Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по каз.яз.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
41.35 Кб
Скачать

Бояудың түрлері

Силикатты бояулар сұйық шыныдан, пигменттен және бордан құрастырылады.

Майлы бояулар зауыттарда дайындалады. Майлы бояулар өсімдік майларына пигменттер мен минералды толықтырғыштарды араластыру арқылы шығарылады.

Алкидты бояулар глифталды, пентафталды және басқа алкидты лактардың қолданылуымен өндіріледі.

Эмальды бояулар ғимараттардың сыртқы және ішкі беттерін әрлеуде пайдаланылады. Құрылыста қолданылатын барлық эмальдар майлы немесе глифталды лактардан және пигменттерден тұрады. Басқа бояулардан айырмашылығы - эмальдар тез кебеді.

Полистрольды бояулар 3-4 сағат бойына қатаяды. Оларды жылдың кез келген уақытында қолдануға болады.

Алкидті – стиролды эмальдар ағашты плиталар мен сыланған қабырғалардың беттерін бояуда қолданылады.

Тапсырмалар:

1.Мына сөздерді аударыңыздар.

Сұйық ,бор,майлы бояулар ,өсімдік ,толықтырғыштарды, араластыру ,

қолдану ,қатаяды ,шығарылады, ғимараттар, әрлеу, сыланған, айырмашылық, бет.

2.Сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыздар.

Силикатты бояулар сұйық шыныдан, пигменттен және бордан құрастырылады.

3. Мәтінді аударыңыздар.

4. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ж.О.Байжанов, М.А.Рақымов,Е.В.Ткач, М.А.Кононенко Құрама темірбетон кәсіпорындарын жобалау. Қарағанды, 2007.

2. Ж.Түймебаев. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 2004.

3. А.Ә.Ботабек. Инженерлік-құрылыс факультеті студенттеріне арналған техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы. ҚарМТУ, 2002.

СӨЖ

Әңгіме. Құрылыс материалдары.

СОӨЖ

1.Өткен грамматикаларды қайталап, жаттығулар орындау. 2.Презентация. Қарағанды. 3.Суретпен жұмыс.

8-тақырып Ағаш туралы қысқаша түсінік.

Сөйлем мүшелері.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

Ағаш туралы қысқаша түсінік

Қара ағаш – ашық сары , ал өзегі ашық қоңыр немесе сұрғылт – қоңыр түсті, шел қабықты қабаты бар. Қара ағаштан алынған ағаштар ауыр, берік, иілгіш, соққыға төзімді, қаттылығы орташа ағаш. Су ішінде беріктікті жақсы сақтайды, бірақ ашық ауада, ылғалды ортада тез шіриді, оны құрылыста, машина жасау өндірісінде қолданады.

Қайың – жапырақты ағаштар арасында ең көп тараған ағаш. Оның ағашы қатты және берік. Әр түрлі құрт-құмырсқа, қына, мүк, саңырауқұлақтың әсерлеріне төзімсіз. Сондықтан құрылыста кеңінен қолдануға жарамсыз. Қайыңнан балға, балта, күрек саптарын және басқа бұйымдар жасайды және фанера өндірісінде қолданылады.

Қарағай – құмдақты жерлерде өскен қарағай ағашы ұсаққабатты, өте тығыз, берік, қатты, сарығыш-қызылдау түсті. Ал тау етектерінде өскен қарағай сарылау, ақ және қызылдау болады. Қарағай құрамында шайырдың мол болуына орай оның ағашы шіруге төзімді. Қарағай ағаштарын құрылыстың барлық бағыттарында қолданады. Атап айтсақ коттедждерде, жеке тұрғын үйлерде, көпірлерді, темір жол шпалдарын, жәрдемші конструкцияларды және басқа әр түрлі үйлерді құрастыруда қолданылады.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді аударыңыздар

2. Мәтінді аударыңыздар

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

4. Жай сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ж.О.Байжанов, М.А.Рақымов,Е.В.Ткач, М.А.Кононенко Құрама темірбетон кәсіпорындарын жобалау. Қарағанды, 2007.

2.Жүсіпова Б.Ж. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы, 2007.

3. А.Ә.Ботабек. Инженерлік-құрылыс факультеті студенттеріне арналған техникалық мәтіндер мен сөздіктер жинағы. ҚарМТУ, 2002.

СӨЖ

Киіз үй туралы айтыңыздар.

СОӨЖ

1.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері бойынша слайд-сабақ дайындау. 2.Жаттығулар орындау. 3.Мәтінмен жұмыс.

9-тақырып Ар Нуво. Салалас құрмалас сөйлем.

Ыңғайлас, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.