Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеке касикердин табыс салыгы.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
497.66 Кб
Скачать

3.2 Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттары

Салық жүйесін реформалау тұжырымдамасы тиісті блоктарға біріктірілген негізгі ережелерді қамтиды:

Прогрессивтік салық салуды енгізу және салықтық жеңілдіктер жүйесін реформалау есебінен жеке тұлғалардың табыс салығын жетілдіру.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін және әлеуметтік жарналарды төлеу механизмін реформалау.

Әлем тәжірибесін зерттей отыра, салық салынатын табысты анықтау кезінде жанұяның бір мүшесіне түсетін табысты есептеу керек. Бұл ретте, баланың туылуын ынталандыру мақсатында балалар анының өсуіне байланысты алық салынатын табысты төмендететін қосымша коэффициенттер енгізу керек (мысалы, Францияда осы жүйе іске асырылуды).

Жеке табыс салығы - жеке тұлғалардың ең бірінші кезекте төлейтін салығы болып саналады.Себебі,тапқан табыстарынан немесе табыс көздерінің бір бөлігін салық ретінде аударып отыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халықа арнаған Жолдауында жеке табыс салығының ставкаларын төмендетіп,салық төлеу тәртібін оңтайлы етіп, белгілі бір жүйеге келтіруді атап өтті,яғни мұны жеке тұлғаларға халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына қосқан үлесі ретінде қарауға болады.Ал 2009 жылдан бастап қолданысқа енуі тиіс Жаңа Кодексті әзірлеу барысында жеке табыс салығы туралы жағдайлар көп талқыланды.Көптеген пікірлер мен болжамдар қаралды.Оның бастысы корпарациялық табыс салығының ставкасын азайтып,жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесін көбейту еді.Бұл сұрақ ұзақ талқыланып,соңында жеке табыс салығының ставкасын 10 % мөлшерде қалуы шешілді.

Жаңа Кодексі жобасының баса назар аударылған негізгі ережелері:

1.Салық салу мәселелері бойынша салықтық міндеттемелерді атқару барысында туындайтын айқын емес,нақтыланбаған тұстарды және қайшылықтарды жою бойынша мәселелерді жедел шешетін, сондай-ақ салық төлеуден жалтарудың болуы мүмкін схемасының жолын кесу бойынша Консультациялық кеңес құрылады.Оны Примьер-Министр басқаратын болады.

2.КТС бойынша реформалауда тұжырымдалған тәсілдің мәні – КТС-ң ставкаларын төмендету,аясы тар салалық жеңілдіктер беруден бас тарту,автоматты түрде берілетін біріңғай инвистициялық ынталандыруларды жүргізу,залалдар мерзімін ауыстыруды 10 жылға дейін ұзарту,сондай-ақ салық құрылымын жалпы жақсарту болып табылады.

Жобада КТС 20-15 пайызға дейін төмендетілген. Ставкалардың наты мөлшері мемлекеттің өзінің функциясын,қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерін орындау үшін жеткілікті деңгейде айқындалатын болады. Түсіп қалатын кірістер салық салу режимі қайта қаралған экономиканың өндіруі секторының тиімділігін арттыру арқылы толтырылатын болды.

Жаңа инвистициялық преференциялар КТС бойынша ғана берілетін болады. КТС бойынша жеңілдіктер үш жылға дейінгі кезең ішінде инвестицияларды жедел шегеру түрінде әрекет ететін болады. Сонымен бірге залалдарды ауыстыру мерзім 3 жылдан 10 жылға дейін ұзартылады.Бұл инвестицияларды есептеп шығарудың артықшылықтарын толығымен пайдалануға мүмкіндік береді.Преференциялар автоматты түрде,яғни қызметті «өңдеу өнеркәсібі» секторында жүзеге асыратын кәсіпорынның өтімін беру ретімн берілетін болады.

АЭА-ның барлық аумағында қызмет талаптарын,атап айтқанда инвестициялық преференциялар режимі бар КТС бөлігінде біріздендіру ұсынылып отыр.Жер салығынан және мүлікке салықтан босату АЭА аумағында ғана сақталады.

Инвестициялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігін мойындай отырып,АЭА аумағында қызметін жүзеге асырып отырған инвесторлар да келесі 5 жыл бойы қазіргі режимді пайдалану үкіндігіне ие болатынын,ал инвестициялық мерзімі аяқталғанша преференциялардың қазіргі режимін пайдалану мүмкіндігіне ие болатынын атап өткен жөн.

