Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Лекция 8 Акциздер

.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
103.94 Кб
Скачать

Лекция 8. Жанама салықтар: акциздер

    1. Акциздердің экономикалық мазмұны және олардың жанама салықтар жүйесіндегі рөлі

2. ҚР-нда акцизді есептеу механизмі

1с. Акциздердің экономикалық мазмұны және олардың жанама салықтар жүйесіндегі рөлі

Жанама салықтардың бір түрі акциз салығы болып табылады. Ол 2009 жылы мемлекеттік бюджет кірісінің небәрі 1,7 пайызын ғана құрады.

Акциз латынның "ассiido" деген сөзі, кесіп алу, кесіп тастау деген мағынаны білдіреді, яғни тұтынудың бір бөлігін "кесіп алады". Мемлекет акциздерді қазыналық кірісті молайту үшін, жекелеген тауарлар түрлерін пайдалануды шектеу үшін және осы мақсатты үйлестіру үшін енгізеді.

Акциз – тауардың бағасына енгізілетін және сатып алушы төлейтін жеке жанама салық болып табылады және кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне еш ықпал етпейді, себебі салықтың ақырғы төлеушісі болып акцизделетін тауардың тұтынушысы табылады. Акцизделетін тауарлар тізіміне бірінші қажеттіліктегі өнімдер болып табылмайтын тауарлар енгізілген (алкогольді өнімдер, темекі бұйымдары, жеңіл көліктер және т.б.), яғни акциздер ерекше қасиеттеріне қарай бағасы монополиялы түрде жоғары және сұранысы тұрақты тауарларға салынады. Сондай-ақ тауар өндірушілер алған үстеме пайданы мемлекеттік бюджеттің кірісіне алу үшін жоғары рентабельді (сән-салтанат) тауарларына салынады.

Акциз тек тауарларға ғана емес, сол сияқты кейбір қызмет түрлеріне салынады, бұл жағдайда салық тарифке енеді. Акциз Қазақстан Республикасында өндірілген және оның аумағына импортталған акцизделетін тауарларға және ойын бизнесі мен лотерея ұйымдастыру мен өткізуге салынады. Акциздің басқа жанама салықтардан ерекшелігі сол, ол жоғары табысы бар тұлғаларға салынады.

Әйтсе де, акцизді тек «байлардың салығы» деп атауымыз дұрыс емес, себебі темекі өнімдерін, алкогольдік ішімдіктерді тек ауқатты адамдар ғана тұтынбайды, екіншіден акциз белгілі бір қызметтерге де салынады. Сондай-ақ, элиталы тауарлардың барлығы акцизделетін тауар болып табылмайды.

Бүгінде Қазақстанда акцизделетін тауарлар мен қызметтің келесі түрлері қолданылады:

- спирттің барлық түрлері;

- алкоголь өнімі;

- темекі бұйымдары;

- құрамындағы этил спиртінің 0,5 проценттен аспайтын сыра;

- бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;

- жеңіл автокөліктер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);

- шикі мұнай, газ конденсаты.

Акциздерді сипаттай келе, олардың қалыптасуы мен мемлекетпен алынуы түрлі нысанда жүргізіледі:

- шикізат бойынша – тек дайын өнім бір шикізаттан дайындалған жағдайда ғана қолданылады;

- жартылай фабрикаттар (дүмбілдәм) бойынша – технологиялық процестің дамуына байланысты, дайын өнім әртүрлі шикізаттан өндірілгендіктен, шикізаттан емес жартылай фабрикаттан салық алынады;

- жабдықтың қуатына қарай – акциз алудың барынша прогрессивті нысаны, себебі салық пайдаланылатын жабдықтың қуатының есебіне байланысты;

- дайын өнім бойынша – салық тауардың әрбір түрлері (сән-салтанат бұйымдары, аяқ киім, мата және т.б.) бойынша бөлек белгіленеді.

Мыналар:

  • ҚР аумағына акцизделетін тауарлар шығаратын;

  • акцизделетін тауарларды ҚР кедендік аумағына импорттайтын;

  • ҚР аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;

  • егер ҚР заңдарына сәйкес бұрын ҚР аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және ҚР аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;

  • ҚР аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.

Акцизделетін тауарлардың саны мен көлемі жыл өткен сайын ықшамдалып келеді.

