Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ІЖ Дрістер жаа.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
586.45 Кб
Скачать

9. Шетел мемлекетінің құзыретті мекемелерімен және халықаралық ұйымдармен байланысу

81. Департамент Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекетінің құзыретті мекемелерімен және халықаралық ұйымдарымен жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

82. Департамент шетел мемлекетінде Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасында шетел мемлекеттері мекемелерінің өкілдері конференциялар мен семинарларға қатысуын, жұмыс сапарларын, тағылымдамадан өтуін ұйымдастыруды жүзеге асырады.

83. Шетел мемлекетіне барумен немесе шетел делегацияларын шақырумен байланысты қарым-қатынастар Департаментпен және Бас прокуратураның басшылығымен келісіледі.

84. Департамент барлық шетелдік іссапарлар мен шетелдік делегациялар келуінің есебін жүргізеді және талдайды және Бас прокуратураға олар бойынша тиісті ұсыныстар енгізеді.

85. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлері шетелдік іссапардан келгеннен кейін Департаментке келгеннен кейін 5-күннен кешіктірмей жазбаша есеп береді.

Практикалық қызметте оларды пайдалану мақсатында Департамент халықаралық іс-шаралардың материалдарын, әдебиеттерді, әдістемелік ұсыныстарды талдайды.

9. Қорытынды ережелер

86. Департамент:

1) төмен тұрған прокуратура органдарының халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыру кезінде заңдардың қолдануын қадағалау мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастырады және бақылайды, әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

2) қадағалау қызметінің тиімді нысандары мен әдістерін әзірлейді және практикаға енгізеді;

3) жылына кемінде екі рет Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында халықаралық құқықтық ынтымақтастықты жүзеге асыруда, оның ішінде:

а) халықаралық ұйымдасқан қылмысқа, терроризм мен әкстремизге қарсы күрес;

б) заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражаттар мен өзге де мүлікті тазартуға қарсы күрес;

в) есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес;

г) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;

д) адамдарды сатуға қарсы күрес;

е) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау;

ж) кәмелетке толмағандар мен жастар туралы заңдарды қолдану;

з) мемлекет кірісіне залалды өтеу саласында заңдардың қолданылуына прокурорлық қадағалаудың жай-күйін қорытады.

87. Облыстық прокуратуралар осы Нұсқаулықтың 86-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мәселелерді талдайды және жартыжылдық бойынша қорытуды Бас прокуратураға есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынады.

88. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында:

1) экстрадициялау;

2) қылмыстық қудалауды жүзеге асыру;

3) жазасын одан әрі өтеу үшін сотталған адамдарды беру;

4) психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды беру мәселелері бойынша қадағалау өндірісі қалыптасады.

Модуль- 14.

Тақырып-41. Шетелдік мемлекеттер соттарының үкімдері мен қаулыларын тану және орындау

Тақырып-42. Англияның қылмыстық процесі

Тақырып-43. АҚШ қылмыстық процесі

Тақырып-44. Франция қылмыстық процесі

Тақырып-45. ГФР-(Германия) қылмыстық процесі

Құқықтанушылардың айтуы бойынша сот алқабилері алғаш рет б.э.д. 829 жылы Францияда, одан соң 1066 жылы Англияда пайда болған дейді. ХVІІ-ғасырдың ортасында, буржуаз-демократиялык революциядан кейін Еуропа мемлекеттеріне тарай бастады.

АҚШ-да сот алқабилері 1776 жылы тәуелсіздік Декларациясы қабылданғаннан кейін пайда болды. Патшалық Ресейде ол 1864 жылы құрылып, 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін жойылған болатын. Ресей Федерациясында 1993 жылдың 16 шілдесінен бастап қайта құрылды (бір сот төрешісі және он екі алқаби). Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда патшалық империя кезінде және кеңес үкіметі кезінде сот алқабилері болған емес.

Дүние жүзі бойынша сот алкабилерінің классикалық түрі, яғни бір сот және он екі алқабиден тұратын түрі көп тараған (АҚШ, Ресей және т.б.) Францияда алқабилер құрамы тоғыз алқаби, бір төреші және екі запастағы сот төрешісі (Қазакстандағы сот алқабилерінің үлгісі Францияның сот алқабилер құрамымен ұқсас) болады.

