Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІЖ Дрістер жаа.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
586.45 Кб
Скачать

4. Қылмыстық қудалауды жалғастыру және қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы өтінішті орындау үшін қылмыстық іс материалын жолдау

23. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сауал (тапсырма, өтініш) ҚІЖК 61-тарауының талаптарына сәйкес қаралады. Сұрау салушы шетел мемлекетімен халықаралық шарт болмаған кезде сауалда (тапсырмада, өтініште) Қазақстан Республикасы осыған ұқсас сауалмен өтініш жасаған кезде осыған ұқсас құқықтық көмек көрсету туралы уәкілетті органның кепілі болуы қажет.

24. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығып кеткен, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын айыпталушыны қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне қылмыстық істі жолдау туралы қылмыстық процесті жүргізуші органның сауалы (тапсырмасы, өтініші) отыз тәуліктен аспайтын мерзімде қаралуға жатады. Қылмыстық іс материалдарының көлемі едәуір болған кезде (4 томнан астам) осы мерзім екі айға дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін.

25. Қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамға қатысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы, сондай-ақ шетел мемлекеті аумағында қылмыс жасау фактісі бойынша мәселені шешу үшін жолдау туралы сауалы (тапсырмасы, өтініші) да осындай мерзім ішінде қаралуға жатады.

Қылмыстық іске іс жүргізуінде іс болған органның шетел мемлекетінің құзыретті органының атына бағытталған Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасағаны үшін айыпталған адамды қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сауалы (тапсырмасы, өтініші) қоса тіркеледі.

26. Осы Нұсқаулықтың 24 және 25-тармақтарында көрсетілген сауал (тапсырма, өтініш) оның заңдылығы, негізділігі және толықтығы нысанына қаралады. Қылмыстық істі зерделеген кезде:

1) күдіктінің, сотталушының әрекетін саралаудың дұрыстығы;

2) күдіктіге немесе сотталушыға қатысты істі қысқарту үшін заңмен көзделген негіздердің болмауы;

3) қылмыстық іс жүргізу заңын бұзушылықтың болмауы;

4) күдікті немесе сотталушы болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында барлық қажетті тергеу және өзге де әрекеттердің орындалуы;

5) іске тігілген заттай айғақтардың сақталуы;

6) істе күдіктінің немесе сотталғанның шетелдік мемлекет аумағында орналасқан орны туралы расталған мәліметтердің болуы;

7) күдіктінің немесе сотталғанның Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесілі еместігі туралы Қазақстан Республикасы құзыретті мемлекеттік органы қортындысының болуы;

8) істе күдіктінің немесе сотталғанның басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілілігі туралы шетел мемлекетінің құзыретті органының қорытындысының не басқа да мәліметтерінің болуы;

9) материалдың ҚІЖК мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкестігі;

10) егер ол шетел мемлекетінің заңнамаларымен немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен көзделген жағдайда, алдын-ала тергеу іс жүргізуін қалпына келтіру және оның мерзімін кем дегенде 3 айға ұзарту туралы қаулының болуы;

11) шетел мемлекетінің қылмыстық заңнамалары бойынша қылмыстық жауаптылықтың және қылмыстық саралаудың болуы тексеріледі.

27. Облыстық прокуратурада қылмыстық қудалау органының ҚІЖК 61-тарауы тәртібінде қабылдаған шешімінің заңдылығын:

1) қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімше Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамалары талаптарының сақталуы нысанына;

2) халықаралық шарттардың қолданылуын қадағалау жөніндегі прокурор халықаралық құқық талаптарына сәйкестігі нысанына тексереді.

28. Осы Нұсқаулықтың 24 және 25-тармақтарында көрсетілген сауалды (тарсырманы, өтінішті) қарау және қылмыстық істі зерделеудің нәтижелері бойынша қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімше бастығы халықаралық шарттардың қолданылуын қадағалау жөніндегі прокурормен бірлесіп ҚІЖК 61-тарауына сәйкес қабылданған қылмыстық істі шетел мемлекетіне жолдау туралы шешімнің заңдылығы туралы қортынды жасайды. Аталған қорытындыны облыс прокуроры не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.

Осы қорытындыда:

1) айыптаудың мәні, қылмыстың жасалған орны мен уақыты, оның тәсілі, себебі, салдары және басқа да елеулі мән-жайлары, айыпталушы, күдікті, сотталған, жәбірленуші туралы мәліметтер;

2) қылмыстық істің томына және парақтарына сілтеме жасай отырып, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталғанның кінәсін растайтын дәлелдемелер;

3) осы Нұсқаулықтың 26-тармағында аталған мәліметтер;

4) өтінішпен келісуі немесе келіспеуі баяндалады.

29. Қазақстан Республикасының заңнамаларын немесе халықаралық шарттарын бұзушылықтар анықталған кезде қылмыстық істі жолдау туралы сауалды (тапсырманы, өтінішті) қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болған себептерді және анықталған бұзушылықтардың нақты мерзімін көрсете отырып, тиісті қылмыстық қудалау органына қайтарылады.

