Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІЖ Дрістер жаа.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
586.45 Кб
Скачать

2. Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырған кездегі өкілеттіктердің ара-жігін ажырату

7. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы:

1) халықаралық шартты әзірлеу мен жасаудың қажеттілігінен және мақсаттылығынан туындай отырып, оның жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және келісім береді;

2) Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органының халықаралық шартты жасауының, орындауының, тоқтата тұруының және денонсациялауының заңдылығын прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады;

3) облыстық прокуратураларда және аудандық прокуратураларда халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды бақылайды;

4) мыналарды шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне жолдайды және одан келіп түскендерді қарайды:

4.1) қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сауал (тапсырма, өтініш);

4.2) адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), сондай-ақ оны уақытша ұстап беру (экстрадициялау) туралы сауал;

4.3) адамды қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сауал (тапсырма, өтініш);

4.4) транзиттік тасымалдау туралы сауал;

4.5) сотталғанды немесе психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдарды беру, шетел мемлекеті сотының үкімін немесе қаулысын мойындау және орындау туралы сауал;

5) егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде туындайтын кез-келген даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

6) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және халықаралық шарттарымен оның құзыретіне жатқызылған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

8. Облыстық прокуратура:

1) Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы және өкілетті мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын қолдануын қадағалауды жүзеге асырады;

2) аудандық прокуратуралардың халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдарды қолдануын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын бақылайды;

3) осы Нұсқаулықтың 15-тармағына сәйкес қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша шетел мемлекеті құзыретті органымен қатынасты жүзеге асырады.

9. Аудандық прокуратура аудандық және оларға теңестірілген мемлекеттік органдардың халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

3. Қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сауалды (тапсырманы, өтінішті) қарау

10. Қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сауал (тапсырма, өтініш) ҚІЖК 59-тарауына сәйкес қаралады. Сұрау салушы шетел мемлекетімен халықаралық шарт болмаған кезде осыған ұқсас сауалмен Қазақстан Республикасына өтініш жасаған кезде осыған ұқсас құқықтық көмек көрсету туралы шетел мемлекеті құзыретті мекемесі кепілінің сауалда (тапсырмада, өтініште) болуы міндетті болып табылады.

11. Қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сауалды (тапсырманы, өтінішті) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 15 тәуліктен аспайды.

Материалдың көлемі елеулі (4 томнан астам) болған не оны пысықтау қажет болған кезде сауалды (тапсырманы, өтінішті) қарау мерзімін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын қадағалауға жетекшілік ететін оның орынбасары, облыс прокуроры не оның міндетін атқаратын тұлға 30 тәулікке дейін ұзарта алады.

12. Қазақстан Республикасы қылмыстық қудалау органдарының тергеу және өзге де іс жүргізу әрекеттерін жүргізу туралы сауалы (тапсырмасы, өтініші) Бас прокуратура арқылы немесе егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен өзгеше көзделмесе, облыс прокуроры осы Нұсқаулықтың 18-тармағына сәйкес шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне жолдайды.

13. Сауал (тапсырма, өтініш) Бас прокуратураға оның шетел мемлекеті құзыретті мекемесіне жолданғаны туралы облыс прокурорының не оның міндетін атқарушы тұлғаның өтінішімен бірге ұсынылады.

Қазақстан Республикасы қылмыстық қудалау органының сауалын (тапсырмасын, өтінішін) шетел мемлекетіне Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасары, Департамент бастығы, оның орынбасары, осы Нұсқаулықтың 18-тармағына сәйкес облыс прокуроры не оның міндетін атқаратын тұлға жолдайды, ол туралы облыс прокурорына және Қазақстан Республикасының қылмыстық қудалау органына хабардар етіледі.

14. Шетел мемлекетіне жолданатын Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық шарттарының талаптарына жауап бермейтін сауал (тапсырма, өтініш) оны шетел мемлекетіне жолдауға кедергі келтіретін себептерді көрсете отырып, сауал (тапсырма, өтініш) келіп түскен органға қайтарылады.

Қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сауалды (тапсырманы, өтінішті) Бас прокуратурадан орындаусыз қайтарудың әрбір жағдайы облыс прокуроры жанындағы жедел кеңесте қаралуға жатады.

15. Бас прокуратураға келіп түскен шетел мемлекеті құзыретті органының сауалын (тапсырмасын, өтінішін) оны орындауға кедергі келтіретін себептер болмаған кезде Департамент бастығы не оның орынбасары орындауды ұйымдастыру үшін шетел мемлекетінің құзыретті органына хабарлай отырып, тапсырылатын іс жүргізу әрекеттерін жүргізу қажет қадағалау аумағындағы облыс прокурорына немесе құзыретіне сауалды (тапсырманы, өтінішті) орындау кіретін қылмыстық қудалау органының орталық аппаратына жолдайды.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес облыстық прокуратураға келіп түскен сауалды (тапсырманы, өтінішті) облыс прокуроры не оның міндетін атқарушы тұлға Қазақстан Республикасының тиісті қылмыстық қудалау органына жолдайды, ол туралы шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне хабарлайды.

16. ҚІЖК 571-бабымен көзделген іс жүргізу әрекеттерін жүргізген кезде облыс прокуроры ҚІЖК 566-бабының үшінші бөлігіне сәйкес тиісті қаулы шығару және оны санкция беру үшін ұсыну бойынша шаралар қабылдайды.

17. Қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сауал (тапсырма, өтініш) шетел мемлекетінен қатынастың белгіленген тәртібін бұза отырып келіп түскен жағдайда осындай сауал (тапсырма, өтініш) Бас прокуратура арқылы шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне орындаусыз қайтарылады.

18. Облыс прокуроры қылмыстық істер, прокурордың санкциясын талап ететін жедел-іздестіру іс-шаралары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының құзыреттеріне жатқызылған құжаттар бойынша 2002 жылғы 7 қазанда жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияның ережелерін іске асырады және шетел мемлекетінің құзыретті мекемесімен тікелей қатынасты жүзеге асырады. Аталған Конвенцияны өздері үшін күшіне енгізілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қолданады.

19. 2002 жылғы 7 қазанда жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны ратификацияламаған шетел мемлекеті 1993 жылғы 22 қаңтарда жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны, 1997 жылғы 28 наурыздағы оның Хаттамасын немесе қылмыстық істер бойынша не өзара түсіністік қағидатында құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарты ережелерін қолданады.

20. Облыс прокуроры Бас прокуратураға:

1) конституциялық құрылымның негізіне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс белгілері бойынша;

2) терроризм, экстремизм және сепаратизм фактілері бойынша;

3) заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражаттарды және өзге де мүліктерді жылыстату фактілері бойынша;

4) мемлекетке елеулі зиян келтірген қылмыстың белгілері бойынша;

5) кең қоғамдық дүрбелең туғызған қылмыстардың белгілері бойынша;

6) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғаға қатысты қылмыстық істерге қатысты сауалдың (тапсырма, өтініш) шетел мемлекеті құзыретті органынан келіп түскені туралы жазбаша түрде хабарлайды.

Осы ақпарат Бас прокуратураға аталған сауал (тапсырма, өтініш) келіп түскен сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жолданады.

21. ҚІЖК 569-бабында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен көзделген жағдайларда шетел мемлекеті құзыретті мекемесінің сауалын (тапсырмасын, өтінішін) орындаудан бас тартылады. Сауалды (тапсырманы, өтінішті) Департамент бастығы, оның орынбасары немесе осы Нұсқаулықтың 18-тармағына сәйкес облыс прокуроры не оның міндетін атқаратын тұлға шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне оны орындауға кедергі келтіретін себептерді көрсете отырып қайтарады.

22. Бас прокуратура Қазақстан Республикасы қылмыстық қудалау органының сауалдың (тапсырманың, өтініштің) орындалғаны туралы хабарламасын ала отырып, ол туралы шетел мемлекетінің құзыретті мекемесіне хабарлайды.

Тапсырманың орындалғаны туралы ақпаратты облыстың уәкілетті прокуроры не оның міндетін атқаратын тұлға Департамент бастығының не оның орынбасарының қол қоюына жолдайды.