Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
latyn_tili_kitap.doc
Скачиваний:
278
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Жанатаев қ.А.

 

 

  

Л а т ы н т і л і

оқу құралы

 

Түркістан-2014

БКК 812 – 923

Ж 26

Пікір жазғандар:

Филология ғылымының докторы, профессоры Б.Қалиев

Медицина ғылымының кандидаты М. Омаралиев

Жанатаев Қ.А.

Латын тілі. Оқу құралы. Түркістан: 2014 – 194 бет

ISBN 9965-9589-8-X

  Бұл оқу құралы жоғары оқу орындарына қойылып жатқан жаңа талап пен жаңа бағдарламаға сәйкес жазылды. Мұнда латын тілінің фонетикасы, лексикасы және грамматикасы түгел қамтылған.

Сонымен қатар оқулықта әр тақырыптан кейін терминдердің латынша-қазақша баламалары және анатомиялық, клиникалық, фармацевтік терминдерге арналған жаттығулар берілген.

Оқулық жоғары оқу орындарының медицина факультеттерінің студенттері мен магистрлеріне арналған.

 

 ББК 81.2-923

  

 Ж

ISBN 9965-9589-8-Х @ Жанатаев Қ. А.

2014ж

К I Р I С П Е

Медициналық оқу орындарында латын тiлiнiң оқытылуы, қарым-қатынас, сөйлесу мақсатын емес, таза қолданбалы мақсатты көздейдi – ол анатомия, фармакология, микробиология, фармакогнозия және клиникалық пәндерде қолданылатын терминдердiң негiзi болып саналады.

Терминдердiң таңдалуы келешек мамандардың бағдарына байланысты.

Латын тiлiнiң грамматикалық құрамына сүйенiп бiз студенттердi медицина әлемiмен таныстырып, олардың медициналық терминдердi ежелгi грек-латын тiлдерiнiң сөздерiнiң байлығы арқылы түсiнiп, игерiп алуына жағдай жасаймыз.

Медицинаға қызығып, оқитындарға бiрден мына сөз айтылу керек.

“Invia est in medicina via sine lingua latina”.

“Латын тiлiнсiз медициналық бiлiм жоқ”.

“Латын тiлi және медициналық терминдер негiздерi” – сiздерге жаңа пән.

Жалпы айтатын болсақ, сiздер шет тiлiн оқымайсыздар, оқитындарыңыз - медициналық терминдiк тiл, оның көлемi мен мазмұны оқыту мақсатына және тәжiрибе жұмысына байланысты түзiлген бағдарламамен негiзделген.

Бiз өзiмiз ең алдымен 2 нәрсенi бiлуiмiз керек:

1) Бұл тiлдiң оқытылу мақсаты

2) Не себептi ол медицинада негiзгi тiл болып келедi

Латын тiлiн оқытудың мақсаты:

  • Латын тiлiнде дұрыс жазып, оқи алу;

  • Медициналық терминдердi, рецептердi латын тiлiнен орыс-қазақ тiлiне, орыс-қазақ тiлiнен латын тiлiне аудара алу;

  • Терминоэлементтерге қарап клиникалық терминдердiң түзiлуiн бiлу;

  • Медициналық терминдердi, рецептердi дұрыс, қатесiз жазу;

  • Химиялық номенклатураны латын тiлiнде құрастыру, т.б.

Латын тiлiнiң алфавитiн бiлу арқылы студенттер оқулықтардан, анықтамалықтардан керектi сөздерiн қиналмай-ақ, тез тауып ала-алады.

Болашақ мамандар анатомиялық, фармацевтiк, клиникалық терминдердi жете меңгерiп, оларды өз тәжiрибесiнде, жұмысында қолдана бiлгенi жөн. Ескертетiн нәрсе: студенттер 500-600 терминдердi бiлуi қажет.

Ендi латын тiлiнiң даму тарихына қысқаша тоқтала кетейiк. Латын тiлi Италияда орналасқан Лация облысында тұрақтаған – латиняне деген, осыдан 2500-3000 жыл бұрын өмiр сұрген халықтардан шыққан.

