Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жеке касикердин табыс салыгы.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
497.66 Кб
Скачать

2.3 Жамбыл облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан түсетін салықтық түсімдер жағдайын талдау

Тараз қаласы және облыстық бюджетте салықтар артығымен орындалды. Т.Рысқұлов ауданы тоғыз айдың болжамын 98,1 пайызға орындаса, жылдық болжамды 71,2 пайызға атқарды. Осындай жағдай облыстық бюджеттің салықтық түсімдері бойынша оның ішінде қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақыданда қалыптасып отыр (жылдық болжам 56,4 пайызға орындалған).[8]

Есепті кезеңде республикалық бюджеттен 81621,3 млн.теңге трансферттер алынды, оның ішінде субвенция – 56267 млн.теңге (100%), ағымдағы нысаналы трансферттер – 10864 млн.теңге (94,9%), нысаналы даму трансферттері – 14490,3 млн.теңге (100%). Республикалық бюджеттен ҚР Үкіметінің резервінен ішкі істер департаментіне бөлінген қаражаттан 26,7 млн.теңге түспеді.

Республикалық бюджеттен әлеуметтік мақсаттарға жоспарланған 2284,4 млн.теңге бюджеттік кредиттер толығымен түсті.

Кесте 7 - 2010-2012жж. арналған Жамбыл облысы бойынша салықтардың түсуіне талдау және салық динамикасы, мың теңге

түсім атауы

2010 ж.

2011ж.

2012 ж.

ауытқуы

2011 ж.

2012 ж.

салықтық түсім

35 910 039

38 030 173

46 868 429

2 120 134

8 838 256

КТС

1 310 403

1 737 170

2 519 124

426 767

781 954

ЖТС

6 435 081

8 451 224

10 255 281

2 016 143

1 804 057

ҚҚС

12 764 197

9 955 982

13 120 140

-2 808 215

3 164 158

акциздер

368 537

477 235

526 811

108 698

49 576

әлеуметтік салық

5 229 770

6 578 177

8 069 645

1 348 407

1 491 468

мүлік салығы

4 572 361

5 839 338

7 001 730

1 266 977

1 162 392

жер салығы

261 328

293 556

324 512

32 228

30 956

көлік құралдар салығы

689 219

867 903

976 237

178 684

108 334

біріңғай жер салығы

34 700

35 346

32 612

646

-2 734

басқа да салықтар

4 244 443

3 794 242

4 042 337

-450 201

248 095

Берілген мәліметтер бойынша салықтардың түсу динамикасы 7 кестеде көрсетілген. Осы мәліметтерге сәйкес Жамбыл облысы бойынша жалпы салықтардың түсімі 2010 жылы 35 910 039 мың теңге, 2011 жылы 38 030 173 мың теңге, 2012 жылы 46 868 429 мың теңге болған. 2011 жылы 2010 жылға қарағанда 2 120 134 мың теңгеге өскен, 2012 жылы болса 2011 жылға қарағанда 8 838 256, мың теңгеге өскен, бұл яғны жыл сайын салықтық түсімдердің өсіп отқанын көрсетеді. Жамбыл облысының бюджетін қалыптастыруда ең жоғарғы көрсеткішті қосылған құн салығы құрап отыр. 2010 жылы 12 764 197 мың теңге, 2011 жылы 9 955 982 мың теңге, 2012 жылы 13 120 140 мың теңге. Және де жеке табыс салығымен әлеуметтік салығының түсімдері жоғары.

Кесте 8 – Жамбыл облысы бойынша салықтық түсімдер үлесі

түсім атауы

2010

2011

2012

мың. тг

%

мың. тг

%

мың.тг

%

салықтық түсім

35 910 039

100

38 030 173

100

46 868 429

100

КТС

1 310 403

3,6

1 737 170

4,6

2 519 124

5,4

ЖТС

6 435 081

17,9

8 451 224

22,2

10 255 281

21,9

ҚҚС

12 764 197

35,5

9 955 982

26,2

13 120 140

28,0

акциздер

368 537

1,0

477 235

1,3

526 811

1,1

әлеуметтік салық

5 229 770

14,6

6 578 177

17,3

8 069 645

17,2

мүлік салығы

4 572 361

12,7

5 839 338

15,4

7 001 730

14,9

жер салығы

261 328

0,7

293 556

0,8

324 512

0,7

көлік құралдар салығы

689 219

1,9

867 903

2,3

976 237

2,1

біріңғай жер салығы

34 700

0,1

35 346

0,1

32 612

0,1

басқа да салықтар

4 244 443

11,8

3 794 242

10,0

4 042 337

8,6

Жамбыл облысында салықтық түсімдер құрылымы бойынша 2010 жылы барлығы 35 910 039 мың теңге, 2011 жылы 38 030 173 мың теңге, 2012 жылы 46 868 429 мың теңгені құраған. Соның ішінде ЖТС 2010 жылы 6 435 081 мың теңге, 2011 жылы 8 451 224 мың теңге, 2012 жылы 10 255 281 мың теңге түскен. Салықтар бойынша үлесі 2010 жылы 17,9%, 2011 жылы 22,2 %, 2012 жылы 21,9 %. Бұл яғни басқа салықтарға қарағанда жоғары.

