Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диссертация Ержан Абишев.doc
Скачиваний:
47
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

I Менеджменттегі бәсекеге қабілеттіліктің ғылыми негіздері.........................................................................................................6

1.1 Қазіргі жағдайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін қалыптастыру теориялары……………………………………………………6

1.2 Бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудағы басқарудың маңызы…15

1.3 Бәсекеге қабілеттілікті анықтаудағы методикалық көзқарастар….22

ІІ Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемалары……………………………………………………………29

2.1 Бәсекеге қабілеттілікті жетілдіру жолдары…………………………….29

2.2 Қазақстан экономикасындағы бәсекелeстік көрсеткіштері…………37

2.3 Республикада бәсекелестік үлгісін (моделі,) қалыптастыру мәселелері……………………………………………………………………….50

ІІІ Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды дамыту жолдары және оның негізгі бағыттары………60

3.1 «Рахат» АҚ-ның бәсекеге қабілеттілік жағдайын талдау……………60

3.2 Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды кластерлік тәсілмен дамыту…………………………………………………………………………..73

3.3 «Рахат» АҚ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы экономикалық жетістіктер және ұсыныстар…………………………………………………83

Қорытынды…………………………………………………………………90

Пайдаланылған әдебиеттер көздері…………………………...93

Кіріспе

Бәсекеге қабілеттілік - қор мен бәсекенің шектеулі жағдайында әлемдік шаруашылық жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға мүмкіндік беретін мемлекет экономикасының маңызды сапасы.

Ол әлемдік тауар нарығындағы белгілі бір сегменттерді өрістету немесе кеңейту қабілеттігімен, халықаралық саудаға мемлекеттің кіру деңгейімен анықталады. 2006 жылғы наурыз айында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады», - деп атап өткен болатын.

Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор – инновациялық даму, жоғары технологияларды пайдалану, экспортқа бағытталған өнімдерді дамыту. Ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау жөнінде Еліміздің Үкіметі бірталай нақты шаралар қабылданды. Соның аясында «30 корпоративті көшбасшы» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, «Экспортты дамыту және жылжыту жөніндегі корпорация» АҚ құрылды, ал Қазақстанның даму институттары инновациялық жобаларға қаржы салу ісімен айналысуда.

Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2030» Стратегиясында келтірілген бір данагөйдің: «Егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін» деген сөзін мысалға келтіріп: “Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз», - деп атап көрсеткен еді. Стратегияның 10 жылдығы қарсаңында бұл сөз өте өзекті күйінде қалып отыр, алайда 33 жылға арналған бағдарламаның он жылында не атқарылып, алдағы кезде нендей істер жүзеге асуы керек екені айқындала түскендей.

Біз тұрақтану кезеңінен лайықты өттік. Ең өзекті және маңызды міндеттерімізді шешуде үлкен табыстарға қол жеткіздік. Енді болашаққа батылырақ көз салуға, алдағы дамуымыз туралы тереңірек ойлауға тиіспіз.

Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттілікті құру, саяси және экономикалық реформаларды жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі мен кез келген мәселеге түсіністікпен қарай білуі біздің болашаққа деген сенімімізді беріктей түсері сөзсіз. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу мүмкіндігіне жету үшін күрес – осы сенімнің нәтижесі.

Президент өзінің Қазақстан халқына соңғы жылдардағы екі Жолдауын да Қазақстан бәсекеге қабілетті мемлекет болып жетілуі тиіс деген тақырыпқа арнауы тегін емес. 2004 жылғы Жолдау «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!» деп аталса, 2006 жылғы Жолдау «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» аталды. 2004 жылғы Жолдауда елдің бәсекелестік қабілетін арттыру траекториясының параметрлері белгіленіп, басым бағыттар әлеуметтік салаға арналатыны баса айтылды. 2006 жылғы Жолдауда мәселе нақтырақ қойылды: Елбасы: «Қазақстанның жақын он жылдықта әлемдегі ең дамыған және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі биліктің негізгі саяси бағыты болуы қажет деп санаймын»,- деді. Сонымен соңғы алты жылдағы жолдаулар елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен әлеуметтік шаралардың басым бағытын бағдарлау болғандықтан, оларды әуелі ой сүзгісінен өткізіп, соңынан жан-жақты ізденістерге ұластырғанда ғана мәселенің анық-қанығына көзіміз жете түседі.

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, ал бизнесі бәсекеге қабілеттілік жағынан жеткіліксіз деңгейдегі ел ретінде сипаттауға болады.

Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға дейін төмендеді. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет қатысты.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық кәсіпорындармен байланысты. Соңғы жылдары елдің жалпы эко­номикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштері ықпалының күшейгені байқалады.

Қазақстанның осы саласында 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды.

Қазақстанда кондитерлік өнімді тұтынудың деңгейі дәстүрлі түрде жоғары, сондықтан тамақ өнеркәсібінің кондитерлік саласы қазақстандықтар үшін де, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін де өте тартымды болып табылады.

Экономиканың тұрақты дамуға көшу жағдайында кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқару қажет. Осы мұратқа ие болу үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына қол жеткізуі тиіс.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту проблемасын шешу қажет. Бұл мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп және әр түрлі әдістері кеңінен қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда, отандық кәсіпорындарда осы әдістер өте төмен деңгейде қолданылады. Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан керекті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тартуға арналатын қаражаттың жеткіліксіздігі қолбайлау болып отыр.

Қазіргі экономикалық жағдайға орай 50 ел қатарына қосылу мен ДСҰ-ға кіру кезінде талап етілетін республикамыз кәсіпорындарының бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.

2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасымыз: «...Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды...», - деп, аталған мәселеге ерекше назар аударды.

Шынтуайтына келсек, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі – бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы да нарықта ойдағыдай төтеп бере алатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен анықталады, ал екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты да серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты.

Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады, өйткені елдің бәсекеге қабілеттілігі - елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі үдеріс екендігі күмән тудырмайды. Бұл үдерісті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды.

Бүгінгі күні басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ деуге де болмайды. Осы артықшылыққа экономикалық жағынан тартымды, әрі ішкі тұтыну үшін қажетті арзан энергия мен басқа да пайдалы кен қазбаларының мол қоры жатады. Сонымен бірге еліміздің экологиялық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтық транзиттік әлеуеті де зор.

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата білген орынды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік мәселесі елдің инвестициялық тартымдылығымен, ал елдің бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты.