Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІЖ Дрістер жаа.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
586.45 Кб
Скачать

5. Экстрадициялауға байланысты мәселелерді қарау

43. Аудандық прокуратура, облыстық прокуратура қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін шетел мемлекетінің құзыретті мекемесі іздестіруге байланысты жариялаған адамды қадағалау аумағында ұстап алғаны туралы дереу жоғары тұрған прокуратураға хабарлайды.

Жетпіс екі сағаттың ішінде ұстап алынған адамның жеке басы, азаматтығы анықталады, іздестірудің бастамашысынан ҚІЖК-нің 587-бабының 2-бөлігімен көзделген мәліметтер талап етіледі.

44. Уақытша қамауда ұстауды қолдану туралы мәселені шешкенге дейін Қазақстан Республикасының аумақтық құзыретті органынан Қазақстан Республикасы азаматтығының барлығы немесе жоқтығы туралы және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы «Босқындар туралы» Заңына сәйкес босқын мәртебесін алуға өтініш білдіруі туралы тиісті қорытындыны алу болып табылады.

Ұсталғанның пана іздеп жүрген адам статусы болған кезде уақытша қамауда ұстауды қолдану және одан әрі қамауда ұстау туралы сотқа өтініш жіберу мәселені Бас прокуратураның келісімі бойынша облыстық прокуратура шешеді.

45. ҚІЖК-нің 590-бабында баяндалған негіздемелер болмаған кезде, ұсталған кезден бастап жетпіс екі сағат ішінде және ұстау мерзімі өткенге дейін он екі сағаттан кешіктірмей ұстап алған кезден бастап қырық тәулік мерзімге немесе ҚІЖК-нің 588-бабының 2-бөлігімен көзделген материалдарды қоса бере отырып прокурордың тиісті өтінішін аудандық және оған теңестірілген сотқа жіберу арқылы ұстап беру (экстрадициялау) туралы сауал келіп түскенге дейінгі Қазақстан Республикасының тиісті халықаралық шартымен белгіленген өзге мерзімде уақытша қамауда ұстау туралы мәселе шешіледі.

Соттың уақытша қамауда ұстауды қолдануы немесе қолданбауы туралы 24 сағат ішінде жоғары тұрған прокуратураға хабарланады. Ақпаратқа тұтқындалған адам азаматы болып табылатын мемлекетті, іздестіруді жариялаған шетел мемлекетінің құзыретті мекемесінің атауын, оны іздестіруге байланысты мәселелер бойынша ұсталған адамнан жауап алу хаттамасын, осы адамның азаматтық тиесілігі туралы Қазақстан Республикасының құзыретті органының қорытындысын және оның босқын статусын алу туралы өтінішінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді көрсете отырып, уақытша қамауда ұстауды қолдану немесе қолданбау туралы қаулының көшірмесі қоса беріледі. Хаттамада ұсталған адамның жеке басы туралы деректер, оның ішінде: тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), туған күні және жері, азаматтығы, ұлты (бар болғанда), білімі, отбасы жағдайы, жұмыс орны, қызмет түрі немесе лауазымы, тұрғылықты жері және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.

46. Прокурор ҚІЖК-нің 588-бабының 8-бөлігінде көзделген жағдайларда уақытша қамауда ұстау қолданылған адамды босату бойынша дереу шаралар қабылдайды, ол туралы жоғары тұрған прокуратураға хабарлайды. Адамды босату егер оны беру (экстрадициялау) туралы сауал кеш түссе, адамды қамауға алу және беру (экстрадициялау) туралы өтінішпен сотқа қайтадан өтініш білдіру үшін кедергі туғызбайды.

47. Уақытша қамауда ұстау мерзімі аяқталғанға дейін адамды беру (экстрадициялау) туралы сауал келіп түскен кезде прокурор аудандық және оған теңестірілген сотқа сұрау салынатын адамға қатысты экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы өтініш енгізеді.

Соттың экстрадициялық қамауға алуды қолдануы немесе экстрадициялық қамауға алуды қолданудан бас тартуы туралы 24 сағаттың ішінде жоғары тұрған прокуратураға хабарланады.

48. Аудандық немесе оған теңестірілген соттың шығарған уақытша қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алуды қолдану туралы қаулыны қамауда ұстау орны әкімшілігінің орындауы үшін уақытша қамауда ұстау туралы, экстрадициялық қамауға алу туралы өтінішті дайындаған прокурор жібереді.

Уақытша қамауда ұстау және экстрадициялық қамауға алу қолданылған адамдарды есепке алу еркін нысанда жеке журнал да жүргізіледі.

