Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аспан и К.docx
Скачиваний:
27
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
81.39 Кб
Скачать

1.3 Мекеменің есеп саясаты

«Аспан и К» ЖШС-ң бухгалтерлік есебі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2004 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №2732 заңға және қаржылық есептілік халықаралық стандарттқа сәйкес есеп саясаты мен шоттар жұмыс жоспары құрастырылды.

Есеп саясаты – ұйымдарда іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ішкі ережелер жүйесін айтады.

«Аспан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі есеп жүргізу саясатын қалыптастыру.

Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру және пайдалану кезінде есеп жүргізудің мынандай қағидаттарын ұстану керек:

Есептеу.Кірістер мен шығыстар бухгалтерлік есепте қабылдаады және олардың түсуіне немесе пайда болуына қарай (ақша қаражатының алынуы немесе төленуі негізінде емес) қаржы есептерінде көрсетіледі.

Толассыз қызмет.Субъект толассыз жұмыс істейтін, яғни таяу болашақта жұмыс істей беретін субъек ретінде қарастырылады. Оның қызметін тоқтату немесе оның көлемін едәуір мөлшерде қысқарту пиғылы да, оның қажеттігі де жоқ деп болжам жасалады.

Түсініктілік.Қаржы есептерінде беріліп отырған ақпарат оны пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.

Мәнділік.Қаржы ақпараты оны пайдаланушылар шешімдер қабылдау барысында олардың қажеттерін қанағаттандыру үшін елеулі болуы және шаруашылық қызметінің оқиғаларына баға беруде оларға көмектесуі тиіс.

Маңыздылық.Есеп жүргізудің саясаты, егер маңызды ақпараттың ескерілмеуі немесе дұрыс көрсетілмеуі қаржы есептемесін пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, оны қаржы есептерінде ашып көрсетуге бағытталуы тиіс.

Сенімділік.Ақпаратты елеулі қате немесе бұрмалау болмаса және пайдаланушылар оған сенімді болса, ол сенімді болып табылады.

Бейтараптық. Қаржы есептемесінде беріліп отырған ақпарат сенімді болуы үшін бұрмалаудан аулақ болуы тиіс.

Сақтық. Активтер мен табыстың асыра бағалануы, ал міндеттемелер мен шығындардың жете бағаланбауы үшін белгісіздік жағдайында баға беру үшін қажетті шешімдер қабылдау кезінде сақ болған жөн.

Тиянақтылық. Сенімділік қамтамасыз ету мақсатында қаржы есептерінде ақпарат толық болуы және жұмсалған барлық шығындарды бейнелеуі тиіс.

Салыстырмалық. Қаржы ақпаратты пайдалы әрі мазмұнды болуы болуы үшін ол бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуы тиіс. Оны пайдаланушылар қаржы есептемесін әзірлеу кезінде пайдаланылатын есеп жүргізу саясаты, осы саясаттағы барлық өзгерістер және осы өзгерістердің нәтижелері туралы хабарданып отыруы тиіс.

Дәйектілік. Субъект таңдап алған есеп жүргізу саясатын ол бір есеп беру кезеңінен екіншісіне дейін дәйекті түрде қолданылады.

Әділетті әрі тура көрініс.Қаржы есептері оны пайдаланушыларға субъектінің қаржы жағдайы, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы әділетті әрі тура көріністі бейнелеуі тиіс.

Шаруашылық операцияларын, активтерді, меншікті капиталды, міндеттемелерді, қызмет нәтижелерін және басқаларын көрсетудің балама тәсілдерін теріске шығармайтын бухгалтерлік есепке алыдың стандарттары есеп жүргізу саясатын ұалыптастырудың базасы болып табылады.

Мекеменің есеп саясаты - мекемеде қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды. Есеп саясатына әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлікпен міндеттердің бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және сол сияқты.

Мекеменің есеп саясатында енгізілген өзгерістер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулылармен рәсіделуі қажет.Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады.