Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом Кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық.rtf
Скачиваний:
29
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
939.18 Кб
Скачать

2.5 Кеден саласындағы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың ерекшеліктері

Бүгінге дейін Ресей, Белорусь, Қазақстан арасында Кеден одағының құрылатынына сарапшылар мен саясаттанушылар түгілі одаққа кіретін мемлекет басшылары да күмәнмен қарап келген-ді. Себебі, соңғы жиырма жылда ТМД кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастыққа талпыныс жасаған қадамдар сәтті бола қоймады. Дегенмен де 27-қараша күні үш ел басшысылары Кеден кодексіне және бірыңғай кеден тарифы келісіміне қол қойған болатын. Ал, 19-желтоқсанда Алматы өңіріндегі “Ақбұлақ” кешенінде өткен ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуінде: «Біздің үш мемлекеттің құрамында 2010 жылдың қаңтарының 1-нен бастап жұмыс істейтін Кеден одағының құрылғанын мәлімдейміз», – деп, Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері бірлескен мәлімдеме жасады. Демек шешімнің қабылдануы посткеңестік мемлекеттер арасында қуатты экономикалық одақ құру қадамының құтты болғанын көрсетіп тұр[22].

2010 жылдың 1 шілдесінен бірыңғай кеден кодексі іске асып, Қазақстан мен Ресей аумағы арасындағы кедендік бақылау алынып тасталады. Қытай мен Қазақстан шекарасынан өткен тауар Беларусь пен Польша шекарасына дейінгі аралыққа қандайда бір кедендік тескерусіз баруы тиіс деген сөз. Ал, 2011 жылдың ортасына таман Ресей, Белорусь, Қазақстан біртұтас кедендік территория құрып. Бұл интеграцияның соңғы нүктесі 2012 жылы қойылды.

Ресей, Қазақстан, Белорусь арасында Кеден одағы алғаш 1995 жылы құрылған. Оған 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды. Алайда мемлекеттер бірыңғай кеден тарифын енгізу мәселесін реттеуде ортақ шешімге келмеді. Осылайша нақты ортақ кедендік жүйе қалыптастыра алмады. 2000 жылы осы мемлекеттер Кеден одағы базасында құрылған Еуроазиялық экономикалық қауымдастықтың (ЕуроАзЭҚ) қанатының астына топтасты. Ал, Украина, Молдавия, Армения бақылаушы мәртебесін алды. Бірақ бірыңғай қаржы, транспорт, энергетикалық нарық қалыптастыру, еркін тауар тасымалдау секілді мәселеде мүше елдер арасында қарама-қайшылық пайда болғандықтан ЕуроАзЭҚ аясында қойылған интеграциялық мақсат көздегеніне жетпеді. Ал, ЕуроАзЭҚ-қа мүше Өзбекстан ойран салған Әндіжан оқиғасынан соң 2005 жылы АҚШ, ЕуроОдақ тарапынан халықаралық оқшаулыққа түсіп қалып, 2008 жылдың соңында қауымдастықтан шығып кетті. Міне, посткеңестiк кеңiстiкте құрылған ұйымдардың қай-қайсысы да осындай шалажансар күй кешті[25].

Жаңа Кедендік одақты құрудың алғышарты 2006 жылы жасалды, биыл ғана күрмеуі тоқсан тоғыз мәселе төңірегінде үш мемлекет мәмілеге келіп, ақыры бірыңғай кеден тарифы мен кеден кодексі жобасын нақты іске асырмақ. Кедендік одақты құру – ықпалдастыру үдерісінің екінші кезеңнен тұрады. Алғашқысы – еркін сауда аймағы. Үшіншісі – жалпы рынок, біртұтас экономикалық кеңістік, одан әрі Еуропалық одақ тұрпатындағы экономикалық одақ болмақ. Әзірге одақтың ауқымы кеңею-кеңеймеуі белгісіз. Бірақ та айырқалпақты қырғыз ағайын осы жылдың мамырында одаққа қосылуға тілек білдірген. Ал, 1998 жылдан бері ДСҰ құрамындағы Қырғызстанға Кеден одағына кіру үшін, ең алдымен, кеден саясатын, оның қағидалары мен нормаларын ДСҰ-мен келісіп алу керек. Тәжікстанға келсек, жақында Кеден одағында бақылаушы мәртебесін иеленеді.

