Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силабус по каз.яз.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
41.35 Кб
Скачать

Шынымәрмәр, шыныдекор және әрлі шыныұнтақ

Қаптама материалдардың бұл түрі өшірілген шыны технологиясы бойынша өндіріледі, себебі қапталатын бетон немесе кірпіш қабырғаның сұр түсі көрінбеу үшін олардың түсі мөлдір болмауы керек. Мәрмәр тектес шыны қалыңдығы 3-10 мм, өлшемі 200х300 мм, ішкі беті бұдыр плитка түрінде өндіріледі.

Шынымәрмәр мен шыныдекорды құрамдары бірдей шыныдан өндіреді, айырмашылығы тек бұйымдардың өлшемінде, шыныдекордың өлшемі 65 х 65 х 4 мм немесе 100 х 100 х 4 мм. Бұл материалдан түрлі суреттер немесе көркем суретті паннолар салу ыңғайлы, сондықтан оларды шыныдекор деп атайды. Шынымәрмәр дайындаудың келесі әдістемесі, бұйымды өндіру алдында түстері екі түрлі шынымассаларды араластыру.

Әрлі материалдардың бұл түрі вестибюльдерді, сауда залдарын және т.б. өңдеуге, табиғи тастар мен керамиканы алмастыратын қаптама.

Шыныұнтақ өндірісіне өшірілген шыны құрамдар қолданылады, бірақ олардың өндіру әдістемелері ерекше.

Тапсырмалар.

1. Мына сөздерді аударыңыздар.

Күл, қож, отын, шикізат, қолдану, қалдықтар, шартты, анықтау, көрсеткіш, құрғақ, жанбау, саз, ылғалдылық, шығын, айналмалы, төмендету, жоғарылату.

2. Мәтінді аударыңыздар.

3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Ж.О.Байжанов, М.А.Рақымов, Е.В.Ткач,А.М. Кононенко. Құрама темірбетон кәсіпорындарын жобалау. Қарағанды, 2007.

2.Г.М.Нұрғожина, А.А.Ақынжанова, Э.Қ.Түсіпбекова. Қазақ тілі І-ІІ курс студенттеріне арналған оқулық. Деңгейлетіп оқыту. Қарағанды, ҚарМТУ, 2002.

3.Қ.Қарабаева. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.

СӨЖ

Шыныдекор, әрлі шыныұнтақ туралы әңгімелеу.

СОӨЖ

1.Одағай, еліктеуге жаттығулар орындау. 2.Суретпен жұмыс. 3.Мәтіннен шылауларды анықтату.

5-тақырып Шыныкристаллит,шыныкремнезит.

Жай сөйлем.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

ШЫНЫКРИСТАЛЛИТ, ШЫНЫКРЕМНЕЗИТ

Шыныкристаллит және шыныкремнезит - екі немесе үш қабатты піскен материал. Төменгі қабаты түссіз түйіршіктер араласпасынан құралған, егер тек шыны түйіршіктері қолданылғанда - шыныкристаллит, ал шыны мен құм араласқанда - шыныкремнезит болады. Бұл екі материалдың да жоғарғы қабаттары түрлі - түсті шыны түйіршіктерінен жасалады. Шыныкристаллит өндіру шыны және керамика технологияларының элементтерінен тұрады, яғни шыныны пісіру, шыны түйіршіктерін алу немесе дайын шыныны қолдану, плиткаларды қалыптап пісіру , кристалдау, жалынмен жалтырату және бұйымдарды жасыту операциялары атқарылады. Жалынмен жалтырату бұйымға кең түспен әрлілік қасиет береді, гранит пен мәрмәр тас түстес шыныкристаллит ішкі және сыртқы өңдеу жұмыстарына жоғары тиімділікпен қолданылуда.

Тапсырмалар:

1. Сөздерді аударыңыздар.

Піскен, түссіз, төменгі, түйіршіктер, араласпа, жалтырату, жалын, жасыту, атқару, әрлілік қасиет, түстес, ішкі, сыртқы, тиімді, қолдану, қалыптап пісіру, өңдеу, мәрмәр, тиімділік.

2. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

3.Қолданылғанда, түйіршіктерінен, технологияларының сөздерін сөздік құрамға талдаңыздар.

4. Мәтінге сұрақтар дайындаңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Г.М.Нұрғожина, А.А.Ақынжанова, Э.Қ.Түсіпбекова. Қазақ тілі І-ІІ курс студенттеріне арналған оқулық. Деңгейлетіп оқыту. Қарағанды, ҚарМТУ, 2002.

2.Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы. Қарағанды, 2003.

3.Қ.Қарабаева. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.

СӨЖ

Сұхбат. Ежелгі қазақ сәулет өнері.

СОӨЖ.

1.Жай сөйлем түрлеріне мысалдар келтіріп, жаттығу орындау. 2.Жағдаят бойынша сұхбаттар құру(отбасы тақырыбына). 3.Тест.

6-тақырып Кірпіш. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлері.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.

КІРПІШ

Кірпіш - формасы тікбұрышты параллелепипед, өлшемі 250 х 120х 65 мм, оңай балқығыш балшықтардан (қосымша заттарсыз не солармен) жасалады. Тығыздығы 1600...1900 кг⁄м³); беріктігіне сәйкес 7 маркамен сипатталынады. Су сіңіргіштігімен сипатталатын кәуектіліктің мөлшері маркасы М 150-ден жоғары кірпіш үшін 6%-тен кем емес, ал басқа маркалы кірпіш үшін 8%-тен кем емес болуы қажет. Кәуектілігі азайса кірпіштің жылу өткізгіштігі артады. Құрылыс ерітіндісімен байланысы әлсірейді. Кірпіштің аязға төзімділігі 15 циклден кем болмауы қажет: әдетте бұл қасиеттің маркалары Ғ 25, Ғ 35, Ғ 50. Кірпіш көбінесе қабырға қалауда, панельдер жасауда, пеш және мұржа салуда қолданылады. Кірпіштің жасалу технологиясына байланысты бірнеше түрлері болады.

Тапсырмалар:

1.Мәтіндегі жаңа сөздерді аударыңыздар.

2.Мәтінді аударыңыздар.

3.Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазыңыздар.

4.Мәтіннен кірпішті қайда, не үшін қолданатыны туралы жазылған сөйлемді тауып, оқыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Г.М.Нұрғожина, А.А.Ақынжанова, Э.Қ.Түсіпбекова. Қазақ тілі І-ІІ курс студенттеріне арналған оқулық. Деңгейлетіп оқыту. Қарағанды, ҚарМТУ, 2002.

2.Ж.О.Байжанов. Бетон, бетон мен темірбетон бұйымдары және түзілістерінің технологиясы бойынша дәрістер бағамы. Қарағанды, 2003.

3.Қ.Қарабаева. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.

СӨЖ

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кешені туралы әңгіме.

СОӨЖ

1.Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің түрлеріне жаттығу орындау. 2.Сұхбат:Қарағандының жоғарғы оқу орындары. 3.Тест.

7-тақырып Аралық тест. Бояудың түрлері.

Практикалық сабақтың жоспары

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру.