Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл жетек книга.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

5.4-Сурет. Қозғалтқыштың білігіндегі сатылы қуат графигі және

шығындар

Орташа шығындар әдісі

Жылылық қайтару тұрақты кезде қозғалтқыштың асуы циклдың орташа шығындарымен белгіленеді:

(5.4)

мұнда Рi -i-дегі интервалдағы қуат шығыны; ti -интервалдың ұзақтығы; т -циклдегі интервал саны; tц - циклдың уақыты.

Табылған орташа шығындарды номиналды шығындармен салыстырады, ал егер де болса, онда

Орташа шығын әдісімен қуатты есептеудің реті

1) жылылық қайтару және бұрыштық жылдамдық тұрақты кездегі қозғалтқыштың білігіндегі орташа қуатты механизмнің жүктеме диаграммасы бойынша анықтаймыз:

2) табылған есептелген қуат бойынша каталогтан сәйкес келетін қозғалтқышты таңдаймыз.

3) әртүрлі бұрыштық жылдамдық кезінде қозғалтқыштың, жүктеменің функциясы ретіндегі ПӘК-тердің қисықтарын пайдаланып, жүктеме диаграммасының әрбір интервалына қуат шығынын табамыз да,

графигін саламыз (5.5сурет).

4) циклдің орташа шығьндарын тауып, оларды номиналды шығындармен

салыстырамыз

(5.6)

Егер де ПӘК-тің жүктемеден тәуелділігі белгілеуде қыйыңдырақ болса,онда токтың графигі болған кезде (5.5-сурет), таңдалған қозғалтқышты тексеру үшін, эквивалент ток әдісі қолданылады.

Эквивалентті ток-бұл тұрақты мәні бар қозғалтқышта ағатын нақтылы токтың жасайтын шығыны сияқты шығындарды шығаратан ток:

, мұнда –тұрақты шығындардың қуаты; -жүктемедегі тәуелді айнымалы шығындар. Циклдың шығындарының орташа қуатын былай белгілеуге болады

(5.7)

5.5-Сурет. Қайталанбалы-қайту режиміндегі жұмыстың графигі

немесе

бұдан эквиваленттік ток тең

(5.8)

Эквивалент токты тапқаннан кейін оны номиналды токпен салыстырамыз: егер Іэ<I ном болса, онда қозғалтқыш қыздыру бойынша пайдаланудың толық жағдайларына сәйкес болады.

Өте жай қозғалтқышты қыздыру бойынша тексергенде қозғалтқыштың қуатының немесе моментінің графигін пайдаланады.

Магнит ағын тұрақты кезінде, яғни момент М=кІ , қозғалтқышты тексеру үшін эквивалент моментінің әдісін қолданады. Сатылы график үшін эквивалент момент былай жабылады:

(5.9)

Егер де жүктеме диаграмма қуат графигі арқылы берілсе, онда қозғалтқышты қыздыру бойынша таңдау эквивалент қуатының әдісі арқылы орындалады. Бірақ бұл жағдайда қуатпен токтың арасында тура пропорционалдық болу керек, яғни

ал содан кейін қозғалтқыштың номиналды қуатымен салыстырылады:

болу керек.

5.3. Қайталанбалы-қысқа уақыт және қысқа уақыт режим кезінде

қозғалтқыштың қуатын есептеу

Қайталанбалы-қысқа уақыт режимін сипаттайтын жүктеменің көп сатылы графигі 5.26-суретте көрсетілген.

5.26-Сурет. Қайталанбалы-қысқа уақыт режим кезіндегі көп сатылы

жүктеме графигі

Мұндай күрделі графикті эквивалентті бір сатылы графикке келтіруге болады. Ол үшін мына формуланы қолдану керек:

Іске қосудың салыстырмалы ұзақтығы с жұмыс істеудің қосындының цикл уақытына қатынасына тең, яғни

(5.10)

Қайталанбалы-қысқа уақыт режимінде қозғалтқыш тоқтаған уақытта жылу бөліну төмендейді. Бұндай жағдайда қозғалтқыштың жылу шығуы цикл бойынша мәні тұрақты болады, сол себептен орта шығынның әдісін қолдану іске қосудың салыстырмалы ұзақтығы аз болған сайын, есеп қателігі өседі. Сондықтан орта шығынның әдісі қайталанбалы-қысқа уақыт режимі бойынша қозғалтқыштың қызуын тексеру үшін қолданбайды.

Қайталанбалы-қысқа уақыт жұмыс режимінде қызуды сынаққа салуды жасаушы зауыт өткізеді. Осы сынақтар арқылы қозғалтқыштың тоқтату кезіндегі жылу берілу шартының өзгеруін есептейді.

Іске қосылудың салыстырмалы ұзақтығының бес стандарт мәні бар, яғни е=0,15; 0,25; 0,4; 0,6 және 1,0.

Қайталанбалы-қысқа уақыт режиміндегі қозғалтқыштың қуатын есептеу, егер циклдың ұзақтығы қозғалтқыштың қызу уақыт тұрақтылығымен салыстырғанда аз болса, өте дәл нәтижені береді.

Стандарт циклының ұзақтығы 10 минутпен шектеледі. Сонымен, қайталанбалы-қысқа уакыт режиміндегі эквивалентті ток үш сатылы график үшін (5.26 сурет) мына формула бойынша анықталады:

(5.11)

Содан кейін берілген салыстырмалы ұзактық е болса, эквивалентті жұмыс тоғын, салыстырмалы қосу ұзақтығын стандарт мәніне жақын Іс тоғына келтіреді. Берілген және стандарт графиктердегі орта шамамен цикл ішіндегі үакыт бірлігінде қозғалтқышта болінетін жылудың теңдігі шартынан:

ток болып шығады.