Акциздер халыққа арналған жоғары рентабельді өнімдер мен тауарларға белгіленеді. Акциз алынатын тауарларға, әдетте, мынадай ортақ белгілер тән: оларға деген сұраныс халық табысының деңгейіне тікелей байланысты емес.

Мемлекет бұл салықтарды сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін, сол сияқты мемлекеттік бюджетті толтыру үшін пайдаланады.

Акциз ставкаларын ҚР Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолютті сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған (100%) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады. Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін. Ойын бизнесі обьектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғарғы және ең төмен шектерін ҚР-ның Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді. Жергілікті өкілді органдар шегінде қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.

ҚР-ның кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайтылған тәртіппен өткізетін акцизделетін тауарларға акциз ставкалары тауар құнына пайызбен (адвалорлық) және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді және жиынтық кедендік төлем құрамына қосылуы мүмкін, ал оның мөлшері ҚР-ның кеден заңдарына сәйкес айқындалады.

Кесте 8.1. Акциз салығының ставкалары

Тауардың атауы

Салық базасы (салық салу объектісі)

Өндірілетін тауарларға арналған акциз ставкалары

Әкелінетін тауарларға арналған акциз ставкалары

1

2

3

4

1.

80 айн. % немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатураттал-маған этил спирті; этиль спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімін, емдік және фармецевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)

физ.көлемі

600 теңге/л

3 ЕВРО/л

2.

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

физ.көлемі

0,1 теңге/л

3,75 ЕВРО/л

100% спирт

3.

80 көлемдік проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатураттал-маған этил спирті (алкоголь өнімін, емдік және фармецевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін спирттен басқа)

физ.көлемі

100% спирт

75 теңге/л

0,3 ЕВРО/л

4.

80 көлемдік %-дан төмен спирт концентрациясы бар денатураттал-маған этил спирті; этиль спирті және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын кез-келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері

физ.көлемі

60 теңге/л

100% спирт

0,4 ЕВРО/л

100%спирт

5.

Алкоголь өнімдері коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

физ.көлемі

500 теңге/л

100% спирт

4,25 евро/л

100%спирт

6.

Отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди

физ.көлемі

170 теңге/л

100% спирт

3,3 евро/л

100%спирт

7.

Коньяктар, бренди (отандық өндірістің коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

физ.көлемі

325 теңге/л

100% спирт

4,25 евро/л

100%спирт

8.

Шараптар

физ.көлемі

35 теңге/л

0,4 евро/л

9.

Шарап материалдары (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан басқа)

физ.көлемі

170 теңге/л

0,4 евро/л

10.

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалдары

физ.көлемі

20 теңге/л

0,4 евро/л

11.

Сыра

физ.көлемі

26 теңге/л

0,4 евро/л

12.

Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра

физ.көлемі

0 теңге/л

0,2 евро/л

13.

Фильтрлі сигареттер

физ.көлемі

1000теңге/ 1000 дана

2 евро/

1000 дана

14.

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

физ.көлемі

600теңге/ 1000 дана

2 евро/

1000 дана

15.

Сигариллдер

физ.көлемі

1200 теңге/

1000дана

5 евро/кг

16.

Сигарлар

физ. көлемі

95 теңге/

дана

17.

Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, хорхорлы және өзге де темекі

физ. көлемі

1220 теңге/кг

18.

Шикі мұнай, табиғи газ конденсаты

физ.көлемі

0

0

19.

Двигателінің көлемі 3000 текше см-ден жоғары жеңіл автомобиьдер

кедендік құны, немесе двигателінің көлемі

100 теңге/текше см

10 пайыз, бірақ 0,5 евро/текшее см-ден кем емес

Кесте 8.2. ҚР аумағында өндірілетін бензинді (авиациялықтан басқа) және дизель отынын, көтерме және бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар сататын бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынына арналған акциз ставкалары

Тауарлардың атауы

1 тоннаға акциз ставкалары (теңгемен)

Бензин

Дизель отыны

Өндірушілердің өзі өндірген бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтерме саудада сатуы

4500

540

Заңды және жеке тұлғалардың бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын көтере саудада сатуы

0

0

Өндірушілердің бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы

5000

600

Заңды және жеке тұлғалардың бензин (авиациялықтан басқа) мен дизель отынын бөлшек саудада сатуы,өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы

500 (немесе литріне

0,37 теңге)

60 (немесе литріне 0,05 теңге)

Импорт

4500

540

Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға және акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу.