ҚҚС бойынша қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған ҚҚС-тың есептелінгеннен асып кетуі сомасын автоматты түрде біріңғай қайтару енгізілді.2012 жылы тәуәкелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық егізу көзделіп отыр.Бұл жылды ҚҚС-тың классикалық жүйесіне көшу және жеңілдіктердің мынадай жиынтығын жою сәті ретінде белгілеуге болады:импортқа ҚҚС төлеудің,есепке жатқызудың, «еркін қойма» аумағынан сатуды босату әдісімн импортқа ҚҚС төлеудің мерзімін кейінге қалдыру.

Алкогольге және темекі өніміне акциздердің ставкалары үш жыл ішінде біріздендіріледі.2009 жылдан бастап Салық кодексінің мәтініне енгізіледі.

Жер учаскілерінің ауданы не аумағына қарай біріңғай жер салығы ставкаларының 0,1 % -дан 0,5 %-ға дейінгі үдемелі шәкілін енгізу ұсынылып отыр.Бұл ретте,ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілрге арналған басқа режимдер сақталады: заңды тұлғалар үшін салықтарды 70 % азайту,ауыл шаруашылығы өніін қайта өндірушілер үшін 70 %-ға азайту.

Жеке табыс салығының біріңғай ставкасы 10 процент деңгейінде сақталады.Әлеуметтік салықты реформалау шеңберінде салық ставкуалары 13 проценттен 5 процентке дейінгі кемімелі шәкілден ставкасы 11 процент шәкілге көшуді жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Жоба мүлікке салынатын салықты алу тәртібін өзгерту көзделіп отыр.Барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін салық салу обьектілерін азайту ұсынылып отыр.Бұл ретте,жергілікті бюджеттердің кірісін сақтау мақсатында 1 проценттен 2 процентке дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша жылжымайтын мүлікті бағалау әдісімен Салық кодексіне бекіту ұсынылып отыр,сондай-ақ ставкалар құны 30 млн. теңгден басталатын қымбат тұратын мүлікке ғана 0,5 проценттен 1 процентке дейін ұлғайтылады.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін салық салудың мынадай негізгі өзгерістері енгізілді:

Роялти төлемін өндіру көлемі мен әлемдік баға есептеу базасы болып табылатын пайдалы қазбаны өндіруге салынатын салықпен ауыстыру;

2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап ТШО келісім-шартынан барлық жер қойнауын пайдаланушылар мен қолданыстағы ӨБК үшін келісім-шарттар салық режимінің «тұрақтылық» ережесін алып тастау;

Жеке салық есебін жүргізудің базалық қағидаттарын белгілеу;

Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерін айқындау;

Үстемелі пайда салығының әдістемеі өзгертілді және салық алынатын таза табыстың мөлшері 20 проценттен 25 процентке дейін ұлғайтылды.

Салық төлеу тәртібі мен мерзімі салық салу жүйесінің маңызды элементі болып табылады, өйткені кәсіпкерлер салықтарды қашан, қай мерзімде, қалай төлейтінін білуге мүдделі.

10 күн мерзім ішінде, барлық есепті жылдан кейігі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей табыс салығы бойынша толық есеп .айырысып отыруы тиіс. Еңбек шарты негізінде жалдамалы жұмысшы күшін пайдаланып, төлем көзінен салық ұстайтын заңды және жеке тұлғалар әрбір жұмысшысына табыс салығын есептеп мынадай жұмыстар атқарады.

есептелген табыс салығының сомасын банк мекемесі арқылы қаражат алған кезде аудару керек; банк мекемелерінде есеп айырысу шоттары болмаған жағдайда төлем жасалған айдан кейінгі бес күн ішінде бюджетке аударуы тиіс; табыс алушы жеке тұлғаның талап етуі бойынша, аты-жөні, табыс түрі мен сомасы, ұсталған салық сомасы көрсетілген анықтама беруге міндетті; салық жылы аяқталған соң 30 күн ішінде салық органы салық жылы төленген табыс сомасы мен ұсталған салық сомасы туралы, салық төлеушінің аты-жөні мен тіркеу нөмірі (СТТН) көрсетілген анықтама береді. Толем көзінен салық ұсталмаған жағдайда табыс төлеуші тұлға салық заңнамасы негізінде ұсталмаған салықты, онымен байланысты айыппұл мен өсімдерді өтейді. Белгіленген мерзімде нақты дәлелсіз декларация ұсынбаған жағдайда тиісті салық сомасынан әр ай үшін бес пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді. Декларацияда көрсетілген салықтың толық төленбеуіне әкелген кеміту үшін кемітілген салық сомасының 50% мөлшерінде айыппұл салынады.