БҰҰ шеңберінде қылмыспен күрестің институционалдық және келісім-шарттық нысандары Мемлекеттердің қылмыстылықпен күресу қызметін үйлестіретін мұндай орталық - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ). Сондай-ақ , бұл аяда басқа да халықаралық ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Қылмыстылықпен күресу мәселелері БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларында талқыланады. БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің басты комитеттерінде халықаралық құқық комиссиясының көмегімен қылмыстармен күресу туралы конвенциялар қабылдайды. Қауіпсіздік кеңесі қылмыстылықпен күресу мәселелерін – агрессиялық актілер, терроризм және т.б. қылмыстар туралы мемлекеттердің шағымдарын қарайды. БҰҰ-ның Халықаралық соты нақты істерді қарайды. 1986 жылы сот Никарагуаның аумақтық суын миналауға байланысты Никарагуаның АҚШ-қа қатысты талап-арызына шешім қабылдады. Бұл шешімнен кейін Бас Ассамблея АҚШ сотының шешімін толығымен және жедел орындау туралы қарар қабылдады. 1996 жылы комиссия өзінің кезекті сессиясында 8 қарар қабылдады. Олар: ұлтаралық ұйымдасқан қылмыспен күресу, жасөспірімдер парнографиясы мен жасөспірімдер жезөкшелігі, жасөспірімдердің органдарын ауыстырып салу мақсатымен асырап алу және иемденумен күресу жөніндегі конвенциялардың жобаларын жасау туралы және т.б. БҰҰ құқық бұзушыларды ұстау ережелерін ізгілендіру қызметін жүзеге асырады. Осы бағытта БҰҰ Бас Ассамблеясы 1984 жылы 10 желтоқсанда қинау және басқа да қатал, адамның ары мен намысын қорлайтын қатал жаза түрлеріне қарсы конвенция қабылдады. Аталған конвенция ережелерінің орындалуын бақылау үшін Қинауға қарсы комитет құрылған. Бұл комитетке мүше мемлекеттер жылына бір рет аталған конвенцияны орындау үшін қолға алынған іс-шаралар туралы баяндама ұсынып тұрады БҰҰ-ның мамандандырылғанмекемелері өз құзыреті шегінде қылмыспен күрес жүргізуде. Олардың арасында ИКАО, ИМО, МОТ, ВОЗ, ЮНЕСКО, МАГАТЭ т.б. бар. Бұлардың бастамасымен халықаралық сипаттағы нақты қылмыстармен күресу жөнінде Халықаралық конвенциялар жасалып, нұсқаулар шығарылған. Жарғыға сәйкес, Ассоциация адамгершілікті және тиімді сот әділдігін қамтамасыз ететін заңдылықтарды және құқықтық институттарды жетілдіруге ұмтылады. Ол БҰҰ-ның экономикалық және әлеметтік кеңесінде кеңестік мәртебеге ие және өз қызметін мүше мемлекеттердің ұлттық топтарының көмегімен жүзеге асырады. Халықаралық криминологиялық қоғам. Оның негізі 1934 жылы қаланған, ал 1944 жылдан бастап БҰҰ-ның консультативтік мәртебесіне ие болды. Оның міндетіне қылмыспен күресу және бұл құбылысты неғұрлым кеңіреук зерттеу мәселелері бойынша ғалымдар мен практик-мамандардың күш-жігерін біріктіруге көмектесу жатады. Халықаралық криминологиялық қоғам конгресстер өткізеді, ұлттық институттар арасында криминологтардың ғылыми кадрлар алмасуын ұйымдастырады, халықаралық криминологиялық курстар және семинарлар өткізеді, халықаралық орталықтар құрады. Қылмыспен күресуге қатысатын басқа да үкіметаралық емес ұйымдардың ішінде мыналарды атауға болады: Бас бостандығынан айрылғандарға көмек көрсететін Халықаралық Ассоциация, Халықаралық рақымшылық, Жасөспірімдер істері жөніндегі соттардың халықаралық ассоциациясы, Полицейлердің Дүниежүзілік Ассоциациясы т.б. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы «Интерпол» - халықаралық қылмыстармен күресуге тікелей атсалысатын қылмыстық полицияның жалғыз халықаралық ұйымы болып табылады. Ол 1923 жылы орталығы Венада (Австрия) қылмыстық полицияның халықарлық комиссиясы ретінде құрылды. 1936 жылы өз қызметін фашистік Германияның австрияны басып алуына байланысты тоқтатты. Ал қазіргі күйінде ол 1946 жылы қайта құрылды. Интерполдың жарғысы 1956 жылы күшіне еніп, оған 177 мемлекет мүше болып кірді. Қазақстан оған 1992 жылы мүше болды. Интерполдың штаб пәтері Францияда орналасқан (Лион қаласында). 1982 жылдан бері Интерпол БҰҰ-да халықаралық үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болды. Интерполдың негізгі мақсаттары: әр түрлі елдердің қылмыстық полициясының барлық органдарының кең әрі өзара тиімді ынтымақтастықпен қамтамасыз ету және дамыту, жалпы қылмыстылықты ескертуге және онымен күресуге көмек беретін мекемелерді құру және дамыту. Интерпол «Қылмыстық полицияның халықаралық шолуын», «Жасандылық пен жалғандылықтар» бюллетенін, ұрланған өнер туындыларын іздестіру бюллетенін, әр түрлі анықтамалық басылымдарды шығарады. Интерполдың автономды коммуникация жүйесі, жеке радиосы, телексі, телетайпы, фототелеграф, поштп және телеграфтық байланыс бар. Осы құралдар арқылы жыл сайын Интерполдың миллионнан астам ақпараттар хабарлары өтеді. Ақпараттардың басым көпшілігі Интерполдың радиоторабы арқылы өтеді. Ол жедел ақпаратты тез беруді және алуды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде халықаралық сипаттағы қылмыстарды ашудың шешуші жағдайы болып табылады. 5.Қылмыстың алдын алу мен қылмыстық сот жүргізу жөніндегі БҰҰ Комиссиясы қызметі (Комиссия ООН по предупреждению преступности и уголовному правосудию) БҰҰ қылмыс пен күрестегі мемлекеттермен х-лық ұйымдар,қызметінің үйлестіру орталығы болып табылады.Мұндай қызмет қылмыстылықтын алдын-алу,онымен күресу ж-е құқық бұзушылықтарға ізгілік көзқараста көмектесу саласында тәжірибелералмасу арқылы жүзеге асырылады.Қызметінің бұл бағыты 1872ж басталған,сонымен қатар х-лық қылмыстық және басқа қылмыспен ,оның ішінде пенициарлық комиссия қысқартылғаннан кейін,1950 жылы БҰҰ осы қызметті жүзеге асыра бастады.БҰҰ-ның қызметіндегі х-лық ынтымақтастықтың дамуы,қылмыстылықтың алдын-алу ,күресу ж-е құқық бұзушылықтармен қатынас жасауда бірқатар ережелер(факт) арқылы айқындады.Оның 1-шісі: қылмыстың нақты қоғамның обьетивті негізделген әлеуметтік құбылыс ретінде болуы.Мемлекеттердің олармен жинақталған тәжірибемен алмасу қажеттілігі. 2.х-лық қауымдастыққа ұлтаралық к-ң қылмыстылық әрекеттері аландатушылық туындатуда 3.Ұйымдасқан қылмыстар мемлекеттің ішкі қылмыстылық құқықтың ажырамас бөлігіне айналып отыр.Есірткі заттарды сату ,бала сату,заңсыз тұтқында ұстау т.б елеулі проблемелар болып отыр. Жарты ғасырдан астам БҰҰ –ның қарастырып отырған мәселедегі х-лық ынтымықтастықты үйлестіру мен тиімді қолдануға жәрдемдесті.БҰҰ-ның қосалқы органдарында белсенді рөлі бар.Оның ішінде БҰҰ-ның қылмыстылықты алдын-алу және құқық бұзушылықтармен қатынас жасау комитетін айтуға болады.Қылмыспен күресу мәселелерімен ; 1.Қылмыстылық пен күрес және құқық бұзушылықтар мен қатынас жасау жөніндегі БҰҰ-ның біріккен конгресі(5жылда 1 рет шақырылады) 2.Қылмыстылықты алдын алу және күрес жүргізу жөніндегі БҰҰ комитеті 3.1967ж құрылған БҰҰ-ның әлеуметтік қорғау ғылыми зерттеу институты(Римде) 4. Қылмыстылық пен күрес және құқық бұзушылықтар мен қатынас жасау жөніндегі аймақтық институттар. 5.Қылмыстылық және қылмыстық әділ –соттылық саласындағы ғаламдық ақпараттың жүйесі Қ-ты алдын-алу мен қ-тық сот ісін жүргізу жөніндегі БҰҰ-ның комиссиясы 1992 ж6 ақпанда құрылған. Қызметтері: 1БҰҰ-ның қ-ты алдын-алу мен сот ісін жүргізіге байланысты қағидалар қабылданды. 2.Қ-ты алдын алу мен сот ісін ж. Жөніндегі БҰҰ-ның Конгресінің жұмыс бағдарламасының тақырыптарын дайындау. 3.Мүше мемлекеттер арасындағы қылмысты алдын-алу ж/е жою жолдарын жетілдіру 4.Қ-ты алдан алу мен қ.бұзушылық БҰҰ-ның көмектесу,үйлестіру, мәселелерін қарастыру. БҰ-ның (Комиссия Кеңесінің (Бас Ассамблеясы 146-152 қарарына сәйкес осы 4 мәселе қарастырылған. Оған сәйкес 40 мүшеден тұратын болды.Америкадан-12 орын,Азия-9,Шығыс Еуропа-4,Латын Америк ж-е кариб бассейні-8,Батыс еуропа-7 орын. Сот билігінің біртектес стандарттарының қалыптасуында маңызды рөлді БҰҰ бөліктерінің бірі Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің қызметі атқарады. Бұл орган адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сыйлау мен көтермелеу мақсатында барлығына арналған ұсыныстар беруге, өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша конвенция жобаларын БҰҰ Бас Ассамблеясына енгізу үшін дайындауға, Ұйымда бекітілген ережелерге сәйкес өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша конференциялар шақыруға өкілетті. Мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің құрылымында көмекші органдар құрылды, солардың ішінде 1950 жылы құрылған Қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушылармен қатынас бойынша сарапшылар Комитеті бар. 1971 жылы ол Қылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес бойынша Комитет деп аталды, ал 1993 жылы Қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі бойынша Комиссия құрылды. Бұл Комиссия Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске қылмыстылықпен тиімді күресу мен құқықбұзушыларға неғұрлым ізгі көзқарасқа бағытталған ұсыныстар мен кеңестер ұсынад 6.Қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылармен айналысу жөніндегі БҰҰ Конгрестері Бас Ассамблея Комиссияға бес жылда бір рет Қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушылармен қатынас бойынша БҰҰ Конгресін өткізуді тапсырды. Бұдан басқа бұл Комиссия қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық әділсот бойынша БҰҰ бағдарламаларын іске асырылуын бақылайды, аймақтық институттардың шараларын үйлестіруге көмектеседі. БҰҰ Конгрестері қылмыстылықтың алдын алу және қылмыстық әділсот бойынша халықаралық ережелер, стандарттар дайындауда маңызды рөл атқарады. 1985 жылы 26 тамыз бен 6 қыркүйегі аралығында Миланда өткен қылмыстылықтың алдын алу және құқықбұзушылармен қатынас бойынша БҰҰ Жетінші Конгресі қабылдады. Және әр елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайы мен дәстүрін ескере отырып, ұлттық, аймақтық, аймақаралық деңгейде шараларды қабылдап, жүзеге асыру үшін оларды қолдануға кеңес берді. БҰҰ қызметіндегі халықаралық ынтымақастықтың дамуы, қылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушылармен қатынас жасауды бірқатар факторлар айқындайды: Қылмыстың нақты қоғамның объективті негізделген әлеуметтік құбылысы ретінде болуы, мемлекеттердің олармен күресте жинақталған тәжірибелермен алмасу қажеттігі: Халықаралық қауымдастықта мемлекеттердің ұлтаралық корпорацияларының қылмыстық әрекеттері алаңдатушылық туғызуда; Ұйымдасқан қылмыстар үлкен залал әкелуде – олар мемлекеттердегі қылмыстық істердің ажырамас бөлігіне айналды; Бірқатар мемлекеттер үшін есірткі заттарын заңсыз сату, ұшақтарды айдап әкету, әйелдер мен балаларды сату және т.б. елеулі проблемалардың бірі болып отыр. 7. Интерполдың құқықтық жағдайы Интерпол– "International polіcie" сөзінің күрделі қыскартылуынан құралған. 1923 жылы құрылған қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы. 1972 жылдан бастап штаб-пәтерінің орналасу орны Франция (Лион қаласы) болып анықталды. Интерпол қылмыскерлерді тіркеудің халықаралық орталығы ретінде әрекет етеді, сондай-ақ қылмыскерлерді (күдікті, хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды, ұрланған кұндылықтарды) халықаралық іздестіру жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Интерпол 177 елдің өкілдерінен, әлемнің барлық елдерінің полиция офицерлері жұмыс істейтін Бас хатшылықтан тұрады Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы «Интерпол» - халықаралық қылмыстармен күресуге тікелей атсалысатын қылмыстық полицияның жалғыз халықаралық ұйымы болып табылады. Ол 1923 жылы орталығы Венада (Австрия) қылмыстық полицияның халықарлық комиссиясы ретінде құрылды. 1936 жылы өз қызметін фашистік Германияның австрияны басып алуына байланысты тоқтатты. Ал қазіргі күйінде ол 1946 жылы қайта құрылды. Интерполдың жарғысы 1956 жылы күшіне еніп, оған 177 мемлекет мүше болып кірді. Қазақстан оған 1992 жылы мүше болды. Интерполдың штаб пәтері Францияда орналасқан (Лион қаласында). 1982 жылдан бері Интерпол БҰҰ-да халықаралық үкіметаралық ұйым мәртебесіне ие болды. Интерполдың негізгі мақсаттары: әр түрлі елдердің қылмыстық полициясының барлық органдарының кең әрі өзара тиімді ынтымақтастықпен қамтамасыз ету және дамыту, жалпы қылмыстылықты ескертуге және онымен күресуге көмек беретін мекемелерді құру және дамыту. Интерпол «Қылмыстық полицияның халықаралық шолуын», «Жасандылық пен жалғандылықтар» бюллетенін, ұрланған өнер туындыларын іздестіру бюллетенін, әр түрлі анықтамалық басылымдарды шығарады. Интерполдың автономды коммуникация жүйесі, жеке радиосы, телексі, телетайпы, фототелеграф, поштп және телеграфтық байланыс бар. Осы құралдар арқылы жыл сайын Интерполдың миллионнан астам ақпараттар хабарлары өтеді. Ақпараттардың басым көпшілігі Интерполдың радиоторабы арқылы өтеді. Ол жедел ақпаратты тез беруді және алуды қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде халықаралық сипаттағы қылмыстарды ашудың шешуші жағдайы болып табылады. 8. ҚР интерпол қызметіне қатысуының құқықтық негіздері. Қазақстан республикасының жұйесінде ИНТЕРПОЛ орны туралы мәселе өте өзекті болып отыр. Интерпол өзінің ғасырлық тарихы бар ұйым қылмысты жасаудағы және халықаралық қылмыскерлерді бақылау, қудалау, іздеу салу, тұтқындау сияқты күнделікті жұмысын үйлестіретін делдалы мемлекеттер қылмыстық полициясының практикалық қадамдарын үйлестіру және жеңілдету үшін құрылған қылмыстық полицияның халықаралық ұйымы. Интерпол – халықаралық ұйым, әртүрлі мемлекеттер полициясы қызметтерінің практикалық ынтымақтастық жасаудағы, нақты. Мұндай ынтымақтастық жасау механизімінде Интерпол, халықаралық қылмыстармен күресуде бірлескен полицейлік стратегия мен әдіс-тәсілді дайындаудың бірегей орталығы ретінде әрекет етеді. Интерпол – халықаралық қылмыстылықтың алдын алу мен басуда тікелей практикалық қатыстылықты танытатын, ерекше, жалғыз халықаралық ұйым. Қазақстан Интерполының ұлттық орталы1946 жылдың күзінде Брюссельде Ф.Луваждың бастамасы бойынша, соғыстан кейінгі Қылмыстық полицияның Халықаралық Конгрессі алғаш рет өткізілді. Ұйым қызметі қайта жанданды, ендігі оның резиденциясы Париж қаласы болды. Ұйым өзінің құқықтық негізін дайындады. 1956 жылы Венада комиссияның жаңа Жарғысы қабылданды. Жаңадан Жарғыны қабылдағаннан кейін, ұйымның да жаңа атауы бекітілді, яғни Қылмыстық полицияның Халықаралық Ұйымы (қысқаша - Интерпол). Интерпол әлемдік үкіметсіздік ұйым ретінде – жоғары мәртебеге ие болды. Интерполға мүше-мемлекеттер саны тез қарқынмен өсті. 1946 жылы олар – 17 болса, 1960 жылы – 65, 1970 жылы – 111, 1980 жылы – 130, 1990 жылы – 150 ге жетті. Интерол жүйесіне Қазақстан Республикасы қ бюросының Интерполға мүше мемелкеттермен өзара тиімді қарым-қатынасын қамтамасыз етудегі бірден бір елеулі фактор құқықтық қамтамасыз ету мәселесі болып табылады. Мұнда Қазақстан Республикасы Парламентінің «Экстрадация туралы» (1957 ж.), «Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы» (1959 ж.), «Ақшаны жылыстатумен күрес, қылмыстық әрекеттен түскен кірісті анықтау, алу және тәркілеу жөнінде» (1990 ж.) конвенцияларын ратификациялау қажеттігі туралы сөз болып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Парламентінің қылмыскерді экстрадациялау және ақшаның жылыстауына қатысты заң актілерін дайындап, қабылдауы айрықша өзекті және қажетті мәселе болып отыр.1993 жылы Сенегалдағы Бас Ассамблеяда, Қазақстан Республикасы қылмыстық полицияның Халықаралық ұйымына мүше-мемлекеттер санын өсіріп, Қазақстан Республикасы территориясында халықаралық қылмыспен күресуге мықты негіз қалады. Бұрын Қазақстан аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Қазақстанда бай жер асты қазба байлықтарының қоры және есірткі заттарының өсу мұның барлығы – халықаралық қылмысқа Қазақстанға қызығушылық танытады . Сондықтан да, Қазақстанның Интерполға енуі біз үшін өте тиімді ойласқан қадамы болып табылады. 9. Халықаралық қылмыстың анықтамасы,негізгі топтары. Халықаралық қылмыс Адамзат өркениеті үшін ерекше қауіпті түрде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын бұзушылық халықаралық қылмыстарға жатады. Халықаралық шарттарда көзделген, бірақ халықаралық қылмыстарға жатпайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет халықаралық сипаттағы қылмыстар деп аталады. Халықаралық қылмыстардан өзгеше түрде мұнда қылмыс үшін мемлекет емес, жеке адам ұлттық құқық бойынша жауапқа тартылады. Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар (халықаралық лаңкестік, адамдарды кепілге ұстау, әуе көлігіндегі қылмыстар, ядролық материалдарды ұрлау, есірткілерді заңсыз айналысқа түсіру, шетелге рұқсатсыз кету, т.б.); қаржы-экономикалық қылмыстар (жалған ақша жасау, қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру, контрабанда, т.б.); адамның жеке құқығына қол сұғушылық (құлдық, құл саудасы, әйелдерді, балаларды саудаға салу, азаптау, т.б.); ашық теңізде жасалатын қылмыстар (теңіз қарақшылығы, теңізді ластау, т.б.); халықаралық сипаттағы әскери қылмыстар (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану, қаза тапқан адамдарды тонаушылық, т.б Халықаралық құқықта қабылданған классификацияға сәйкес халықаралық құқық бұзушылықтарды мынадай түрлерге бөледі: 1) Халықаралық қылмыстар 2) Халықаралық сипаттағы қылмыстар. Халықаралық қылмыстар жасалғанда жауапкершілікті мемлекеттер көтереді. Жеке тұлғалар, егер олардық әрекеттері мемлекеттіқ қылмыстық қызметімен байланысты болса ғана жауапқа тартылады. Халықаралық қылмыстар деп-бейбітшілікті қамтамассыз ету үшін жеке тұлғаны қорғау және тұтастай алғанда халықаралық қауымдастықтық өмірлік мақызы бар мүдделері үшін негізгі мақызға ие болатын, халықаралық құқықтық адамзат дамуына аса қауіпті қағидаттары мен ережелерін бұзу танылады. Осылардық ішінде іс жүзінде мемлекеттердіқ қылмыстық саясатын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардық іс-әрекеттері аса қауіпті болып табылады. Мемлекеттермен қатар, бұл қылмыстар үшін халықаралық саяси және материалдық жауапкершілік көтеретін субьектілер болып мемлекеттердіқ басшылары, жоғарғы лауазымды тұлғлар мен басқа да қылмыстық саясатты орындаушылар танылады. Алғаш рет халықаралық қылмыстардық тізімі 1945 ж. халықаралық әскери трибуналдық жарғысында белгіленді. Халықарлық әскери трибунал жарғысынық 6-бабында халықаралық қылмыстар 3 топқа топтастырылған: 1.Бейбітшілікке қарсы қылмыстар-басқыншылық соғысты жоспарлау, дайындау, бастау немесе жүргізу, соғысты халықаралық шарттарды, келісімдерді бұзу арқылы жүргізу; 2.Әскери қылмыстар-әскери зақдар мен әдет-ғұрыптарды бұзушылықтар: кісі өлтіру, жаулап алынған аймақтағы бейбіт тұрғындарды қорлау немесе құлдыққа әкету, әскери тұтқындарды өлтіру немесе қорлау, кепілге алынғандарды өлтіру, қоғамдық немесе жеке меншікті тонау, және т.б. 3.Адамзатқа қарсы қылмыстар-кісі өлтіру, соғысқа дейінгі немесе соғыс кезеқінде бейбіт тұрғындарға қатысты қырып-жою, құлдыққа айналдыру, жер аудару және басқа да қаттыгездіктер; саяси, діни немесе нәсілдік себептер бойынша қудалау және т.б. Халықаралық қылмыстарға геноцид, апартеид, нәсілшілдік, отаршылдық, экоцид, биоцид т.б Халықаралық қылмыстар (ағылш. international crimes;) - тұтас алғанда халықаралық қауымдастықтың өмірлік манызды мүдделері мен жеке басты корғау үшін негіз салушы манызға ие адамзат өркениетіне ерекше қауіпті халықаралық, құқық принциптері мен нормаларын бұзу. Барынша көп қауіпті, мемлекеттін қылмыстық саясатын іс жүзінде жүзеге асыратын және мемлекеттің халықаралық қылмыстарын дербестейтін (кейіптейтін) лауазымды адамдардың әрекеті тудырады. Халықаралық қылмыстар 3 топка бөлінген: бейбітшілікке карсы қылмыстар; әскери қылмыстар; адамшылыққа қарсы қылмыстар. 10.Халықаралық қылмыстардың заңды құрамы Адамзат өркениеті үшін ерекше қауіпті түрде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын бұзушылық халықаралық қылмыстарға жатады. Халықаралық шарттарда көзделген, бірақ халықаралық қылмыстарға жатпайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет халықаралық сипаттағы қылмыстар деп аталады. Халықаралық қылмыстардан өзгеше түрде мұнда қылмыс үшін мемлекет емес, жеке адам ұлттық құқық бойынша жауапқа тартылады. Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар (халықаралық лаңкестік, адамдарды кепілге ұстау, әуе көлігіндегі қылмыстар, ядролық материалдарды ұрлау,есірткілерді заңсыз айналысқа түсіру, шетелге рұқсатсыз кету, т.б.); қаржы-экономикалық қылмыстар (жалған ақша жасау, қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру, контрабанда, т.б.); адамның жеке құқығына қол сұғушылық (құлдық, құл саудасы, әйелдерді, балаларды саудаға салу, азаптау, т.б.); ашық теңізде жасалатын қылмыстар (теңіз қарақшылығы, теңізді ластау, т.б.); халықаралық сипаттағы әскери қылмыстар (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану, қаза тапқан адамдарды тонаушылық, т.б.). 11.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың анықтамасы, олардың негізгі топтары Адамзат өркениеті үшін ерекше қауіпті түрде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын бұзушылық халықаралық қылмыстарға жатады. Халықаралық шарттарда көзделген, бірақ халықаралық қылмыстарға жатпайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет халықаралық сипаттағы қылмыстар деп аталады. Халықаралық қылмыстардан өзгеше түрде мұнда қылмыс үшін мемлекет емес, жеке адам ұлттық құқық бойынша жауапқа тартылады. Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар (халықаралық лаңкестік, адамдарды кепілге ұстау, әуе көлігіндегі қылмыстар, ядролық материалдарды ұрлау,есірткілерді заңсыз айналысқа түсіру, шетелге рұқсатсыз кету, т.б.); қаржы-экономикалық қылмыстар (жалған ақша жасау, қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру, контрабанда, т.б.); адамның жеке құқығына қол сұғушылық (құлдық, құл саудасы, әйелдерді, балаларды саудаға салу, азаптау, т.б.); ашық теңізде жасалатын қылмыстар (теңіз қарақшылығы, теңізді ластау, т.б.); халықаралық сипаттағы әскери қылмыстар (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану, қаза тапқан адамдарды тонаушылық, т.б.). Халықаралық сипаттағы қылмыстардың негізгі топтарына келетин болсақ: Халықаралық қатынастарды тұрақтылыққа қарсы қылмысы: халықаралық терроризм; аманат ұстау:ұшақтар және басқа әуе көлiктiк құрал-жабдықтар және басқа әрекеттер басып алу, алып қашу. жасалатын әуе кеменi бортқа және халықаралық әуежайларда: ядролық материалды ұрлау, тарту. жалшыларды қолдану, қаржыландыру және үйрену, соғыс қимылдарыларда жалшының қатысуы сонымен бiрге ал: заңсыз радиохабар, соғыстың насихаттауы; Әрекет әлеуметтiк экономикалық зиян салатын және мемлекеттердi культурномуразациялау: жалған ақшалылық: қылмыстық табыстарды заңдастыру; есiрткi заттар және психотроптық заттарды заңсыз айналым; контрабанды; халық мәдени байлықтарына қол сұғу және эмиграция. Адамның жеке басының құқығындағы қылмыстық қол сұғулары: құл, құл сату; әйелмен және балалармен сауда, үшiншi тараптардың жезөкшелiгiнiң пайдалануы; порнографияның таратуы;қинау және үндеу және жазаның түрлерi, зорлықпен жоғалулар және қадыр кемсiтетiн басқа қатыгез, рақымсыз және т.