Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
latyn_tili_kitap.doc
Скачиваний:
278
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Шығыс септiгi (Ablativus)

Ablativus – табыс септiгi кiмнен?неден? деген с±раққа жауап бередi.

Шыѓыс септiгiніњ жалғаулары:

Sing. (жекеше) plur (көпше)

I – a I – is

II – o II – is

III – e (i) III – ibus

IV – u IV – ibus

V – e V – ebus

3 жiктеудегi i-жалғауы 1) e, al, ar – мен аяқталған зат есiмдерге, 2) II-топтағы сын есiмдерге, 3) sis-пен аяқталған грек зат есiмдерi мен tussis, is f, ferbis, is f, pelvis, is f латын зат есiмдерiне жалғанады.

Латын тiлiнде кейбiр префикстер табыс және шығыс септiктер

Iнде шылау сөздер болып қолданылады.

1. Табыс септiгiнде қолданылатын шылау сөздер:

Ad – дейiн, үшiн; ad. 20,0 – 20, граммға дейiн

да, де ad usum externum – iшу үшiн

contra – қарсы; contra tussim – жөтелге қарсы

per – арқылы, per os – ауыз арқылы

көмегiмен; per inhalationem – ингаляция көмегiмен

post – кейiн; post mortem - өлгеннен кейiн.

2. Шығыс септiгiнде қолданылатын шылау сөздер

cum – бiрге cum extracto – экстрактпен бiрге

ex – дан, ден жалғ. ex aqua – судан

pro - үшiн pro injectionibus – инъекция алу үшiн

3. Табыс және шығыс септiктерiнде бiрдей қолданылатын шылау сөздер

  1. in, sub егер қайда? Неге? деген с±раққа жауап берсе, онда табыс септiгiнде болады. Мысалы: in vitrum – ыдысқа, sub linguam – тiл астына.

  2. in, sub – егер қай жерде? неде? деген с±раққа жауап берсе, онда шығыс септiгiнде болады. Мысалы: in vitro – ыдыста, sub lingua – тiл астында.

Рецепте жиi қолданылатын табыс және шығыс септiктерiндегi сөздер

Ex tempore – талапқа сай

In ampullis – ампулаларда

In capsulis – капсулаларда

In tabulettis obductis - қапталған таблеткаларда

In vitro – пробиркада (лаб. жағд.)

In vitro nigro - қара ыдыста

In vivo – тiрi организмге

Per inhalationem – ингаляция арқылы

Per os – ауыз арқылы

Per reсtum – тiк iшек арқылы

Per se – таза күйiнде

Pro auctore (pro me) – автор үшiн (мен үшiн)

Pro die – 1 күн үшiн, күндiк мөлшер

Pro dosi – 1 рет қабылдау үшiн, 1 қабылдауға арналған

Pro infantibus – балалар үшiн

Pro inhalatione – ингаляция үшiн

Pro narcosi – наркоз үшiн

Pro rentgeno – рентген үшiн

Іn oblatis - қапталған күйiнде

Іn spritz-tubаlis- шприц-түтiкте

Іn tabulettis – таблеткаларда

23 - сабақ

Тақырыбы: Рецепт. Оның қ±рылымы. Рецептегi қосымша белгiлер.

Рецепт

Рецепт (receptum – алынған, recepio, ere - алу) – дәрiгердiң фармацевтке жазбаша түрде жазған жүктемесi. Ол белгiлi формада жазылады. Онда дәрi-дәрмектердiң қалай дайындалуы, берiлуi және дәрiнi қабылдау тәсiлдерi көрсетiледi.

Рецепт құрылымы

Рецепт мынандай бөлiктерден тұрады:

  1. Inscriptio – мекеменiң бұрыштамасы және шифры жазылады,

  2. Datum – рецептiң жазылған күнi көрсетiлдi,

  3. Nomen aegroti – аурудың аты-жөнi жазылады,

  4. Aеtas aegroti – аурудың жасы, кµрсетіледі

  5. Nomen medici – дәрiгердiң аты-жөнi,

6. Praescriptio – латын тiлiнде жазылады. Бұл бөлiм дәрiгердiң invacatio деген – қаратпа сөзiнен басталады: (Rp:) және designatio materiarum – дәрiлiк заттар мөлшерiмен көрсетiледi.

7. Subscriptio – бұл бөлiмiнде дәрiгер фармацевтке қандай дәрiлiк формада, қанша мөлшерде, қандай қорапта беру керектігiн көрсетедi.

8. Signaturа – белгiлеме; бұл бөлiмде латын тiлiнде Signa- "белгiле", немесе Signetur – "белгiленсiн" сөздерi жазылады.

Одан кейiн ұлттық тiлде дәрiнi қалай қабылдау керек тәсiлдерi айтылады.