Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссер Ержан.doc
Скачиваний:
30
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.11 Mб
Скачать

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Уристенов Ержан

Кедендік бақылау: мақсаты,міндеті,обьектісі,негізгі нысандары мен бағыттары

«Кеден ісі» мамандығы

(ЖОО кейінгі мамандыққа білім беру жіктемесі бойынша)

ДИССЕРТАЦИЯ

_______________ магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

Ғылыми жетекші: _____________________

(тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы)

Ғылыми кеңесші (болған жағдайда):

Алматы, 2012

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................3

I. Кеден ісі саласындағы кедендік бақылаудың теориялық аспектісі............6

1.1 Кедендік бақылаудың ұғымы, объектісі және түрлері......................................6

1.2. Кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандары........................................12

1.3 Кедендік бақылауды жүргізу тәртібі және оның аймақтары..........................18

ІІ. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру (Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мысалында)...............................................................................................................26

2.1 ҚР кеден ісінің қазіргі кездегі жағдайы............................................................26

2.2 Әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктері...................31

2.3 Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік ресімдеудің ұйымдастырылуын талдау...................................................................43

ІІІ. Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................................................56

3.1 Қазақстан Республикасының кеден ісінің мәселелері.....................................56

3.2 Қазақстанда кеден ісін ұйымдаструды жетілдіру жолдары............................64

3.3 Кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі және дамыту болашақтары..............................................................................................................74

Қорытынды..............................................................................................................77

Қолданылған әдебиет тізімі...................................................................................81

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кеден органдары республикалық бюджетке 30% шамасында түсімнің түсуін қамтамасыз ете отырып, еліміздің эко­но­ми­калық дамуында маңызды орын алады. 2007 және 2009 жылдары бұл көрсеткіш тиісінше 20,1% және 28,3% деңгейінде бол­ды. Ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде кеден органдары республика бюд­жетіне 462,5 млрд. теңге кедендік төлем­д­ер мен салықтар аударды, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 148,8 млрд. теңгеге артық. Сол себептен кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру өзектілі мәселеге қарастырылғанын көрсеткен жөн.

Басты бағыттар ретінде бірінші кезекте, қызметтің фискальды немесе бюджетті құраушы тармағын, сондай-ақ кеден саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, бәрінен бұрын контрабанданың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған құқық қорғау жұмы­сын ерекше атап өту қажет.

Еліміздің сыртқы сауда айналымы­ның өсуі факторының сыртында, кедендік тө­лем­дер мен салықтарды алу көрсеткіш­терінің күрт өсуі кедендік әкімшілден­ді­ру­ді жақсарту және қазіргі кедендік ин­фра­құрылымды жетілдіру арқылы мүмкін болып отыр. Кеден ор­гандарын дамыту­дың 2005-2008 жыл­дарға арналған бағ­дарламасының шең­берінде, “бір аялдама” қағидаты бой­ын­ша шекарада бақылауды жүзеге асыра­тын бірыңғай бақылау-өткізу пункт­­те­рінің құрылысын салу қарқын алу­да, бұл кедендік ресімдеуден өту үде­рі­сін жеделдетеді және тиісінше, жолау­шы­лар мен жүк ағынын өсіруге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылы, Үкіметтің қол­дауы­ның арқасында, қазіргі заманғы стан­дарт­тарға сәйкес кедендік рәсім­дер­ді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ, біздің еліміздің транзиттік әлеуетін ұлғай­туға және шекаралық сау­даны одан әрі да­мытуға жағдай жасай­тын Қазақстан-Қытай шекарасында “Достық” темір жол кедендік тер­миналы, Оңтүстік Қазақстан облысында “Қапланбек” автомобиль және “Сарыағаш” темір жол терминалы, Жамбыл облысында “Айша Бибі” және “Нововоскресеновка” автомобиль терми­нал­дары, Ақтөбе облысында “Жайсаң” темір жол терминалы салынды және пай­да­лануға берілді. Мысалға, тауарлар мен көлік құралдарын қозғалыста қашық­тық­тан, вагондар мен контейнерлерді ашпас­тан кедендік тексеріп қарауға мүмкіндік беретін жаңа инспекциялық-тексеру кешенімен жарақтандырылған “Достық” стансасының өткізу қабілеті 2 еседен астамға өсті.

Контрабанданың жолын кесу жөнінде бірқатар ірі арнайы операциялар жүр­гі­зіл­ді. Олардың ішінде үстіміздегі жылдың ақпанында жалпы сомасы 1 млн. АҚШ доллары болатын Біріккен Араб Әмір­лі­гі­нен Қарағандыға авиарейспен халықтық тұтыну тауарларының ірі партиясын кон­тра­бандалық жолмен әкелудің жолын ке­суді, маусым айында шекара қызметімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысының “Сырым” кеден бекетінде Қазақстан-Ре­сей шекарасы арқылы “КамАЗ” авто­мә­ши­не­сінің жанар-жағар май багында орналасқан есірткі партиясын өткізбекші болған Өзбекстаннан келген есірткі таратушыны ұстауды, шекарашылармен бірлесіп Орал-Бұзылық автожолында контрабандалық тауарды, яғни 22 тонна бекіре балық және 4,5 тонна майшабақ тектес балықтарды кедендік ресімдеусіз өткізген Ресей аза­матының басқаруын­да­ғы рефрижераторды ұстауды ерекше атап өткен жөн.

Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде кон­тра­бандадан мемлекетке келген залалдың орнын толтырудың жалпы сомасы 1 млрд. 895 млн. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы тиісті кезеңнің көрсеткіштерінен 650 млн. теңгеге артық.

Шекаралас мемлекеттердегі әріптес­тер­мен ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы, нақты жеке тұлғалар туралы же­дел ақпарат алмасу, сондай-ақ бірлескен жедел-іздестіру шараларын өткізу жөнінде өзара іс-қимыл жоспарлары әзірленді.

Ұйымдасқан қылмыстық топтар құрамына тартылғандықтан, контрабанда экономикаға үлкен зиян келтіретін және қылмыстық жағдайды барынша күрде­лі­лендіретін теріс фактор болып табылады. Бүгінгі күні онымен күрес жүргізу үшін бізде күш пен қаражат жеткілікті, алайда аталған жұмыс тек кеден органдарын ғана емес, барлық буындардың белсенді қатысуы мен үйлестірілген іс-әрекетін талап етеді. Әдетте, контрабанда елге тек ресми кеден бекеттері арқылы ғана келеді деп саналады. Сонымен қатар, біздің ТМД бойынша көршілерімізбен мемле­кет­тік шекараның елеулі бөлігі негізінде ашық, бұл кейде тауарларды контрабан­да­лық жолмен кедергісіз өткізуге мүмкін­дік береді. Мәселен, ресми статистикалық деректерге сәйкес 2008 жылдың І тоқ­са­нын­да Қазақстанға 309 тонна жаңа піскен помидор әкелінген, ал Ресейге 1409,9 тон­на әкетілген, бұл импорт пен экспорттың арасындағы 1100 тонна шамасындағы орасан айырмашылықты және олардың шыққан елі туралы сұрақтар туындай­тын­дығын көрсетеді. Сонымен бірге тауарды Ресейге экспорттауды кедендік ресімдеу ке­зінде оның иелері меншік құқығын рас­тайтын және қажет болған жағдайда, қа­зақ­стандық шығу сертификатын ұсынған.

Мәселенің мәнісі, тауарлардың бір елден Қазақстан арқылы үшінші елге транзиттік өткізілуі және оның іс жүзінде дереу кері Қазақстанға контрабандалық жолмен қайтарылуында. Аталған жағ­дай­да, транзиттің өсуі жасанды сипатта бо­лып отыр, оның салдарынан бюджетке қа­жетті кедендік төлемдер мен салық­тар­дың түспеуінен Қазақстан зиян шегеді.

Сондықтан контрабандаға қарсы күрестегі пәрменді шара ретінде, ең алдымен, құқық қорғау және жергілікті билік органдары сияқты барлық мүдделі ведомстволардың өзара іс-қимылын белгілеп, үйлестіріп отыру қажет.

Әрине, кеден органдары осынау келеңсіз статистикада алдыңғы үштіктің қатарына кірмейді деп біз өзімізді жұбата алмаймыз. Мысалы, Қазақстанның кедендік брокерлерінің қауымдастығы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі жағынан кеденді 5-ші орынға қойды.

Егер, шын­ды­ғына келер болсақ, кеденде сыбайлас жемқорлық әлі де бар, оны жою үшін жүйелі шаралар қажет екендігін біз түсінеміз. Бұл міндетті біздің алдымызға Мемлекет басшысы қойды және біз оны орындау үшін бар күшімізді саламыз.

Сонымен бірге, 2008 жылы сыбайлас жем­қорлық түріндегі құқық бұзушы­лық­тар­ды өз күшімізбен анықтаудың айтарлықтай өскендігін атап өту қажет. Жылдың басынан 48 кеденнің лауазымды тұлғалары жасаған сыбайлас жемқорлықты іс-әрекеттің 20-сын ішкі қауіпсіздік бөлімшелері анықтады.

Кеден органдарында ішкі қауіпсіздіктің арнайы бөлімшелері бар, оларға кеден органдары лауазымды тұлғалары арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі өкілеттіктер берілген. Сонымен бірге, сы­бай­лас жемқорлық санатындағы қылмыс­тар­ды кеден органдары тергей алмайды, біздің ойымызша, бұл дұрыс емес және ол аталған учаскедегі жұмыстың тиімділігін төмендетеді.

Құқық қорғау органдарының кеден ор­гандарының ішкі қауіпсіздік және контра­бан­даға қарсы күрес бөлімшелерімен өзара іс-қимылының жоқтығы сыбайлас жем­қор­лық­қа қарсы күрестің тиімді болмауы себеп­терінің бірі болып табылады. Бұл мәселеде бүгін­гі күнде, өкінішке орай, бізде ынты­мақ­тастық емес, керісінше, әшкерелеу және кеден органдарындағы сыбайлас жем­қор­лықты сырттай жоюға талпынушылық қана бар. Мұндай көзқарас тиімсіз болып қана қой­­май, сонымен бірге күлкілі жәйттерге соқ­ты­рады. Жекелеген органдар қылмыстық іс қозғау арқылы белгілі бір акцияны жүр­гі­зе оты­рып, тергеуде қолдану үшін кеден заң­дарын түсіндіріп беруді сұрап Кедендік бақы­лау комитетіне жүгінетін жағдайлар да аз емес.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы наурызда Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі атты бірінші басымдықты нақты іске асыру мақсатында Үкімет алдына мынадай міндеттер қойған болатын: «Салықтық және кедендік әкімшілік жүргізу реформасын іске асырсын, отандық өндірушілерге мемлекеттік көмек көрсетуді қайта бағдарламасын, техникалық реттеудің ішкі стандарттарын Бүкіләлемдік Сауда Ұйымының халықаралық стандарттарына сәйкес келтірсін, қаржылық қызмет нарығын реформалауды жалғастырсын» [2].

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының кеден органдары заңнамалық және нормативтік базаны нығайтуға, кедендік бақылауды жетілдіруге, осы күнгі ақпараттық технологияларды енгізуге және кедендік инфрақұрылымды дамытуға бастапқы назар аударып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы 1999 жылғы 1 қыркүйекте Парламенттің Ү сессиясында кеден органдарының қызметіне байланысты: «Кеден төлемдері мен салықтарды жинауды ұлғайту мақсатында кеден қызметін, ең алдымен оны автоматтандыру жолымен мықтап нығайту керек» деген болатын.

2010 жылғы құқықтық нормаларды біріктіруге және жүйелендіруге, халықаралық кеден кеңістігіне ықпалдасу мақсатында кеден рәсімдерін үйлестіруге және оңайлатуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Кеден кодексі қолданысқа енгізілді.

2011 жылдан бастап республиканың сыртқы сауда статистикасын дербес жүргізуге және радиациялық бақылауды жүзеге асыруға қол жеткізілді. Кеден рәсімдерін оңайлату, олардың ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданып жатыр, сонымен қатар барлық аумақтық бөлімшелерде ресімдеудің бүкіл кезеңінде жүк кедендік декларациялардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін көзбен көріп қадағалау мониторларымен жарақтандырылған кедендік ресімдеу орталықтары ашылды. Бұл алдағы уақытта, біріншіден кедендік рәсімдеу шараларын жеңілдетсе, екіншіден оның ашықтығын қамтамасыз етеді, яғни сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді.

Сыртқы сауда қызметі – шетелдік мемлекетермен экономикалық байланыстын негізгі нысаны болып келеді, бұл ең алдымен, Қазақстан Республикасымен кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалардың кедендік бақылау және кедендік ресімдеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын өткізумен байланысты. Сыртқы Экономикалық Қызметтін дамуы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауар және жолаушылардың ұлғаюына әсер етеді.

Дипломдық жұмыстың методологиялық және ғылымдық негізі ретінде Қазақстанның белгілі ғалымдары С.Т.Әлібеков, Р.А.Қамшыбаев, Ұ.А.Текенов, Н.Қ.Мамыров, Д.М.Мадиярова еңбектері қолданылды.

Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін, кедендік шекарадан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылауы мен кедендік ресімделуін ұйымдастыруды талдау, сондай-ақ кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсаттарға сәйкес келесі міндеттерді шешеді:

  • Қазақстан Республикасында кедендік бақылауды ұйымдастырудың кедендік негіздеріне тоқталу;

  • кедендік бақылаудың қағидалары мен нысандарын ашып көрсету;

  • әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерін талдау;

  • әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыру кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану;

  • кедендік бақылауды ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін зерттеу;

  • әуе көлігінде кедендік бақылауды ұйымдастыруды дамыту болашақтарын атап өту.

Жұмыстың дерек көздері. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі, әр жылдары жарық көрген кеден ісіне байланысты әдебиеттер, Қазақстан Республикасы кеден органдарының декларациясы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметінің материалдары, Астана қаласы бойынша Кеден бақылау Департаменті негізіндегі материалдар пайдаланылды.

Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының кеден ісіндегі кедендік субъектілері болып келеді.

Зерттеу пәні Қазақстанда кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру жолындарындағы негізгі мәселелері болып табылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.