б Ашық теңiзде жасалатын қылмыстар: (теңiз талан-тараж) қарақшылық; су асты кабелi немесе құбырды үзiлiс немесе зақымдану: теңiз соттарды соқтығысу; теңiзге көмектiң көрсетпеуi; зиянды заттармен теңiздi ластау; континенттiк шельфтiң заңға сүйенген тәртiбi және арнайы экономикалық аймақты бұзушылық;теңiз өндiрiстердiң ережелерiнiң бұзушылығы; Халықаралық сипаттағы әскери қылмыстар; тыйым салынған құрал-жабдықтар және соғыстың жүргiзуiнiң әдiстерiнiң қолдануы; соғыс қимылдарыларды ауданда тұрғынның үстiнде зорлық; Қызыл крест және Қызыл жарты айдың таңбаларымен заңсыз кию немесе терiс пайдалану: мәйiт тонаушылық; әскери тұтқынмен үндеу; жаралы және әскери тұтқынның аурулары мiндеттердi қатынаста ұқыпсыз орындау: 12.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың заңды құрамы Халықаралық сипаттағы қылмыс халықаралық құқылық тәртiпде, мемлекет iшiндегі ескерiлген халықаралық келiсiм-шарттармен қоғамдық қастық ойлайтын халықаралық қылмысқа жатпайтын (әрекет немесе әрекетсiздiк) қауiптi әрекеттер. Халықаралық сипаттағы қылмыстар бір мемлекетте басталық екінші мемлекетте аяқталады. Негізгі топтары: Халықаралық қатынастарды тұрақтылыққа қарсы қылмысы: халықаралық терроризм; аманат ұстау:ұшақтар және басқа әуе көлiктiк құрал-жабдықтар және басқа әрекеттер басып алу, алып қашу. жасалатын әуе кеменi бортқа және халықаралық әуежайларда: ядролық материалды ұрлау, тарту. жалшыларды қолдану, қаржыландыру және үйрену, соғыс қимылдарыларда жалшының қатысуы сонымен бiрге ал: заңсыз радиохабар, соғыстың насихаттауы; Әрекет әлеуметтiк экономикалық зиян салатын және мемлекеттердi культурномуразациялау: жалған ақшалылық: қылмыстық табыстарды заңдастыру; есiрткi заттар және психотроптық заттарды заңсыз айналым; контрабанды; халық мәдени байлықтарына қол сұғу және эмиграция. Адамның жеке басының құқығындағы қылмыстық қол сұғулары: құл, құл сату; әйелмен және балалармен сауда, үшiншi тараптардың жезөкшелiгiнiң пайдалануы; порнографияның таратуы;қинау және үндеу және жазаның түрлерi, зорлықпен жоғалулар және қадыр кемсiтетiн басқа қатыгез, рақымсыз және т.б Ашық теңiзде жасалатын қылмыстар: (теңiз талан-тараж) қарақшылық; су асты кабелi немесе құбырды үзiлiс немесе зақымдану: теңiз соттарды соқтығысу; теңiзге көмектiң көрсетпеуi; зиянды заттармен теңiздi ластау; континенттiк шельфтiң заңға сүйенген тәртiбi және арнайы экономикалық аймақты бұзушылық;теңiз өндiрiстердiң ережелерiнiң бұзушылығы; Халықаралық сипаттағы әскери қылмыстар; тыйым салынған құрал-жабдықтар және соғыстың жүргiзуiнiң әдiстерiнiң қолдануы; соғыс қимылдарыларды ауданда тұрғынның үстiнде зорлық; Қызыл крест және Қызыл жарты айдың таңбаларымен заңсыз кию немесе терiс пайдалану: мәйiт тонаушылық; әскери тұтқынмен үндеу; жаралы және әскери тұтқынның аурулары мiндеттердi қатынаста ұқыпсыз орындау 13.Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудің халықаралық құқықтық негіздері Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресу өте қарқынды деңгейде жүріп жатыр. Халықаралық сипаттағы қылмыстардың өзіндік күресу өте ауқымды шаралар ақылы жүруде.Халықаралық сипаттағы қылмыспен бірігіп күресу көпжақты келісім арқылы жүзеге асады(конвенция) және әрбір келісім ір қылмысқа бөлек болады.Конвенцияда: Қылмыс құрамының нормативтік сипаты; Қатысушы мемлекеттердің қабылдаған нормаларды мемлекеттік заңнамаға енгізу; Қатысушы мемлекеттердің қабылдаған нормаларды өз юрисдикциясына таратуы; Халықаралық сипаттағы маңызды қылмыстарының бiрi халықаралық терроризм болып табылады. Латынша (terror - қорқыныш, шошытты ), келесi ерекшелiктермен бейнеленетiн: Қылмысқа дайындық бір мемлекетте өтеді, ал келесі мемлекетте қылмыс жүзеге асады. Бір мемлекетте қылмысты жүзеге асырған соң, тәжірбеде көп кездесетіндей қылмыскер басқа мемлекеттке тығылады. Есірткілерді тарату және сату адамзаттың өмірі мен бірге бөлек адамзаттың денсаулығына өте зиян болып келеді, мемлекеттің экономикасының әлсiретуiне, сыртқыэкономикалық байланыс, оның бейбiт iстестiгiне кері күшін әкеледі. Осы қылмыстың алдын-алуда халықаралық бірнеше конвенциялар қабылданыған болтын. Олар: 1961 жылғы есірткі заттары туралы ортақ конвенция; 1971 жығы психотроптық заттар туралы конвенция; 1988 жылғы БҰҰ-ның есірткіге және психотроптық заттарға қарсы конвенциясы Халықаралық сипаттағы қылмыс жалған ақша белгiлерiн жасау және оның таратуы болып табылады. Бұл қылмыстың жоюы үшiн көп мемлекеттердi күш қажеттi. 1929 жылы жалған ақша бергілерін жасау және оны тарату туралы конвенцияға қол қойылған болатын. Онда қол қойған барлық мемлекет өз атынан егер жалған ақша жасаған қылмыскерді ұстап беру туралы келіскен болатын. Халықаралық сипаттағы қылмыстың ең ауыр түрі адам саудасы болып табылады. Бұл қылмыс құл ретінде адамды, әйелдерді (жезөкшелiкке септеуi) және жас балаларды сатуды қамтиды. Халықаралық сипаттағы қылмыстарға сонымен бiрге ежелгi және орташа ғасыр кең таралған қарақшылық жатады. Дегенмен қарақшылық шабуылдар бiздiң күндер де болады. Қарақшылықпен БҰҰ-ның конвенциясына сәйкес : зорлық, ұстауда кез келген дұрыс емес акт немесе экипажбен немесе (өлiммен аяқталар аппарат) жеке меншiктi кеменiң жолаушыларымен дербес мақсаттармен жасалатын кез келген тонау; жоғарыда айтылған әрекеттердi жүзеге асыру мақсаттарындағы (ұшақ ) кеменi ерiктi қолданудағы кез келген акт; жоғарыда айтылған әрекеттердi iске асыруға азғырушылықпен немесе саналы жәрдемдесу болатын кез келген әрекет. 14.Құлдық және құл саудасы халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде Құлдық және құлдыққа сату – бүгінгі мәселеде кең орын алған актуалдық құбылыс барлық әлемде орын алып отыр. Бұл әрекет адам құқығының өрескел тәртібін бұзатыны анықтан айғақ. Қазіргі таңда осы қылмыс түріне әлемдегі барлық бірлестіктер қарсы тұруда. Құл саудасы – қазіргі кезде глобальды масштабтарды алып жатыр және адам саудасы аясында ежелден бастап дамыған формасы болып табылады. Көбіне қазіргі кездегі құл саудасының құрбандары – бұл әйел адамдары мен кәмелетке толмаған жас балалар болып табылады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметтеріне сәйкес, осыдан екі жыл бұрын, құлдыққа шамамен 700 000 адам сатылып, мемлекет шекарасынан асырылып жіберетіндігі туралы деректер бар. Адам құқығын қорғау Орталығының бақылауы бойынша, жыл сайын құлдыққа 4 млн. адам шамасында түседі [1, 293 б.]. Құл саудасының сақталуына және дамуына жанама себеп болып отырған – бұл адамзаттың экономикалық жағынан қарқынды дамуы мен глобализация процестері болып табылады. Көптеген елдерде, өнеркәсіп революциясы, ауыл адамдарының қалаға көшуіне және дәстүрлі қоғамдарының жойылуына себебін тигізді. Көбінесе жұмыс берушілердің арзан жұмыс күшіне қызығушылығы басым болады. Сондықтан олар тек адам құқықтарының қорғау заңдылықтары дамымаған елдерге көп көңілін бөледі. Осындай елдерде құлдық саудасы көп тарайды және құлдық саудасының түрлі жұмысқа күштеп салу сияқты формалары дами бастайды. Сонымен қатар, мемлекеттің түрлі қылмыс түрлерімен күресу жолдарын қарастырмайды. Ол да құлдық саудасының дамуына оң әсерін тигізеді. Негізінен, осы мәселеге бірден -бір қатысы бар 1926 ж. 25 қыркүйекте Женева қаласында қол қойылған «Құлдық туралы» конвенцияның 7-бабында адамды құлдыққа сату мақсатында ұстау, сату немесе айырбастау үшін басқа біреуге берудің, сондай – ақ еріксіздерді сатудың немесе алып кетудің кез келген көрінісі – құлдыққа салу саудасы деп түсіндірілген. [2] Соған орай Біріккен Ұлттар Ұйымы әйелдерді, балаларды және кәмелетке толмағандарды саудаға салумен күрес туралы халықаралық конвенцияның хаттамасын қабылдады. Конвенцияларда және аталған хаттамада әйелдерді жезөкшелікке салу және әйелдер мен балаларды сатумен шұғылданатын адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту және әр елдің әйелдер мен балаларды саудалайтын кәсіпқой саудагерлері туралы ақпарат беріп отыру көзделген. Бұған дәлел Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияда барлық адамдардың құқықтарының тең екендігі және адамдарды нәсілдік түр-түсі, жынысы, тілі, дінге көзқарасы, сондай – ақ саяси танымы бойынша қандай да болмасын кемсітушілікке тыйым салынатыны айтылған. Сондай-ақ, осы әмбебап құжаттың 4-бабында: «Ешкім құлдықта ұсталуға тиіс емес; құлдық және құлдыққа сату саудасының барлық түріне тыйым салынады» – деп белгіленген болатын [3, 3-4 бап]. 1926ж. 25 қыркүйектегі Женева қ. Құлдық туралы конвенцияда, «Құлдық» дегеніміз» – меншік құқығының атрибуттары немесе оларды кейбіреуі қолданылатын адамның жай күйі мен жағдайы деп белгілеген. Ал, «Құл саудасы» деп – қандай да болмасын адамды ұстап алуға, сатып алуға немесе оны құлға айналдыру мақсатында пайдалануға, сондай-ақ, осындай мақсатпен сатып алынған адамды сату немесе айырбастау жөніндегі барлық әрекеттер деп белгілеген [4, 1 бап]. Негізінен, адамның құлдыққа түскенін анықтау, үш критерий бойынша жүргізіледі: - құлдыққа түскен адамның қызметі – қорқыту, үрейлетумен бақыланады; - құлдыққа түскен адам белгілі бір жерде еріксіз және мәжбүрлі түрде қызметін атқарады, бірақ ол жағдайды өз еркімен өзгерте алмайды; - құлдық құрығындағы адам өз қызметі үшін төлемақысын төмен мөлшерде немесе тіпті мүлдем алмайды [5, 1б.] . Аталған осы анықтамаларға негізделетін болсақ, құлдық немесе құлдыққа сатуға байланысты қылмыстар – азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, жеке бас бостандығына және оларға ешкімнің тиіспеушілігіне қол сұғады. Қылмыстың бұл түрі, қылмыскерлердің пікірі бойынша, баюдың және басқа да құқыққа қайшы міндеттерді шешудің әлдеқайда тез әрі тиімді тәсілі болып табылады. Алайда, көрсетілген қылмыстардың өсу үрдісіне септігін тигізіп келе жатқан бұдан гөрі әлдеқайда терең себептер бар. Өкінішітісі сол, бұл себептер әлеуметтік – экономикалық, ал кейде тіпті саяси сипатқа ие болуда. Қоғамның байлар мен кедейлер болып әлеуметтік тұрмыстық ахуал жағынан жікке бөлінуі, кәсіпкерлер мен өзге де ауқатты адамдардың көбеюі және олардың кейде қылмыстық ортамен байланыста болуы өздерінің жемтікке айналуына әкеп соғады. Сонымен қатар, ұлттық-этностық негізге байланысты және билік өкілдері мен балаларды ұрлау оқиғаларын да осы келеңсіз құбылысқа жатқызамыз. Құлдыққа алу немесе құлдыққа сату туралы айтқанда, қылмыстық ортада материалдық сұраныстың белең алып, ұйымдасқан құрылымдардың белсене қалыптасып отырғанын, бизнестің алуан түрлі салаларына оның ықпал ету әсерінің арта түскенін және қылмыстық кәсіптің неғұрлым «тиімді» тәсілдерінің іздестіріліп жатқанын ескерусіз қалдыруға болмайды. Демек, мұның бәрі сайып келгенде, құлдық саудасы әрекетінің қоғамдық қауіптілік дәрежесінің артып, қылмыстық аясының кеңейе түсуі оған қарсы тосқауыл қоятын қолданыстағы заңды, жауаптылықты барынша қатаңдатуды қажет етеді 15. Халықаралық құқықтағы құлдықтың түсінігі. Құлдық және құлдыққа сату – бүгінгі мәселеде кең орын алған актуалдық құбылыс барлық әлемде орын алып отыр. Бұл әрекет адам құқығының өрескел тәртібін бұзатыны анықтан айғақ. Қазіргі таңда осы қылмыс түріне әлемдегі барлық бірлестіктер қарсы тұруда. Құл саудасы – қазіргі кезде глобальды масштабтарды алып жатыр және адам саудасы аясында ежелден бастап дамыған формасы болып табылады. Көбіне қазіргі кездегі құл саудасының құрбандары – бұл әйел адамдары мен кәмелетке толмаған жас балалар болып табылады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметтеріне сәйкес, осыдан екі жыл бұрын, құлдыққа шамамен 700 000 адам сатылып, мемлекет шекарасынан асырылып жіберетіндігі туралы деректер бар. Адам құқығын қорғау Орталығының бақылауы бойынша, жыл сайын құлдыққа 4 млн. адам шамасында түседі [1, 293 б.]