Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
123.docx
Скачиваний:
51
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
79.09 Кб
Скачать

1.2 Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының атқаратын қызметтері, міндеттері және құқықтары

Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

          - меншік нысанына қарамастан барлық иелік етуші субъектілердің халықты жұмыспен қамту салаларындағы заң актілерін сақтауына және орындалуына өзінің уәкілеттігі шегінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыруға қатысу;

         - халықты әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастары, халықты және мүгедектерді жұмыспен қамту, ұжымдық келісімдерді реттеу, кедейшілік деңгейін төмендету, әлеуметтік бағдарламалар туралы салаларында мемлекеттік саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

         - зейнеткерлерді, мүгедектерді, соғыс ардагерлерін, тылдағы еңбеккерлерді, ядролық қаруды сынаудан, оралмандарды, қайтыс болған және қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналарын, жалғызілікті қарт азаматтарды, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғауға мұқтаж, тұрмысы төмен  бөлігін қолдау бойынша мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру.

        Міндеттері:

  • азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету және 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау  мақсатында олардың материалдық жағдайларын тексеруге қатысты учаскелік комиссиялардың жұмысына әдістемелік басшылықты жүргізу;

  • мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге және оларды арнаулы қозғалу құралдармен қамтамасыз етуге ықпал жасау;

  • жергілікті бюджеттен атаулы әлеуметтік көмекке және жәрдемақының басқа да түрлеріне бөлінген қаржыны уақтылы жәрдемақы алушылардың есеп шотына аударуды қамтамасыз ету;

  • жағдайы төмен халық бөліктеріне атаулы әлеуметтік, қайырымдылық және гуманитарлық көмек көрсету мәселесінде ауылдық әкімдерге әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

  • азаматтардың құжаттарын қабылдағанда және азаматтардың берген мәліметтерін тексергенде қылмыстық-жазалану белгілері бар фактілері бойынша тиісті деректер туралы ақпараттарды құқық қорғау органдарға жіберу;

  • бөлім құзіретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардан түскен өтініштерді, арыздарды және ұсыныстарды уақтылы қарау;

  • жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдардамалар және еңбек қатынастары мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын кең түрде пайдалану арқылы халық арасында түсінік беру жұмыстарын жүргізу;

  • бөлім қызметкерлерінің қарамағындағы мекеме мен ұйымдар басшыларының біліктілігін арттыру, оларды іріктеу жұмыстарын жүргізу. Еңбек тәртібін күшейту жөнінде шаралар қабылдау, жергілікті жерлердегі кадрлармен жұмыс жағдайын бақылау.

         Функциялары:

         1) өз уәкілеттігі шегінде меншік нысанына қарамастан, ұйымдарда ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»,«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің еңбек қатынастары мен жұмыспен қамтуға қатысты бөлігінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мен ұйымдастыруға қатысу;

         2) учаскелік комиссиялардың қызметін үйлестіру, оларға методикалық және практикалық көмек көрсету;

         3) еңбек нарығына қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болжам жасау үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру, экономикадағы құрылымдық өзгерістерге талдау жасау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып аудандағы халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздарды және мүгедектерді әлеуметтік қорғау саясатындағы басты бағыттарды белгілеу;

         4) жұмыссыздарды және мүгедектерді кәсіби оқыту жұмыстарын ұйымдастыру, жұмыс орындарына деген қажеттілікті анықтау, осы мақсатқа бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдалануына бақылау жасау, оқу орындарымен және өндірісте оқыту үшін кәсіпорындарымен шаруашылық есептік келісім шарт жасау, оқыту мерзімдері мен конкурс шарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

         5) ауданда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыс атқару үшін келісім шарт жасап, қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың және мүгедектердің есебін жүргізу, олардың айлықтарын тағайындап, жеке есеп шоттарына уақтылы жіберу;

         6) жергілікті атқару органдарымен бірге халықтың әлеуметтік қорғаусыз бөліктері ішінен нысаналы топтарға жататындарын анықтап және мүгедектерді, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін ықпал ететін шараларды қабылдау;

