
- •Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Жанатаев қ.А.
- •Анатомиялық, гистологиялық терминология бөлiмi
- •Латын алфавитi
- •Дыбыстардың жiктелуi
- •Дауысты дыбыстар мен дауыссыз j (йота)-ның оқылуы /монофтонгтар
- •Дифтонгтар
- •Дауыссыз дыбыстардың оқылуы
- •Қосарланған әрiптердiң оқылуы
- •Диграфтар оқылуы
- •V. Дифтонгтардың оқылуына көңiл бөлiңдер.
- •VII. Диграфтар мен әрiптер қосылыстарының оқылуына көңiл бөлiңдер.
- •IX. Сөздердi латын әрiптерiмен жазыңдер.
- •Жаңа сөздер Зат есiмдер
- •Екпiндi қою ережесi
- •Анатомиялық терминдердiң құрылымы
- •1. Зат есiмнiң сөздiк формасы
- •2. Зат есiмнiң жiктелуiн анықтау
- •I. Сөздердiң жалғауларына қарап қай жiктеу түрiне жататынын анықтаңдер.
- •II. Сөйлемдердi аударып, әр сөздiң сөздiк формасын атаңдер.
- •Зат есiмдердiң сөздiк формасы
- •Сөздiк формасы.
- •Сын есiмдердiң екi тобы
- •Сын есiмдердiң жiктелуi
- •IV. Сөздiк формасын аяқтаңдар.
- •V. Аударып, әр сөздiң сөздiк формасын анықтап, схемасын сызыңдар.
- •VI.Gen.Sing – iлiк септiгiне қойып, сөздердi аударыңдар.
- •VII. Аударып, схемасын сызыңдар.
- •Жаңа сөздер
- •II топтағы сын есiмдер
- •Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары
- •Салыстырмалы шырайдың сөздiк формасы
- •Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдердiң жiктелуi
- •Жаңа сөздер
- •Сын есiмдердiң зат есiмдер қатарына көшуi (субстантивация)
- •Жаттығулар
- •1. Сөйлемдердi аударып, схемасын сызыңдар.
- •2. Сөйлемдердi аударып, схемасын сызыңдар.
- •Жаңа сөздер
- •I жiктеудегi зат есiмдер
- •II жiктеудегi зат есiмдер
- •III жiктеудегi зат есiмдер
- •I топ сын есiмдер
- •II топ сын есiмдер
- •6 Сабақ
- •III. Сөздiк формасын аяқтаңдар.
- •Зат есiмнiң 3-жiктеуi
- •III жiктеудегi зат есiмнiң тегiн анықтау туралы жалпы мәлiмет
- •Бұлшық еттердiң қимылына қарай атаулары
- •Қызметiне қарай берiлген мына бұлшық ет атауларын есте сақтаңдар
- •II. Зат есiмдi сын есiмдермен байланыстырыңдар.
- •Ережеге бағынбайтын зат есiмдер:
- •Жаттығулар
- •I. Берiлген терминдердi латын тiлiне аудараңдар:
- •II. Берiлген терминдердi қазақ тiлiне аударыңдар.
- •III. Сөйлемдердi аударып, схемасын сызыңдар.
- •3 Жiктеу n тегiндегi зат есiмдер:
- •Жаттығулар
- •Жаттығулар
- •VI. Берiлген зат есiмнiң атау септiгi көпше түрiн жасаңыз.
- •VII. Берiлген сын есiмнiң атау септiгi көпше түрiн жасаңыз.
- •VIII. Зат есiмдердi сын есiмдермен байланыстырыңыз.
- •IX. Қазақ тiлiне аударыңыз.
- •Зат есiмдер мен сын есiмдер сөздiк формасы
- •Жаттығулар
- •III. Аударыңдар
- •Жаттығулар
- •Жаңа сөздер
- •I. Сөйлемдердi аударыңыз.
