
Ар нуво
Ар Нуво (француз тілінен аударғанда «жаңа өнер») деген мағынаны білдіреді. Ар Нуво сәндік стиль және оюлы бағыт сияқты модерн. Парижде 1895 жылы сол кездегі өнерге байланысты Зигфрид Бинг дүкен ашқан болатын. Ар Нуво концепциялары веналықтардың, италиялықтардың, испандықтардың журналдарын көркемдей бастады. Бұл стиль Ресейге де танымал бола бастады, бірақ ол кезде оны көбіне «модерн» стилі деп таныды.Ар Нуво ішкі көріністерін алғашқы жасаған бельгиялық сәулетші Виктор (1861-1947) болды.«Ар Нуво» стилі өткен ғасырдың басында адамның барлық өмір сфераларына кірді.
Тапсырмалар:
1. Жаңа сөздерді аударыңыздар.
2. Мәтінді аударыңыздар.
3.Сұрақтарға жауап беріңіздер:
а) Ар Нуво деп қандай стильді айтады?
ә) Бұл қандай модерн?
б) Зигфрид Бинг қандай дүкен ашты?
в) Бұл стиль Ресейде қалай аталды?
4. Берілген сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңыздар: «Ар Нуво» стилі өткен ғасырдың басында адамның барлық өмір сфераларына кірді.
5. Мәтінді әңгімелеңіздер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.С.К.Нүрпейісова,Т.Ж. Жөкебаева. Техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы
ҚарМТУ, 2002,
2.А.Ә.Ботабек, Г.Қ.Сағатова. Инженерлік-құрылыс факультеті студенттеріне арналған техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы. ҚарМТУ, 2009.
3.Ж.Түймебаев. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 2004.
СӨЖ
Әңгіме. Өнер түрлері(суретші,сәулетші, мүсінші).
СОӨЖ
1.Салалас құрмалас сөйлемге слайд-сабақ жасау. 2.Жаттығулар орындау, сөйлем талдау.
10-тақырып Ағаштың түрлері. Салалас құрмалас сөйлем.
Талғаулықты, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.
Практикалық сабақтың жоспары
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
Ағаштың түрлері
Арша – Орта Азияның тау бөктерінде өсетін аршалар, тұқымдас бұтақтардың түсіне өте ұқсас. Арша бағанасы тік, бірақ бұтақтары көп, оңай кесіледі. Қарағаймен салыстырғанда аршада шайыр аздау, сондықтан ылғалды ортада тез шіриді. Керісінше кебу жерлерде арша ағашы шірімейді және ұзақ уақыт сақталады. Арша ағашы 350 жылдай өседі. Балқарағай – Ресейде, әсіресе, Европаның солтүстік шығысында өседі, беріктігі жоғары, ауыр және қатты ағаш, қоңыр қызылдау түсті. Ылғал мен судың әсеріне төзімді. Балқарағай ағашын жиһаз өндірісінде аз қолданылады, себебі оның қатты және шайырлы болуының салдарынан өңдеуге қиындау. Самырсын – негізінен Ресейде және Европаның ылғалды жерлерінде өседі, 600-7000- жыл өмір сүреді. Бағанасы түзу және ұзын. Сондықтан құрылыста көбіне бөрене және тілінген тақтайша, есік, терезе сияқты дайын бұйымдарды әзірлеуде қолданылады.
Тапсырмалар:
1.Жаңа сөздерді аударыңыздар.
2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
3. Мәтінді аударыңыздар.
4. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.З.Күзекова. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана.Таным, 2003.
2.Б.Ж.Жүсіпова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2007.
3.С.К.Нүрпейісова,Т.Ж. Жөкебаева. Техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы
ҚарМТУ, 2002,
СӨЖ
Сұхбат. Ағаш түрлері.
СОӨЖ
1.Талғаулықты және себеп-салдар салалас сөйлемдерге жаттығулар орындау.2.Мәтінмен жұмыс. 3.Тест.
11-тақырып Асбест. Сабақтас құрмалас сөйлем.
Мезгіл, мақсат, қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
Практикалық сабақтың жоспары
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
АСБЕСТ
Асбест – көкшіл-сұр түсті жұмсақ тастар түрінде кездесетін тау жынысы, серпентин тобына жатады. Асбест тұтанып жанбайды, сілтілер әсеріне тұрақты, оның талшықтарының беріктігі жоғары. Цементті, суды және асбесті бірге араластырғанда әр түрлі құрылыс материалдары мен бұйымдарды қалыптауға жарамды, иілгіштік ерітінді береді. Одан асбестцементті бұйымдар өндіріледі. Асбестің екі түрі бар: хризотилді – ашық көгілдір түсті, жіңішке талшықты (0,0001мм) және жоғары берік. Амфиболды түрін құрамы жағынан хризотилді түрінен бірден ажырату қиын және жалған мүйізді минералдар тобына жатады. Құрылыс өндірісінде негізінен хризотилді асбест қолданылады. Оның балқу температурасы 1500°С. Асбесті отқа төзімді маталар, шатырлы асбестцементті бұйымдар, асбесті картон және жылудоғарғыш материалдар өндіруде жиі қолданылады.
Тапсырмалар:
1. Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жазып, аударыңыздар.
2. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.
3. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
4. Мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді табыңыздар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ж.О.Байжанов, М.А.Рақымов, Е.В.Ткач, А.М.Кононенко.Құраматемірбетон кәсіпорындарын жобалау. Қарағанды, 2007.
2.Б.Ж.Жүсіпова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2007.
3.А.Ә.Ботабек. Инженерлік-құрылыс факультеті студенттеріне арналған техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы. ҚарМТУ, 2002.
СӨЖ
Сұхбат. Құрылыс материалдары.
СОӨЖ.
1.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне жаттығулар орындау. 2.Тест тапсырмаларын орындау.3.Мәтінмен жұмыс.
12-тақырып. Портландцемент және композиционды цементтер. Сабақтас құрмалас сөйлем. (Қарсылықты, шартты, себеп).
Практикалық сабақтың жоспары
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.