         7) жұмыспен қамту мәселесінде азаматтарға қызмет ету және жұмыспен қамту мәселесі бойынша ақпараттық-талдау жүйелері арқылы мәліметтердің компьютерлік базасын қалыптастыру жолымен жұмыстың қазіргі түрі мен әдістерін енгізу;

         8) Жалғызілікті қарт азаматтардың және мүгедектердің қалыпты өмір сүруіне қажетті тұрмыстық қызметтерді көрсету мақсатында үйлеріне барып, қызмет ету;

         9) еңбек нарығындағы кадрлар жағдайына болжамдық талдау бағасын жасау (халықты жұмыспен қамту қызметіне өтініш білдірген оқу орындарын бітіргендердің кәсіби құрамының еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкестігі);

         10) еңбек нарығының және әлеуметтік бағдарламалар жағдайлары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізу;

         11) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселесі бойынша ведомстволық және статистикалық есептерді дайындау және оларды белгіленген уақытта тиісті органдарға жіберу;

         12) азаматтардың әлеуметтік құқығын іске асырудың тиісті әдістерін енгізу, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету;

         13) тұрмысы төмен азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, арнайы мемлекеттік жәрдемақы және басқа да жәрдемақылар тағайындаған кезде қолданыстағы заңнамалық нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету және мүгедектерді әлеуметтік қолдау;

         14) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету және  оларды арнаулы жылжымалы құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

15) кедейшілік пен жұмыссыздықты төмендету жөніндегі және мүгедектерді әлеуметтік колдау бағдарламалар бойынша мәліметтер мен ақпараттарды жедел жинау және жинақтап қорыту шараларын жүзеге асыру;

         16) мүгедектер және тұрмысы төмен халықтың бөлігіне демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету үшін қоғамдық ұйымдармен, қайырымдылық қорлармен, заңды және жеке тұлғалармен бірлесе әрекет жасау және оны үйлестіру;

         17) мүгедектерді, тұрмысы төмен азаматтарды және олардың мәртебесін анықтауға, соғыс және еңбек ардагерлерімен жұмыс жүргізуге көмек көрсету.

         18) азаматтарды қабылдау және оларға еңбек қатынастары, жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдармалар және басқарма құзырына енетін басқа мәселелер бойынша кеңес беруді жүзеге асыру;

         19) бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардан келіп түскен хаттарды, өтініштерді, арыздарды, ұсыныстарды және басқа да өтінішдерді қарау, олар бойынша тиісті шаралар қолдану және еңбек қатынастармен әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша заңнамалық, құқықтық және басқа актілердің қолданылу тәртібін түсіндіру;

20) бөлімнің жұмысына жұмыс орындарын автоматтандыру бойынша ақпараттық технологиялардың жаңа үлгілерін енгізу, арнайы бағдарламалар жасау және енгізу, компьютерлік техника көмегімен жұмыстың кәзіргі әдістерін меңгеру бойынша мамандарды оқыту курстарын ұйымдастыру;

         21) өмірлік маңызды болып табылатын тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету мақсатында жалғызбасты қарт азаматтар мен мүгедектерге үйлерінде қызмет көрсету және оларды қарттар мен мүгедектер интернат-үйлеріне орналасуға көмектесу;

         22) мекеменің тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;

23) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты.

 

          Құқықтары :

            1) мекемелерде, кәсіпорындарда және ұйымдарда бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің білдіру және тиісті хат-хабарлар алмасуды жүргізу;

         2) осы Ережеде белгіленген функцияларды орындау үшін мекемелерден, кәсіпорындардан және ұйымдардан (меншік нысанына қарамастан) белгіленген тәртіп бойынша керекті мәліметтер сұратып алу;

         3) белгіленген тәртіп бойынша «Жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңдарды орындалуына бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарда (меншік нысанына қарамастан) жүргізу;

         4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер азаматтардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын зерттеудегі учаскелік комиссиялардың  жұмыстарына жалпы әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

         5) бөлімнің қызметін жетілдіру жөнінде жоғарғы және жергілікті  атқарушы органдарға ұсыныс беру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]