Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
79.09 Кб
Скачать

2.2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу

16 «Негізгі құралдар» IAS  Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес негізгі құралдар – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға  жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін материалдық активтерді білдіреді.Негізгі құралдар мекемеге мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы; жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда жаңа немесе ұсталған негізгі құралдар нысандарын сатып алу; негізгі құралдар нысандарын тауарлық-материалдық құндылықтарға айырбастау; заңды және жеке тұлғалардан жаңа және ұсталған негізгі құралдар нысандардың өтеусіз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде анықталған есепте жоқ нысандарды кіріске енгізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі.Негізгі құралдар түсуі комиссия жасайтын «Негізгі құралдарды қабылдап алу-беру кесімімен» (НҚ-1 нысаны) рәсімделеді. Онда қабылданатын нысанның егжей-тегжейлі сипаттамасы беріледі, оның бастапқы құны және нысанды беру туралы құжаттардың мәліметі бойынша амортизация сомасы көрсетіледі, сондай-ақ нысанның жағдайы туралы комиссияның қорытындысы келтіріледі.Негізгі құралдарды жіктеу кезінде  олардың негізгі құралдардың  Мемлекеттік  жіктемесіне (ҚР МЖ 12-2005), сондай-ақ  осы есепке алу саласын реттейтін  өзге нормативтік құжаттарға  сәйкестігіне  баса көңіл бөлінеді. Негізгі құралдардың  өндіріс процесіне  қатысу сипатына байланысты  өндірістік және өндірістік емес  болып бөлінеді. Өндірістік  Компанияның  материалдық-техникалық базасының  негізін құрайды және  технологиялық  процестің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өндірістік емес негізгі құралдарға  әлеуметтік мақсаттағы  объектілер жатады.Негізгі құрал объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан мыналардың  нәтижесінде есептен шығарылады:

—           физикалық немесе сапалық тозу;

—           шаруашылық қызметінде пайдаланылмайтын объектілерді өткізуде;

—           басқа субъектілерге негізгі құралды жарғы капиталына салым түрінде

беру;

—           басқа заңды немесе жеке тұлғаларға  өтеусіз беру;

—           объектілерде ұзақ мерзімді жалға беру;

—           кему шығу, табиғи апат және басқа себептер.

Қоғамның шоғырландырылған бухгалтерлік теңгерімінен  негізгі құралдар объектілерін есептен шығару  мыналардың нәтижесінде болады:

— табиғи және моралдық тозу, дүлей апаттар, авариялар салдарынан тарату;

— сату;

— заңды немесе жеке тұлғаларға  ақысыз беру (сыйға тарту);

— жарғылық капиталға үлес  ретінде беру;

— активтермен алмасу;

— басқа себептер (жетіспеушілік, бүлінуі және басқалай).

Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады:

—          Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)

—          Материалдық емес активтер.

Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану мерзімі шексіз болғандықтан, оған амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар, құрал-жабдықтар, құрылғылар амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-тарату үшін тозу есептелінеді. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің барлығы осы тауардың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады.

Негізгі құралдар - кәсіпорын дайын өнім өндіру үшін қолданатын материалды активтер. Яғни басқа ұйымдарға ұзақ мерзімді уақыт пайдаланады деген болжаммен жалға беру үшін жасайды.Негізгі құралдың келіп түсуі негізгі құралдарды қабылдау жіберу актісімен рәсімделеді.Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша операциясының синтетикалық есебі компьютерде шоттардың типтік жоспарында 2410 бөлімінде көрініс табады. Негізгі құралдар негізгі құралдар -6 нысан бойынша негізгі құралдардың инвентарлы карточкаларда саналады. Алғашқы құны бойынша келіп түскен сәттен бастап бағаланатын негізгі құралдар 2410 бөлім шоттарына дебеті бойынша сәйкес көрсетіледі. Корреспонденциялар:

Дт 3310

Кт 1010, 1030

Негізгі құралдардың обьектісі есебінен шығарылған шоттар бойынша төлем жүргізілді.

Дт 2410

Кт 3310

ҚҚС-сыз негізігі құралдар кірістелді.

Дт 1420

Кт 3310

ҚҚС сомасында проводка жасалуда.

Дт 3130

Кт 1420

ҚҚС бойынша сома.

Негізгі құралдардың келуі осы обьектінің техникалық құжатнамасымен қабылдау-өткізу актісімен рәсімделеді. Мекемелердің жарғылық капиталға салымы ретінде негізгі құралдарды кіргізу кезінде осы құралдың бастапқы құны болып Қ.Р заңнамасында анықталған құн болады.

Негізгі құралдар 2 топқа бөлінеді:

— Өндірістік арналымды.

— Өндірістік емес арналымда.

Негізгі құралдар анықтау әдісі өндірістік процесске тура және тікелей қатысу.

Дт 5110

Кт 5000

Мекемелердің негізгі құралдарды жарғылық капиталға салымы ретінде салуы.

Дт 2420

Кт 5110

Мекемелерден келіп түскен негізгі құралдар келісімділігіне.

Дт 2420

Кт 7270

негізгі құралдар қайтарымсыз алыну кезінде бастапқы құны аталған құралдардың негізгі құралдар -1 нысаны бойынша қабылдау жіберу акті деректері бойынша анықталады бірақ оның нарықтық құнынан артық емес.

Дт 2410

Кт 2420

Қабылдау жіберу актісінің деректері бойынша тозу соммасына.

Материалдық емес активтер және бұлардың амортизациясы.

Метериалдық емес активтер және бұларды пайдалану мерзімі нақтылы объектілер бойынша тиісті нормативтік құжаттар мен осы объектілер мазмұнын жетік білетін мамандардың қатысуымен анықталады. Егер материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін нақтылы анықтау мүмкіндік болмаған жағдайда тиісті нормативтік құжаттарға сай 10 жыл мерзім белгіленеді. Материалдық емес объектілер өрісін амортизация есептеу екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады:

—             түзу сызықты бір қалыпты

—             өндірілген өнімдер көлеміне пропорционалды түрде амортизация есептеу әдіс.

 Материалды емес активтердің түсу есебі

Операция мазмұны

Корреспонденциялық шот

Дебет

Кредит

Материалды емес активтердің жарғы капиталына салым ретіндегі түсімдері

2730

5020, 5030

Материалды емес активтердің қайтарымсыз беру тәртібі бойынша түсімдері

2730

6280

Заңды тұлғалардың материалды емес активтерін сатып алу

2730

3310

Қосылған құн салығы

1420

3310

Материалды емес активтердің істен шығуы келесі түрде болуы мүмкін:

-         басқа ұйымдардың жарғы капиталына салым;

-         бірегейлі істің қайтарымсыз берілуі;

-         жою және іске асыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]