- •II. Сөйлемдердi аударыңыз,
- •III. Аударып атау септiгi көпше түрiне қойыңыз
- •IV. Аударып iлiк септiгi көпше түрiне қойыңыз
- •V. Жазбаша аударыңыз,
- •Сөз құрылымына қарай талдау. Сөз тудырушы жәнеқұралған негiз.
- •Грек - латын терминоэлементтерi
- •Сөз құрау тәсiлдерi
- •Жұрнақтандыру
- •Зат есiмдер және сын есiмдер жұрнақтары
- •Сын есiм жұрнақтары
- •Жаңа сөздер
- •Ерiктi және ерiксiз термино элементтер
- •Сөз құраудың кейбiр ерекшелiктерi
- •Сөз құраушы негiздердiң варианттығы.
- •Клиникалық терминология
- •Дене бөлiктерiн, ағзалардың атауларын бiлдеретiн грек-латын сөздерi
- •Iлiм, ғылым зерттеу диагностикасы тәсiлi, емдеу, ауру атауларын бiлдiретiн грек тэ
- •Ossis, iass, ismus, oma жұрнақтары
- •Ұлпалар мен мүшелердiң патологиялық өзгерiстерiн бiлдiретiн грек терминоэлементтерi
- •Күрделi сөздердi қысқарту
- •Мүшелер мен тiндер атаулары бiлдiретiн грек-латын терминдерi:
- •Грек – латын префикстерi
- •Бiлдiретiн дара терминоэлементтер:
- •I. Терминоэлементтер мағынасын түсiндiрiңіз.
- •II. Аударыңдар.
- •Клиникалық терминдерге арналған жаттығулар
- •II. Терминдер мағынасын түсiндiрiңдер
- •Дәрiлiк заттардың тривиальды атаулары
- •Дәрiлiк заттардың тривиальды (кәдiмгi) атауларының жасалу тәсiлдерi
- •Ж±рнақтану
- •Тривиальды (кәдiмгi ) атаулардағы сөздiк бөлiктер
- •Ќ±рамында дәрiлiк формалар берiлген препараттар атауларының жасалу жолдары
- •III. Дәрiлiк заттардың латыншасын жазыңдар
- •Сөздiк формасы, негiзi. Белгiсiздiк рай. Латын тiлiнде етiстiктер түрге, жаққа, шаққа және райға бөлiнедi. Етiс-
- •Инфинитив (белгiсiздiк) формасы мен етiстiктiң
- •Б±йрық райдың жасалуы
- •Шартты рай (Conjunctivus)
- •Шартты райдың негiзінiң жасалуы
- •Шартты райдыњ 3 жақтағы өзiндiк жалғаулары
- •Активтi және пассивтi түрдегi шартты райдағы
- •Рецепте жиi қолданылатын етiстiктер
- •Рецепте қолданылатын fio, fieri
- •Fio, Fieri – етiстiгiнiң рецепте қолданылуы (жекеше түрде).
- •Шығыс септiгi (Ablativus)
- •Латын тiлiнде кейбiр префикстер табыс және шығыс септiктер
- •Iнде шылау сөздер болып қолданылады.
- •Рецепте жиi қолданылатын табыс және шығыс септiктерiндегi сөздер
- •Рецепт құрылымы
- •Рецептегi қосымша жазулар
- •Рецептегi сөздердiң жазылу тәртiбi
- •Дәрiлiк препараттардың рецепте жазылу тәсiлi
- •Таблеткалар мен балауыздар атауларын рецепте жазған кезде, табыс септiгiнде қолданылуы
- •Дәрiлiк-өсiмдiктер атаулары:
- •Қышқыл атауларының жасалуы
- •Оксид атауларының жасалуы
- •Iі. Берiлген сөздер негiзiнен қышқыл атауларын жасаңдар
- •Iiі.Берiлген элементтермен оксидтер атауларын жасањдар
- •IV. Рецептердi аударыңдар
- •Аниондар атаулары:
- •Тұздар атаулары :
- •Көмiртектiк радикалдар атауларында қолданылатын сөздiк бөлiктер
- •Рецептегi қысқартулар
- •Рецепте қысқартылатын сөздер тiзiмi:
- •Химиялық мағынаны беретiн сөздiк бөлiктер
- •I.Аударып, iлiк септiгiне қойыңыз
- •Сан есiм, үстеу, есiмдiк, шылау, жалғаулық Тақырыптың оқытылу мақсаты:
- •Үстеу – Adverbium
- •Рецепте жиi қолданылатын үстеулер:
- •Студенттердiң өздiк жұмысына арналған жаттығулар Оқылу ерекшiлiктерi. Екпiн.
