Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
otchet.docx
Скачиваний:
24
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
569.04 Кб
Скачать

Тәрбие жұмысы

Жамбыл политехникалық колледжінде тәжірибе жетекшісі мен 2ИС-14-2 тобының студенттерімен бірге тәрбие сағатын өткіздік. Тәрбие сағатына директордың тәрбие жөніндегі орынбасары, оқытушылар да арнайы шақырылып қатысты. Колледжегі тәрбие жұмысының мақсаты: ұлттық сана-сезімі оянған , рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы мол, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеу.

Мақсаты – студенттерге этика, эстетика ережелерімен таныстырып, отбасындағы, достарының арасындағы, мектептегі, қоғамдық ортадағы тәрбиенің ерекшеліктері, дүниетанымымен таныстыру.

Міндеттері – арнайы тәрбие арқылы ұлттық тәрбиені қалыптастыруға, осы идеяларға негізделген үйірме жұмыстары , іс-шаралар өткізу, кештер, кездесулер , интелектуалдық – танымдық ойындар , т.б.өткізу.

  • студенттерді жалпы азаматтық құндылықтарға тарту , сол құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;

  • баланың ұлттық сапасын қалыптастыру , халыққа деген құрмет , мақтаныш ұялату , ұлттық рухын дамыту;

  • ана тілін, дінін, тарихын, мәдениетін, өнерін кәсіби меңгеріп , салт- дәстүрін , мәдени мұраларын қастерлеу;

  • шыдамдылық, намысшылдық, жинақылық, сенімділік мінезін қалыптастыру;

  • Сұлулықты сүйетін , салауатты ұлт алдында ерекше істерді атқаруға қабілетті, іскер, білімді , жауапкершілігі мол , текті, алғыр тұлға қалыптастыру;

  • Осы мақсатқа орай аталған сатыға қарай мынандай үйірмелер жұмыс істейді: шахмат, футбол, баскетбол, волейбол, ән өнерінен сайыстар.

Қаңтар айының 28-і күні Жамбыл политехникалық колледжінде тәжірибе жетекшісі Дүзелбаев Әбдіхалық Төлешұлы мен 2ИС-14-2 тобының студенттерімен бірге «Жан қазынасы - адамгершілік негізі» атты тәрбие сағатын өткіздік. Тәрбие сағатының сценарийі «Ж» қосымшасында көрсетілген.

Колледжде осы құрылымның барлық сатылары жұмыс істеуде, ол үшін нақты материалдық-техникалық база жасалған. Колледжде білім стандартының жоғары деңгейіне, қосымша үйірмелер арқылы оқуға қызығушылығының туындауына жағдайлар туғызуға бағыттталған дамыта оқу жүйесі қарастырылады, яғни деңгейлік , тереңдете оқыту, ерте кәсіби бағдарлау мақсатында студенттердың сұрауына қарай оқу саралана жүргізілді.

Топ жетекшісі студенттермен жан-жақты тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл өткізілген тәрбие жұмыстары болашақта студенттердің адамгершілікке, ізгі қасиеттерге, еліміздің патриоты ретінде тәрбиеленуіне бағытталған.Тәрбиенің негізгі бағыттары «З» қосымшасында көрсетілген.

Осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатына сәйкес өткізілген тәрбие сағатында еліміздің кез-келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын,өз жан қазынасына үңілуін таразыладық.

Сабақ 50 минутқа созылды.Студенттердің тәрбие сағатына қатысу деңгейі өте жоғары болды. Тәрбие сағатында студенттерді бақылай отырып, олардың әрқайсыларының өз алдына ерекшеліктері бар екенін байқадым. Тәрбие сағаты аяқталғаннан кейін, 2ИС-14-2 тобына және топтағы көзіме ерекше түскен 2 студентке мінездеме жаздым. Мінездемелер «И», «К», «Л» қосымшаларында көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]