Сарапшылардың айтуынша, Кеден одағынан бірінші кезекте Қазақстан көп шығын көрмек. Ресей импорт тауарын шамамен 1 пайызға арзандатып жатса, Қазақстан Кеден одағына кірген соң импорттық баж салығының өсуі ішкі бағалардың біршама ұлғаюына әкеледі. Ең алдымен, бірыңғай кеден тарифы іске аса бастағаннан республикамызда киім-кешек, ауылшаруашылық өнімі, дәрі-дәрмек, косметика, парфюмерия, құрылыс материалдары, спорт заттары, әуетехника, шетелдік көлік, электрқұралдар, ұялы телефондар және тағы басқа заттар қымбаттайды. Бұған қоса киімнің кеден бағасы – 1,5-3 есеге, қол сағаттары – 20 пайыз, электр құралдары – 5-10 пайыз көтеріледі. Бұл жалпы бұқаралық сұранысқа ие тауар саласындағы кәсіпкерлерге үрей туғызып отыр. Ең алдымен, қымбатшылық тиын санап жүрген қарапайым халықтың қалтасына түсіп, қиналып қалмақ. Алайда, инфляцияның күтілімі айтарлықтай жоғарылатылған деп санаймын. Алдын ала сараптама импорттың қымбаттауы инфляцияның деңгейіне шамалы ғана әсер ететінін көрсетіп отыр. Мәселен, инфляция шамамен 0,5-0,7 пайыздық пунктерге ғана көтеріледі деп санайды[27]. Қазақстанда үшінші елдерден келетін тауарларға барынша жоғары тарифтер орнайды. Бұл олардан тасылатын импорттың қысқаруына түрткі болады. Осының арқасында Қазақстанда шығарылатын тауарлар бұған дейін ішкі нарығымызды жаулап, мықтап бекініп алған үшінші елдердің, соның ішінде Қытайдың тауарларын ысырып, өз орнын иеленуге мүмкіндік алады», – деген Одақтың «ниетін» айтқан болатын. Қырғыз ағайынның қазаққа қосылып Одаққа мүше болу ұмтылысының сыры осында жатса керек. Онсызда көп мәселеде қазаққа қарап отырған қырғыздың елімізбен қарым-қатынасы қиындаса, халі қалай болатыны белгісіз. Оның үстіне Бішкек базарынан зат таситын саудагерлердің салы суға кетіп отыр.

Сонымен бірге, мамандар Кеден одағы құрылғасын еліміздің экономикасының дамуына оң ықпал етеді деп отыр. Қазақстанның компаниялары Ресей рыногына, ресейлік компаниялар Қазақстан рыногына еркін шыға алады. Бәсекелестік артатын болады. Кеден одағы аясында тауар айналымдары үшін әкімшілік кедергілерді жоя түспек. Нәтижесінде, ішкі нарық ауқымы кеңейеді, жаңа өндірістің дамуы ынталанады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, үш елдің ортақ рыногы 2 трлн. доллар, яғни, инвестиция үшін тартымды болады[23].

Ендігі мәселе – қауіпсіздік. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғ.Қасымов: «Мәселен, біз Кеден одағын құрып жатырмыз. Одақ аясында экономикалық шекарамыздан бөлек, басқа да әрекеттерге – капиталдардың ағылуына, еңбек күшінің алмасуына және басқа шараларға жол ашылатыны белгілі. Ал, бүгінгі Ресейде екі күннің бірінде лаңкестік әрекеттер қылаң беретіні жасырын емес. Ендеше, Кедендік одақ аясында мықты шекара болмаса, онда жаңағыдай ауысулардың салдары қандай болатынын түсіну де қиын емес. Ресеймен арада 67 кедендік бекет бар. Бұлардың барлығында шекаралық қырағылық қамтылмаған», – деп дабыл қағып отыр. «Біз шындыққа тіке қарауымыз керек. Көршілес қырғыз елі ДСҰ-ға кірді, шекарасын айқара ашты, сапырылыс басталып кетті. Сол секілді Қазақстан үшін шекара мәселесі өзектілігін әлі жойған жоқ», – дейді депутат. Қауіпсіздік мәселесінде еліміз асқан сарабдалдықпен қарап, нақты шаралар жасауды қажет етеді[12].

Сайып келгенде 170 миллион халқы бар және тауар айналымы 900 млрд доллар құрайтын нарық пайда болады. Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл экономикалық одақ 90 млрд баррельге жететін мұнай қоры және дүниежүзі бойынша экспортталатын үлесі 17 пайыз болатын бидай жөнінен әлемде басты позицияны алмақ. Кеден одағынан пайда болатын ортақ үлесi Ресей үшiн – 14 миллиард доллар, Қазақстан мен Беларусь үшiн 16 миллиард доллар болады.