. Құл саудасының сақталуына және дамуына жанама себеп болып отырған – бұл адамзаттың экономикалық жағынан қарқынды дамуы мен глобализация процестері болып табылады. Көптеген елдерде, өнеркәсіп революциясы, ауыл адамдарының қалаға көшуіне және дәстүрлі қоғамдарының жойылуына себебін тигізді. Көбінесе жұмыс берушілердің арзан жұмыс күшіне қызығушылығы басым болады. Сондықтан олар тек адам құқықтарының қорғау заңдылықтары дамымаған елдерге көп көңілін бөледі. Осындай елдерде құлдық саудасы көп тарайды және құлдық саудасының түрлі жұмысқа күштеп салу сияқты формалары дами бастайды. Сонымен қатар, мемлекеттің түрлі қылмыс түрлерімен күресу жолдарын қарастырмайды. Ол да құлдық саудасының дамуына оң әсерін тигізеді. Негізінен, осы мәселеге бірден -бір қатысы бар 1926 ж. 25 қыркүйекте Женева қаласында қол қойылған «Құлдық туралы» конвенцияның 7-бабында адамды құлдыққа сату мақсатында ұстау, сату немесе айырбастау үшін басқа біреуге берудің, сондай – ақ еріксіздерді сатудың немесе алып кетудің кез келген көрінісі – құлдыққа салу саудасы деп түсіндірілген. [2] Соған орай Біріккен Ұлттар Ұйымы әйелдерді, балаларды және кәмелетке толмағандарды саудаға салумен күрес туралы халықаралық конвенцияның хаттамасын қабылдады. Конвенцияларда және аталған хаттамада әйелдерді жезөкшелікке салу және әйелдер мен балаларды сатумен шұғылданатын адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту және әр елдің әйелдер мен балаларды саудалайтын кәсіпқой саудагерлері туралы ақпарат беріп отыру көзделген. Бұған дәлел Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияда барлық адамдардың құқықтарының тең екендігі және адамдарды нәсілдік түр-түсі, жынысы, тілі, дінге көзқарасы, сондай – ақ саяси танымы бойынша қандай да болмасын кемсітушілікке тыйым салынатыны айтылған. Сондай-ақ, осы әмбебап құжаттың 4-бабында: «Ешкім құлдықта ұсталуға тиіс емес; құлдық және құлдыққа сату саудасының барлық түріне тыйым салынады» – деп белгіленген болатын [3, 3-4 бап]. 1926ж. 25 қыркүйектегі Женева қ. Құлдық туралы конвенцияда, «Құлдық» дегеніміз» – меншік құқығының атрибуттары немесе оларды кейбіреуі қолданылатын адамның жай күйі мен жағдайы деп белгілеген. Ал, «Құл саудасы» деп – қандай да болмасын адамды ұстап алуға, сатып алуға немесе оны құлға айналдыру мақсатында пайдалануға, сондай-ақ, осындай мақсатпен сатып алынған адамды сату немесе айырбастау жөніндегі барлық әрекеттер деп белгілеген [4, 1 бап]. Негізінен, адамның құлдыққа түскенін анықтау, үш критерий бойынша жүргізіледі: - құлдыққа түскен адамның қызметі – қорқыту, үрейлетумен бақыланады; - құлдыққа түскен адам белгілі бір жерде еріксіз және мәжбүрлі түрде қызметін атқарады, бірақ ол жағдайды өз еркімен өзгерте алмайды; - құлдық құрығындағы адам өз қызметі үшін төлемақысын төмен мөлшерде немесе тіпті мүлдем алмайды [5, 1б.] . Аталған осы анықтамаларға негізделетін болсақ, құлдық немесе құлдыққа сатуға байланысты қылмыстар – азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, жеке бас бостандығына және оларға ешкімнің тиіспеушілігіне қол сұғады. Қылмыстың бұл түрі, қылмыскерлердің пікірі бойынша, баюдың және басқа да құқыққа қайшы міндеттерді шешудің әлдеқайда тез әрі тиімді тәсілі болып табылады. Алайда, көрсетілген қылмыстардың өсу үрдісіне септігін тигізіп келе жатқан бұдан гөрі әлдеқайда терең себептер бар. Өкінішітісі сол, бұл себептер әлеуметтік – экономикалық, ал кейде тіпті саяси сипатқа ие болуда. Қоғамның байлар мен кедейлер болып әлеуметтік тұрмыстық ахуал жағынан жікке бөлінуі, кәсіпкерлер мен өзге де ауқатты адамдардың көбеюі және олардың кейде қылмыстық ортамен байланыста болуы өздерінің жемтікке айналуына әкеп соғады. Сонымен қатар, ұлттық-этностық негізге байланысты және билік өкілдері мен балаларды ұрлау оқиғаларын да осы келеңсіз құбылысқа жатқызамыз. Құлдыққа алу немесе құлдыққа сату туралы айтқанда, қылмыстық ортада материалдық сұраныстың белең алып, ұйымдасқан құрылымдардың белсене қалыптасып отырғанын, бизнестің алуан түрлі салаларына оның ықпал ету әсерінің арта түскенін және қылмыстық кәсіптің неғұрлым «тиімді» тәсілдерінің іздестіріліп жатқанын ескерусіз қалдыруға болмайды. Демек, мұның бәрі сайып келгенде, құлдық саудасы әрекетінің қоғамдық қауіптілік дәрежесінің артып, қылмыстық аясының кеңейе түсуі оған қарсы тосқауыл қоятын қолданыстағы заңды, жауаптылықты барынша қатаңдатуды қажет етеді. 16.Құлдыққа ұқсас институттардың (жағдайлардың) және әдеттердің (обычай) түсінігі 1926 жылғы 25 қыркүйектегi Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы және 1956 жылғы 7 қыркүйектегi Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 ақпанда заңы қабылданды. Бұл заңның I тарауында « Құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптар» туралы жазылған. Осы Конвенцияға қатысушы Мемлекеттердiң әрқайсысы, 1926 жылғы 25 қыркүйекте Женевада қол қойылған Құлдық туралы конвенцияның 1-бабындағы, құлдық анықтамасымен қамтылуына немесе қамтылмауына қарамастан олар әлi бар жерде төмендегi институттар мен әдет-ғұрыптарды бiртiндеп және мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде: а) борыш кiрiптарлығы, егер орындалатын жұмыстың белгiленетiн тиiстi құндылығы қарыздың өтелуiне есептелмесе немесе бұл жұмыстың ұзақтығы шектелмесе және оның сипаты анықталмаса, яғни борышкер өзiнiң жеке еңбегiнiң не оған тәуелдi адамның еңбегiнiң борышын қамтамасыз ету үшiн кепiлге беру салдарынан туындайтын ахуал мен жағдайды; b) жердi пайдаланудың мұндай түрi, яғни пайдаланушы заң, әдет-ғұрып немесе келiсiм бойынша басқа адамға тиесiлi жерде өмiр сүруге және жұмыс iстеуге және осындай басқа адам үшiн белгiлi бiр жұмысты сыйақы үшiн немесе онсыз орындауға мiндеттi, өзiнiң осы жағдайды өзгерте алмайтын басыбайлы жағдайды; с) мыналарды: i) өз тарапынан бас тарту құқығы жоқ әйелдi оның әке-шешесi, қамқоршысы, отбасы немесе кез-келген басқа адам немесе адамдар тобы ақшалай не табиғи болмысымен сыйақы төлеу үшiн күйеуге беруге уәде беретiн немесе күйеуге беретiнi; ii) әйелдiң күйеуi, оның отбасы немесе оның рулық қауымы сыйақы төлеу үшiн немесе өзге де амалмен оны басқа адамға беруге құқылы; немесе iii) ерi қайтыс болған әйелдi басқа адамға мұра бойынша беретiн күшi бар кез-келген институтты немесе әдет-ғұрыпты; d) кез-келген институт пен әдет-ғұрыптардың күшiне сай он сегiз жастан кiшi баланы немесе жасөспiрiмдi өзiнiң әке-шешесiнiң бiреуi не екеуi де немесе оның қамқоршысы осы баланы немесе жасөспiрiмдi не оның еңбегiн пайдалану мақсатында сыйақы үшiн немесе онсыз басқа адамға бере алатын күшi бар кез-келген институтты немесе әдет-ғұрыпты толық жоюды немесе таратуды қамтамасыз ету үшiн барлық мүмкiн және қажеттi заңнамалық және өзге де шараларды қабылдайды. Ал 2-бабында Конвенцияға қатысушы мемлекеттер ең кiшi некелiк үйлесiмдi жасты анықтауды және өкiлеттi азаматтық лауазымды адамның немесе дiн басының көзiнше екi тараптың да некелесуге келiсiмдерiн еркiн айтуын қамтамасыз ететiн тәртiптiң орнатылуын көтермелеуге мiндеттенедi. 17.Мемлекеттердің құлдық және құл саудасымен күрес саласындағы халықаралық міндеттемелері Тәуелсіз, дербес мемлекет санайтын әр елдің бұл салаға айрықша мұқият болып, өз азаматтарының мүддесін қорғауда қырағылық танытып отырған жөн. Күнделікті ақпараттарды парақтаған кезде «із түссіз жоғалып кетті» деген хабарларға еріксіз көңіл аударып, шынында бұл жандар қайда жүруі мүмкін деген ойға ораласың. Трафик немесе адам сату аясында «құлдыққа» мәжбүрлеп пайдалану - біздің топырағымызға, ұлттық дінімізге мүлдем жат, жан түршіктірер ұғым. Құлдық және құлдыққа сату – бүгінгі мәселеде кең орын алған актуалдық құбылыс барлық әлемде орын алып отыр. Бұл әрекет адам құқығының өрескел тәртібін бұзатыны анықтан айғақ. Қазіргі таңда осы қылмыс түріне әлемдегі барлық бірлестіктер қарсы тұруда. Құл саудасы - қазіргі кезде глобальды масштабтарды алып жатыр және адам саудасы аясында ежелден бастап дамыған формасы болып табылады. Көбіне қазіргі кездегі құл саудасының құрбандары – бұл әйел адамдары мен кәмелетке толмаған жас балалар болып табылады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметтеріне сәйкес, осыдан екі жыл бұрын, құлдыққа шамамен 700 000 адам сатылып, мемлекет шекарасынан асырылып жіберетіндігі туралы деректер бар. Адам құқығын қорғау Орталығының бақылауы бойынша, жыл сайын құлдыққа 4 млн. адам шамасында түседі Негізінен, осы мәселеге бірден -бір қатысы бар 1926 ж. 25 қыркүйекте Женева қаласында қол қойылған «Құлдық туралы» конвенцияның 7-бабында адамды құлдыққа сату мақсатында ұстау, сату немесе айырбастау үшін басқа біреуге берудің, сондай - ақ еріксіздерді сатудың немесе алып кетудің кез келген көрінісі - құлдыққа салу саудасы деп түсіндірілген. Соған орай Біріккен Ұлттар Ұйымы әйелдерді, балаларды және кәмелетке толмағандарды саудаға салумен күрес туралы халықаралық конвенцияның хаттамасын қабылдады. Конвенцияларда және аталған хаттамада әйелдерді жезөкшелікке салу және әйелдер мен балаларды сатумен шұғылданатын адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту және әр елдің әйелдер мен балаларды саудалайтын кәсіпқой саудагерлері туралы ақпарат беріп отыру көзделген. Негізінен, адамның құлдыққа түскенін анықтау, үш критерий бойынша жүргізіледі: - құлдыққа түскен адамның қызметі - қорқыту, үрейлетумен бақыланады; - құлдыққа түскен адам белгілі бір жерде еріксіз және мәжбүрлі түрде қызметін атқарады, бірақ ол жағдайды өз еркімен өзгерте алмайды; - құлдық құрығындағы адам өз қызметі үшін төлемақысын төмен мөлшерде немесе тіпті мүлдем алмайды 18.Құлдықпен күреске байланысты ҚР заңнамасы 1926 жылғы 25 қыркүйектегi Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы және 1956 жылғы 7 қыркүйектегi Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 ақпанда заңы қабылданды. Құлдық – адамзат тарихындағы қанаудың дөрекі түрі. Құлдық алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болды. Алғашқыда соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған кедейлер құлға айналдырылды. Кейіннен құл саудасы кеңінен өріс алды. Құлдықтың классикалық үлгісі ежелгі Вавилонда, Египетте, Грекияда, Римде болды. 5 ғасырдан бастап құл еңбегі маңызын жоя бастады. 