Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеке касикердин табыс салыгы.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
497.66 Кб
Скачать

1.3 Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесі

Жеке табыс салығы Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген елдерінде де бар. Бірақ оның жеке тұлғалардан алыну тәртібінде, салынуында кейбір өзгешеліктер бар. Мысалы Ұлыбританияда табыс салығы заңмен шешілген жеңілдіктер шегерімі есебінде жылжық жиынтық табыс ретіндегі салық салынатын табыстан ұсыталынады. Сонымен қатар ол жалақылық және инвестициялық (еңбекпен табымаған) болып бөлінеді.

Төлем көзінен жалақы мен айлықтан түскен табыстан тұратын жалданған еңбек тұлғасы үшін салық декларациясы толтырылмайды. Басқа жағдайларда табысқа салынатын салық заңмен белгіленген мерзімде, салық төлеушімен ұсынылған декларация негізінде жүргізіледі.

Британиялық табысқа салынатын салық шешуші деңгейде 1965 және 1973 жж. реформалар көмегімен ұйымдастырылды. 1965 жылға дейін табыс салығын жеке тұлғалар сияқты заңды тұлғалар да, оның ішінде корпорациялар төледі. Корпорация пайдасына жеке салық енгізілгеннен кейін, оның әрекет ету саласы жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе іскерлік серіктестік партнері ретінде танылатын адамдарды қосқанда, азаматтардың жеке табысына дейін қысқарады.Табысқа салынатын салыққа елеулі өзгерістер 1973ж. реформа негізінде енгізіледі, нәтижесінде жалақылық және инвестициялық табыстарға ставкалардың бірыңғай шкаласы бойынша салық салына бастады. Бұл салық салу техникасын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар жеңілдіктер мен түсімдерді есептеуге арналған шедулалар міндетін түпкілікті деңгейде өзгертті [5, 142 б].

Универсалды және ең маңызды жеңілдік – табыс көзінен тәуелсіз барлық салық төлеушілердің пайдалануға құқығы бар жеке жеңілдік және отбасы басшысына салық салынуда есептелінетін қосымша отбасылық жеңілдік. Жеке және отбасылық жеңілдік мөлшері бөлшек сауда бағасы индексінің өсімі есебінде (және де ерекше экономикалық жағдайларға байланысты Парламент Үкімет ұсынысы бойынша жеңілдік мөлшеріне тыйым салуға құқылы) әр қаржылық жылда автоматты түрде қарастырылып отырады. Қазіргі кезде Ұлыбританиядағы жеке жеңілдік 3445фунт стерлинг мөлшерінде анықталады.

Табыс салығының үш түрлі ставкасы әрекет етеді. Салық салынатын табыс (барлық жеңілдіктер есебінен кейін) – 2500фунт стерлингке дейін – 20%, 2501-ден 23700фунт стерлинге дейін – 25% және 23700фунт стерлингтен жоғары – 40%.

Келесі қарастыратын мемлекет – Франция. Осы елдің салықтары ірі үш топқа бөлінеді. Оның бірінші тобы табысты алу кезінде алынатын табыс салықтары. Табыс салығының тобында жеке тұлғалардың табыс салығы маңызды орын алады. Оның үлес салмағы Францияның мемлекеттік бюджетінде 18%-дан асады. Берілген салық өткен қаржылық жыл қорытындысы бойынша жыл басында мағлұмдаған табыстан жыл сайын алынып отырады. Салық фискалды бірлікке – ерлі-зайыпты және олардың асырауындағы адамдардан тұратын отбасыға салынады. Жалғыз адамдар үшін фискалды бірлік , әрине, бір адам. Табыс дегеніміз есеп беру жылы ішінде түскен барлық ақша түсімдері: еңбекақы, сыйақылар, зейнетақы, ғұмырлық рента, жылжымалы мүліктен түскен табыстар, жерді пайдаланудан түскен табысар, өнеркәсіптік және коммерциялық қызмет табыстары, коммерциялық емес сипаттағы табыстар, бағалы қағаздар операцияларынан түскен пайда және т.б. Сонымен қатар меншік құқығын тапсырудағы алынған бір жолғы табыстар да есепке қабылданады. Салық салу бизнесінен заңмен арнайы анықталған шығындар, мысалы, тамаққа берілетін мақсатты жәрдемақы алынады. Кейбір шегерімдер белгіліәлеуметтік топтарға: қарт адамдар, мүгедектер және т.б. пайдаланылады.

Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы прогрессивтік сипатта, 0-ден 56,8% ставкасында.

90-жылдарда жеке тұлғалардан табыс салығы салықтық сипаттағы әлеуметтік аударымдармен толтырылды. Қаржы туралы заңмен белгіленген жалпы әлеуметтік аударым жылжымалы және жылжымайтын мүліктен түскен барлық табыстың 1,1%-ды құрайды. Мұнымен қоса, салым бойына пайыз түрінде алынған, табыс базасында есептелген әлеуметтік аударымдар бар. Аударым ставкасы – 1%. Сондай-ақ арнайы әлеуметтік аударымдар да бар.

Германияда табыс салығы прогрессивті. Оның минималды ставкасы – 53%. Салық салынбайтын минимум, жалғыз адамдар үшін, айына – 1536 марка және отбасыдағы екі адам үшін – 3072 марка. Бұдан соң балалардың салық жеңілдіктері, жасқа байланысты жеңілдіктер, төтенше жағдайлардағы жеңілдіктер (ауырып қалу, төтенше жағдай). Мысалы, 64 жасқа келген максималды ставкасы, табысы 120 мың маркадан асатын азаматтар үшін, 240 мың марка отбасылық екі жан үшін пайдаланылады.

