Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық.rtf
Скачиваний:
29
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
939.18 Кб
Скачать

I. Кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық

1.1 Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалы

Қазіргі таңда әлем өзара байланысты адамдар шаруашылық қызметінің арнасы. Демек кез келген экономикалық жақсы ұйымдастырылған сыртқы экономикалық қызметтің бір түрі болып табылатын сыртқы экономикалық қатынастар мемлекет аралық шаруашылық қатынастар жиынтығынсыз толыққанды дами алмайды. «Сыртқы экономикалық қатынастар» (СЭҚ) түсінігі 1987 жылы пайда болды. Басқару жүйесінің ауысу керектігіне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына пайда болып, олардың келесідей сандар туындады: біріншіден сыртқы сауданы орталықтандыру, екіншіден кәсіпорын деңгеіәндегі мемлекетаралық сыртқы экономикалық қызметке сырқы экономикалық қатынастарға өтуі. Нәтижесінде СЭҚ және сыртқы экономикалық қатынастар атты екі түсінігі қалыптасты[11],15б

Басқару жүйесінің ауысу керектігіне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына пайда болып, олардың келесідей сандар туындады: біріншіден сыртқы сауданы орталықтандыру, екіншіден кәсіпорын деңгеіәндегі мемлекетаралық сыртқы экономикалық қызметке сырқы экономикалық қатынастарға өтуі. Нәтижесінде СЭҚ және сыртқы экономикалық қатынастар атты екі түсінігі қалыптасты.

Сыртқы экономикалық қатынастар ғылыми техникалық сауда өндірістік әріптестік және қаржы валюталық қатынастар нысанын іске асырудағы мемлекет аралық қатынастар. СЭҚ мемлекет аралық сауда экономикалық ғылыми техникалық әріптестіктің нысанындағы құралдармен әдістер жиыны сыртқы экономикалық қатынаста экономика мен саяси, комерция мен дипломатия, өндірістік өнеркәсіппен сауда, ғылыми зерттеу мен қаржы принциптік комерциялары айқындалады. Мемлекетаралық мақсатының бағынышындағы шаруашылық қызметі суьбектілер жүзеге асырумен бірге, олар өндірісінің даму фактірімен жағдайын, сонымен қатар қосылу тәсілдерін анықтайды. [16],19б

Белгілі халықаралық құқықтармен міндеттерді жекелеуші және өндірістік қызметті халықаралық шаруашылық кенісіндегі ұйымдастырушылық қабілеті бар, керекті капиталды жекелеуші шаруашылық бірлікте сыртқы экономикалық қатынастардың субъектілері болып табылады.

Сыртқы экономикалық қатынастар түрлеріне қатысты : 1. Сыртқы сауда қызметі – бұл интеллектуалдық қызмет көрсеткіштерімен ақпарат, қызмет , тауарды халықаралық алмасу саласындағы кәсіпкерлігі. 2. Өндірістік операция – технологиялық бөлінісінің әртүрлі процестегі бір-бірімен конструктивті байланысты шетел әріптестерінің арасындағы қауымдастықтың формасы. 3. Халықаралық инвестициялық қауымдастық – материалдық техникалық сипатта және қаржылық күштерді біріктіру негізіндегі шетел әріптестерінің әрекет формасы. 4. Валюталық және қаржы кредиттік операциялар – халықаралық есептеу жүйесіндегі сыртқы сауда төлемдерін және ішкі валюталық нарыққа қызмет көрсетудің қаржы кредиттік сферасындағы сыртқы экономикалық қызметтің спецификалық түрі.

ҚР Үкіметі мен ҚР-дағы СЭҚ-ті одан әрі дамытудың басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары анықталған:

  1. Экспорттық потенциалын дамыту, оған қоса құрылымын жетілдіру, ғылымдық өнім бөлігін ұлғайту және бәсекелестік көрсеткішін арттыру;

  2. Микродеңгейде (экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер,алмастырушы және экспортты ынталандырудың мемлекеттік механизмін дайындау, сонымен қатар макродеңгейде мемлкеттік инвестициялармен шетел несиелерін орналастыру механизіміне сәйкес экспорттық баждар кірісінің бөлігін қолдану жолымен дайындау;

  3. СЭҚ-тің қазіргі заманғы өндірістік және қаржы экономикалық құрылымын қалыптастыру;

  4. Саяси-экономикалық қауіптен сақтандырудың институттарын қалыптастыру;

  5. Мемлекеттің экспорттық базасын күшейтуге бағытталған,өндірістің негізгі құралдарын қамтамасыз ету процесінің модернизациясы және экономиканың құрылымын өлшеу мақсатындағы импортты рационализациялау;

  6. СЭҚ-ң ҚР-нда тұрақтылығын қамтамасыз ету және бұл мақсаттарға жету үшін әлемдік және ішкі нарық конюнктурасының ауысуына сәйкес мемлкеттік реттеу механизімінің жаңа элементтерінің қайта қарау және қолданыстағы өзгертуді болжайды.

