Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
79.09 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

«АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕББМ

«БАҒАЛАУ, ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» КАФЕДРАСЫ

5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенті

Халық Нұрланның

ЕСЕБІ

Оқу-тәжірибе өткен орны: Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Тәжірибе өту мерзімі: 08.06-12.06.2015ж.

Кәсіпорыннан бекітілген жетекші, Құрманғалиев Алмасбек

бас бухгалтер:

АЛМУ бекітілген жетекші,

э.ғ.к., доцент Досманбетова А.С.

Алматы, 2015

ЖОСПАР

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

I БӨЛІМ.Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

    1. Алматы қалалық жұмыспен қамту бағдарламасы..........................................4

1.2 Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының атқаратын қызметтері, міндеттері және құқықтары................6

II БӨЛІМ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП.

2.1Ақша-қаражаттарының есебі мен қаржылық инвестиция............................10

2.2 Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу.................19

2.3 Тауарлы-метериалдық қорларды есепке алу ...............................................22

2.4 Еңбекақы бойынша есеп айырысу.................................................................25

2.5 Кәсіпорындағы қаржылық есептілік..............................................................29

2.6Мемлекеттік мекемедегі капиталды есепке алу тәртібі............................... 33

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................36

Қосымшалар

Кіріспе

Мен өзімнің оқу тәжірибемді 08.06.2015 – 12.06.2015 аралығында Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өткіздім. Тәжірибе кезінде көптеген іс қағаздармен таныса келе мен олардың дұрыс толтырылуы және де әрбір құжаттың қандай қызмет атқаратының қарастырдым. Олардың ішінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер, ақша қаражаттары, тауарлы – материалдық қорлар есебі, негізгі құралдар есебі, материалдық емес активтер есебі, меншікті капитал есебі, табыстар мен шығындар есебі, міндеттемелер есебі, жұмысшылармен және қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысулардың есебі және т.с.с.

I бөлім. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.

1.1.Алматы қалалық жұмыспен қамту бағдарламасы

Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Халыққа ыңғайлы болу мақсатында жұмыспен қамту орталығының 7 аудан бөлiмдері жұмыс iстейдi.

Алматы қаласында 2011 жылдан бастап Бағдарламаның бірінші бағыты, яғни кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша пилоттық режимде іске асырылды.

Қазақстан Республикасы Президенті Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» әзірленді.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын» іске асыру мақсатында 2011 жылы 24 маусымда Алматы қаласы әкімдігінің №2/400 қаулысымен «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы төмен тұрғындарды қайта оқыту, жұмысқа орналасуға көмектесу арқылы белсенді экономикаға тарту болып табылады.

Ағымдағы жылы «Алматы қалалық жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағытын «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар және табысы төмен тұрғындарды оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» жүзеге асыруда.

Бұл бағытқа қатысушыларға үкімет тарапынан қолдау көрсетіледі:

  • оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру;

  • шәкіртақының төленуімен, тегін біліктілікті арттыру, кәсіптік даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) жолдау;

  • лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға және жастар іс-тәжірибесін өтуге жәрдемдесу;

  • жалақыны ішінара субсидиялау;

Орталықтың аудандық бөлімдерінде оқытуға топтар қалыптасады, әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар іс-тәжірибесіне қатысу үшiн жұмыс берушiлерден мәлiмдемелер қабылданады.

 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2011 жылы республикалық бюджеттен 40,2 млрд. теңге бөлінген.Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде республика бойынша 1,5 млн.-ға дейін адам, оның ішінде 800 мың ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылмақ. 2011 жылы бағдарлама шеңберінде 63,3 мың адам кәсіптік оқумен қамтылатын болады. 3 мың адам жеке кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік алады. 632 отбасы экономикалық даму орталықтарына қоныс аударатын болады. 2010 жылы Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 14 мың 459 адам жұмыс іздеп келген.Олардың 4742-сі әлеуметтік, 4347-сі қоғамдық жұмыстарға жіберілген. Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша 3 мың 199 жас маман жұмыспен қамтылған.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының негізгі міндеттері:

  • экономика саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

  • жұмыс орындарын құру (тұрақты, уақытша);

  • ҚР жаһандық дағдарысты төмендету және экономикалық өсуді қамтамасыз ету;

  • кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;

  • облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіби және аумақтық мобильділігін арттыру;

  • жұмыспен қамтылған жастардың бейімделуі және тұруы үшін жағдай жасау;

  • жұмыспен өздігінен қамтылған халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын арттыру, олардың мәртебесін нысандандыру;

  • әлеуметтік қолдау шараларының мекенжайлығын күшейту, асырауда болушылықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • инфрақұрылымды және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;

  • жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау;

  • жұмысқа орналасуға оқыту және әрекеттесу, жұмыс берушінің  қажеттіліктері аясында қоныс аудару.

Аталмыш бағдарламаның қатысушылары ҚР барлық азаматтары бола алады: оралмандар, еңбек қабілеттілігі сақталған мүгедектер, жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, университеттердің түлектері оқу аяқталғаннан кейін 1 жыл ішінде. Қатысушылардың басым санаттарына жататындар:

  • 29 жасқа дейінгі жастар;

  • балалар үйлерінің тәрбиленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған он сегізден 29 жасқа дейінгі балалар;

  • ауылдық жерде тұратын әйелдер;

  • 50 жастан асқан зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі адамдар;

  • жалпы белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер;

  • ауыр жұмыстарға, зиянды (ерекше) және (немесе) қауіпті еңбек шарттарындағы жұмыстарға қамтылған және мемлекеттік жәрдемақы алушылар болып табылатын адамдар;

  • Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан шығарылған адамдар;

  • бас  бостандығынан айыру  және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

  • жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына байланысты  немесе жұмыскерлер саны мен штаты қысқарғандықтан жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты босатылған адамдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]