49. Қазақстан Республикасының заңнамасымен және халықаралық шарттарымен көзделген іздестірудегі адамды беруді болдырмайтын мән-жайлар анықталған жағдайда соңғысын прокурордың қамаудан босатуына жатады, ол туралы жоғары тұрған прокуратураға дереу арнайы хабарлама жіберіледі. Қабылданған шешімнің негіздемесі көрсетіле отырып, хабарламаға адамды босату туралы қаулының көшірмесі және босатылған адамнан жауап алу хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.

50. Департамент уақытша қамауда ұстауды, экстрадициялық қамауға алуды не ұсталған адамды босатуды қолдану туралы арнайы хабарлама түскеннен кейін екі тәуліктің ішінде ол туралы факсимильді және пошталық байланыс арқылы ұсталған адамды іздестіріп жатқан шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне хабарлайды.

51. Экстрадициялық қамауға алу мерзімін ұзартуды ҚІЖК-нің 589-бабының 9-бөлігі талаптарын сақтай отырып, тиісті прокурордың өтініші бойынша сот жүзеге асырады.

Берілген адамның жасаған қылмысы бойынша айыпталған (күдік келтірілген) шетел мемлекетінің қылмыстық заңының санкцияларымен көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғарғы мерзімінің шегінде экстрадициялық қамауға алу мерзімін ұзарту туралы өтініші прокурор сотқа берілген адамның экстрадициялық қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін он тәуліктен кешіктірмей ұсынады. Экстрадициялық қамауға алу мерзімін ұзарту туралы үш тәуліктің ішінде Департаментке хабарланады.

52. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары ұсталған адамның, уақытша қамаудағы және экстрадициялық-тұтқындалған адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде олардың білікті заң көмегін алу құқығын сақталуын қамтамасыз етеді.

53. Шетел мемлекетінің аумағында қылмыс жасады деп айыпталған немесе сотталған шетел азаматын беру туралы сұрау салуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары қарайды.

Шетел мемлекетінің құзыретті мекемесінің адамды ұстап беру туралы сауалын қарау барысында Департамент Қазақстан Республикасының құзыретті орталық органынан ұстап беруге сұрау салынған адамның азаматтық тиесілігі туралы қорытынды және босқын статусын алу немесе осы мәселелермен байланысты шешімдерге шағымдану мәселесі бойынша оның өтінішінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметті қосымша алады.

54. Адамды ұстап беру туралы шетел мемлекетінің сұрау салуы бойынша түпкілікті шешім қабылдауға кедергі болатын негіздемелер болмаған жағдайда Департамент сұрау салынып отырған адамды ұстап беру немесе ұстап беруден бас тарту туралы уәжді қаулыны шығарады және қол қою үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына немесе оның орынбасарына ұсынады.

Шығарылған қаулы екі тәуліктің ішінде облыстық прокуратураны хабарлай отырып, осы шешім қабылданған адамға қатысты қамауда ұстау орнының әкімшілігіне оның сотқа шағымдануына құқығын хабарлау және түсіндіру үшін жіберіледі.

55. Беру туралы қаулы оған қатысты қабылданған адамды хабарлау кезінен бастап он тәулік өткен соң заңды күшіне енеді.

Департамент:

1) адамды беру туралы өтінішхатпен өтініш білдірген шетел мемлекетінің құзыретті мекемесін;

2) берілген адамды беруді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетін (бұдан әрі - ҚАЖК);

3) оған қатысты шешім қабылданған адамды таныстыру үшін қамауда ұстау орнының әкімшілігін;

4) берілген адамның қадағалау аумағындағы облыстық прокуратурасын адамды беру туралы шетел мемлекетінің құзыретті мекемесінің өтінішін қанағаттандыру туралы екі тәулік ішінде хабарлайды.

56. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе уәкілетті прокурордың қаулысын сотқа шағымданған жағдайда беру осы қаулы бойынша сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.

ҚІЖК-нің 592-бабына сәйкес оны беру туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының қаулысын қамаудағы адам және (немесе) оның қорғаушысы шағымдануы туралы қамауда ұстау орнының әкімшілігінен хабарлама келіп түскен кезде Департамент он тәуліктің ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына олар қабылдаған шешімнің заңдылығы мен негізділігін растайтын материалдарды жібереді және алдағы уақытта сотқа қатысуын қамтамасыз етеді.

57. Адамды ұстап беру туралы қылмыстық процесті жүргізуші органның өтініші ҚІЖК және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қаралады.