16 ғасырда Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дамып, жаңадан ашылған жерлерді жаппай отарлау нәтижесінде құлдық қайта өріс алды. Мылтық пен зеңбіректің күшімен еуропалықтар Америка, Азия, Африка құрлықтарының көптеген халықтарын еріксіз құлға айналдырды. Құлдық, әсіресе, Америкада кең етек жайды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген негрлердің еңбегін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп Америка және Африка материктері арасында құл саудасы басталды. Құлдыққа және құл саудасына қарсы көтерілістер жиі болып, зиялы қауым арасында наразылық қозғалысы пайда болды. 18 ғасырдың аяғында Францияда революция жеңіске жеткеннен кейін француз отарларында құлдыққа және құл саудасына тыйым салынғанымен, жергілікті жерлерде бұл шешім көп уақытқа дейін орындалмады. 1807 жылы ағылшын өкіметі де осындай шешім қабылдап, 1826 жылдан кейін ғана толық жүзеге асыруға қол жеткізді. 19 ғасырдың ортасына қарай АҚШ-та құлдыққа қарсы қоғамдық пікір күрт күшейді. Нәтижесінде 1861 – 65 жылдары елде құлдық жойылған солтүстік штаттар мен құл еңбегін пайдаланатын оңтүстік штаттар арасында азамат соғысы басталды. Соғыста солтүстік штаттар жеңіске жетіп, АҚШ-та құлдық толық жойылды. Осыдан кейін Америка құрлығының басқа да елдерінде құлдық пен құл саудасына тыйым салына бастады. Орта ғасырларда шығыс елдерінде (Египет, Сирия, т.б.) көшпелі тайпалардан (түркілер, кавказдықтар, арабтар, т.б.) әкелінген құлдар әскери қызметке кеңінен тартылды. Бұл елдерде әскери құлдардың көптеп жиналуы нәтижесінде олар бірте-бірте алдымен әскери, кейіннен саяси билікті өз қолдарына алды. Дәстүрлі қазақ қоғамында да құлдықтың кейбір белгілері сақталды. Мысалы, соғыс тұтқындары құлға айналдырылды, бірақ мұнда ежелгі Грекия, Египет, Рим елдеріндегі сияқты құлдықтың классикалық үлгісі болған жоқ. Көшпелі тұрмыста құл еңбегі тиімсіз болды. Сондықтан қазақ қоғамы құлдарды ерікті қауым мүшелері ретінде ұстауға тырысты. Нәтижесінде олар қазақ қоғамына сіңісіп кетті. 19 ғасырда Қазақстан толығымен Ресей отарына айналып, сыртқы соғыстар тоқтатылғаннан кейін құлдық мүлдем жойылды. 19 ғасырда Еуропа мен Америкада құлдыққа қарсы басталған күрес 20 ғасырда жалғасын тауып, халықаралық мәселеге айналды. 1926 жылы 40 мемлекет құлдыққа тыйым салу жөніндегі Женева конвенциясына қол қойды. 1948 жылы БҰҰ қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы құлдық пен құл саудасының барлық түріне тыйым салды. 1956 жылы 59 мемлекет өкілдері қатысқан Женева конференциясы құлдықты, құл саудасын, құлдыққа жақын әдет-ғұрыптар мен институттарды жою жөнінде қосымша конвенция қабылдады 19.Қазіргі замандағы есірткінің заңсыз айналымы түсінігі мен сипаты Есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту – есірткі қаупімен күресте қажетті шара Қанша өкінішті болса да өмірде атауынан қасірет сезіліп тұратын сөздер бар. Осындай сөздер бүгінгі күні қайғы-қасіреттің, қорқыныштың, азап пен ішкі шарасыздықтың белгісіндей болып отыр. «Нашақорлық» - осы сөздердің бірі. Біз бұл қасіреттің кез-келген үйдің басына келетіні жөніндегі шындықты мойындап, оған әрқайсымыздың жеке трагедиямыз ретінде қарауымыз қажет. «Нашақорлық» - бұл миллиондаған ата-аналар мен балалардың көз жасы, бұл шаңырағы шайқалған отбасылар мен алданған үміттер, тәлкекке түскен тағдырлар мен керексіз қалған таланттар. Бүгінгі күні Республикамыздың денсаулық сақтау органдарының есебінде ресми түрде 55 мың есірткі тұтынушы тіркелген, олардың 29 мыңы – 30 жасқа дейінгі жастар, 4 мыңнан астамы – 14 пен 17 жас аралығындағы жеткіншектер. 2004 – 2008 жылдар кезеңінде есірткіні мөлшерден артық пайдаланудан қайтыс болғандар саны 2696 адамға жетті, олардың 7-еуі кәмелетке толмағандар болса, ал 90 % - бұл жастар. Есірткімен байланысты қылмыстылық күннен-күнге трансұлттық сипаттағы ұйымдасқан қауіпті формада қалыптасуда. Соңғы жылдары елімізде есірткінің заңсыз айналымының тұрақты өсу тенденциясы байқалады. Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жылда – 50 мың 479 есірткімен байланысты қылмыстарды анықтады, нәтижесінде заңсыз айналымнан 122 тонна 961 кг есірткі құралдары, оның ішінде 3 тонна 800 кг опиаттар тәркіленді. Соңғы 10 жыл ішіндегі Қазақстандағы есірткі ахуалына жасалған талдау республикада оның тұрақты келеңсіз серпінге ие айтарлықтай асқынуымен сипатталатындығын көрсетеді. Қазіргі кезде Орталық Азия өңірі әр алуан шығу түрлері мен нысандардағы есірткілердің экспансиясына ұдайы ұшырап отыр. Оның негізгі себептері: 1) есірткі қаупінің көзі болып табылатын мемлекеттерге тікелей жақындығы, Еуропаға есірткі құралдарын контрабандалық жеткізу үшін географиялық жағынан қолайлы орналасуы және кеңейіп келе жатқан транзиттік мүмкіндіктер; 2) шекараларының ұзындығы, посткеңестік елдермен шекаралас учаскелерде демаркациялық жұмыстардың аяқталмауы және соған байланысты олардың сырттан есірткінің енуінен жеткілікті түрде қорғалмауы; 3) Ауғанстанда есірткі заттарын өндірудің одан әрі өсуі, есірткі зертханаларының елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД) тікелей шектесетін солтүстік провинцияларына көшірілуі және құрылуы; 4) Еуропадан келетін синтетикалық есірткілер контрабандасы көлемінің ұлғаюы болып отыр. 20.Есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы халықаралық келісімдер Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 шілдедегі N 662 Қазақстан Республикасының Заңы бар. Яғни бұл Әзірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы айтылған. Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, зірбайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы Қазақстан аумағымен есірткі жолдарының өтуі республикада есірткіге тәуелді азаматтар санының көбеюіне айтарлықтай ықпал етеді. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың есірткі бизнесін бақылауға алуға ұмтылысына байланысты Қазақстанға есірткіні әкелудің, олардың транзиттік жөнелту көлемінің одан әрі ұлғаятынын, сондай-ақ ірі әкелу-әкету пункттерінің құрылуын болжауға болады. Осыған орай елде қылмыстық қызметке тартылатын азаматтар санының ұлғаю мүмкіндігі артады. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемалары айқын халықаралық сипатқа ие, осыған байланысты тек қана мемлекеттік деңгейде шешілуі мүмкін емес. Қазақстан есірткіге қарсы қызметтегі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. Бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен шарттар жасалды. ТМД мемлекеттерімен қатар АҚШ, Канада, Еуропалық Одақ елдері осы саладағы біздің дәстүрлі әріптестерімізге айналды. Мұның алдындағы Стратегия мен оны орындау үшін қабылданған бағдарламалық құжаттардың нәтижелерін талдау барлық жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалғанын дәлелдейді. Қазақстанда есірткінің айналымы саласында бірыңғай және теңестірілген мемлекеттік саясат қалыптасты және іске асырылуда, елдегі есірткі ахуалының дамуына мемлекеттік және әлеуметтік бақылау орнатылды. Оны тұрақсыздандыруға және оның Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің жай-күйіне, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына теріс ықпал етуін шектеуге қол жеткізілді. Солай бола тұра, проблема өткірлігі бәсеңдер емес, оған бір-бірімен өзара байланысты бірқатар факторлар әсер етеді, олардың бірі біздің еліміз арқылы есірткі, ең алдымен Ауғанстанда жасалған есірткі трафигінің күшеюі болып табылады. Ауғанстанмен шекаралас өңірлерде есірткіге қарсы белдеу ұру жөніндегі құқық қорғау шаралары кешенін іске асыруды шұғыл қолға алу қажеттілігі барған сайын артып отыр. Сонымен бірге есірткі бизнесіне қарсы уәкілетті мемлекеттік органдар қолданып отырған кешенді іс-қимыл шаралары қалыптасқан жағдайға толық барабар емес, есірткіге тәуелділіктің алдын алу, есірткіге тәуелділерді емдеу және кейіннен оңалту проблемасы тиісті деңгейде шешілмейді. Осыған орай және қалыптасқан жағдайға жедел ден қойып, нашақорлықтың бастапқы алдын алу жөнінде қажетті шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ретіндегі құқықтық мәртебесін дамыту мен жетілдіруге ерекше назар аудару қажет болады 21.Есірткі бизнесімен күрестің негізгі тенденциялары Халықаралық тәжірибеде есірткі қылмысымен күресте қатаң қылмыстық шаралар қолданылуда. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа елдерде осы қылмыс үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген. Есірткі саудасы үшін өлім жазасы Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Таиландтың заңнамаларында қарастырылған. Президент өзінің «Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайларының жақсаруы» атты халыққа жолдауында : «Есірткіні тасымалдау мен тарату үшін белгіленетін жазаны қатаңдату қажет… Есірткі – бұл айрықша жойғыш күш және бұл жерде гуманизм принциптерінің қаншалықты қолданылуы үлкен мәселе. Таразының бір басында – есірткіні әкеліп, тарататын адамның өмірі, ал екінші басында – сол адамның «көмегімен» қиылған есірткі пайдаланушылырдың өмірлері ». Осыған байланысты 2008 жылғы 27 маусымда «Есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енді. Алайда осы заңдағы жазалардың қатаңдатылуымен қатар, есірткі қылмыстарын анықтаудың тиімділігін арттыру үшін оларды ашуға көмек көрсеткен тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату қарастырылған. Бүгінгі таңда ойын-сауық орындарында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы уақытта «клуб есірткілерін» (экстази, ЛСД), сондай-ақ көпшілік демалыс орындарында таратуға арналған марихуананы тәркілеу фактілерінің жиілеуі ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің «Лауазымды тұлғаның немесе ойын-сауық мекемесінің иесі (бұл – ойын мекемелері, түнгі клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, интернет-кафелер, компьютерлік, бильярд, боулинг, кинотеатр және басқа да ойын-сауық, спорттық бағыттағы), сондай-ақ білім беру ұйымдары есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу немесе пайдаланудың жолын кесу үшін шаралар қабылдамағаны үшін» 319 бабы заңнамамен қатаңдатылды. Жаңа заң бойынша есірткі заттарды тұтынудың жолын кесу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда міндетті түрде айыппұл мөлшеріне қарамастан мекеменің қызметіне тыйым салынады немесе тоқтатылады 22.Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа ҚР қатысу мәселелері ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Дәлелхан САБУРОВПЕН әңгіме.–Дәлелхан Камалбекұлы, қылмыстық іс бойынша заттай айғақ болып табылатын есірткі құралдары мен психотропты заттарды жою тәр­тібін бекіту туралы Үкімет қаулысы 1 желтоқ­сан­нан бастап заңды күшіне енді. Осы қау­лының қабылдану себебі туралы не айтар едіңіз?–Бұл қаулы ағымдағы жылдың маусы­мында қол қойылған заңсыз есірткі айналымы саласындағы жауаптылықты күшейту туралы заң нормаларын орындау үшін қабылданды. Қылмыстық процессуалдық кодекс сот органдарының қарауына дейін заттай айғақ болып табылатын есірткіні, одан аз мөлшерде үлгі ала отырып, жою мүмкіндігі туралы нормалармен толықтырылды.Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарының сақтау камераларында 32 тонна, оның ішінде полиция органдарында 26 тоннадан астам есірткі заттары бар. Бұл өз кезегінде есірткі мөлшерін азайтуға, сақтау және күзетуге байланысты шығыстарды төмендетуге жағдай жасап, сондай-ақ алынған есірткінің “екінші айналымға” кетуіне мүмкіндік бермейді.