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1990 жылдың 12 қыркүйектегi шешiмi бойынша 1999-2000 жылдар аралығындағы мерзім халыкаралық құқықтың он жылдығы деп аталып, халықаралық құқық келiсiмдерiнiң барлық мемлекеттер үшiн мiндеттi екендiгi аталып өттi. Яғни, халықаралық құқықтың саясатта басым болуы тиiс деген сөз, халықаралық құқық келiсiмдерiнiң сақталуы ұлттық мүдделерден жоғары болуы тиiс.

Oсыған орай, М. А. Сарсембаев "Кеден ici тек мемлекеттiң iшкi құзыретiнде ғaнa қалып қоймайды, ол халықаралык мемлекеттiң халықаралық аренасында да реттеледі, кеден ісі халықаралық аренада халықаралық құқықтық нормалармен реттеледi. Халықаралық құқықтық жүйесiнiң iшiнде халықаралық кеден құқығы атты жеке сала бар" деген.

Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға және халықаралық кеден құқығына негiзделедi. Атап айтар болсақ, ұлттық тәуелсiздiктi және егемендiктi құрметтеу, iшкi iскe араласпау, күш көрсетпеу, толық тең құқылық ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын өзi шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т. б.

Бүгінге дейін Ресей, Белорусь, Қазақстан арасында Кеден одағының құрылатынына сарапшылар мен саясаттанушылар түгілі одаққа кіретін мемлекет басшылары да күмәнмен қарап келген-ді. Себебі, соңғы жиырма жылда ТМД кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастыққа талпыныс жасаған қадамдар сәтті бола қоймады. Дегенмен де 27-қараша күні үш ел басшысылары Кеден кодексіне және бірыңғай кеден тарифы келісіміне қол қойған болатын. Ал, 19-желтоқсанда Алматы өңіріндегі “Ақбұлақ” кешенінде өткен ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуінде: «Біздің үш мемлекеттің құрамында 2010 жылдың қаңтарының 1-нен бастап жұмыс істейтін Кеден одағының құрылғанын мәлімдейміз», – деп, Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері бірлескен мәлімдеме жасады. Демек шешімнің қабылдануы посткеңестік мемлекеттер арасында қуатты экономикалық одақ құру қадамының құтты болғанын көрсетіп тұр.

Кеден одағын құру үдерісі бірқатар кезеңнен өтеді. Ең алдымен, 2010 жылдың қаңтарынан бастап жаңа Одақ бойынша бірыңғай кеден тарифы енгізіледі. 2010 жылдың 1 шілдесінен бірыңғай кеден кодексі іске асып, Қазақстан мен Ресей аумағы арасындағы кедендік бақылау алынып тасталады. Қытай мен Қазақстан шекарасынан өткен тауар Беларусь пен Польша шекарасына дейінгі аралыққа қандайда бір кедендік тескерусіз баруы тиіс деген сөз. Ал, 2011 жылдың ортасына таман Ресей, Белорусь, Қазақстан біртұтас кедендік территория құруды жоспарлап отыр. Бұл интеграцияның соңғы нүктесі 2012 жылы қойылмақ. Ол кезде бірыңғай шаруашылық ереже мен валюта енгізіліп, біртұтас экономикалық кеңістік қалыптаспақ.

Ресей, Қазақстан, Белорусь арасында Кеден одағы алғаш 1995 жылы құрылған. Оған 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды. Алайда мемлекеттер бірыңғай кеден тарифын енгізу мәселесін реттеуде ортақ шешімге келмеді. Осылайша нақты ортақ кедендік жүйе қалыптастыра алмады. 2000 жылы осы мемлекеттер Кеден одағы базасында құрылған Еуроазиялық экономикалық қауымдастықтың (ЕуроАзЭҚ) қанатының астына топтасты. Ал, Украина, Молдавия, Армения бақылаушы мәртебесін алды. Бірақ бірыңғай қаржы, транспорт, энергетикалық нарық қалыптастыру, еркін тауар тасымалдау секілді мәселеде мүше елдер арасында қарама-қайшылық пайда болғандықтан ЕуроАзЭҚ аясында қойылған интеграциялық мақсат көздегеніне жетпеді. Ал, ЕуроАзЭҚ-қа мүше Өзбекстан ойран салған Әндіжан оқиғасынан соң 2005 жылы АҚШ, ЕуроОдақ тарапынан халықаралық оқшаулыққа түсіп қалып, 2008 жылдың соңында қауымдастықтан шығып кетті. Міне, посткеңестiк кеңiстiкте құрылған ұйымдардың қай-қайсысы да осындай шалажансар күй кешті[21],32б