Зерттеу барысында біздің байқағанымыз, салықтық реттеу құралдарының ықпалының өте зор екендігі. Егер оны ұтымды пайдалана алмаған жағдайда экономикалық өсудің тежелуі немесе халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі, өндірістің, кәсіпкерліктің даму барысына кедергі болуы мүмкін. Сондықтан салықтық реттеу құралдарын қолдану барысында нақты сол кезеңдегі салық салу жүйесін тиянақты талдап, кемшіліктерін анықтап, салық салу жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру керек.

Сонымен, экономиканы салықтық реттеу барысында, оның соңынан туындайтын салдарын алдын-ала дұрыс болжамдау керек, өйткені салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық есептеу, төлеу тәртіптері мен мерзімі тәрізді салықтық реттеу құралдары өндірістің, өндірілген өнімнің (қызмет, тауарлар) бәсекелік қабілетін, ал кәсіпкердің іскерлік қабілетін, ал кәсіпкердің іскерлік қабілетін ынталандыруға, капитал жинау барысында оларға барынша қолайлы жағдай туғызуға, кәсіпкерлсрдің әлеуметтік, қайырымдылық қызметтерін ынталандыруға бағытталуы қажет.

Экономикалық зерттеулер институтының келтірген мониторингтік зерттеулер бойынша салық көлемін салалар бойынша қарастыратын болсақ, салықтың ең көп мөлшерін өндірістік кәсіпорындар төлейді. Өйткені кәсіпорындардың 16% 9 салықтан артық төлейді, 34 % - 6-дан 8-ге дейін, 48 % орта есеппен салықтың 3-5 дейін түрлерін төлейді, 2 % азы 3 салық. Яғни өндіріс кәсіпорындарының басым көмшілігі 3-тен 8-ге дейін салық түрлерін төлейді. Сауда мен қызмет көрсету секторына келетін болсақ, бұл кәсіпорындардың негізгі бөлігі (50 % астамы) 3-тен 5-ке дейін салық түрлерін төлейді, бұл саланың 30 % жуық салық төлеушілері 6-дан 8-ге дейін салық түрлерін төлейді. Салықтың ең аз түрін ауыл шаруашылық кәсіпорындары төлейді. Өйткені олардың негізгі бөлігі (80 % жуық) 3-5 түрлі салық төлеушілер категориясына жатады.

Бірақ салық ауыртпалығының деңгейін тек сандық қана көрсеткіш арқылы анықтау қиын. Кәсіпкер салықтың 6-8 түрін төлей отырып ең көлемді түрлерін төлемеуі де мүмкін ғой. Мысалы, табыс салығы немесе қосымша құн салығы. Немесе керісінше, ол тек 3 салық төлеуі мүмкін, бірақ ең ауырларын. Сондықтан сапалық та көрсеткіштерін талдап қараған жөн. Мысалы, кәсіпкер өзінің қаржысының қай бөлігін бюджетке береді. Бұл үшін кәсіпкердің өз табысының қай бөлігін бюджетке салық ретінде төлеп отырғандығын қарастырамыз. Түпкілікті талдау нәтижесіңце ең жоғары салық төлейтін кәсіпорындардың көпшілігі сауда мен қызмет көрсету саласында, ол түсінікті де өйткені, экономиканың басым секторлары, басқаларға, сауда мен қызмет көрсету салаларына қарағанда салықтан көп ауыртпалық тартып отыр.

Республикадағы өнеркәсіп өндірісінің шикізат өндіру бағытында басым дамығандығы, яғни өңдеу, қайта өңдеу салаларының нашар жоғары сапалы әрі бәсекелікке қабілетті өнім өндіре алмауда, ал ондай жоғары сапалы, бәсекелік қабілетті, сұранысқа сай өнім өндіру үшін мемлекет тарапынан көптеген, салық салу, несиелеу, инфрақұрылым және т.б. бағыттарға негізделген жұмыстар жасалуы қажет.