- •Грек терминоэлементтерi
- •2 Септеу түрi.
- •Грек терминоэлементтерi.
- •Грек терминоэлементтерi.
- •Шырайлар
- •Грек терминоэлементтерi
- •Клиникалық терминологияға арналған жаттығулар
- •Фармацевтiк терминологияға арналған жаттығулар
- •Мазмұны:
- •Жанатаев Қазақбай Әбдуәліұлы Латын тілі.
Анатомиялық терминдердiң құрылымы
Латын тiлiнде терминдер түрi әртүрлi болып келедi. Бiр сөзден тұратын терминдер бар. Олар атау септiгi жекеше және көпше түрдегi зат есiмдер. Мысалы: sternum – төс, thorax – кеуде клеткасы, ossa - сүйектер.
Кейбiр сөздер қазақша аудармада екi сөзден тұрады. Латын тiлiнде анатомиялық терминологияда бiр сөзден тұратын терминдер өте аз: көбiнесе терминдер – сөз тiркестерi арқылы қолданылады. Себебi тiркестi термин мүшелер мен ағзалардың нақты белгiлерiн көрсете алуы тиiс. Тiркестi термин зат есiм мен сын есiмнен (бiрнеше сын есiмдерден) немесе атау септiгiндегi және iлiк септiгiнде зат есiмдерден тұрады. Мысалы: Vertebra cervicalis – мойындық омыртқа, collum costae - қабырға мойыны.
Көп жағдайда нақты атауларды көрсету ұшiн олардың қ±рамында анықтауыштар қолданылады. Б±л анықтауыштар тек зат есiмдi ғана емес, бұкiл сөз тiркестерiн анықтайды. Мысалы: processus articularis superior - жоғарғы буынды өсiндi
1. Медицина терминдерiнде бiрiншi орында әр уақытта атау септiгiндегi зат есiм тұрады, содан кейiн бiр немесе бiрнеше анықтауыш сөздер келедi.
2. Жалпы бүкiл сөз тiркесiн анықтап тұрған сөздер көбiнесе анатомиялық құрылымдардың көлемiн, пiшiнiн көрсетедi (үлкен-кiшi, жоғары, төменгi, ортаңғы, дөнгелек, сопақ, сыртқы, iшкi). Бұл сөздер зат есiммен байланысып, сөйлем соңында жазылады: protuberantia occipitalis externa – сыртқы шүйделiк шығыңқы.
Анықтауыштар байланысқан, байланыспаған болып 2-ге бөлiнедi. Мына сөйлемдердi қарастырып көрелiк:
1.os palatinum- таңдайлы сүйек. 4.os pubis-қасаға сүйек.
2.os frontale - маңдайлы сүйек. 5.ossa brevia-қысқа сүйектер.
3.os coxaе - жамбас сүйек.
Бұл сөйлемдердегi os-сүйек сөзiн анықтап тұрған сын есiмдердiң жалғаулары әр түрлi. Себебi латын тiлiнде сын есiмдердiң 2-тобы бар және олар әр түрлi жiктеледi.
Сонымен байланысқан анықтауыш дегенiмiз - анықтап тұрған зат есiммен 1-текте,1-түрде,1-септiкте болатын сөздер. Байланысқан анықтауыш қызметiн көбiнесе сын есiмдер атқарады. Мысалы: columna vertebralis-омыртқалық бағана.
Байланыспаған анықтауыш дегенiмiз - iлiк септiгiнде тұрған зат есiмдер. Мыс: corpus vertebrae-омыртқаның денесi.
Медицина терминдерiнiң құрылымын тез және дәл түсiне бiлу үшiн,терминдердi схема түрiнде жазып үйренген дұрыс.
Тiркестi терминдердiң жасалу схемасы.
Грамматиканы игеру алдында сөз тiркестерiн латын тiлiнен қазақ тiлiне, қазақ тiлiнен латын тiлiне аударған кезде, сөйлемдердi дұрыс тәртiппен орналастыру мақсатында, схемалы жүйенi пайдалану ұсынылады. Схемалық жүйедегi сөздер бiр-бiрiмен белгiлi бiр ережеге сай байланысады. Сондықтан олар байланысқан және байланыспаған анықтауыштар болып бөлiнедi.
I. Буындардың ұзақ және қысқа оқылуына қарай сөздердiң екпiнiн қойыңыз.
Medulla ossium; membrum inferius; epigastrium; substantia compacta; ligamentum; processus transversus; corpus maxillae; ductus choledochus; facies poplitea; quadruplex; palpebra superior; periosteum; arcus vertebrae.
II. Жұрнақтардың ұзақ және қысқа оқылуына қарай сөздердiң екпiнiн қойыңдер.
Hiatus sacralis; incisura vertebralis; clavicularis; hyomandibularis; mentalis; sulcus pulmonalis; foramen spinosum; fossa grandulae lacrimalis; processus zygomaticus; incisura supraorbitalis; pars squamosa; nodi pancreatici; pelvinus; pubicus; foveolae granulares; glomerulus; geniculum; hamulus pterygoideus; fossa pterygopalatina; digitatus; cribrosus.
III. Аударыңыз, терминдердiң схемасын берiңдер.
A. 1)Vertebra thoracica; 2) arcus vertebrae; 3) massae laterales; 4)collum radii; 5) pediculi arcus vertebrae; 6)ligamentum longitudinale; 7)ligamentum capitis; 8)basis ossis sacri; 9)labium mediale lineae asperae; 10)sulcus sinus sigmoidei; 11)fovea articularis processus articularis superiōris; 12)aponeurōsis musculi oblicqi externi abdominis; 13)musculus rectus capitis posterior major; 14)arteriae alveolares superiōres anteriōres.
B. 1)Processus articularis inferior vertebrae lumbalis secundae; 2)ligamenta columnae vertebralis; 3)caput superius musculi pterygoidei lateralis; 4)articulationes cinguli membri superiōris; sinus venārum cavārum atrii dextri.
C. 1)Tuber maxillae; 2)palātum durum; 3)apex radīcis dentis; 4)forāmen palatinum majus; 5)tunica mucosa linguae; 6) cartilāgo septi nasi; 7)concha nasalis inferior; 8)plexus cavernosi conchārum.
3 – сабақ
Тақырыбы: Зат есiм (Nomen Substantivum)
Латын тiлiнде зат есiмнiң үш тегi бар: masculinum– ер тегi, feminimum – әйел тегi, neutrum – орта тек.
Латын зат есiмдерi жiктеледi және септеледi. Зат есiмнiң екi түрi бар: жекеше – singularis, көпше – pluralis және 6 септiгi бар: Nominativus – атау, Genetivus – iлiк, Dativus – барыс, Accusativus – табыс, Ablativus – шығыс, Vocativus – көмектес.
Латын тiлiнде зат есiмнiң 5 жiктеу түрi бар. Олар бiр-бiрiнен септiк жалғаулары арқылы ажыратылады.