
- •Кәмелетке толмағандардың істері бойынша қылмыстық іс жүргізудің ерекшеліктері
- •1.Алқабилер соты
- •1.1.Алқабилердін қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі
- •1.4.Қылмыстық іс бойынша алқабилердіц үкім шығару кецесініц және кецесу бөлмесінде дауыс беру құпиясының тәртібі.
- •1.5.Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің ерекшеліктері.
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырған кездегі өкілеттіктердің ара-жігін ажырату
- •3. Қылмыстық іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сауалды (тапсырманы, өтінішті) қарау
- •4. Қылмыстық қудалауды жалғастыру және қылмыстық қудалауды жалғастыру туралы өтінішті орындау үшін қылмыстық іс материалын жолдау
- •5. Экстрадициялауға байланысты мәселелерді қарау
- •7. Қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін берілген адамды транзиттік тасымалдаумен байланысты мәселелерді қарау және сот үкімін орындау
- •8. Шарттық жұмысты жүзеге асыру
- •9. Шетел мемлекетінің құзыретті мекемелерімен және халықаралық ұйымдармен байланысу
- •9. Қорытынды ережелер
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық шарттары негізінде халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды реттейді.
Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын қадағалаудың негізгі бағыттары:
1) қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, адамдарды ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды уақытша ұстап беру (экстрадициялау), адамдарды транзиттік тасымалдау, уақытша беру;
2) сотталғандарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдарды беру, шетел мемлекеті сотының үкімін мойындау және орындау;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасаудың, орындаудың, тоқтата тұрудың және денонсациялаудың заңдылығы;
4) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобасын әзірлеу, қылмыстық-құқықтық салада көптарапты халықаралық шартқа қосылу туралы ұсыныстар енгізу;
5) прокуратура органдарының халықаралық ұйымдармен және шетел мемлекетінің мекемелерімен өзара іс-қимылын үйлестіру;
6) прокуратура органдарының құзыретіне кіретін халықаралық құқықтық ынтымақтастықтың өзге де мәселелері болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген шетел мемлекеттерінен немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен сауалдарды қарауды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті үйлестіреді және жүзеге асырады.
3. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар:
1) аудан прокуроры - аудан, қала немесе оларға теңестірілген прокурор;
2) аудандық прокуратура - аудандық, қалалық немесе оларға теңестірілген прокуратура;
3) Бас прокуратура - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
4) Департамент - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты - Қазақстан Республикасының шетел мемлекетімен (немесе мемлекеттермен) не халықаралық ұйымдармен жазбаша нысанда жасалған және осындай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжатта мазмұндалғанына қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықты реттейтін халықаралық келісім;
6) облыстық прокуратура - Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары;
7) облыс прокуроры - Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары;
8) психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдарды беру - психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдарды өзі азаматы болып табылатын мемлекетке мәжбүрлі түрде емдеу үшін беру;
9) ратификациялау - оны Қазақстан Республикасы Парламентінің бекітуі жолымен Қазақстан Республикасының ол үшін халықаралық шартқа міндеттілігіне келісім беру тәсілі;
10) сотталғанды беру - бас бостандығынан айыруға сотталған адамды өзі азаматы болып табылатын мемлекетке жазасын өтеу үшін беру;
11) транзиттік тасымалдау - бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өтеу үшін немесе мәжбүрлі түрде емдеуден одан әрі өту үшін ұстап берілген, берілетін адамды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша шетелдік мемлекетке үшінші мемлекеттің этаппен айдауы не бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өтеу үшін немесе мәжбүрлі түрдегі емдеуден одан әрі өту үшін ұстап берілген, берілетін адамды шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасына үшінші мемлекеттің этаппен айдауы;
12) халықаралық ұйым - Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым, соның ішінде, оның өкілдігі;
13) халықаралық шарттардың қолданылуын қадағалау жөніндегі прокурор - халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағауды жүзеге асыру жүктелген облыстық немесе оған теңестірілген прокуратура қызметкері;
14) шетел мемлекетінің құзыретті мекемесі - аталған мемлекеттің халықаралық шарттарына не ұлттық заңнамаларына сәйкес азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер және экстрадициялау бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша қатынасты жүзеге асыруға уәкілетті шетел мемлекетінің мемлекеттік органы;
15) экстрадициялау - қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе оған қатысты үкімді орындау үшін іздестірілген адамды басқа мемлекетке ұстап беру.
4. Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалау:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының халықаралық шарттар жасау, орындау, тоқтата тұру және денонсациялау процесінде қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерінің сақталуын;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларының халықаралық шарттарды жасауының, орындауының, тоқтата тұруының және денонсациялауының заңдылығын;
3) қылмыстық істер, экстрадициялау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, сотталғандарды және психикалық бұзылулардан зардап шегетін адамдарды беру, транзиттік тасымалдау, шетел мемлекеттері соттарының үкімдері мен қаулыларын мойындау және орындау бойынша, сондай-ақ халықаралық-құқықтық сипаттағы өзге де құжаттарды қараған кезде құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерді орындауын;
4) шетел мемлекеттерінің құзыретті мекемелерімен немесе халықаралық ұйымдарымен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
5. Халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асырған кезде заңдардың қолданылуын прокурорлық қадағалау мәселелері тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде жүргізіледі, оны:
1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе халықаралық ынтымақтастықтың жүзеге асырылуын қадағалауға жетекшілік ететін оның орынбасары не олардың міндеттерін атқаратын тұлға;
2) облыс прокуроры немесе оның орынбасары, аудан прокурор не олардың міндеттерін атқаратын тұлға шығаруға құқылы.
Тексеру жүргізу туралы қаулыда оның негіздері, мақсаттары, міндеттері, мерзімдері және нысаны көрсетіледі. Тексерудің нәтижелері анықтамамен ресімделеді.
6. Анықталған заң бұзушылықтар прокурорлық қадағалау актісін енгізу жолымен прокурорлық мән беру актісін қабылдау жолымен жойылады.
Орталық мемлекеттік органға енгізілетін прокурорлық қадағалау актісі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арқылы, облыстық және оларға теңестірілген мемлекеттік органдарға облыстық прокуратура арқылы жолданады.