Жаңа Кедендік одақты құрудың алғышарты 2006 жылы жасалды, биыл ғана күрмеуі тоқсан тоғыз мәселе төңірегінде үш мемлекет мәмілеге келіп, ақыры бірыңғай кеден тарифы мен кеден кодексі жобасын нақты іске асырмақ. Жақында Алматыда өткен ТМД қатысушы мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуінде Н.Назарбаев Кедендік одақты құру – ықпалдастыру үдерісінің екінші кезеңі екенін атап өтті. Алғашқысы – еркін сауда аймағы. Үшіншісі – жалпы рынок, біртұтас экономикалық кеңістік, одан әрі Еуропалық одақ тұрпатындағы экономикалық одақ болмақ.

Әзірге одақтың ауқымы кеңею-кеңеймеуі белгісіз. Бірақ та айырқалпақты қырғыз ағайын осы жылдың мамырында одаққа қосылуға тілек білдірген. Ал, 1998 жылдан бері ДСҰ құрамындағы Қырғызстанға Кеден одағына кіру үшін, ең алдымен, кеден саясатын, оның қағидалары мен нормаларын ДСҰ-мен келісіп алу керек. Тәжікстанға келсек, жақында Кеден одағында бақылаушы мәртебесін иеленеді.Қарапайым халық қымбатшылықтан қиналып қалмай ма?

Сарапшылардың айтуынша, Кеден одағы құрылуынан бірінші кезекте Қазақстан көп шығын көрмек. Ресей импорт тауарын шамамен 1 пайызға арзандатып жатса, Қазақстан Кеден одағына кірген соң импорттық баж салығының өсуі ішкі бағалардың біршама ұлғаюына әкеледі. Ең алдымен, бірыңғай кеден тарифы іске аса бастағаннан республикамызда киім-кешек, ауылшаруашылық өнімі, дәрі-дәрмек, косметика, парфюмерия, құрылыс материалдары, спорт заттары, әуетехника, шетелдік көлік, электрқұралдар, ұялы телефондар және тағы басқа заттар қымбаттайды. Бұған қоса киімнің кеден бағасы – 1,5-3 есеге, қол сағаттары – 20 пайыз, электр құралдары – 5-10 пайыз көтеріледі. Бұл жалпы бұқаралық сұранысқа ие тауар саласындағы кәсіпкерлерге үрей туғызып отыр. Ең алдымен, қымбатшылық тиын санап жүрген қарапайым халықтың қалтасына түсіп, қиналып қалмақ. Алайда, инфляцияның күтілімі айтарлықтай жоғарылатылған деп санаймын. Алдын ала сараптама импорттың қымбаттауы инфляцияның деңгейіне шамалы ғана әсер ететінін көрсетіп отыр. Мәселен, инфляция шамамен 0,5-0,7 пайыздық пунктерге ғана көтеріледі[26].

Қазақстанда үшінші елдерден келетін тауарларға барынша жоғары тарифтер орнайды. Бұл олардан тасылатын импорттың қысқаруына түрткі болады. Осының арқасында Қазақстанда шығарылатын тауарлар бұған дейін ішкі нарығымызды жаулап, мықтап бекініп алған үшінші елдердің, соның ішінде Қытайдың тауарларын ысырып, өз орнын иеленуге мүмкіндік алады», – деген Одақтың «ниетін» айтқан болатын. Қырғыз ағайынның қазаққа қосылып Одаққа мүше болу ұмтылысының сыры осында жатса керек. Онсызда көп мәселеде қазаққа қарап отырған қырғыздың елімізбен қарым-қатынасы қиындаса, халі қалай болатыны белгісіз. Оның үстіне Бішкек базарынан зат таситын саудагерлердің салы суға кетіп отыр[18],35б

Сонымен бірге, мамандар Кеден одағы құрылғасын еліміздің экономикасының дамуына оң ықпал етеді деп отыр. Қазақстанның компаниялары Ресей рыногына, ресейлік компаниялар Қазақстан рыногына еркін шыға алады. Бәсекелестік артатын болады. Кеден одағы аясында тауар айналымдары үшін әкімшілік кедергілерді жоя түспек. Нәтижесінде, ішкі нарық ауқымы кеңейеді, жаңа өндірістің дамуы ынталанады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, үш елдің ортақ рыногы 2 трлн. доллар, яғни, инвестиция үшін тартымды болады.

