Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕ КУРСТЫ ЖМЫС.doc
Скачиваний:
35
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
948.22 Кб
Скачать

Қорытынды

Сонымен, кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Кәсіпорын табысы өндірісіне шығындар тәуелді болады. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Өнім өндірісіне шығындар- ол тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.

Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.

Өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді.

Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Кәсіпорын өнімді толық өзіндік құнмен сатады, өткізеді. Неғұрлым өзіндік құн төмен болса, соғұрлым өндіріс тиімділігі жоғары болады.

Кәсіпорынның өндіріетін әрбір өнімнің толық өзіндік құнын біле отырып, сатып алушыға осы өнімнің өткізілу бағасын немесе құнын анықтауға болады. Өзіндік құнды азайтудың ерекше мәні бар, ол пайданы молайтудың басты көзі.

Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.

Қолданылған әдебиеттер

1.В.К.Родостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Родостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», 2003 ж., Алматы;

2.В.Л.Назарова, М.С.Жапарханова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова «Басқару есебі», 2005 ж., Алматы;

3.Кондратьева Н.С Основы управленческого учета: Учебное пособие.-М: Финансы и статистика, 2000

4.Нидзи Б., Андерсон Х., Колдуэлл Д. Принципы бухгалтерского учета.-М.:Финансы и статистика, 1993

5 Пашигорова Г.И., САвченко О.С Системы управленческого учета и анализа.- СПб: Питер,2002

6.Николаева О.,Шишкова Т. Управленческий учет: Учебник.- М.: УРСС,2001

7.Николаева С.А.Управленческий учет:Пособие для подготовки к квалификационному экзамену на аттестат профессионалного бухгалтера.-М.:ИПБ-БИНФА,2002.

8.Ткач В.И., Ткач М.В Управленческий учет: международный опыт.-М.: Финансы и статистика, 1994.

9. Шевченко Н.Г. Управленческий учет.Управление персаналом.-М.,2001

25