Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
іскери аза тілі. ба.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
09.11.2019
Размер:
356.86 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес академиясы тілдер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор –

академиялық сұрақтар жөніндегі проректор

__________________ Ж.М. Нүсенов

«______» _________________2010 ж.

Мамандық: 050509 – Қаржы

Жұмыс бағдарламасы «Іскери қазақ тілі» элективті курсы бойынша алматы, 2010

Құрастырған аға оқытушы: Бейсембиев Б.Қ.

Жұмыс бағдарламасы «Іскерлік қазақ тілі» курсының типтік бағдарламасы

негізінде 050509 – Қаржы мамандығы үшін құрастырылған

Жұмыс бағдарламасы тілдер кафедрасының мәжілісінде талқыланған

№ «_____» Хаттама __________________2010 ж.

Кафедра меңгерушісі м.а. ________________________ Киричок О.В.

Жұмыс бағдарламасы ЖКББ Департаменті ОӘК-де мақұлданған

№ «_____» Хаттама __________________2010 ж.

Кіріспе

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазіргі таңда қазақ тілі мамандарының алдына қойылып отырған міндеттер көп. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар екені белгілі. Ұсынылып отырған бағдарлама тілді оқытудың материалдык мүмкіндіктерінің 6ip көpiнici ретінде қарастырылады. Бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілді окытуға қойған талабын ескере отырып және жоғары оқу орнының ерекшеліктеріне сай дайындалды. Бағдарламаның мазмұны мен кұрылымы казіргі барлық жаңа дидактикалык-әдістемелік тенденцияларды қолдануға мүмкіндік береді. Біздің жоғары оқу орнында іскери қазақ тілін оқытудың мақсаты студенттерге қоғамымыздағы экономикалық өзгерістерді ескере отырып, келешек мамандығына бағыттай терең бiлiм алуға кажетті дәрежеде қазақша үйрету болып табылады. Студенттерді қазақша өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Сонымен қатар Қазақ тілінен алған білімдерін іскери қарым-қатынаста қолдана білуге бағыттау. Қажетті құжаттарды жаза білуге және олармен жұмыс істеуге үйрету.

Бағдарламада берілген тақырыптар сұрыпталып, күнделікті өмірге қажетті деген іс қағаздарын толтырудың және іскери қарым-қатынас әдібін меңгеруге бағыттала отырып құрастырылған.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

Бұл бағдарлама академиядағы экономика және ақпараттық технология мамандықтарының қазақ, орыс және ағылшын бөлімі студенттеріне ресми қарым-қатынас әдібін, келіссөз, жиналыс жүргізе білуге және ресми құжаттарды сауатты толтыруды меңгертеді.

«Іскери қазақ тілі» курсының бағдарламасы негізгі екі бөлімнен тұрады: практикалық сабақтар және студенттердің өздік жұмыстары.

Курстың міндеті:

  • Ресми қарым-қатынас туралы толық түсінік беру;

  • Ресми қарым-қатынас түрлерімен, оларға қойылатын талаптармен, ресми құжаттардың рәсімделуімен, лексикалық ерекшеліктерімен таныстыру;

  • Іскерлік хат түрлерімен таныстырып, оларды жаза білуге баулу;

  • Құжат үлгілерін сауатты толтыруға дағдыландыру;

Курстың мақсаты: Студенттерге ресми, іскери қарым-қатынас тілін меңгерту, лексикалық ерекшеліктерімен таныстыру.

Студенттер білуі керек :

  • Ресми қарым-қатынас тілінің ерекшеліктерімен танысу және оларды күнделікті ресми қарым-қатынаста қолдана білуі;;

  • Ресми іскери қарым-қатынас түрлерін білуге;

  • Іскерлік келісөздер мен кездесулер ұйымдастыра білуге;

  • Құжаттарды рәсімдеу талаптарын білуге.

Студенттер меңгеруге тиіс :

  • Ресми іскерлік азақ тілінде кездесулер, келіссөздер ұйымдастыра білуі:

  • Ресми қарым-қатынас түрлерін білуі;

  • Ресми іскери сөз әдібін меңгеруі;

  • Құжаттарды сауатты жаза білуі тиіс.

Алдыңғы деректемелері: «Қазақ тілі» пәні мен «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсынан алған білім дағдылары

Соңғы деректемелері: Студенттердің ресми, іскерлік сөз әдібін меңгеріп, келіссөздер, жиналыстар ұйымдастыра білуі, және іс қағаздарын мемлекеттік тілде оқып, жаза және аудара алатындай болып, күнделікті практикада қолданып, білімдерін ары қарай жетілдіре алатындай дәрежеде болуы керек.