Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 7 ККС.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
78.85 Кб
Скачать

7.2. Ққс есептеу мен төлеу механизмінің құрылу ерекшеліктері

Күнтізбелік тоқсан ққс бойынша есепті салық кезеңі болып табылады.

Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.

Декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері табыс етіледі, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.

Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.

ҚҚС бойынша есепке жатқызу, Шот-фактура

Шот-фактура барлық ққс төлеушілер үшін міндетті қүжат болып табылады.

ҚҚС салынатын тауарлар өткізуді жүзеге асыратын ққс төлеуші аталған тауарларды алушы тұлғаға ққс көрсетілген шот-фактураны беруге міндетті.

ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:

1/ шот-фактураның реттік номірі мен толтырылған күні;

2/ тауарларды беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы, мекен-жайы және тіркеу номірі, сондай-ақ өнім берушінің ққс бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;

3/ откізілетін тауарлардың атауы;

4/ салық салынатын айналымның мөлшері;

5/ ққс ставкасы;

6/ ққс ескерілген тауарлар құны көрсетуге тиіс.

Шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазылады жөне берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің, не осыған уәкілетті өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырады. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауардың әрбір атауы бойынша болек көрсетіледі. (Сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша тауар өткізу жағдайларын). Тауарлар құны және ққс сомасы шот-фактурада ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі.

Шот-фактураны рәсімдеу мынадай жағдайларда:

1/ бухгалтерлік есеп жүргізуде негіздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетілген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айрылысуды жүзеге асырғанда;

2/ жолаушыларды тасымалдау жол билеттерімен рәсімдегенде;

3/ қолма-қол есеп айрылысу арқылы халыққа тауарларды өткізген жағдайда, сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін берген кезде;

4/ ққс-нан босатылатын тауарлар табыс еткен кезде талап етілмейді.