Біз алынған есірткіні сот шешімін күтпес­тен жою қажеттігі туралы мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келдік. Себебі сот шешімі жылдар бойы созылып, ал заттай айғақтар сақтау камераларында ұзақ жатып қалады. Түптеп келгенде, есірткіге қатысты шешім біреу, яғни оны жою қажет.Бұл жерде есірткінің бағасы мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы туралы да дүбара ой туындайды. Байқасаңыз, біз өзіміз “екінші айналым” үшін жағдай жа­сап отырғандаймыз. Осыған байланысты атал­ған заңнамаға алынған есірткіні соттың қарау­ы­на дейін жою туралы нормалар енгізілді. Со­нымен бірге, егер қажеттілік туған жағдайда қай­та және қосымша сараптама жасау үшін әр пар­тиядан жеткілікті мөлшерде үлгілер алынады.– Ол үлгілердің мөлшері қандай болмақ?– Ол есірткінің түріне байланысты және ес­ірткі туралы заңда бекітілген аса ірі мөлшер­дегі көлемге тең болады. Бұл героин, морфий және кокаин үшін 1 грамды, апиын үшін 100 грамды, гашиш үшін 200 грамды, марихуана үшін 1 килоны құрайды. Аса ауыр есірткі­лер­дің ірі партиясы деп 100-200 грамм немесе 5-10 кило героинді айтуға болады. Ал марихуа­наны біз оннан жүз килоға дейінгі көлемде аламыз.– Жаңа тәртіпке сәйкес жою рәсімі қалай өтеді?Бұл рәсімнің қағидалары өзгермейтін болады. Қазіргі кезде сот шешімі, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе қысқарту туралы қаулы заңды күшіне енгеннен кейін заттай айғақ ретіндегі есірткіні комиссия арқылы жою механизмі қалыптасқан.Енді есірткіні заңсыз айналымнан алып, сараптама жүргізгеннен кейін, тергеуші үлгілерді алу туралы қаулы шығарады және ол міндетті түрде прокурормен келісіледі. Куәлердің қатысуы және бейнежазба қолдану арқылы үлгілерді алғаннан кейін, есірткінің қалған бөлігі жойылады. Жою рәсіміне комиссия мүшеле­рінен басқа мүдделі тараптардың, сондай-ақ қоғам мен баспасөз өкілдері қатыса алады.– Бұл жаңалықтың халықаралық келісімдерге сәйкестігі қандай, бұл орайда шетел тәжірибесі қарастырылды ма?– Әрине, бұл тәртіпті әзірлеу кезінде БҰҰ Конвенциясы, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшелерінің ұсынымдары мен баяндамалары пайдаланылды. Мысалы, Қазақстан 1998 жылы маусымда ратификациялаған Есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы БҰҰ Конвен­циясында тараптардың заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдары мен психотропты заттарды дереу жою немесе заңды мақсатта пайдалану үшін, сондай-ақ мұндай заттардың айғақ ретінде қажетті мөлшерін пайдалануға мүмкіндік беруді қамтамасыз ету үшін шара қабылдай алатыны туралы нақты көрсетілген.Осы мәселе бойынша БҰҰ аясында есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсор­ларды сотқа дейін жою жөнінде сарапшылар кеңесі шақырылды және бірқатар ұсыныстар әзірленді. Осылайша есірткі құралдары шартты түрде үш санатқа бөлінді. Әрбір санатқа қатысты оларды жоюдың немесе іске жаратудың мүмкін тәсілдеріне байланысты қауіпсіздік, эколо­гиялық және шығыс факторлары талданды.Заңсыз айналымнан алынған есірткіге оның құрамының ластануына қатысты сараптама жасау экономикалық тиімсіз болатыны ескеріле отырып, оларды өртеу тиімді деп шешілді. Сонымен қатар, БҰҰ-ның бірқатар нұсқау­лықтарында ел үкіметтеріне алынған есірткіні заңды саудалаудан бас тарту қажеттігі көрсе­тілген. Керісінше, прекурсорларды заңды айна­лымға шығаруға немесе сатуға рұқсат беріледі, себебі олар әртүрлі өндірістерде кеңінен қолданылады.Осы ұсынымдарды ескере отырып, біз Қыл­мыстық процессуалдық кодекске толықтырулар әзірледік және онда тек есірткі құралдары мен психотропты заттар ғана емес, прекурсорлар да ескерілді. Мұндай нормалар көптеген елдердің заңнамаларында бар.– Қазіргі уақытта комитет есірткіге қарсы заңдарды жетілдіру, нашақорлықпен күрес бағытында тағы қандай жұмыстар атқаруда?– Бұл тұрғыда көптеген жұмыстар жүргі­зіліп жатыр. Олар туралы баспасөзде жүйелі жарияланып тұратындықтан көп тоқталмай-ақ қояйын. Тек маңызды проблемаларды шешу үшін нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге байланысты қызметі­міздің екі бағытын айта кетсем деймін.Бірінші мәселе, Шу алқабындағы қара сораны өнеркәсіптік өндіруді ұйымдастыру заңсыз айналымға қарсы күрестің бірден-бір тиімді шарасы болмақ. 2002 жылы “Құрамында есірткі бар өсімдіктерді өндірістік өндіру бойынша өнеркәсіптер кешенін құру туралы” Үкіметтің қаулысы қабылданды. Қаулы Шу алқабындағы жабайы қара сораны биопластик, медициналық дәрі-дәрмектер, парфюмерия, қағаз және құрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалану жөніндегі іс-шараларды жос­парлады. Алайда, осы жобаны негізгі орындау­шы Германия тарапының бас тартуынан кейін зауыт құрылысы мүлдем басталмай қалды.2007 жылы біз осы істі қайта бастау жө­нінде Үкімет алдында мәселе көтердік. Индус­трия және сауда министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әр түрлі жо­ба­ларды қарастырдық, нәтижесінде “XELO­RІA” қазақстандық компаниясының ұсынысы қолдау тапты. Ағымдағы жылдың 30 мамы­рын­да жоғарыда көрсетілген қаулыға тиісті өз­герістер енгізілді. Қазіргі кезде фармацев­тикалық шикізатты өндіруді ұйымдастыру жөнінен дайындық жұмыстары басталды.Екінші мәселе – жастар арасында есірткіні теріс пайдалануды анықтау тетігін құру. Біздің ойымызша, осы саладағы тиімді шаралардың бірі – ағзадағы биологиялық сұйықтыққа тест жүргізу. Есірткіге тәуелділікті бастапқы кезде анықтау оң шара қабылдауға және білім беру мекемелерінде есірткіні теріс пайдаланушылар деңгейін төмендетуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, тест жүргізу жасөспірім үшін күшті психологиялық фактор болып табылады әрі есірткі пайдаланушылардың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды анықтауға, оқу орындарында есірткіге тәуелділіктің алдын алу жөнінен іс-шаралар өткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса беретін болады. 23. Психотроптық заттардың заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрестің түсінігі мен манызы (конв күресу туралы 1988) Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 221-құжат Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) бөлшек сауда - дәрiгердің рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату; 2) есiрткiлер - есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде жiктелген, оларды терiс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтыңденсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар; 3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар; 4) есiрткi және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттерi жағынан I, II, III кестелерге енгiзiлген заттарға ұқсас, елiртетiн, күйзелтетiн немесе жалған елес күйiне түсiретiн химиялық құрылымы мен қасиеттерi бар, оларды терiс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшiн қауiптi және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде бекiтiлмеген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар; 5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етілген белгiлі бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етілген және бақылау жасалатын қызмет түрлері; 7) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган; 8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзілуi; 9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардыңбасқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы; 10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы; 11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс; 12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу; 13) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану; 14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсіліне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардыңорнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер; 15) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi - тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны; 16) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитi - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке үшiншi мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлуi; 17) есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдалану (есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есiрткi немесе психотроптық заттарды дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну; 18) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргенi анықталған шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшілік не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын (шағын, iрi, өте iрi) мөлшердегi белгiленген түрлерiнiң тiзбесi (2-қосымша); 19) көтерме сауда - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың iрi топтарын сату; 20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi (бұдан былай - Тiзiм) - халықаралық Конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесi (1-қосымша); 21) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi өсiру - апиын көкнәрi мен сораны (каннабистi), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзілген, құрамында есiрткi бар басқа да өсiмдiктердi егу және өсiру; 22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi жинау - халықаралықКонвенцияларға сәйкес Тiзiмге енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау; 23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi - заңда белгiленген тәртiппен наркологиялық көмек көрсететiн мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлiмшелер немесе кабинеттер); 24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерiктi түрде емделуден жалтарған не есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу; 25) медициналық куәландыру - есiрткiден мастану күйiн анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру; 26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерiнiң медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң белгiлеулерi мен ұсынымдарын орындамауы; 27) медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны терiске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру; 28) нашақорлық - организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есiрткi немесе психотроптықзаттарға не сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру; 29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есiрткi, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi, белгiленген тәртiппен медициналық мекеме "нашақорлық" деген диагноз қойған адам; 30) өз еркiмен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есiрткiге шектен тыс салынудан науқастыңөзiнiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен емдеу; 31) прекурсорлар - есiрткi және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде БҰҰ-ның Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген заттар; 32) препарат - Тiзiмге енгiзiлген, құрамында бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегi қоспа; 33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар; 34) уәкілеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар; 35) уытқұмарлық - есiрткi және психотроптық заттардың әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актілер мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтiн дәрілік препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану. 24.Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстар мен халықаралық құқықтық күрес Банктік қызметпен заңсыз айналасу.