Табыс салығының салу обьектісі – адамн.ың барлық табысы : жалдамалы еңбек, өзіндік жұмысы, кәсіпшілік қызмет немесе ауыл және орман шаруашылығы қызметіндегі, капиталдан түскен, мүлікті жалға беруден және алудан, сондай-ақ басқа түсімдер.

Салық салынатын табысты анықтау үшін, түсімдерден шығындар алынады. Бұл жағдайда ерекше шығындар есепке алынады, мысалы,

ерлі-зайыптылар айрылысқаннан кейінгі алимент, медициналық сақтандыру жарналары мен өмірді сақтандыру, шіркеулік салық, кәсіптік білім алудағы шығындар және тағы басқалар. Жалдамалы жұмыскерлерден алынатын табыс салығын, жұмыс беруші оларға еңбекақы төлеген кезде ұстап қаладыжәне органдарына аударады.

Еңбекақы салығын анықтауда салық класстары, салық кесетелері мен салық карталары сияқты категориялар пайдаланылады. Жалдамалы жұмыскерлер мен қызметкерлер топталатын, алты салық класы бар.

І класс – балары жоқ бойдақ жұмыскерлер;

ІІ класс – бойдақтар, баласы бар айырылысқан немесе жесір қалған адамдар;

ІІІ класс – үйленгендер, егер дн отбасында ерлі-зайптының біреуі ған жұмыс істесе. Егер екеуі де жұмыс істесе, оның біреуі өзара келісіммен Ү класқа көшеді;

ІҮ класс – күйеуі мен әйелі жұмыс істеген жағдайда, екеуі де салықты бөлек төлейді;

Ү класс – жұмыс істейтін үйлегендер, оның біреуіне ІІІ класс бойынша салық салынады;

ҮІ класс – бірнеше жерде еңбекақы алатын жұмыскелер;

Салық кестелері кластары, отбасныдағы шаруашылықтың бірлесе немесе жеке жүруін есепке алады. Кестелер сондай-ақ салық жеңілдіктерін есепке алады.

Еңбекақыдан салықты ұстау салық картасының негізінде жүргізіледі. Карта тұратын жері бойынша қауыммен толтырылады. Онда салық класы, балалар саны, жұмыскердің дін тұтуы куәландырылады. Сондай-ақ мүгедектігі, 64 жасқа толғаны және т.б. көрсетіледі.

2009 жылы Германия салық түсімі түрінде 786 млрд. марка алады. Олар былай бөлінген: федералды бюджетке – 379 млрд. марка, жер бюджетке – 269 млрд., қауым бюджетіне – 97,3 млрд., Еуропа Одақ қорына – 40,7 марка көлемінде [6, 231б].

Көптеген дамыған елдердегідей, Италиядағы мемлекеттік табыстың көзі жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы болып табылады. Табыс салығы прогрессивтік сипатта және күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғалармен алынған кешендік таза табыс ескеріледі. Салық жер меншігінен, капиталдан, жалдау бойынша жұмыстан, кәсіпкерлік қызмет пен басқа да көздеоден алынған табыстардан құрылады.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының ставкасы прогрессивтік сипатта. Өзгерістер инфляция индексі есебінде жыл сайын енгізіліп отырады. 1993 жылшы 7,23 млн. лирге дейінгі табыстар 10%-қ ставка бойынша, 7,2 млн-нан 14,4 млн. лирге дейінгі табыс – 22%, 14,4 млн-нан 30 млн. лирге дейін – 27% және осы түрде 50%-ға дейін салынған. Асырауында адамдары бар отбасы тұлғалары немесе 5,1 млн. лирден төмен табыс табатындар салық жеңілдіктерін пайдаланады.

Табыс салығы, төлеушінің салық органдарына тапсырған табыс туралы декларацияны толтыру жолымен есептеледі.

Кесте 3 – Табыс салығының салыстырмалы кестесі

Мемлекет атауы

Салық ставкалары

1

Қазақстан

дивидендтер түріндегі табыстарға - 5 %;

қалған табыстарға - 10 %

2

Ұлыбритания

Табыс салығының үш түрлі ставкасы әрекет етеді. Салық салынатын табыс (барлық жеңілдіктер есебінен кейін) – 2500фунт стерлингке дейін – 20%, 2501-ден 23700фунт стерлинге дейін – 25% және 23700фунт стерлингтен жоғары – 40%.

3

Франция

Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы прогрессивтік сипатта, 0-ден 70% ставкасында.

4

Италия

Табыс салығының ставкасы прогрессивтік сипатта. Өзгерістер инфляция индексі есебінде жыл сайын енгізіліп отырады. 7,23 млн. лирге дейінгі табыстар 10%-қ ставка бойынша, 7,2 млн-нан 14,4 млн. лирге дейінгі табыс – 22%, 14,4 млн-нан 30 млн. лирге дейін – 27% және осы түрде 50%-ға дейін салынған. Асырауында адамдары бар отбасы тұлғалары немесе 5,1 млн. лирден төмен табыс табатындар салық жеңілдіктерін пайдаланады.

5

Германия

Германияда табыс салығы прогрессивті. Оның минималды ставкасы – 53%. Салық салынбайтын минимум, жалғыз адамдар үшін, айына – 1536 марка және отбасыдағы екі адам үшін – 3072 марка. Бұдан соң балалардың салық жеңілдіктері, жасқа байланысты жеңілдіктер, төтенше жағдайлардағы жеңілдіктер (ауырып қалу, төтенше жағдай).