Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шет елдерді салы жйес2222.docx
Скачиваний:
49
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
116.05 Кб
Скачать

1 Шет мемлекеттердің салық жүйелерінің ерекшеліктері

1.1 Шет мемлекеттердің салық жүйелерінің қалыптасуы мен даму эволюциясы

Әрбір ел салық жүйесінің өз түрлерін бар, кейде бір - бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Оның ерекше «ұлттық тұлға « Германия, АҚШ, Жапония, Франция салық жүйесі бар Швеция, Ұлыбритания. Бұл таңуға, дәстүрлер түсіндіріледі сандық және сапалық сипаттамалары туралы белгі, сондай-ақ белгілі бір әлеуметтік-экономикалық ахуал және бұл міндеттерге сәйкес белгілі бір уақыт кезеңінде салық жүйесін шешеді. Дегенмен салық жүйелер барлық елдерге ортақ белгілері.

Қазiргi мемлекеттердiң көптеген жақтары Ежелгi Римде пайда болды. Рим провинцияларында ең негiзгi табыс көзi жер салығы болды. Оның орташа ставкасы жер учаскесi табысының оннан бiр бөлiгiн құрады. Салық салудың негiзгi формалары да қолданылған, мысалы жемiс ағаштары және жүзiмнiң көлемiне салынатын салық.  Басқа да құндылықтарға салық салынатын қозғалмайтын мүлiк, тiрi инвентарь (iрi қара мал, сондай-ақ құлдар), құндылықтар.  Провинцияның әрбiр тұрғыны бәрiне ортақ жанбасылық салықты төлеуi керек болды. Келесiдей жанама салықтар әрекет еттi: айналымнан салық 1% ставка бойынша құл сату-сатып алу айналымына салынатын салық 4% ставка бойынша және құлдарды босату салығы, олардың құнына 5 % бойынша.  Мұраға салынатын салық тек Рим тұрғындарына ғана салынады. Салық мақсатты сипатта болды. Алынған қаржылар мамандандырылған әскердi зейнетақымен қамтамасыз ету үшiн жұмсалған.  ХlХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында адам қоғамында iрi қалалар үлкен рөл атқара бастады. Сол iрi қалалардың табыстары неден құралды? Мысалы: Мәскеу қаласындағы 1890-1891 жж. салықтық тұсiмдер барлық табыстардың 60 %-тiн қамтамасыз еттi. Ал егерде негiзгi кәсiпорындар мен қалалық ғимараттың алымдарын қосатын болсақ, онда ол барлық табыстың 70-75 % құрайды. Тiкелей салықтар барлық табыстың 57% құрады. Тiкелей салықтардың iшiндегi ең негiзгiсi қозғалмайтын мүлiкке салынатын салық болды. Айтылған кезең аралығында ол 9% ставка бойынша алынды. 1890 жылы салықтың бұл түрі 4,14 млн. тiкелей салықтардың iшiнен 2,3 млн.руб. болды.

Бұл өсiм салық ставкасының жоғарлауын немесе қозғалмайтын мүлiктiң тез өсуiне емес, Мәскеу қалалық басқармасындағы қозғалмайтын мүлiктi қайта бағалауға байланысты болды [3].  Дамыған мемлекеттерде капиталға және меншiкке салық салу келесi салық топтары арқылы жүзеге асырылады: жеке әлауқат салығы, мұрагерлiкке және сыйға салық салынатын, капитал өсiмiн салық, мүлiктiк нақтылай тұрлерiне салынатын салық (жерге, құрылысқа).  Мұрагерлiктен салық – бұл мұраға алу құқығы бойынша жаңа иегерге өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын және жылжымайтын). Сыйға салынатын салық – бұл меншiк иесiнен екiншiсiне сый түрінде өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын немесе жылжымайтын).  Көптеген елдерде салықтың бұл тұрлерi жеке –жеке әрекет етедi, ал кейбiр мемлекеттерде мұрагерлiкке және сыйға салынатын салық бiр салық ретiнде қарастырылған. Бiрақ, бiрiншi жағдайда салықтар ереже бойынша жалпы нормалармен реттеледi және салық ставкалары мен салық салынатын соманы анықтау тәртiбi бiрдей [12].  Барлық дамыған мемлекеттерде мұрагерлiк және сыйға салынатын салық орталық (федералды) денгейде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттерде мұрагерлiкке және сыйға салық салу ставкалары күрделi прогрессия бойынша қалыптасады. Мұрагерлер мен сый алушылар туыстық денгейiне байланысты топтарға бөлiнедi (I-тiкелей мұрагер, II-ерлi-зайыптылар, III- ағалары мен қарындастары, iнi, әпкелерi, IV-алыс туысқандары және тағы да басқа). Әрбiр топқа салық ставкаларының жүйесi белгiленген. Салықтық класқа салық салу сомасы көлемi де тәуелдi. 