Олардың бас қаласы Рим (Roma) аңыздың айтуы бойынша бiздiң эрамызға дейiн VIII ғасырда тұрғызылған. Өзiнiң экономикалық күшiн және жауынгершiлiк жағдайын пайдаланып, Римдiктер бүкiл Италияны жаулап алады. Кейiн келе бүкiл Жер Орта теңiзiнiң жағалауына билiк жүргiзедi.

Сөйтiп, мектепте тарих сабағынан өздерiң оқығандай Рим империясы пайда болады.

Оның құрамына кейiнiрек жауланған батыс Еуропа елдерi де кiредi.

Латындар жаулап алған елдердiң бәрiнде де өз мәдениетiн, салтын енгiзiп, тек латын тiлiнде сөйлеудi, жазуды талап еттi.

Сол кездегi ең құдiреттi де, күштi де – шiркеу, өз жұмысын латын тiлiнде жүргiзген.

Сонымен, латын тiлi батыс Еуропада бiрнеше жүз жылдар бойы мемлекеттiк тiл, әдеби тiл, мәдениет, философия және ғылым тiлi болып келедi.

Латын тiлi көршiлес жатқан елдерге де өзiнiң ықпалын тигiздi. Мәселен, орыс тiлiнде көптеген латын тұбiрiнен шыққан сөздер бар: институт, университет, операция, инъекция, лекция, студент, ассистент, доцент, профессор, радио, авиация, трактор және т.б.

Көптеген ғылымдар өз еңбектерiн латын тiлiнде жазып, ғылыми лауазымдарын латын тiлiнде қорғаған олар: И. Ньютон, Коперник, Галилей, К. Линней, М.В. Ломоносов, Н.И. Пирогов, И. Дядьковски. Ал ботаника пәнi үшiн латын тiлi ресми тiл болып саналады.

Рим империясының күшi жойыла бастағанда ол екiге бөлiнедi:

1. Шығыс Рим империясы (Византий) - грек тiлiнде сөйлеген.

2. Батыс Рим империясы – латын тiлiнде сөйлеген.

Кейiннен бұл империялар да күшiн жояды. Сол кездерде Роман тiлдерi пайда болады. Роман тiлдерi – итальян, француз, испан, румын, молдаван тiлi.

Латын тiлiнiң арқасында медициналық терминдер халықаралық термин болып, бұкiл дүние жүзiнiң медиктерiнiң қарым-қатынасын, байланысын нығайтып, жеңiлдеттi.

Латын тiлi латынданған грек түбiрлерi мен қосымшалары арқылы жаңа медициналық терминдер түзуге көмектеседi.

Олардың сөзi әрi қысқа, әрi оңай еске сақталады. Мысалы: бронхит – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының қабынуы; идиосинкразия – ағзаның дәрiге немесе бағытталған әсерге өте күштi сезiмталдығы, т.б.

Латын тiлi болашақ медиктерге өз мамандықтарын жете, жақсы бiлумен қатар олардың жалпы мәдениетiн, ой-өрiсiн кеңейтедi. Мысалы: validus – денi сау, оған “in” деген префикс қосылса, бұл сөз Invalidus - мүгедек.

Қазiр латын тiлiнде, ешқандай халық сөйлемегендiктен, ол өлi тiл болып саналады. Сонда да бұл тiл медицина тiлi ретiнде өз қасиетiн жойған жоқ.

Латындар Грецияны жаулап алғанда, Грецияда медицина күштi дамығандықтан олар барлық терминдердi өзгертпей-ақ грек тiлiнде қабылдаған.

Рим империясында да, Рим қаласында да дәрiгерлер негiзiнен гректер болған. Сол себептен медициналық терминдерде грек сөздерi көптен кездеседi. Мысалы:

Грек Латын Қазақ

1. osteo os, os,ossis.n. сүйек

2. somato corpus дене

3. cardio cor, cordis жүрек

4. pneumo pulmo, onis өкпе

5. nephro ren, ren, renis бүйрек

6. spleno lien, lien, lienis көк бауыр

7. rhino nasis, i мұрын

8. haemo sanguis, inis .m қан

9. cyto cellula жасуша

10. derma cutis терi

Бiрiншi рет медициналық терминдердi медицина атасы Гиппократ қолданған. Гиппократтан кейiнгi медициналық терминдердi енгiзген - Рим дәрiгерi Гален болды (Жаңа Гален препараттары - Адонизид).