Стандарт мәніне келтірілген жұмыс тоғы Іс номиналды токпен салыстырылады, егер болса, онда қозғалтқыш қызуы бойынша

қойылған талапты қанағаттындырады.

Қысқа уақыт режимінде жұмыс істейтін қозғалтқыштар, әдетте, жылулық қатынастарына қарағанда толық қолданылмайды, сондыктан оларды артық жүктеме қабілеттері бойынша таңдап алып тексеру өткізеді. Егер қозғалтқыш арнайы қысқа уақыт режимінде жұмыс істейтін серияға жатса, онда жоғарыда келтірілген тәсілдер арқылы шын мәніндегі жүктемелік диаграмманы есептелген диаграммаға келтіріп, алынған шамаларды ( ток,момент) анықтамалықта көрсетілген осы есептелген режимінің шамаларымен салыстырылады.

Әдебиет тізімі

1. Андреев В.П.. Сабинин Ю.А. Основы электропривода.-М.-Л.: Госэнергоиздат , 1963.-722 с.

2. Гейлер Л.Б. Основы электропривода.-Минск: Высшая школа, 1972.-609 с.

3. Иванов-Смоленский А.В. Электрические машины.-М.: Энергия, 1980 .-928 с.

4. Копылов И.П. Эдектромеханические преобразователи энергии.-М.: Энергия, 1971.-400 с.

5. Чиликин М.Г., Саңллер А.С. Обший курс электропривода.-М.: Энергоатомиздат, 1981.-576 с.

6. Филиппов Б.А.,Ильинский Н.Ф. Основы электропривода.- М.: МЭИ, 1977,—204 с.

Мазмұны

стр.

Кіріспе.................................................................................

1 Электр жетегі туралы негізгі мағлұматтар.................................

1.1 Электр жетегілерінің түрлері...................................................

1.2 Электр қозқалтқыштардың және өндіріс

механизмдердің механикалык сипаттамалары................................

1.3 Электр жетегінің қозғалыс теңдеулері.........................................

2. Электр жетегінің механикалық сипаттамалары...............................

2.1 Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток

қозғалтқышының механикалық сипаттамалары..............................

2.2 Тізбектеп қоздырылатын қозғалтқыштың тежелу режимдегі

механикалық сипаттамалары..................................................

2.3 Тібектеп қоздырылатын тұрақты ток

қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары..............................

2.4 Тізбектеп қоздырылатын қозғалтқыштың тежелу режимдеріндегі механикалық сипаттамалары.....................................................

2.5 Асинхронды қозғалтқыштың механикалық

сипаттамалары.....................................................................

2.6 Тежелу ережелерде АҚ-механикалык

сипаттамалары.....................................................................

2 ~ Синхронды қозғалтқыштың механикалық

жеке бұрыштық сипаттамалары...............................................

3. Э.Ж-нің бұрыштық жылдамдығын реттеу.................................

3.1 Э.Ж-бұрыштық жылдамдығын реттеудің негізгі көрсеткіштері............................................................

3.2 Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын магнит ағынды өзгерту арқылы реттеу ................

3.3 Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың реостаттық

және импульстік тәсілі арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу..........

3.4 Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыш якорь кернеуін өзгерту тәсілі арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу...........................................................

3.5 Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың

якорьді шунттау тәсілі арқылы бұрыштық жылдамдығын реттеу........

3.6 Тізбектеп қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың

бұрыштық жылдамдығын реттеу...........................................

3.7 Айнымалы ток электр жетегілердің бұрыштық жылдамдықты реттеу................................................................................

3.8 Реостатты және импульстік реттеу..............................................

3.9 Асинхронды ЭЖ-нің бұрыштық жылдамдығының

полюстер санын өзгерту арқылы реттеу.....................................

3.10 Асинхронды электр жетегілердің

жиілігін реттеу тәсілі...........................................................

4. Электр жетегілердің бұрыштық жылдамдығын

және моментін автоматты түрде реттеу.............................,..............

4.1 Кернеу бойынша қатаң теріс кері байланыспен

бұрыштық жылдамдықты автоматты түрде реттеу жүйесі.......................

4.2 Якорь тоғы бойынша қатаң оң кері байланыспен бұрыштық жылдамдықты автоматты түрде реттеу жүйесі ...............

4.3 Қозғалтқышын бұрыштық жылдамдығы бойыша қатаң теріс кері байланыспен бұрыштық жылдамдықты автоматты түрде реттеу жүйесі......................................................

4.4 Тиристорлык кернеу реттеуіш арқылы асинхронды ЭЖ-дің бұрыштық жылдамдығын автоматты түрде ретгеу.............................

4.5 Түрлендіргіш-қозғалтқыш жүйеде электр жетегінің моментін

автомаггы түрде ретгеу.............................................................

5 Электр жетегінің қуатын анықтау

5.1 Электр жетегінің жүктеме диаграммалары...............................

5.2 Ұзақ жұмыс режимінде кезінде қозғалтқыштың қуатын есептеу.............

5.3 Қайталанбалы-қысқа уакыт және қысқа уақыт режим кезінде

қозғалтқыштың қуатын есептеу............................................