Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
79.09 Кб
Скачать

II бөлім. Бухгалтерлік есеп.

2.1Ақша-қаражаттарын есепке алу

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп осы заңды негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығы «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі» нұсқаулыққа сай, ал қаржылық есептілік «Мемлекеттiк мекемелердiң және бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк есептiлiктi жасау мен ұсынудың ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 27 ақпандағы N 89 Бұйрығына сәйкес жүзеге асады. Бухгалтерлiк қызметтiң мiндеттерiне мыналар кiредi:

- құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсiмдеуге және жасасқан операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасауды жүзеге асыру;

- тиiстi қаржы жылына мiндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен бекiтiлген сомалар шегiнде мiндеттемелердi қабылдауды және екiншi мен үшiншi жылдардың жоспар кезеңдерiнiң базалық шығыстарын, белгiленген тәртiппен енгiзiлген өзгерiстер есебiмен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларымен сәйкес қаражаттардың жұмсалуын дұрыс, тиiмдi және орынды пайдалануды, сондай-ақ ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау;

- ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлiк есептi жүргiзуiне бақылау;

- түскен ақшаның түсiмдерi мен шығыстарын ақылы қызметтер ҚБШ, демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны түрiнде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу;

- арнайы қаржылар сметасы бойынша кiрiстер мен шығыстарды есепке алу және бюджеттен тыс басқа да қаржылар бойынша операцияларды есепке алу;

- бюджеттiк ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшiлерiне жалақыны, студенттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға және оқушыларға стипендиялар есептеу және мерзiмiнде төлеу;

- ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларды орындау үстiнде пайда болатын есеп айырысуларды дер кезiнде жүргiзу;

- ақшалай қаражаттарды, есеп айырысулар мен материалдық құндылықтарды түгендеудi жүргiзуге қатысу, түгендеудiң нәтижелерiн уақтылы және дұрыс анықтау және оларды есепте бейнелеу;

- есеп-есептеу жұмыстарын компьютерлендiру;

- белгiленген мерзiмде бухгалтерлiк есеп берудi жасау және табыс ету;

- ұйым басшысымен (штатта экономикалық қызметтiң қызметкерi болмаған жағдайда) қаржыландыру жоспарын және соған байланысты есептеулердi жасау және келiсу;

- активтердiң, бағасы арзан және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың олардың сақталу және пайдаланылу жерлерiнде сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру;

- бастапқы құжаттарды, қағаз және электрондық тасығыштарда бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, есептiлiктi, есеп саясатын, есепке алу деректерiн электрондық өңдеу бағдарламаларын, оларға есептеулердi, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткiзу.

- есеп саясаты жөнiндегi құжаттарды, есеп деректерiн машиналық өңдеу бағдарламасын, оларға қатысты есептеулердi, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ белгiленген тәртiпте оларды архивке тапсыру.

Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізуде үш таңбалы шоттар жоспары қолданылады. Барлық жүргізіліп отырған бухгалтерлік операциялар Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық Департаментімен іске асырады.

Алдағы 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 Бұйрығына сәйкес жүзеге асатын болады.

Қорытындылай келгенде, мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті ұйымдастыруда келесілерді ұсынамын:

-         мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті ұйымдастыруда халықаралық стандарттарға көшу;

-         бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сай ары қарай ұлттық тұрғыда жетілдіру мен дамыту;

-         барлық мемлекеттік мекемелерді «Клиент-Қазынашылық» ақпараттық жүйесін орната отырып, есеп жүйесін электронды түрде басқару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]