

Жұмыс столы-операциялық жүйелер.

Әрбір пайдаланушы компьютерді өз мәнеріне сәйкес терезенің түсін өзгертіп,жұмыс столының бетіне өрнек таңдап немесе оған стандартты сурет қойып,командалар қаріпінің өлшемін үлкейту,кішірейту,маустың қозғалту жылдамдығын орнатып баптауына болады.

Windowsтың баптауларын қарастырайық:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]