Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
latyn_tili_kitap.doc
Скачиваний:
282
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Дәрiлiк заттардың тривиальды атаулары

Дәрiлiк заттар көптеген химиялық қосылыстар мен химиялық номенклатурада берiлген атауларымен бiрге қолданылады. Мыс: мырыш оксидi, салицил қышқылы, натрий хлоридi. Бiрақ көптеген химиялық қосылыстар, дәрi-дәрмектер номенклатурасында тривиальды атауларымен қолданылады. Тривиальды (кәдiмгi) атаулар дәрi- дәрмектердiң қ±рамы және қ±рылымын көрсетпейдi, бiрақ б±л атаулар қолдануға өте ыңғайлы. Себебi ғылыми атауларды рецептерде, этикеткаларда және дәрiханаларда қолдану ынғайсыз. Мыс: анальгин-1 -фенил-2, 3-диметил-4-метиламино-пиразолон-5 N метансульфонат натрия.

Дәрiлiк заттардың тривиальды (кәдiмгi) атауларының жасалу тәсiлдерi

Дәрiлi заттардың тривиальды (кәдiмгi) атауларының жасалу жолдары алуан түрлi. Сөз қ±раушы негiз ретiнде бiрнеше сөз қолданылуы мүмкiн. Сөз қ±раудың негiзгi «қ±рылыс» материалы - сөз, сөз қ±раушы элементтер, түбiр және грек, латын сөздiк бөлiктерi болып табылады. Мысалы: apisarthronumапизатрон (грек: apis-apa+arthron) – apa yы (буын суықтағанда қолданылады). Menttolum – ментол (oleum menthae – ментол майы).

 

Аббревация (лат. қысқа ) - қысқарған сөздер

Тривиальды (кәдiмгi) атауларды жасауда б±л тәсiл кеңiнен қолданылады. Сөздiң бөлiктерiн жинақтап дәрiлiк заттар атауларын жасайды. Мысалы: dimexidum – димексид. (диметилсульфооксид); Aetaeridinum – этакридин (лактат Г-этокси, 9-диамино-ридин); Phenaminum – фенамин (сульфат-х, 1-фенил. Г аминопропана).

Көп жағдайда қысқарту жолымен, дәрi-дәрмектер жиынтығы атаулары жасалады. Себебi барлық әсер етушi заттарды тiзiп атап жатқаннан гөрi, оларды қысқартып қолдану өте ынғайлы. Б±л жасалған атаулар тырнақшаға алынып, дәрiлiк формалардан кейiн жазылады. Мысалы: Tabulettae «Ancophenum» – «Анкофен» таблеткалары. Б±л дәрiнiң қ±рамындағы әсер етушi заттар: Antipyrini, phenaietini 0,25. Coffeini-natrii benzoatis 0,05.

Ж±рнақтану

Сөз қ±раушы негiзге in ж±рнағы жалғанып, жеке заттардың атаулары жасалды. Олар көбiнесе өсiмдiк шикiзаттары мен биологиялық заттардан бөлiнiп алынған заттар атауларында қолданылады. Мысалы: strychhnos-strichninum - стрихнин; Papaver – papaverinum - папаверин; Penicillinum –penicillinum - пенициллин.

Көптеген атаулар ж±рнақ арқылы жасалады. Мысалы: amidaруrinum, valocordinum, sulfadimesinum.

Латын тiлiнде дәрiлiк заттардың атаулары II жiктеуде орта текте қолданылады. Ќазақ тiлiнде оқылған кезде жалғауы түсiп қалады. Мысалы: Amidopуrinum-амидопирин, Validolum-валидол.

Бiздiң елiмiзде көптеген дәрiлiк препараттар фирмалық атаулармен қолданылады. Яғни олардың атаулары латын әрiптерiмен берiледi.

Барлық дәрi-дәрмектер атаулары: қысқа; жеңiл оқылуы және фонетико-графиқалық айырмашылығы болуы керек. Себебi дәрi атауларын оқыған кезде қатесiз, д±рыс оқу өте қажет. Ќате оқылып, д±рыс жазылмаса, онда рецепте өте күрделi қате жiберу қаупi болуы мүмкiн.

Тривиальды (кәдiмгi ) атаулардағы сөздiк бөлiктер

Сөздiк бөлiктер, дәрi-дәрмектер атауларын жасауда үлкен қызмет атқарады. Олар жасанды түрде болса да, сол дәрi-дәрмек атаулары туралы қысқаша мәлiмет бередi. Сондықтан дәрi-дәрмек атауларына терапевтiк, физиологиялық және анатомиялық қасиеттердi көрсететiн сөздiк бөлiктер қолданылады.

  1. Терапевтiк, физиологиялық және анатомиялық қасиеттерi туралы мәлiмет беретiн сөздiк бөлiктер:

Латынша

Ќазақша

Мағынасы

Cor, card

Vas, angi

Sept

Dol, alg

Pres(s), ten(s)

Sed

Pyr

Aesthes

Test, vir, andr

Thyr

Myco

Chol

Cid

Кор, кард

Ваз, анги

Септ

Дол, ал(ъ)г

Прес(с), тен(с)

Сед

Пир

Естез

Тест, вир, андр

Тир

Мико

Хол

Цид

Жүректiк, кардиотониқалық, коронарлы тамырларды кеңейтушi

тамырды кеңейтушi, спазмолитик

залалсыздандырушы, антисептик

ауруды басушы, аналгетик

қысымды төмендетушi

тыныштандырушы, седативтi

ыстықты түсiрушi, антипирстик

жансыздандырушы, анестетик

аталық жыныс гармондар препараты

қалқанша безге әсер етушi зат

саңырауқ±лақшаға қарсы

өт айдаушы

микробқа , паразитке қарсы

Мысалы: Corvalolum, Valosedan, Apressirum, Promedolum, Selagin, Antipyrinum.

  1. Фармокологиялық мәлiмет берушi сөздiк бөлiктер:

Латынша

Ќазақша

Фармокологиға қатысты мағынасы

Sulfa

Cillin

Mycin

Cyclin

Barb

Cain

Cort

Oestr

andr

Сульфа

Циллин

Мицин

Циклин

Барб

Каин

Корт

Эстр

Андр, эстр

Андр

Микробқа қарсы сульфаниламидтер

Пенициллиндер-антибиотиктерi

Микробқа қарсы антибиотиктер

Тетрациклиннен жасалған антибиотик

±йықтатушы-барбитураттар

жергiлiктi жердi жансыздандырушы

бүйрек үстi қабықтарының гармондары кортикостероидтар

эстрогендер-аналық жыныс гормондар

препараттары

андрогендi стероидтар-аталық жыныс

гормондар препараттары

Мысалы: Sulfadimezinum, Penicillinum, Streptomyzinum, Tetracyclinym,

Barbamylum, Novocainum

ІІІ. Витаминдер мен жартылай витаминдердiң тривиальдi (кәдiмгi) атаулары

Витаминдер тривиальды атаулармен және әрiптермен берiледi. Мысалы: Retinolim немесе Vitaminum A; Thiaminum немесе Vitaminum B1 ; Riboflavinum немесе Vitaminum B2.

Ал жартылай витаминдер атауларын айтқан кезде Vit- сөздiк бөлiгi қолданылады. Мысалы: Tabulettae «Prоtovitum». Егер дәрi-дәрмек атауларында as- сөздiк бөлiгi болса ферменттi препарат бар екенiн бiлуге болады. Мысалы: Desoxyidonucleasum, Collagenasum.

  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]