Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эл жетек книга.doc
Скачиваний:
127
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.14 Mб
Скачать

3.17-Сурет. Роторы қысқа тұйықталған ақ импульстік параметрлік реттеу кездегі басқару сұлбасы (а) және механикалық сипаттамалар (б)

ε =1 кезде ( екі жаққа өткізетін жартылай өткізгіш немесе түйіспелі кілттер К-үздіксіз бекітілген) қозғалтқыш резистор Rқос тұрақты қосылуына сәйкес жасанды сипаттамада жұмыс істейді ( кілттер К ажыратылған).

Статордың активтік кедергісі өскен кезде максималды моменттің және критикалық тайғанаудың, механикалық қаттылық коэффициенттің және бұрыштық жылдамдықтың тұрақтылығының азаюы шығады.

Егер де фазалы роторы бар қозгалтқышты қолдансақ, онда қозғалтқыштың пайдалануы дұрысталады. Бұл жағдайда бұрыштық жылдамдықгы реттеу салдарынан туатын қосымша шығындар машинаның сыртындағы қосымша резисторларда бөлініп шығады, ал сондықган тәуелсіз желденетін қозғалтқыштың рұқсат етілетін момент номиналды моментке тең болады. Импулъстік параметрлік жылдамдықгы ретгеу кезіндегі фазалы роторы бар АҚ-тың қосу сұлбасы 3.18-суретте көрсетілген.

Қосымша резистор Rқос түзеткіш Т арқылы ротор тізбегіне тегістеуші реактор L -мен тізбектеп қосылады. Резистор К кілт арқылы (түйіспелі немесе тиристорлы) мезгіл-мезгіл қосылып және ажыратылып тұрады.

Кілт К бекітілген кезде (ε =1) қозғалтқыш Rэ= 0 сәйкес сипаттамада жұмыс істейді, ал кілт К ажыратылған кезде (ε =1) және RЭ=R кезде қозғалтқыш реостаттық сипаттамада жұмыс істейді. Жұмыс зонасы екі сипаттаманың арасында жатады.

3.18 Сурет-Фазалы роторы бар ақ импульстік параметрлік реттеу кезіндегі басқару сұлбасы (а) жәие механикалық сипаттамалары б)

3.9. Асинхронды эж-нің бұрыштық жылдамдығын полюстер санын өзгерту арқылы реттеу

Асинронды қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығының формуласынан

шығады: егер де қоректендіретін желінің жиілігі тұрақты болса, ал тайғанау s аз өзгерсе, онда бұрыштық жылдамдықгы полюстердің р жұп санын өзгерту арқылы реттеуге болады.

Полюстердің жұп саны бүтін сан болғандықтан, бұрыштық жылдамдықгың реттеуі сатылы болады. Полюстерді өзгерту статор орамасында жасалады және оны орындау үшін әрбір фазалық орамада бөлек жартысында токтың бағытын өзгерту арқылы орындалады. 2:1 қатынасқа полюстер санын өзгертуге арналған жартылай орамаларды қосу сұлбалары 3.19а-в-суретте көрсетілген.

3.20 а-д-суретте ең көп қолданылатын статор орамалардың аудару сұлбалары көрсетілген. Бір полюс сандардан басқа полюстер санға аударған кезде айналу бағыты өзгермейді. 3.1-кестеде статор орамалардың әртүрлі үшін магниттік индукциялардың қатынастары келтірілген 3.19а-д сурет бойынша біркелкі полюс саны 1 деп белгіленіп, ол қос полюс саны II деп белгіленген.

3.19-Сурет. 2:1 қатынасқа полюстер санын өзгерту сұлбалары

Асинхронды қозғалтқыштың электр магниттік моменті

(3.22)

3.20-Сурет. Статор орамаларын ауыстырып қосу сұлбалары

Суреттің№

Қос полюс саны (4.19-суретте II белгіленген)

Біркелкі полюс саны (4.19-сүретте I белгіленген)

ВП1

қатынасы

Жартылай орамалардың

қосылуы

Фазалардың қосыуы

Жартылай орамалардың

қосылуы

Фазалардың қосыуы

3.19а

3.19б 3.19в

3.19г

3.19д

Тізбектеліп

-----//-----

тізбектеліп немесе

параллельді

тізбектеліп немесе

параллельді

У

У немесе Д

У

У немесе Д

У немесе Д

Параллельді

-----//-----

тізбектеліп немесе

параллельді

Параллельдітізбектеліп немесе

параллельді

УУ немесе Д

Д

У немесе Д

У немесе Д

0,58

1,0

1,16

1,73

2,0

Демек, әр полюстер санына жауап беретін , статор орамаларының әртүрлі қосылу сұлбалары бар қозғалтқыштардың моменттері , әрбір магнит индукцияларына сәйкес жатады.

3.21-суретте 3.20-суреттегі сұлбаларға сәйкес механикалык сипаттамалар көрсетілген.