Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
569.04 Кб
Скачать

Оқу жұмысы

Тараз қаласы Жамбыл политехникалық колледжінің өзекті мәселесі: «Оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану».

Мақсаты:

  • Болашақта еңбек етуге қабілетті, білімді, жоғары дәрежелі мамандарды даярлау;

  • Жаңа мәліметтер мен интерактивті технологияны енгізу негізінде білім беру сапасын жоғарылату;

  • Жоғары әдістемелік деңгейде барлық сабақтарды өткізуді қамтамасыз ету;

  • Студенттердің біліктілігін арттыру, білімі мен қабілеттілік деңгейін анықтау;

Міндеттері:

  • Әр студентке қабілетіне қарай Мемлекеттік стандарт талабы бойынша сапалы білім беру;

  • Студенттердің ерекшеліктеріне бағытталған әр деңгейлі саралап оқыту технологиясын енгізу негізінде әр студентке оқу материалын толық меңгеруіне қол жеткізу, білім сапасын көтеру;

  • Ұлттық мәдениетпен қатар, әлем мәдениетіне де,оқушыны да хабардар ете отырып, ойлау өрісін кеңейту, өзіндік пікір айту қабілетін шыңдау, қызығушылығын арттыра отырып, жеке тұлға қалыптастыру;

  • Студенттердің білім алуға дайындық деңгейін, сапасын және жеке қабілеттерін айқындап, нақты көрсеткіштерін ғылыми тұрғыда негіздеу, сол көрсеткіштермен студенттің оқу және танымдық , шығармашылық іскерлігін бағалау;

  • Колледжде білім беру мазмұнына сай енгізілген жаңа технологияларды студенттердің жүйелі меңгеруіне, сабақ тиімділігі мен білім сапасын , деңгейін көтеруіне бағытталған оқытушылардың кәсіби жетілдірудің бағдарламасы арқылы оқу-әдістемелік жұмысты дұрыс жолға қою;

  • Студенттердің сапалы білім алуына және оқытушының дидактикалық мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін материалдардың базасын жетілдіру, қажетті техникалық құралдардын, дидактикалық құралдарды және көрнекіліктерді толықтырып отыру.

Мен тәжірибеден өту барысында колледждің оқу жұмысымен толық таныстым. Мекеменің оқу жұмысына байланысты нормативтік құжаттар мен оның жүргізілу тәртібімен таныстым.Ол құжаттарға: колледжің жұмыс жоспары; куратордың жұмыс жоспары; сабақ өткізу жоспары; журналмен және электронды журналмен жұмыс істеу тәртібі және студенттердің жеке іс-қағаздары мен орындайтын тапсырмалар жатады.Мен бұл құжаттармен танысу барысында сабақ жоспарын қалай құру керектігін, ашық, тәрбие сабақтарын өткізудегі педагогтың атқаратын жұмысын үйрендім.

Мен өзімнің университеттен алған теориялық білімімді тәжірибеде қолданып, өз білімімді одан әрі шыңдадым.

Оқу- танысу педагогикалық-психологиялық тәжірибе өту барысында жоғары мамандандырылған педогогтардың ИС-204 тобына өткізілген информатика пәні бойынша тақырыбы: «Windows операциялық жүйелерін баптау» ашық сабағына қатыстым.Ашық сабақ «Б» қосымшасында көрсетілген.Жетекшім - информатика пәнінің мұғалімі,магистр Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы жаңа сабақты интерактивті тақта көмегімен, студенттерге компьютермен жұмыс жасата отырып, танымды сабақ өткізді. Мен осы 2ИС-14-2 тобына жетекші болдым, фотосуреттер «В» қосымшасында көрсетілген. Топтың тізімі «Г» қосымшасында көрсетілген. Ашық сабаққа талдау жасалды, «Д» қосымшасында көрсетілген. Мұғалім сабақты тиянақты, ұғымды қылып түсіндірді және студенттерден түсіндірген сабағын талдап сұрап отырды. Жетекшімнің жеке берілген тапсырмасы: «Оқытудың инновациялық технологияларын тиімді пайдалану ерекшеліктері» бойынша мәліметтер жинақтау болды. Керекті мәліметтерді кітап, журналдардан және интернет желісінен ізденіп орындадым. Жеке жұмысымның толық нұсқасы «Е» қосымшасында көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]