30. Қылмыстық қудалау органының сауалы (тапсырмасы, өтініші) қанағаттандырылған жағдайда тергеу мерзімін белгіленген тәртіпте қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау прокуратура органының бөлімшесі кем дегенде үш айға ұзартылған қылмыстық іс, сондай-ақ облыстық прокуратураның тиісті қорытындысы, алдын-ала тергеу іс жүргізуін қалпына келтіру және қылмыстық істі тергелуі бойынша жолдау туралы қаулы облыс прокурорының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның тиісті өтінішімен Бас прокуратураға жолданады.

31. Бас прокуратурада қылмыстық қудалау органы мен облыстық прокуратураның ҚІЖК 61-тарауы тәртібінде қабылдаған шешімінің заңдылығын бір ай мерзім ішінде Департамент тексереді.

Қазақстан Республикасының заңнамалары немесе халықаралық шарттары талаптарының сақталмауына байланысты қылмыстық істерді қайтаруды Департамент бастығы не оның міндетін атқаратын тұлға жүзеге асырады.

32. Облыс прокурорының өтінішін Бас прокуратура қанағаттандырған жағдайда қылмыстық іс облыстық прокуратураның хабарламасымен бірге шет мемлекетінің құзыретті органына жіберіледі.

33. Шетел мемлекетінің құзыретті органы қылмыстық істі қайтарған жағдайда Департамент қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтінішті қанағаттандырмаудың себептері мен негіздемесін көрсете отырып, қорытынды жасайды. Аталған қорытындыны Департамент бастығы не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді және Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарына баяндайды.

34. Бас прокуратура қылмыстық істі қайтарғанда облыстық прокуратура қылмыстық істі қайтаруға негіз болған бұзушылыққа жол берген облыстық прокуратура қызметкерінің тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарайды, ол туралы бір ай мерзім ішінде Бас Прокурордың жетекшілік ететін орынбасарына баяндайды.

Іс жүргізу заңнамалары нормаларын бұзуға жол бергені үшін облыстық прокуратураның қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау жөніндегі бөлімшенің қызметкерлері, халықаралық шарттардың, заңнаманың нормаларын, Бас Прокурордың халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын қадағалау мәселелері жөніндегі бұйрықтары мен нұсқауларын бұзғаны үшін халықаралық шарттардың қолдануын қадағалау жөніндегі прокурор жауап береді.

35. Шетел мемлекетінің құзыретті органына жіберу үшін негіздер болғанда қайтарылған қылмыстық іс белгіленген мерзімде істе анықталған бұзушылықтарды жойғаннан кейін Бас прокуратураға қайта ұсынуға жатады.

36. Шетел мемлекетінің құзыретті органының қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы сауалын (тапсырмасын, өтінішін) Департамент бір ай мерзім ішінде қарайды. Қылмыстық іс айтарлықтай көлемді болғанда (4 томнан астам) осы мерзім бір айға ұзартылуы мүмкін.

37. Шетел мемлекетінің құзыретті мекемесінің сауалын (тапсырмасын, өтінішін) қанағаттандыру мүмкін болмаған кезде қорытынды жасалады, оны Департамент басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді және қылмыстық іс оны қанағаттандыруға кедергі келтірген себептері көрсетіле отырып, қайтарылады.

Шетел мемлекетінің құзыретті мекемесінің өтініші қанағаттандырылған жағдайда қылмыстық іс (материалдар) Департамент бастығы не оның міндетін атқаратын тұлға тергеп-тексеруді ұйымдастыру үшін шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне хабарлай отырып, тиісті облыстық прокуратураға немесе тергеу бойынша қылмыстық қудалау органының орталық аппаратына жібереді.

38. Қылмыстық қудалауды (материалдарды) жүзеге асыру үшін қатынастардың белгіленген тәртібін бұза отырып, қылмыстық іс түскенде облыс прокуроры аталған істі Бас прокуратура арқылы шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

39. Бас прокуратура, облыстық прокуратура:

1) шетел мемлекетінің құзыретті мекемесінің өтініші бойынша жүзеге асырылатын қылмыстық қудалау - қылмыстық іс бойынша түпкілікті іс жүргізу шешім қабылданғанға дейін;

2) қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы шетел мемлекетінің құзыретті мекемесінің өтініші бойынша жүзеге асырылатын адамдарды іздестіру нәтижелері туралы хабардар етіледі.

Ақпарат аудан прокуроры, облыс прокуроры не олардың міндетін атқарушы тұлғалар қол қоя отырып, ай сайын ұсынылады, бұл орайда аудандық прокуратура айдың 25 күніне, облыстық прокуратура айдың 1 күніне ұсынады.

40. Қылмыстық іс бойынша түпкілікті іс жүргізу шешім туралы ақпаратпен бірге шешімнің көшірмесі және аудан прокуроры, облыс прокуроры не оның міндетін атқаратын тұлғалар бекіткен оның заңдылығы мен негізділігі туралы қорытынды ұсынылады.

41. Бас прокуратура, облыстық прокуратура белгіленген мерзімде шетел мемлекетінің құзыретті мекемесінің өтініші бойынша тергеп-тексерудің нәтижелері туралы хабардар етіледі.

Ақпарат Бас прокуратураға, облыстық прокуратураға тиісті облыс прокуроры, аудан прокуроры қол қоя отырып, ұсынылады.

42. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сауалды (тапсырманы, өтінішті) алғанға дейін өз азаматтарын қамауға алу Бас прокуратураның келісімі бойынша ҚПК-нің 600-бабына сәйкес жүзеге асырылады.