Ұлттық – сыртқы экономиканың стратегиясының таңдауына елдегі жалпы экономикалық жағдай сондай-ақ әлемдік шаруашылық байланыстардың интернационализациясындағы тенденция маңызды ықпал етеді.

Осы шарттарда кез келген мемлекеттердің макроэкономикалық стратегиясы , мемлекеттің экономикалық саясатының СЭҚ-ң маңыздылығы мен анықталатын сыртқы экономикалық факторлардың күшті әсерін көреді. Олардың санына әлем нарығында бәсекелестіктің асқынуына, төлем баланстарының өсіп бара жатқан теңсіздігі, көп елдердің сыртқы қарызы, жеке елдеріндегі экономикалық және саяси тұрақсыздығы жатқызылады[14],11б

Бұл факторларды әрекет етуі мемлекеттің сыртқы саудадағы тұрақты әрекеттесуінде 2 бағытты: либерализм мен протекционизмді тудырады.

Белгілі болғандай, протекционизм – ішкі нарықты қорғауға бағытталған мемлекеттің саясаты, либерализм (фритредерство) ішкі нарыққа шетелдік тауарлар, капиталдар, жұмысшы күштеріне жайдарылық мақсатқа ие, яғни ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттырады.

Сыртқы экономикалық қатынастарды және басқару мәселелері Конституциямен, ҚР Салық және Кеден кодекстерімен, «Лицензиялау туралы» «Сертификаттау туралы», «Инвестициялар туралы», «Арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Валюталық реттеу туралы» заңдарымен және басқа да құқықтық актілермен және ҚР Үкіметінің қаулыларымен реттеледі. Сыртқы экономикалық басқару органдарының тікелей мүшелеріне индустрия және сауда министрлігі, бюджеттік экономика жоспарлау минитістрлігі, кедендік бақылау комитеті, ҚР қаржы министрлігіне жатады.

Индустрия және сауда министрлігінің атқаратын қызметі, сыртқы экономикалық басқару ісін үйлестіріп реттеу басқада орындаушы басқармалар ұсыныстары бойынша мемлекеттік сыртқы сауда саясатын қамтып оны дамыту. [12],25б

Бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігі СЭҚ ға тиісті басқада қатысты министрліктермен ведомасталар төмендегідей жұмыстар атқарады:

  • экономикалық саясатты қалыптастыру ұсыныстарын талдап жасап, ТМД және ЕурАзЭҚ елдерімен бірігіп сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту;

  • республикалық бюджет есебінен болатын ірі инвестициялық жобаларды тағайынгдап реттеу, инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарына талдау жасау, шетел инвестицияларын қатыстыру;

  • ЕуразЭҚ және ТМД мемлекеттерімен болатын экономикалық байланыстарымен өзара мемлекетаралық келісімшарттарды дайындап бекіту;

  • СЭҚ ұсыныстарын механизмін реттеу, өмірге қажетті товарларды экспорттау квоталарын анықтауы;

  • ҚР ның экономикасынгда шетел капиталын пайдалангуды, ақша несие саясатын бағдарлауды төлемдік байланыстарды қалыптастыру.

Кедендік бақылау комитетінің атқаратын қызметтері:

  • ҚР ның экономикаплық қызығушылықтарын қорғап экономикалық қауіпсіздігін өз қарамағына алады;

  • кедендік шекарадан өтетін тауарларға заңдылықтарды дұрыс жүргізу;

  • кедендік реттеу жұмыстарында қаржы қолдану;

  • кедендік бақылау және кедендік құжат толтыру;

  • СЭҚ сыртқы сауда кедендік санақ жүргізу;

  • кеденге байланысты ҚРның шетелдік міндеттемелерінің орындалуын қадағалау.

СЭҚ ті басқаруда оның маңыздылығын мемлекет деңгейінде реттеуде басқада орындаушы биліктер маңызды, олар :

  • Сыртқы істер министрлігі.

  • Білім және ғылым министрлігі

- Транспорт және комуникация министрлігі

- Сауда-өндірістік палаталары

Мемлекеттік емес ұйымдар арасында СЭҚ - тің дамуына әсер беруші ұйым қатарына өнеркәсіп сауда палаталары жатады. Олардың құрылуы себептері еліміздің экономикасының дамуына, әлемдік шаруашылық жүйесінің көп салалығы, өндірістің бүгінгі күн талабына және сауда индустриясын жоспарлау қажеттілігі.

Сауда-өндірістік палаталар келесідей функцияларды атқарады:

  • Қазақстан Республикасында немесе шетелдерде отандық кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға сауда қаржылық мүдделерін жүзеге асыруға көмек көрсету;

  • Мемлекет пен кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

  • Кәсіпкерлік қызметке кадрларды дайындау және білім жүйесін дамытуға ықпал ету;

  • Ақпараттық қызмет көрсету;

  • Отандық тауарлар мен қызметтер экспортының дамуына ықпал ету;

  • Шетелдік фирмалар менұйымдарға саудалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қызмет көрсету.