Банктік қызметті тіркеуден өткізбеу н/е рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз н/е лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру.Қылмыстың объектісі ақша несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық қатынастарға қол сұғу б.т.Объективті жағынан қылмыс құрамы мынадай бірнеше,жеке дара әрекеттермен сипатталады:банктік қызметті тіркеуден өткізбеу;міндетті рұқсат алуды сақтамау;банктік қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру;көрсетілген әрекеттер ұйымға,мем/ке ірі зиян келтіру н/е ірі мөлшерде табыс табумен б/ты болуы б.т.Субъективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады.Айыпты адам өзінің банктік қызметті тіркеусіз н/е арнайы рұқсат керек бола тұрауынсыз жасап отырғанын н/е лицензиялау шартын бұзғандығын,өзінің іс әрекеті нәтижесінде азаматтарға,ұйымдарға н/е мем/ке ірі зиян келуі мүмкін екендігін не қалайда келетіндігін н/е өз іс әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен ұштасатынын біледі,сол қылмыстық салдардың болуын қалайды.Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі жасы 16 ға толған,есі дұрыс адам. 25.Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырумен (легализация) халықаралық құқықтық күрес Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыру сауда экономикасы бар елдерде кең таралған. Бұл қылмыстардың механизмі өте күрделі. Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырудың халықаралықжолдары: наркобизнес, контрабанда, рэкет, сыбайлас жемқорлық, жалған ақша, тонау, ақшаларды тасымалдау және басқа да қылмыстарды заңдастыру төрт түрде жүзеге асырылады: Әр түрлі тұлғалардың әр түрлі банктерге қылмыстық жолмен түскен ақшаларды салуы (он мың доллардан аспайтын), Кариб банкі және офшорлы зоналарға салық жұмағы – Кариб банкіне ақша аудару.Банктер арасындағы фиктивті (жасырын) операциялар жүрг. Фиктивті операциялар ақшаның анықталып шықпауының мақсатында жасалады. Шетелдік танымал банкке жалған фирма атынан ақша аудару. Бұл қылмыстар отмывание, выявление қылмыстық істерден түскен пайданы тәркілеу туралы 1990жылғы Страсбург конвенциясына сай халықаралық қылмыстар қатарына қосылған. Осы конвенцияға қатысушы мемлекеттер өзіне іздестіру заңдарын, заңсыз түскен пайдаларды тәркілеу, банк қызметкерлерінің салымшылар жайлы ақпараттарды жариялау және пайдалануы, орынсыз түскен ақшаларды қылмыс ретінде тануға немесе жариялауға міндеткерлік алды. Мемлекеттер құқық қорғау органдарның қызметкерлеріне ақпараттарды алуға қарауға құқықтарын заңнамамен бекітіп банк операцияларын бақылап қылмыстарды уақытында анықтауға мүмкіндіктер жасады. Демограф ақсақалымыз Мақаш Тәтімов жезөкшелікті заңдастыру керек дейді. Бірақ, бұл мәселеге демографиялық тұрғыдан қарар болсақ, жезөкшеліктің жайылуы халықтың өсіміне зиянын тигізуде. Өйткені, жезөкшелікті кәсіп ететін қыз-келіншектеріміз тұрмысқа шықпайды және өмірге бала әкелмейді. Оның үстіне олар түрлі ауруларды тасымалдаушылар болып табылады. «Жезөкшелік пен сыбайлас жемқорлық бір анадан туғандай егіз», «Ең ежелгі кәсіпті ешкім жеңбеген және жеңе алмайды» деген сияқты алыпқашпа сөздер де ел арасында қазір бедел алып барады. Жезөкшелік Батыс елдерін XX-ғасырда әбден мезі еткен соң, заңды түрде легализация жасалып, мысалы, Францияның астанасы Парижде «публичный дом» «секс-шоп» деген жаңа атпен жұмыс жасауға кірісті. Тіпті, Голландия мен Амстердамда 2000 жылдан бастап, көпшілік жиналған жерлерде, аз мөлшерде алкоголь мен наркотикті тұтынуға рұқсат етілді. Жынысын өзгертіп отау құрып жатқан жандар қаншама. Бірақ, оларға бала асырап алуға рұқсат жоқ. Кейбір еуропалықтардың бала туып, оны асырау - ойына да кіріп шықпайды. Ал, жезөкшелікке қарсы күрес біздің елде жалғасын тауып жатыр. Бірақ, заң қызметкерлері қанша жерден жол жиегіндегі түнгі көбелектерді ұстап, жеңгетайлардың қолын қайырып түрмеге жапса да «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалуда. Бүгін бір притон жабылса, ертесінде екі-үш жерде ашылады. Осыдан кейін күресіп көріңіз. Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметтерге қарағанда, бір Алматы қаласында 10 мыңға жуық жезөкше тіркелген. Алайда бұл нақты цифр емес. Әр күн сайын Алматыда 2000-ға жуық жезөкше көшеге шығады екен. Ол аз десеңіз, 200-ге жуық притон мен 150-ге тарта (сауна) хауызда қыздар ақшаға сатылады. 18 ақпан күні полиция қызметкерлері рейд ұйымдастырды, соның нәтижесінде қаладағы барлық көңіл көтеру, демалыс орындары тексеріліп, қыздарды құлдықта ұстап, тәнін сататын сутенерлерді тұтқындап, астыртын жұмыс істеп жатқан притондарды ашты. «Stop трафик» барысында 150 қыз ұсталып, кәмелет жасқа толмаған қыздарды сату фактілері бойынша 10 қылмыстық іс, притон ұстау фактісі бойыша 5 қылмыстық іс қозғалды, ұсталған қыздардың 99%-ы жұқпалы ауру тарататындар екендігі анықталды. Ауруды олар ең әуелі еркектерге жұқтырады емес пе? Қысқасы бізде жеңіл жүрісті қыздардың саны азаяр емес. Олардың жасырын жолмен жұмыс істеуге көшкені құпияның бояуын қалыңдата түсуде. Көше торыған бикештер бір күнде қонақүйлер мен сауналарға қоныс аударды. Сонымен қатар «түнгі көбелектердің» көбірек шоғырланатын жері - түнгі клубтар және шетелдіктер, қалталы азаматтар бас сұғатын мейрамханалар. Сондай-ақ ірі ойын-сауық нысандарында (әсіресе, жұма-сенбі күндері) жүретін қыздарды бірнеше топқа бөлуге болады. Олардың ең арзаны - көше жезөкшелері. Арзан жезөкшелердің бір сағаты 2-3 мың теңге, қонақүйлер мен түнгі клубтардарға баратындардың бағасы 4-6 мың теңге, газеттерге хабарландыру беріп «жұмыс істейтіндердің» «құны» 100-200 доллардан жоғары. Арам пиғылға немесе жаман әрекетке барған жанның әңгімесі, әрине, жағымды әсер қалдыра қоймас. Десек те бұл біздің қоғамның көлеңкелі жағы. Күнгей бар жерде көлеңке де болады. Бір мезгіл көлеңкелі тұсымызды зерделеп қойғанымыздың артықтығы бола қоймас. 26. Заңсыз қаржылық операциялармен халықаралық құқықтық күрес Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің дамуы Жалпы дүниежүзінде жемқорлық әлемдік масштабтарға ие болды. Сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге БҰҰ, Еуропа Одағы, Еуропа Кеңесі, Америка мемлекеттерінің ұйымы, сонымен қатар, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы қосылады. Тарихи дамудың қазіргі кезеңінде жемқорлықтың трансұлттылығы бүкіл қоғамдастық қауіпсіздігі үшін төндіретін қауіпті бейтараптандыру үшін халықаралық деңгейде жаһандық шаралар қабылдауды талап етеді. Халықаралық жемқорлыққа қарсы мыналарға бағытталған құқықтық, саяси, ұйымдастырушы шаралар кешені ретінде стратегия қажет: 1) қоғамдық жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру; 2) жемқорлықтың зияны туралы хабардарлықты көтеру; 3) жемқорлық құқық бұзушылықтарды сыныптаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету, заң құзыреті әділет параметрлерін унификациялау; 4) жемқорлық әрекеттерді айқындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оның алдымен қаржы саласында ашықтық атмосферасын жасау. Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әр түрлі халықаралық ұйымдардың халықаралық -құқықтық актілеріне бағытталған. Жемқорлық мәселесіне Біріккен Ұлттар Ұйымы үлкен көңіл бөледі. Әлемдік құбылыс ретінде жемқорлыққа қарсы бағытталған бірнеше декларация мен конвенциялар қабылданғанын төменде байқауға болады. 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенциясын қабылдады.30 Конвецияның жағымды жақтары көп, бірақ та Конвенцияда қарастырылған сыбайлас жемқорлықпен күресудің көптеген шараларына қарамастан, оларды орындау құқық бұзушыға деген тиісті санкциялармен қамтамасыз етілмеген. БҰҰ қарамағында құрылған ұйымдар жемқорлыққа қарсы құралдарды жасауда белсенді қызмет атқарады. Халықаралық қылмысты алдын алу орталығы, Біріккен Ұлттар Хатшылығының қылмысты алдын алу және нашақорлықты қадағалайтын басқарма аймақ аралық қылмыс бойынша Біріккен Ұлттар Институтымен бірге «Жемқорлыққа қарсы әлемдік бағдарламаны» жасады. Шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының 1997 жылғы 21 қарашада қабылданған және коммерциялық іс-әрекет жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп жариялау мәселесіне арналған «Халықаралық іскери операцияларды жүргізу барысында шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының парақорлығымен күресу жөнінде» Конвенция. Бұл конвенция коммерциялық ортада салауатты бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі.31 ЭЫДҰ сипатталған құқықтық бастамасының маңыздылығы үш кезеңмен анықталады. Біріншіден, ол Солтүстік және Оңтүстік елдерге сыбайластық төлемдердің ағылып келуін қысқартады. Бұл тиісті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру үшін және сауда-саттықтың әділ жағдайларын сақтау үшін қолайлы ахуал жасауға тікелей септігін тигізеді. Екіншіден, ол жаһандық масштабта басқару нормаларын дайындау үшін үлгі бола алады.32 Еуропа Одағы 1995 жылы «Өзінің қаржы мүддесін қорғайтын Конвенцияны» қабылдады. Осы құжатқа қосымша ретінде 1997 жылы Еуропа Одағы «Еуропа қоғамы және осы қоғамдардың мүше-мемлекеттерінің лауазымды адамдары кірген жемқорлыққа қарсы күрес туралы Конвенция. 27. Теңіздегі кеме жұргізу саласындағы терроризммен қүрес Халықаралық теңiз құқығы, жалпы, халықаралық құқықтың органикалық бөлiгi болып табылады: субъектілер, қайнар көздер, қағидалар, келiсiмдер құқығы, жауапкершiлiк туралы халықаралық құқық ұйғарымдары негiзге алынады, сонымен бiрге халықаралық құқықтың басқа салаларымен тығыз байланыста және өзара әрекеттеседi(халықаралықәуеқұқығы,халықаралық ғарыш құқығы және т.б.).Әрине, халықаралық құқық субъектілері әлемдiк мұхитта халықаралық құқықтың басқа субъектілері құқықтары мен мiндеттерiн қозғайтын іс-қимыл кезінде халықаралық теңiз құқығы нормалары және қағидаларына сәйкес ғана емес, сонымен бiрге халықаралық бейбітшілік пен қауiпсiздiкті сақтау, халықаралық ынтымақтастық пен түсiнiстікті дамыту мақсатында БҰҰ Жарғысын қоса алғанда, халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына сай әрекет ету керек. 1982 ж. 10 желтоқсандағы теңіз құқығы бойынша БҰҰ Конвенциясы. Оның мазмұнында мыналар анықталған: - қарақшылықтың жолын кесу бойынша ынтымақтастықтың міндеттілігі; - қарақшылықтың анықтамасы; - экипажы бүлік көтерген әскери кораблдермен, мемлекеттік су кемелерімен немесе мемлекеттік ұшатын аппараттармен жасалатын қарақшылық әрекеттер;- қарақшылар кемесінің немесе қарақшылық ұшатын аппараттардың анықтамасы; - қарақшылар кемесінің немесе қарақшылық ұшатын аппараттардың ұлтқа жататындығы сақтау немесе жоғалтуы; - қарақшылар кемесін немесе қарақшылық ұшатын аппараттарды басып алу; - жеткілікті негіздерсіз басып алу үшін жауаптылық;- қарақшыларды басып алуға өкілетті болатын кемелер мен ұшатын аппараттар; - есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз сауда-саттық; - тінту жасауға құқық; - ізін суытпай іздестіру құқығы. Сонымен қоса Теңіз құқығы бойынша өткізілген БҰҰ-ның ІІІ конференциясы және 1982 ж. әзірленген Конвенция осы қағиданың негізі болды. Алғаш рет ғылыми зерттеулер еркіндігі ашық теңіз еркіндігінің бірі болып табылатыны белгіленді. Ол – әрбір мемлкеттің өзінің географиялық жағдайына қарамастан, құзіретті халықаралық ұйымдардың ғылыми зерттеулер мен іздестірулер жүргізе алатынын білдірді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]