Жапонияның салық салу жүйесі Америка Құрама Штаттарынан және Батыс Еуропалық елдерден арнайы ерекшеліктері бар: Жапонияда мемлекетік және жергілікті салықтар әрекет етеді. Мұндағы салық үсімдерінің 64%-ы мемлекеттік салықтар, ал қалған бөлігін жергілікті салықтар құрайды. Кейін салық құралдарының едәуір бөлігі Жапонияның мемлекеттік бюджетіне мемлекеттік салықтарын жергілікті бюджетке аудару арқылы қайта бөлініске түседі. Елде өзінің жеке дара бюджеті бар 3.045 қала, ауыл, аймақтарды біріктіретін 47 префектура бар. Салық бөлінісі олардың жиналуының айналы көрінісі болып табылады: қаржы ресурстарының 64 %-ы жергілікті құралдар секілді, ал қалған құралдар жалпы мемлекеттік қызметті жүзеге асыруды қамтуға арналады.  Жапонияның салық жүйесі Америка Құрама Штаттары және Еуропаның салық жүйесі секілді салық санының көлігімен ерекшелінеді. Мемлекеттік салықтың әрбір түрі заңмен реттеледі. Жергілікті салықтар туралы заң олардың түрлерін және шекті ставкаларын анықтайды, ал бекітулерді жергілікті парламент жүзеге асырады. Елде мемлекеттік салықтардың саны-30. Оларды 3 ірі топ бойынша жіктеуге болады:  1-ші топ- заңды және жеке тұлғаға тікелей табыс салықтары 2-ші топ- мүлікке салықтар 3-ші топ- тікелей және жанама тұтыну салықтары.  Бюджетгің негізін тікелей салықтар құрайды. Мемлекетке ең жоғарғы табысты жеке және жанды тұлғалардан табыс салықтары құрайды. Ол салықтық түсімдердің 50%-нан жоғары. Жеке тұлғалар мемлекетке табыс салығын 5 салық ставкасы бар прогрессивті шкала бойынша тәлейді: 10%, 20%, 30%, 40%, 50%. Сонымен қатар 3 салық ставкасы бар префектуралы табыс салығы бар: 5%,10%,15%. Осыған қосымша әрбір тұлға табыс мөлшеріне байланысыз 1 тұрғын басына жылына 3.200 -нен мөлшерінде салық тәлейді.  Токио тұрғындарының орташа жылдық табысы 90 жыддары 7.100-7.500 -мың нан құрады. Жапонияның басқа префектурасыңда ол айтарлықтай төмен. Орташа төлемді тұлғада табыстың 30%-нан көбі табыс салығына босалады. Жапонияның салық саясаты жергілікті орган үкіметінің қаржысын нақтылауды қарастырады: префектуралар, қала, аймақ, ауыл және т.б.1995 жылы жергілікті басқару органдарының жалпы табысы 80, 41 трлн. иен немесе жергілікті бюджет табыс бөлігінің 41,6 %-н құрайды. Жалпы мемлекеттік салықтардан аударым 14,33 трлн иен немесе 17,8%-н құрады.  Мемлекет жергілікті органдарға жалпы ұлттық шараларды жүргізу үшін 10,65 трлн нен немесе 13,2 %-зы шамасында дотадия бөлді. Қалған 20,3 трлн мен салықтық емес түсімдердің соммасы.  Жергілікті салықтардың құрылымына келетін болсақ, 1995 жылғы көрсеткіштері бойынша жергілікті салықтардың жалпы соммасынан ( 33,45 трлн нен) 18,8 трлн нен немесе 56,2 %-зы табыс салығына тиесілі. 31,4%-зы, яғни 10,49 трлн нен мүлік салығы, 12,4 %-зы немесе 4,16 трлн нен-тұтыну салғы. Жалпы мемлекеттік салықтардың өзара қатынасы басқаша, бірақ жалпы теңдендиялары бір. Мемлекеттің табыс салығы — 56,5%-ды, мүлік салығы- 25%-ды, тұтыну салығы-18,5 %-ды құрады [8].  1998 жылы Жапонияның мемлекеттік салықтар соммасы 61 трлн 157 млрд-қа дейін көбейді, соның ішінде 933 млрд мен кеден жинақтары есебінен.  Олардың үлестік салмағы өзгермейді, себебі бір мезетте жергілікті салықтардың салмағы да өсті. Жапонияның салық жүйесінің 19-ғасырдың өзіндей қалыптасты.