Ендігі мәселе – қауіпсіздік. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғ.Қасымов: «Мәселен, біз Кеден одағын құрып жатырмыз. Одақ аясында экономикалық шекарамыздан бөлек, басқа да әрекеттерге – капиталдардың ағылуына, еңбек күшінің алмасуына және басқа шараларға жол ашылатыны белгілі. Ал, бүгінгі Ресейде екі күннің бірінде лаңкестік әрекеттер қылаң беретіні жасырын емес. Ендеше, Кедендік одақ аясында мықты шекара болмаса, онда жаңағыдай ауысулардың салдары қандай болатынын түсіну де қиын емес. Ресеймен арада 67 кедендік бекет бар. Бұлардың барлығында шекаралық қырағылық қамтылмаған», – деп дабыл қағып отыр. «Біз шындыққа тіке қарауымыз керек. Көршілес қырғыз елі ДСҰ-ға кірді, шекарасын айқара ашты, сапырылыс басталып кетті. Сол секілді Қазақстан үшін шекара мәселесі өзектілігін әлі жойған жоқ», – дейді депутат. Қауіпсіздік мәселесінде еліміз асқан сарабдалдықпен қарап, нақты шаралар жасауды қажет етеді.

Қазақстанның ТМД және Кеден Одағынан тыс қабылдаған шарттары мен мiндеттемелерi әрқашан да тиiмдi нәтижелерге әкеле бермейдi немесе оларды шешу белгiлi бiр мiндеттемелерді жүктеп отырады. Қазақстанның Кеден Заңы Еуропа экономикалық қоғамдастығының кеден құқығы алты бас-тaмaғa негiзделген.

Бұл Еуропалың экономикалық қоғамдастықтың трактаты Кеден Одағының заңды негiзi болып табылады және оның барлық тayapғa қатысты күшi бар. Бұл келiсiм - шарттар қоғамдастыққа енген елдерге, жеке тұлғаларға қатысты қолданатын, ic жүзiнде жүзеге асыруды көздейтiн мақсаты мен принциптерiн, айқын ережелердi құрағандықтан "қоғамдастық конституциясы" болып табылады. Қоғамдастық органдарынан шығатын актiлер құқықтың кайнар көзi ретiнде келiсiм - шарттарды асыру, нәтижелерге жету мақсатында қабылданады.

Кедендiк реттеу қоғамдастықтың барлық кеден аумағында қолданылады. Қоғамастықтың кеден құқығының кайнар көзiнiң қатарына халықаралық келiсiм-шарттар кiредi және қоғамдастықтың субъектiлерi қоғамдастық органдарының қосымша шараларына қарамастан келісім-шарт ережелерiн орындауға мiндеттi. ЕЭҚ құқықтарын қамтамасыз ету үшн және келiсiм-шарттардан туындайтын даулар үшiн Еуропа қоғамдастығының соты қызмет етедi. Халықаралық кеден құқығында "Кеден Одағына" бiр кеден аумағының орнына eкi немесе одан да көп кеден аумағының айырбасы деп Сауда және тариф туралы басты келiсiм берген (СТБК/ГАТТ). Одаққа кipeтін аумақтарының арасында, әcipece, сауда саласында кеден баждары және тағы да басқа шектеу қоятын шаралар болмайды. Осы одаққа кipeтін мемлекеттер одақтан тыс мемлекеттермен сауда қатынасына түскенде бiрыңғай баж қол¬данады. Iшкi нарықты реттеуде мүше мемлекеттер арасындағы кез келген бөгеттi болдырмауға тырысады, ережелер келiсiледi, заңдар мен салық құрылымдары жақындастырылады, қаржы саласындағы ынтымақтастық күшейтiледi, т.б. Сонымен iшкi нарық "тауар, адам, қызмет және капиталдың epкін айналымын қамтамасыз eтeтін iшкi шекара болмайтын кеңiстiк" сияқты ЕЭҚ Кеден Одағы сауда саласындағы жалпы саясатқа негiзделген, сыртқы әлемге ашық ортақ заңдылығы бар, тәуелсiз юрисдикция кепiл болатын қоғамдастық органдарының шешiмiмен жүзеге асырылатын ұйым. Қоғамдастықтың кеден аумағы мүше мемлекеттердiң аумақтарының (ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Нидерланды, Греция, Португалия, Ирландия, Дания, Люксембург) географиялық және саяси көзқарас тұрғысынан, оның ішінде аумақтық суларын, ауа кеңістігін, epкін аймақтарын қосады [26],49б

ТМД құрамындағы Кеден одағы мемлекеттерiнде тап осындай проблемалар туындаған.

