Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
79.09 Кб
Скачать

2.6 Мемлекеттік мекемедегі капиталды есепке алу тәртібі

Шоттар жоспарының «Таза активтер/капитал» бөлімі шоттарындағы операцияларды есепке алу тәртібін анықтайды: 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру»; 5110«Резервтер»;5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі»;5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі».      ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Салымдар бойынша міндеттемелерді қабылдауға жоспарлы тағайындауларды мемлекеттік мекемеге бөлгенде, күрделі салымдарды қаржыландыру танылады және мынадай жазбамен көрсетіледі: 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты қосалқы шотының кредиті. Күрделі салымдарды қаржыландыруды күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан кіріске есептен шығару осы актив жататын топтың амортизациясының нормасы бойынша есептелген сомада, ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға ұзақ мерзімді активтің амортизациясын есептеумен жүзеге асырылады және мынадай тізбекпен көрсетіледі: 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.      Есепті жылдың соңында жоспарлы тағайындаулар шоттарындағы күрделі салымдарға қалдықтар бюджетке қайтаруға жатады: 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты қосалқы шотының дебеті және 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» немесе 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті.      ҚР Қаржы министрінің 2012.07.24 № 348 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)Бұйрығымен: 5100 «Резервтер» бөлімінің шоттарында әділ құн бойынша активтерді есепке алу моделін қолданған кезде есептелетін ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалауға, шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге және өзге резервтер сомасы көрсетіледі.       Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалауға резервтерді есептеу мен есептен шығару тәртібі осы Ереженің тиісті кіші бөлімдерінде анықталған.      5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотында есепті жылдағы мемлекеттік мекеменің кірістері мен шығыстарының сомасын жабу нәтижесі көрсетіледі, бұл ретте мынадай корреспонденциялар жүзеге асырылады:       5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының дебеті және Шоттар жоспары шығыстарының тиісті қосалқы шотының/шотының кредиті;       Шоттар жоспары кірістерінің тиісті қосалқы шотының/шотының дебеті және 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті. 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотында есепті жылды қоса алғанда мемлекеттік мекеме қызметінің барлық кезеңіне ұлғаю нәтижесімен қаржылық қорытынды көрсетіледі және мынадай жазбамен көрсетіледі:       5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотының дебеті және есепті жылдың теріс қаржылық нәтижесі болған кезде 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті;       5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының дебеті және есепті жылдың оң қаржылық нәтижесі болған кезде 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті. 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» қосалқы шоттары бойынша есепке алу Нысандар альбомының 292-а нысанды карточкаларында (Нысандар альбомының 292 нысанды кітабында) жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]