Мыналар салық салу обьектісі болып табылады:

1) акциз төлеушінің өзі жасап шығарған, өндірген және ыдысқа құйылған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынандай операциялары:

- акцизделетін тауарларды өткізуі;

- акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беруі;

- алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

- жарғылық капиталға жарнасы;

- заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;

- тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

- тауар өндірушілердің жасап шығарған, өндірген және ыдысқа құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) тәркіленген немесе иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;

7) акцизделетін тауарлардың, акциздік маркалардың бүлінуі, жоғалуы;

Салық базасы.

Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді. Спирттің барлық түріне әр түрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.

Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді. Осы ережелер емдік және фармацевтік дәрі–дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.

Кесте 8.3. Бюджетке төленуге жататын акцизді есептеу

Акцизделетін тауарлар мен операциялар түрлері

Евромен берілген тұрлаулы ставкалар

Пайызбен берілген адволорлық ставкалар

1. Отандық акцизделетін тауарларды өткізу

А=(сатылатын тауарлар саны *евромен немесе теңгемен берілген ставка) *тауарды тиеген күнгі ұлттық банктің курсы

А= өткізілетін тауарлар бағасы (Акциздіесептегенде)*% ставка \ 100%

2. Акцизделетін тауарлар импорты

А=(жеткізілетін тауарлар саны *евро немесе берілген)* кедендік төлемдерді төлеген күнгі ұлттық банктің курсы

А=жеткізілген тауардың кедендік құны*процент ставка\100%

Акцизделетін тауарларды маркалау Қазақстан аумағында осы тауарды өндірмей өткізілуі және жасырын түрде желінуін болдырмау және акциздің толық жиналуын қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Сондықтан маркалау үрдісін жауапкершіліктен осы акцизден тауарды өңдеуден және импортқа жүктеледі.

Импорттық акцизделетін тауарға салық салудың тәртібі.

Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарды ҚР-ның кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импорттық акцизделетін тауардың заттай күйіндегі физикалық көлемі ретінде белгіленеді.

Адволорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық салынатын база импорттық акцизделетін тауардың ҚР-ның кеден заңдарына сәйкес айқындайтын кедендік құн ретінде айқындалады.

Жеке тұлғалардың ҚР Үкіметі бекіткен нормалар бойынша импорттық акцизделетін мынадай тауарға акциз төленбейді.

Кесте 8.4. Акцизделетін тауарлардың кеден шекарасынан бір адамға шаққанда ҚР Үкіметі бекіткен алып өту нормасы

Атауы

1 адамға шаққандағы алып өту нормасы

1) Сыра

2) Шарап өнімдері, шампан

3) Темекі өнімдері

4) Бензин

5) Дизель отыны

5 л

5 л

1000 дана

100 л

150 л

Төмендегі көрсетілген импорттайтын тауарлар акциз төлеуден босатылады.

  1. Жол бойы бағытында және аралық аялдама бекетінде, халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшін қажет, аварияны жою үшін шетелден сатып алынған акцизделетін тауарлар.

  2. ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілуге дейін бүліну салдарынан бұйым және материал ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалған тауарлар

  3. Шетелдік депломаттық және оларға теңестірілген өкілдердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктің депломаттық және әкімшілік техникалық қызметкерлердің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда жеке пайдалану үшін әкелінген және ҚР қатысушысы болып табылады.

  4. Сыйымдылығы 0,1 л. аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және ҚР заң актілеріне сәйкес тіркелген құрамында спирті бар, медициналық мақсаттағы өнім, акциз төлеуден босатылады.

2с. ҚР-нда акцизді есептеу механизмі

Акциз сомасын есептеу – белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Акцизделетін тауарларға акциз есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей бюджетке аударылуға жатады.

Акцизге қатысты күнтізбелік ай-салық кезеңі болып табылады.

Әрбір салық кезеңі аяқталған соң салық кезеңдерінен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей салық төлеуші өзі тіркелген жері бойынша салық органдарына акциз жөніндегі декларация табыс етуге міндетті.

Импортталатын тауарларға акциздер ҚР кеден заңдарында кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.