Облыстық прокуратура шетел мемлекетінің аумағында адамды ұстау не орналасқан жерін анықталғаны туралы мәліметтерді алғаннан кейін 24 сағаттың ішінде беруді талап ету ниетін растау үшін қылмыстық процесті жүргізуші органға ол туралы хабарлайды. Беруді талап ету ниеті расталған жағдайда облыстық прокуратураға қылмыстық процесті жүргізуші органның беру туралы өтінішхаты келіп түскен кезден бастап облыстық прокуратура бес жұмыс күні ішінде беру туралы өтінішхатты қолдағаннан кейін Бас прокуратураға беру туралы өтінішхатты, оның ішінде қылмысқа адамның қатысын растайтын дәлелдемелерді көрсете отырып, тағылған айып пен іздестіру жариялаудың заңдылығы мен негізділігі туралы қорытындыны жібереді. Беру туралы өтініші ҚІЖК-нің 580-бабымен көзделген мәліметтерден және материалдардан тұруы қажет.

58. Аталған қорытынды облыстық прокуратурада қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімшенің қызметкері мен халықаралық шарттарды қолдануды қадағалау жөніндегі прокурор бірлесіп жасайды, одан кейін облыс прокуроры не оның міндетін атқарушы адам бекітеді.

Адамды ұстап беру туралы өтінішті жіберу туралы қорытындыны жасаған және бекіткен лауазымды адам осы шешімнің заңдылығы мен негізділігі үшін дербес жауап береді.

59. Қазақстан Республикасында берілген адамды соттың ақталатын негіздер немесе ҚІЖК бірінші бөлімі 1), 2), 5) - 8) тармақшаларының негізі бойынша қылмыстық қудалауды тоқтатудың әрбір фактісі бұзушылықтарға жол берген адамдардың жауаптылығы туралы мәселені қоя отырып, облыстық прокуратураның алқасында қаралады, ол туралы Департаментке хабарланады.

Бас прокуратура ұстап беру туралы сұрау салуды шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне факсимильді және пошталық байланыспен жібереді.

60. Департамент:

1) берілген адамды қабылдау жөніндегі шараларды қабылдау үшін ҚАЖК;

2) беру туралы өтініш ұсынған облыс прокуратурасына немесе Бас прокуратураға тікелей жүгінген қылмыстық процесті жүргізуші органға сұрау салынып отырған адамды Қазақстан Республикасына беру туралы талабын шетел мемлекетінің қанағаттандыруы туралы үш тәуліктің ішінде хабарлайды.

61. Департамент, облыстардың прокурорлары және ауданның прокурорлары Қазақстан Республикасына берілген адамдарға қатысты қылмыстық іске қылмыстық қудалау органының беру туралы Бас прокуратураның сұрау салуына шетел мемлекеттерінің құзыретті мекемелері жауаптарының көшірмелерін қоса беруін қамтамасыз етеді.

Осындай істерді сотқа жіберу кезінде қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорлар беру шарттарына тағылған айыптың сәйкес келуін мұқият зерделейді және осы мәселемен байланысты халықаралық шарттарды қолдануды қадағалау жөніндегі прокурорлармен немесе Департаментпен келісу қажет.

62. ҚІЖК-нің 593-бабының 1-бөлігімен көзделген негіздемелер бойынша шет мемлекетіне адамды нақты беруді кейінге қалдыруды пайдалана отырып, адамды беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданғаннан кейін беру туралы келіп түскен сұрау салудың қатысы бар адам жүрген қадағалау аумағында аудандық прокуратура және облыстық прокуратура кейінге қалдыру үшін негіз болған жағдайларды жоққа шығарғаннан кейін осы адамға экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы мәселені дер кезінде шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жоғары тұрған прокуратура экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы осы Нұсқаулықтың 29-тармағымен көзделген ережелер бойынша хабарланады.

Департамент Қазақстан Республикасына немесе шетел мемлекетіне адамды ұстап беруді кейінге қалдыру туралы Бас прокуратураға адамды ұстап беру туралы өтінішпен жүгінген облыстық прокуратураны немесе қылмыстық процесті жүргізуші органға үш тәулік ішінде хабарлайды.

63. Облыстық прокуратура және Департамент кейінге қалдыру үшін негіз болған мән-жайларға бақылау жасайды. Ұстап беру үшін негіздер болған кезде облыстық прокуратура аталған мән-жайлар жойылғанға дейін 2 ай ішінде Департаментке ұстап беруді талап ету ниеті туралы растауды ұсынады.

64. Облыстық прокуратура, Департамент қылмыстық процесті жүргізуші органдардың Қазақстан Республикасының адамдарын уақытша беру мерзімін сақтауына қадағалауды жүзеге асырады.