ЕЭК кеден тарифтері ставкалар жинағы ретiнде қоғамдастық аумағына импортталған барлық тауарлар түpiнe қатысты. Бiрақ бұл кезде даму деңгейi мен бәсекеге қабiлеттiлiгi, экономика салаларының сезiмталдығы ескерiлуi тиiс.ТМД мемлекеттерiнiң интеграциясы бүгiнгi кунi көбiнесе саяси сипатқа да тәуелдi болып отыр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың пiкiрiнше: аймактық интеграциялар кең ауқымды көлемдегі интеграция тұрактылығын жақсы қалыптастыратын құрамдас бөлiк болады. Интеграциялық глобалды көлемi, ол Еуразия жобасы, ол менің күн тәртiбiмнен түсе қойған жоқ және түспейдi.

Интеграциялық үрдістер шеңберінде Кедендік Одақтың қызметін жетілдіру және Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) құру жөнінде екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән беріледі.

Тұтас алғанда, 2010 жылдың ішінде Қазақстан мен Ресей Президенттері 10 рет кездескен. Мұның барлығы екі жақты қатынастардың тұрақты түрде жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, достық, тату көршілік пен стратегиялық әріптестіктің сақталып отырғандығын көрсетеді.

Аталған кездесулер барысында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру екі жақты ынтымақтастықтың деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады.2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағын практика жүзінде іске асыру басталды.

Кеден одағының негізгі шарты элементтерінің бірі тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары болып табылатын үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауды саясатын қолдану болып табылады.

Осы мақсатта, 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласында мемлекет басшылары деңгейінде өткен ЕуразЭҚ Мемлекетаралық кеңес (Кеден одағының жоғары органы) барысында «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» № 19 Шешім қабылданды.

Үшінші елдерге қатысты бірыңғай тарифтік емес шараларын қолдану Келісіммен анықталған:

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы №82-IV Заңымен бекітілген 2008 жылғы 25 қаңтарда Москва қаласында қол қойылған үшінші елдерге қатысты бірыңғай тарифтік емес шаралары туралы;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 қарашадағы № 207-IV Заңымен бекітілген 2009 жылғы 9 маусымда Москва қаласында қол қойылған тауарлардың сыртқы саудасы саласында лицензиялау ережелері туралы;

- Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы № 206-IV Заңымен бекітілген үшінші елдерге қатысты бірыңғай кеден аумағындағы тауарлардың сыртқы саудасына қатысты шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы (Москва, 2009 жылғы 9 маусым).

Ол сондай-ақ өткен жылы екіжақты тауар айналымы 20%-ға артқанын, ал биыл өткен айларда 40%-ға өскенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол көбі Ресей мен Қазақ¬стан қатысатын ірі жобалардың құрылымына да байланысты екенін айтты. Ресей басшысы қауіпсіздік саласындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқы¬лауды ұсынды[16],21б

Өткен жылы ҚР ме РФ арасындағы тауар айналымы 40 пайыз¬ға өсті, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында ол 11,5 млрд АҚШ долларын құрады. Форум барысында қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың бағыттарының бірі – төтенше жағдайларды болжау және талдаудың бірлескен жүйесін құру туралы бастама көтерілді.

Кеден органдары республикалық бюджетке 30% шамасында түсімнің түсуін қамтамасыз ете отырып, еліміздің экономикалық дамуында маңызды орын алады. 2004 және 2005 жылдары бұл көрсеткіш тиісінше 20,1% және 28,3% деңгейінде болды. Ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде кеден органдары республика бюджетіне 462,5 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударды, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 148,8 млрд. теңгеге артық. Еліміздің сыртқы сауда айналымының өсуі факторының сыртында, кедендік төлемдер мен салықтарды алу көрсеткіштерінің күрт өсуі кедендік әкімшілдендіруді жақсарту және қазіргі кедендік инфрақұрылымды жетілдіру арқылы мүмкін болып отыр. Кеден органдарын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде, “бір аялдама” қағидаты боынша шекарада бақылауды жүзеге асыратын бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің құрылысын салу қарқын алуда, бұл кедендік ресімдеуден өту үдерісін жеделдетеді және тиісінше, жолаушылар мен жүк ағынын өсіруге мүмкіндік береді.