Термин дегенiмiз (terminus – предел, граница – шегi, шекара) - ғылыми ұғымның атауы. Ол бiр мағыналы болады.

Термин бiр сөзден де тұруы мүмкiн: corpus- дене, costa – қабырға, және сөз тіркестерінен де құралуы мүмкiн: vertebra thoracica – төс омыртқа, caput costae – қабырғаның басы.

Медициналық терминдер III топқа бөлiнедi:

I –шi – анатомиялық терминдер.

II –шi – фармацевтiк терминдер.

III –шi – клиникалық терминдер.

Анатомиялық терминнен фармацевтiк терминге, фармацевтiк терминнен клиникалық терминге өтуге болады. Мысалы:

1. cor. cordis, n – жүрек – анатомиялық

2. corvalolum – корвалол – фармацевтiк

3. corgliconum –коргликон - фармацевтiк

4. cordiaminum – кордиамин - фармацевтiк

5. epicardium - жүрек сөмкесiнiң висцералды жапырағы - клиникалық

6. endocardiom - жүрек iшкi қабығы – клиникалық

Жоғарыда айтқанымыздай терминдердi еске сақтау үшiн, оларды бiзде айтылып жүрген орыс сөздерiмен салыстырып көрейiк. Мәселен, Латын түбiрi “Radix”- ке ұқсас сөздердi алайық. Осы сөзге жақын, туысқан қандай сөздердi бiлемiзғ Радикал, -радикальный “aqua” - аквариум, акваланг, акватория; “aer” - аэропорт, аэроплан, аэрофлот, т.б.

Мұндай сөздiк жұмыстарының терминдердi тез еске сақтау үшiн және сөздiк қорды көбейтiп, таза сөйлеу үшiн, көмегi көп.

Әрбiр анатомиялық терминдер бiр сөзден тұрады. Мысалы:

- thorax –көкiрек қаңқасы

- atlas –I-шi мойын омыртқа; немесе бiрнеше сөздерден тұрады: - зат есiм мен сын есiм қосындысынан құралады. Мысалы:

  • vertebra cervicalis –мойын омыртқа

  • vertebra thoracica –төс омыртқа

  • vertebra lumibalis –бел омыртқа

Егер анықтауыш бүкiл сөз тiркесiне тиiстi болса, ол олардың алдында тұрады:

  • medulla ossium rubra – қызыл сүйек миы

  • medulla ossium flavum –сары сүйек миы

Оқу құралы үш бөлiмнен тұрады:

I. Анатомиялық терминдерге анатомиялық және гистологиялық номенклатуралар негiздерiн шыққан сөздер жатады: сүйек, б±лшыќ ет, iшкi,сыртқы ағзалар, тамыр аттары.

II. Клиникалық терминдерге әртүрлi медициналық мамандықтардың терминi жатады: терапия, хирургия, акушерлік гинекология, неврология, психиатрия, офтальмология және педиатрия. Бұлардың бәрi де патологиялық анатомия және патологиялық физиология арқылы түзiледi. Бұл терминдер: аурудың аты, аурудың жағдайы; операциялық әдiстер, емдеу жолдары; әртүрлi приборлардың аты, қолданылатын ќ±ралдар атауы.

III. Фармацевтiк терминге: дәрiлік формалар атауы, дәрiлердiң атаулары, дәрiлiк өсiмдiктер атаулары және олардың бөлшектерi, химиялық номенклатуралары жатады.

Бұл терминдердi түсiнiктi және қатесiз қолдану үшiн, бiзге, студенттерге, латын әрiптерi мен сөздерiн анық, нақты, қатесiз оқып, түсiнiп, оны орыс-қазақ тiлiне аудара бiлуiмiз керек және қазақ-орыс тiлiнен латын тiлiне аудара алуымыз қажет.

  • Optimum medicamentum quies est – дәрiнiң ең тиiмдiсi – тыныштық. (Павлов)

  • Natura sanat, medicus curat morbos – табиғат ауруды жазады, дәрiгер аурудың жазылуына көмектеседi. (Гиппократ)