Аталған мерзімді ұзарту қажет болғанда облыстық прокуратура оның аяқталуына дейін жиырма күннен кешіктірмей күні бұрын қылмыстық процесті жүргізуші органның осы Нұсқаулықтың 51-тармағында көзделген тәртіпте жасалған өтініштің заңдылығы мен негізділігі туралы облыстық прокуратураның қорытындысы бар уақытша беру мерзімін ұзарту туралы өтінішті Бас прокуратураға ұсынуын қамтамасыз етеді.

65. Департамент Қазақстан Республикасына уақытша берілген және Қазақстан Республикасына берілген адамдардың дер кезінде қайтуын бақылайды.

66. Қылмыстық іс бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылдағаннан кейін жоғары тұрған прокуратураға Қазақстан Республикасына берілген адамды қылмыстық қудалау нәтижелері туралы хабарланады.

67. Ақпарат тиісті ауданның прокуроры, облыстың прокуроры не оның міндетін атқарушы адам қол қоя отырып, ұсынылады.

Түпкілікті іс жүргізу шешімі туралы ақпаратпен бірге шешімнің және тиісті ауданның прокуроры, облыстың прокуроры не оның міндетін атқарушы тұлға бекіткен оның заңдылығы мен негізділігі туралы прокуратураның қорытындысы ұсынылады.

6. Шетел мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулыларын тану және орындаумен, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға сотталған адамды немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамды басқа мемлекетке берумен байланысты мәселелерді қарау

68. Бас прокуратура шетел мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулыларын тану және орындау туралы сұрау салуды ҚІЖК-нің 62-тарауына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қарайды.

Қазақстан Республикасында мынадай жағдайда:

1) шет мемлекетте бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу үшін қабылдау кезінде;

2) шетел мемлекеттің аумағында есі дұрыс емес күйде қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған, шетел мемлекет сотының оған қатысты мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешімі бар Қазақстан Республикасының азаматын қабылдау кезінде;

3) Қазақстан Республикасына ұстап берілген, шетел мемлекеттің соты соттаған және жазасын өтемеген адамға қатысты;

4) Қазақстан Республикасы шетел мемлекетке ұстап беруден (экстрадициялаудан) бас тартқан, шетел мемлекетінің соты соттаған адамға қатысты;

5) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікті немесе оның ақшалай баламасын тәркілеу туралы мәселені шешу кезінде;

6) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге жағдайларда, шет мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулылары танылуы және орындалуы мүмкін.

69. Облыстық прокуратураға бас бостандығынан айырылған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адам, оның заңды өкілі немесе жақын туысы, адвокаты азаматтығына жататындығы бойынша мемлекетте жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы өтінішпен жүгінген кезде, не осы мәселе бойынша Департаменттен сауал келіп түскенде облыстық прокуратура бір ай мерзімде Бас прокуратура уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған және Қазақстан Республикасының құзыретті органының гербілік мөрімен бекітілген сотталған адамға қатысты мынадай материалдарды:

1) үкімнің және жоғары тұрған сот органдарының іс бойынша қолда бар шешімдерінің көшірмесін, сот шешімдерінің заңды күшіне енуі жөніндегі анықтаманы;

2) жазаның мерзімі көрсетілумен адам сотталуына негіз болған қылмыстық заң бабының мәтінін;

3) жазаның өтелген бөлігі және одан әрі өтеуге жататын сол жазаның бөлігі туралы мәліметті;

4) егер ол қолданылса, рақымшылық жасау актісінің көшірмесін;

5) егер ол тағайындалса, қосымша жазанының орындалуы туралы мәліметтерді;

6) сотталған адамның денсаулық жағдайы және мінез-құлық ерекшеліктері туралы мәліметтерді;

7) сотталған адамның жеке басы (аты-жөні, туған күні және жері), азаматтығы не оның тұрақты тұрғылықты жері (төлқұжатының және басқалардың көшірмелері) туралы мәліметтер, осы құжаттар болмаған жағдайда аталған мән-жайлар бойынша сотталған адамнан егжей-тегжейлі жауап алынады, жауап алу хаттамасы барлық материалдармен бірге беріледі;

8) залал мен оның өтелуі туралы мәліметтерді;

9) сотталған адамның ауыстыруға келісімі туралы арыз;

10) сотталған адамға мінездемені

11) сотталған адамның азаматтығына жататындығы туралы көші-қон полициясының қорытындысын береді.