Кесте 9 – Жамбыл облысында шағын кәсіпкерлік саласының дамуы

Көрсеткіштер

2010ж.

2011ж.

2012ж.

2012/

2010ж.ж

өсуқарқыны(+,-)

Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны, бірлік

23518

28547

29918

1371

Оның ішінде: заңды тұлғалар

3361

4821

4872

51

Жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары

20157

23726

25046

1320

Жұмыспен қамтылған адамдар саны, адам

45478

48347

51494

3147

Оның ішінде: заңды тұлғалар

10459

12563

14912

2349

Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары

35019

35784

36582

798

Шағын кәсіпкерлік субьектілері арқылы өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі, млн.теңге

78969

83585

88489

4904

Бюджетке төленген салық төлемдері, млн,теңге

3021

5683,7

6194,2

510,5

*Ескерту – Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма мәліметтері негізінде

Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша аталған шараларды жүргізу нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткізіледі:

шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2010 жылы – 23518, 2011 жылы – 28547, 2012 жылы – 29918 бірлік құрайды. 2012 жылғы өсу деңгейін 2010 жылғымен салыстырғанда 115,1 пайызды құрайды;

шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 2010 жылы – 45399 адам, 2011 жылы - 48347, 2012 жылы - 51494 адамды құрайтын болады. 2012 жылғы өсу деңгейін 2010 жылғымен салыстырғанда 119,6 пайызды құрайды;

шағын кәсіпкерліктің шығарған тауар, жұмыс, қызмет көлемі 2010 жылы – 78969 млн. тенге, 2011 жылы - 83585 млн. теңге, 2012 жылы - 88489 млн. теңгеге жетеді. 2012 жылғы өсу деңгейін 2010 жылғымен салыстырғанда 159,365 пайызды құрайды.

Шағын бизнестің экономикалық және әлеуметтік функцияларын дамыту мәселесі - маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Кесте 10 - Жамбыл облысы бойынша шағын кәсіпкерлікпен айналысатын субьектілердің саны

Жылдар

Заңды тұлғалар

Жеке кәсіпкер

Барлығы

Тіркелгені

Жұмыс істейтіні

Үлесі

2010ж.

3361

3320

98,7

20157

23518

2011ж

4821

4816

99,8

23726

28547

2012ж

4872

4857

99,6

25046

29918

*Ескерту- Жамбыл облысы статистика басқармасының мәліметтері негізінде

Жалпы кестеден байқағанмыздай облыста шағын кәсіпкерлік саласының дамуы соңғы кезде өте шапшаң дамуда. Зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 2012жылы 2010 жылға қарағанда 66%-ға көбейсе, осы шағын кәсіпкерлікпен айналысатын жұмысшылар саны 24 %-ға артып отыр. Демек, жыл өткен сайын шағын кәсіпкерліктің қызмет өрісінің кеңеюімен түсіндіреміз.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 172,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,9 пайызға өссе, онда жұмыспен қамталғандар саны 65 695 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға өскен.[9]

Кәсіпкерлік субъектілерінің дамуын қолдау және ынталандырудың негізгі құралдарының бірі болып қаржы-несиелік ресурстар табылады.

2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облысымыздағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 171752,0 млн.теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, қолданылатын  тұтыну индексі бойынша 106,2 пайызды құрайды, оның ішінде шағын бизнестегі  заңды тұлғалар арқылы 23630,0 млн.теңге, орта бизнес заңды тұлғалары арқылы 97334,0 млн.теңге, шаруа қожалықтары арқылы 37245,0 млн. теңге және жеке кәсіпкерлік саласында көрсетілген қызмет және атқарылған жұмыс көлемі 13543,0 млн. теңгені құрады.

2013 жылдың 9 айында облысымызда жаңадан 297 шағын кәсіпкерлік нысандары тіркеліп, қосымша 1684 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің бірі – оларға несие беру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалының деректері бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында 13 359,9 млн.теңге несие берілген, (2012 жылдың осы аралығында  20 352,9 млн. теңге берілді).

«KazMicroFinance» микронесиелік ұйымы» ЖШС-нің Тараз филиалы арқылы 2013 жылдың басынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдеріне жалпы сомасы 3 700,4 миллион теңгені құрайтын 15 952 несие берілді.

Ауылдық несиелік серіктестіктері тарапынан, 2013 жылдың басынан аудандардағы шаруа қожалықтарына 685,2 млн. теңгенің несие қаражаты берілген.

Облыста кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімдері, жұмыс, қызметтен халықаралық сапа стандарттарына (ISO-9000, ISO-14000 және басқалары) көшіру бойынша біршама жұмыстар жүргізілуді.

2013 жылдың 1 қазанына, облысымызда ИСО жүйесі 421 кәсіпорында және мекемелерде енгізілді.