Контрабанданың жолын кесу жөнінде бірқатар ірі арнайы операциялар жүргізілді. Олардың ішінде үстіміздегі жылдың ақпанында жалпы сомасы 1 млн. АҚШ доллары болатын Біріккен Араб Әмірлігінен Қарағандыға авиарейспен халықтық тұтыну тауарларының ірі партиясын контрабандалық жолмен әкелудің жолын кесуді, маусым айында шекара қызметімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысының “Сырым” кеден бекетінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы “КамАЗ” автомәшинесінің жанар-жағар май багында орналасқан есірткі партиясын өткізбекші болған Өзбекстаннан келген есірткі таратушыны ұстауды, шекарашылармен бірлесіп Орал-Бұзылық автожолында контрабандалық тауарды, яғни 22 тонна бекіре балық және 4,5 тонна майшабақ тектес балықтарды кедендік ресімдеусіз өткізген Ресей аза¬матының басқаруындағы рефрижераторды ұстауды ерекше атап өткен жөн [18],25б

Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде контрабандадан мемлекетке келген залалдың орнын толтырудың жалпы сомасы 1 млрд. 895 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы тиісті кезеңнің көрсеткіштерінен 650 млн. теңгеге артық.

Шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы, нақты жеке тұлғалар туралы жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ бірлескен жедел-іздестіру шараларын өткізу жөнінде өзара іс-қимыл жоспарлары әзірленді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қарастырып өткен тақырыпты қортындылай келетін болсақ төмендегідей тұжырым жасауға болады. Кеден ісі саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық әрине, халықаралық экономикалық байланыстармен өте тығыз байланысты. Бүгінде дүниежүзілік шаруашылық негізін өзара байланысты екі жүйе, яғни ұлттық шаруашылықтың жиынтығы мен халықаралық экономикалық байланыстар құрайды. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы, егер бұл категорияға техникалық – экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады.Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді. Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік –экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. Шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады. ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті. Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық болып ұлттық шаруашылықтар жиынтығы табылыды. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа зозылатын процесс. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама –қайшылықтар болып тұрады. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады. Сондықтан да Қазақстан өз кеден заңдарын қалыптастырған кезде xaлықаралық стандартқа сай нормалар арқылы жасауы тиiс. Себеббі, қазіргі жағдайда кез – келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан – жақты дами алады. Бірақ әлемдік кеңістіктегі кез-келген сыртқы экономикалық және ел ішіндегі қызметтің заңдылық негізі бар екенін атап өту керек. Демек, халықаралық саудаға өздерінің кедендік заңдылықтарына сәйкес әртүрлі шарттарды ұсынатын көптеген елдер қатысқандықтан, сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру кезінде серіктесті анықтау қажеттілігі туындайды.

Дүниежүзілік шаруашылық дегенде, тек бір ғана қарапайым байланысты емес әртүрлі шаруашылық жиынтығынан тұратын әлемдік экономиканың біртұтастығын қамтитын алуан түрлі, мәселен, 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін бірлестіктерді қарастыру қажет. Бұл тұрғыда, әрине әр ел өзінің тарихи – географиялық, ұлттық, әлеуметтік – саяси құрылымы бойынша, бір – бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдік щаруашылыққа бірте – бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр , сондай – ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға, әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдрдің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Халықаралық кеден заңнамаларының нормалары мен қағидаларының қалыптасуына ұлттық кеден заңдары тiкелей әсер етедi. Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың тәжірибелік маңызы өте зор. Себебі, әлемнің әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын, негізгі бағыттарын терең түсінуге мүмкіндік туындайды. Осы тұрғыдан алғанда кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелері сөзсіз өзекті сипатқа ие. Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа, ХЭБ –ге кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді интернаиализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді.Оның негізгі күші технологиялық революция еді. Әрине, интернаиализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады.Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.

Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі. Сондай – ақ, қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы, әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді. Бүгінгі таңда тағы да бір мойындайтын қағида : ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуы. ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995, 30 тамыз);

  2. «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, 2010 ж. 30 маусымдағы № 298-ІV Заңы.