70. Облыстық прокуратураға психикасының бұзылуынан зардап шегетін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адам, оның заңды өкілі немесе жақын туысы, адвокаты азаматтығына жататындығы бойынша мемлекетте жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы өтінішпен жүгінген кезде, не осы мәселе бойынша Департаменттен сұрау түскенде облыстық прокуратура бір ай мерзімде Бас прокуратура уәкілетті лауазымды тұлға қол қойған және Қазақстан Республикасының құзыретті органының елтаңбалық мөрімен бекітілген сотталған адамға қатысты мынадай материалдарды:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің және оның заңды күшіне енгені туралы құжаттың көшірмелері;

3) сот-психиатриялық сараптама актісінің көшірмесі;

4) емдеу түрін өзгерту нысанасына арналған психиатриялық куәландыру актісінің куәландырылған көшірмесі;

5) ДЕСК анықтамасы;

6) адамға айып тағу негізге алынған қылмыстық заң баптарының мәтіні;

7) науқастың немесе оның заңды өкілінің өзі азаматы болып табылатын немесе аумағында тұрақты тұратын жері бар мемлекетке мәжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беруге жазбаша келісімі;

8) егер бар болса, жақын туыстарының өтініші;

9) науқастың азаматтығы туралы,

10) оның тұрақты және уақытша тұратын жері туралы куәландыратын құжаттар;

11) науқастың туыстары туралы мәліметтер;

12) өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың расталған аудармасы;

13) егер қажет болған жағдайда басқа да құжаттар мен мәліметтер қоса береді.

71. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзге де құжаттар мен материалдар ұсыну қажеттігі көзделсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

72. Облыстық прокуратура:

1) жазасын одан әрі өтеу үшін - сотталған адамның жазасын өтеу мекемесінің әкімшілігінен өзі азаматы болып табылатын мемлекетке оны ұстап беру туралы;

2) мәжбүрлеп емдеуді жалғастыру үшін - психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамды мәжбүрлеп емдеу жүргізетін орнының медициналық мекемесінен өзі азаматы болып табылатын мемлекетке беру туралы түскен өтінішхат пен материалдарды он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен ҚІЖК талаптарына сәйкестігі мәніне зерделейді.

Зерделеу нәтижелері бойынша облыстық прокуратура тиісті өтінішхатпен Бас прокуратураға материалдарды жіберу не ҚІЖК 606-бабымен көзделген нәтижелер бойынша өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

73. Департамент бір ай мерзім ішінде түскен материалдарды жоғарыда көрсетілген мәселелерді қарау туралы өтінішхатпен қоса шет мемлекеттің құзыретті мекемесіне жібереді, егер азаматтығы жоқ адам болса осындай өтініш оның тұрақты тұратын мемлекетіне жіберіледі.

Департамент шетел мемлекетінен тиісті кепілдік келіп түскеннен кейін ҚПК-нің 602-бабында көрсетілген шетел азаматын шетел мемлекетінің аумағына бір ай мерзімде беруді ұйымдастыру үшін ҚАЖК хабарлайды.

74. Департамент:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған немесе Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ бас бостандығынан айыруға сотталған адамның, оның заңды өкілінің немесе жақын туыстарының Қазақстан Республикасы аумағында жазасын одан әрі өтеу үшін сотталған адамды беру мәселесі бойынша,

2) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамның, оның заңды өкілінің немесе жақын туыстарының Қазақстан Республикасының аумағында мәжбүрлеп емдеуді жүргізу бойынша өтініштер түскенде бір ай мерзімде осы Нұсқаулықтың 69 және 70-тармақтарында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкес сотталған адамға қатысты шет мемлекеттің құзыретті мекемесінің қолымен куәландырылған және елтаңбалық мөрімен бекітілген материалдарды беру туралы шет мемлекетінің құзыретті мекемесіне сұрау жасайды.

Сотталған немесе психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамға сұрау жасалынған материалдардың берілуі бойынша Департамент адамның тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекетінің үкімін орындау туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қол қойған ұсынысты облыстық және оған теңестірілген сотқа жібереді.

75. Шетел мемлекетінің үкімін орындау туралы сот қаулысы және басқа сұратылатын құжаттар кепіл ретінде адамның жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасына беру мәселесін қарауға үкім шығарылған шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне жолданады.

Шетел мемлекетінің құзыретті органы ҚІЖК-нің 602-бабында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматын Қазақстан Республикасының аумағына ауыстыру мәселесін қарауы оң болған жағдайда Департамент сұрау салынған адамды бір ай мерзімде беруді ұйымдастыру үшін ҚАЖК хабарлайды.