- •Мазмұны
- •1 Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
- •2 Жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау
- •3 Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары
- •Кіріспе
- •1 Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
- •1.2 Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі
- •1.3 Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесі
- •2 Жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау
- •2.1 Арнаулы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерліктің табысына салық салу механизмі
- •2.3 Жамбыл облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан түсетін салықтық түсімдер жағдайын талдау
- •3 Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары
- •3.1 Қр орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту тенденциялары
- •3.2 Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
1 Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілері
1.1 Табысқа салық салудың пайда болу алғышарттары......................................5
1.2 Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәні және қажеттілігі.........8
1.3 Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесі.........13
2 Жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау
2.1 Арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерліктің табысына салық салу механизмі................................................................................................................17
2.2 Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің салықтық түсімдері және олардың бюджет кірістерін қалыптастырудағы ролі.............................21
2.3 Жамбыл облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан салықтық түсімдер жағдайын талдау....................................................................................25
3 Жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдары
3.1 ҚР орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту тенденциялары..30
3.2 Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттары............. 34
Қорытынды..........................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................41
Кіріспе
Салық салу бойынша жүз пайыздық тиімділікке жету дамыған нарықтық экономика жағдайында мүмкін еместігін әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр. Кез-келген мемлекет өзінің экономикалық саясатын жүзеге асырған кезде салықтық реттеу құралдарының кең спектрін қолданады. Салықты шаруашылық қызметті реттеуші құрал ретінде қолдану мүмкіндігі салықтың өзінің табиғатынан, ішкі мәні мен қызметінен шығады. Бұл мүмкіндікті қолдану салық механизмі арқылы жүзеге асады. Қаражаттарға деген қажеттілікті сезе отырып мемлекет салықтық құрал арқылы қаржылық қаражаттардың максималды мүмкін болатын көлемін алуға ұмтылады.
Мемлекет бұл жағдайда төлеушіге қатысты ашық әділетсіздікке баруға даяр: дұрыс әрекет етуге қажетті ресурстардың бір бөлігін алып қалуға, салық ауыртпалығын табыспен мүлік иесінен өнімді немесе қызметті сатып алушыға жүктеуге, қосарланған салық салуға, тағы басқаға баруы мүмкін. Осындай фискалды саясат кәсіпорынының қаржылық әрекет етуін бұзып, ал өзінің күн көруін жоққа шығара алады, салықтан жалтару көпшілік сипатқа ие етіп, экономикадағы қаржылық қылмыстарды көбейтеді. Салықтық ауыртпалықты қаталдату әрдайым, салықтық түсімдерді көбейтеді. Бұл Лаффер теориясымен дәлелденген салықтың екінші жағы мемлекеттің экономикаға реттеуші әсерін сипаттайды. Бұл жағдайда салық өзінің әсер ету бағытына қарай мемлекетпен тумалас болады, яғни ол қызметтердің қоғамға қажетті арналарға бағыттайды. Осыған сәйкес салықтық механизм бұл жағдайда мемлекеттік табыстардың кепілді түрде түсуін талап ететін жағдайларға қарағанда мүлдем басқаша қағидалармен құрылады. Бұл жерде басты назар төлеушіні белгілі бір әрекетке ынталандыруға ауысады. Сонда мемлекет өзіне қажетті тиімді нәтижеге жету үшін салықтық қаражаттарын уақытша жоғалтуға барады. Жоғарыда айтылып кеткендерді ескере отырып, шағын және орта бизнес субъектілерінің әрекет етуін реттеу үшін салық құралдарының қолданылуы Республикамызда қоғамның барлық экономикалық қызығушылықтарына сай келеді.
Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн орта және шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс.
Курстық жұмыстың мақсаты жеке кәсіпкердің табысына салық салудың теориялық аспектілерін қарастыру, жеке кәсіпкердің табысына салынатын салықты талдау, жеке кәсіпкердің табысына салық салудың дамыту жолдарын қарастыру.
Мақсаттан мынадай міндеттер туындады:
Табысқа салық салудың пайда болу алғышарттарын кеңінен ашу;
Орта және жеке кәсіпкерліктің экономикалық мәнін ашу және қажеттілігін қарастыру;
Кәсіпкерліктің табысына салық салу салудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
Арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкерліктің табысына салық салу механизмін қарастыру;
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілердің салықтық түсімдері және олардың бюджет кірістерін қалыптастырудағы ролін көрсету;
Жамбыл облысы бойынша жеке кәсіпкерлердің табысынан салықтық түсімдер жағдайын талдау;
ҚР орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту тенденцияларын көрсету;
Жеке кәсіпкердің табысына салық салуды жетілдіру бағыттарын қарастыру;
Қазақстан Республикасында салық салу ерекшеліктері кәсіпкерлікті қолдау мен экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып отыр. Соның өзінде экономиканы мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау өзара байланысты элементтерді құрайтын жүйе болып қалыптасады. Бұл жүйеде басты орынды кәсіпкерлікке салық салу механизімі алып отыр.
Осыған байланысты салық салумен байланысты проблемалар өзекті және кәсіпкерлікті дамыту жолында біраз қиыншылық көрсетеді.
Ескі салық кодексі бойынша қызмет еткен салымдар мен алымдар көп жағдайда нарықтың жаңа шарттарына сай болмағаны бәрімізге белгілі.
Айта кету керек шағын және орта кәсіпорындардың дамуы импорт ауыстырушы тауар өндіру, жаңа жұмыс орындарын дайындау, бюждетке ақша массасының ағылып келіп түсуін қамтамасыз ету.
Осының барлығы нарықтық экономика дамуының басты мәселесі болып келеді.