  3. Кеден одағының Кодексі (2009 жыл, 27 қараша);

  4. Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттер үшiншi елдермен саудада қолданатын тарифтiк жеңiлдiктер туралы хаттама жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қыркүйектегі N 952 Қаулысы;

  5. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі). Алматы, 2008ж.;

  6. ҚР Кедендік рәсімдеуге байланысты құқықтық актілердің жинағы: ҚР-нда СЭҚ және Кеден – Алматы, 2001

  7. СЭҚ ТН-на сәйкес тауар классифиациясының ережесі ҚР КБ МГД бұйрығымен бекітілген 22 қаңтар 2000 ж № 22

  8. ҚР Заңдары «Инвестиция туралы» 8 қаңтар 2003ж.

  9. ҚР Заңдары «иновациялық қызметке мемлекеттік қолдау туралы» 23 наурыздан 2006 ж.

  10. Мадиярова Д.М. «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару». Алматы, 2000ж.;

  11. Әлібекова С.Т. «Қазақстанның Республикасының кедендік құқығы».- оқулық. Алматы, 2006ж.

  12. Кеден ісі негіздері: Оқулық редактор: Драганова В.Т.-М.: Ресейлік кедендік Академия ГТК РФ-М: ОАО Экономика, 1998 ж.

  13. Жиряева Е.В. Кедендік іс халықаралық саудадағы сараптама.СПБ Питер-2003 ж.

  14. Айтпаев Н.Т. Қазақстан Республикасының кедендік саясаты: Қазіргі заман мен тарихтың ара қатынасы-2000 ж.

  15. Некрасов В.А., Джандарбеков И.А. Кеден ісі негіздері: Қазақстан Республикасы, оқулық. Астана-2002 ж.

  16. Үмбеталиев А.Т., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу». Алматы, 2006ж.;

  17. Қамшыбаев Р.А. СЭҚ ТН-Алматы, 2010 ж.

  18. Қамшыбаев Р.А. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары-Алматы, 2010 ж.

  19. Мадиярова Д.М. «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару». Алматы,2000ж.;

  20. Кеден ісі негіздері: Оқулық редактор: Драганова В.Т.-М.: Ресейлік кедендік Академия ГТК РФ-М: ОАО Экономика, 1998 ж.

  21. Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы ЕурАзЭҚ (Ресей).- М., 2004 ж.

  22. Жиряева Е.В. Кедендік іс халықаралық саудадағы сараптама.СПБ Питер-2003 ж.

  23. Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне түсініктер/Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Комитетінің төрағасы Б.М.Сапарбаевтың жалпы редакциясы бойынша – Астана: Кеден – Custom, 2005ж.;

  24. Алибеков С.Т. Таможенное право Республики Казахстан. – Алматы: Кітап, 2006;

  25. Сарсембаев М.А. Таможенное право Республики Казахстан. – Алматы: Данекер, 2000;

  26. Таможенное право: Учебник для вузов/Под редакцией М.М.Рассалова, Н.Д.Эрнашвили – второе издание, переработано и дополнено – Москва: ЮНИТИ-ДАНА, 2005;

  27. Габричидзе Б.Н., Чернявский А.Г. Таможенное право. Учебник для вузов – Москва: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2004;

  28. Давыдов Ю.Г. Таможенное право в вопросах и ответах: Учебное пособие – Москва: ТК Велби, Издательство Проспект, 2003;

  29. Тимошенко И.В. Таможенное право России: Курс лекций. Общая и особенная часть. Москва: Приор, 2002;

  30. Досмырза Д. Методическое пособие (курс лекций) по дисциплине «Таможенное право». – Астана, 2006.

  31. Халықаралық сату сатып-алу шарттары БҰҰ конвенциясының (Вена конвенциясы) 1980ж 11 сәуірде қабылданды.

  32. Кедендік тарифтегі тауарлар классификациясы үшін номенклатура туралы конвенция және оны жөндеуге арналған протокол (Брюссель тарифтік номенклатурасы (БТН) туралы немесе кедендік кеңес қауымдастығының номенклатурасы туралы конвенциясы (НСТС) ). 11 қыркүйек 1959 жылы күшіне енді.

  33. Уақытша әкелу конвенциясы Стамбул маусым 1990 ж Стамбул конвенциясы 27 қарашада 1992 ж күшіне енді.

73