Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
latyn_tili_kitap.doc
Скачиваний:
278
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Дауыссыз дыбыстардың оқылуы

С - әрiпi а, о, и дауысты дыбыстарының, барлық дауыссыз дыбыстар алдында және сµз соңында [к] болып оқылады. сaput [капут] – бас, crista [криста] - қыр, жота.

С - әрiпi е, i, у әрiптерi мен ае, ое дифтонгтарының алдында келсе, [ц] болып оқылады: cervicalis [цервикалис] - мойындық.

а.о.и әрiптерi алдында

[к]а,о,u єріптері жєне дауыссыз дыбыстар

алдында, сөз соңында

С е,i,у әрiптерi алдында

[ц]

ае , ое алдында

H - әрпi украинның [г] немесе немiстiң [h] әрiптерi тәрiздi оқылады: homo [гомо] – адам.

K - әрпi [к] болып оқылады, µте сирек ќолданылады kalium [калиум].

L - әрпi жұмсақ айтылады: labium [лябиум] - ерiн.

S - әрпi екi жағдайда оқылады. Дауысты дыбыстар арасында жєне дауысты дыбыс пен m,n єріптері ортасында тұрса, [з] болып оқылады. Басқа кездерде -[с]. Мысалы: incisura [инцизура] – ойық , chiasma [хиазма] - қиылыс, Sutura [сутура] – тiгiс.

V - әрпi [в] болып оқылады: fovea [фовеа] – шұнқыр.

X - әрпi қос дауыссыз дыбыс болып оқылады: [кс] radix [радикс] – тамыр.

Z - әрпi грек сөздерiнде кездеседi де, [з] болып оқылады: zуgomaticus – [зигоматикус] – жақтық. Ал латын сөздерiнде [ц] болып оқылады: zincum [цинкум] – мырыш.

Қосарланған әрiптердiң оқылуы

Q -әрпi әр уақытта и әрiпiмен бiрiгiп, [кв] болып оқылады: squama [сквама] - қабыршақ. ngu әрiптерi бiрiгiп, екi түрлi оқылады: дауысты дыбыстар алдында - [нгв]: lingua [лингва] – тiл, ал дауыссыз дыбыстар алдында -[нгу]: lingula [лингула] – тiлше.

T i -әрiптерi бiрiгiп, дауысты дыбыстар алдында [ци] болып оқылады: rotatio [ротацио] - айналу. Бiрақ ол S немесе X дауыссыз дыбыстарынан кейiн [ти] болып оқылады: ostium [остиум] – тесiк.

Su - әрiптерi бiрiгiп, дауысты дыбыстар алдында [св] болып оқылады: consuetudo [консветудо] - әдет, ал басқа кездерде [су] болып оқылады: sutura [сутура] – тiгiс.

Диграфтар оқылуы

Грек тiлiнен енген сөздерде ch, ph, rh, th диграфтары кездеседi. Әрбiр диграф бiр дыбыс бередi. Ch=[x], ph=[a], rh=[p], th=[т]. Мысалы: nucha [нуха] – желке, synchondrosis [синхондрозиз] – синхондроз, xiphoideus [ксифоидеус] – семсер тәрiздi, thorax [торакс] – кеуде клеткасы.

I. Жаттыѓулар. С -әрпiнiң оқылуын түсiндiрiңiз.

Caput ; collum ; cavitas; occiput; truncus; facies; caecus; cerebrum; clavicularis; scapula; accessorius; musculus; sceleton; cruciatus; cementum; cavum cranii; saccus lacrimalis; cartilago; condylus; biceps; cellula; corpus; sulcus palatinus; sulci palatini; vertebrae cervicales; vertebrae sacrales; os coccygis; foramina sacralia dorsalia; bucca; buccae.

II. i, j; әрiптерiнiң оқылуын түсiндiрiңiз.

Intestinum; infraspinatus; iater; paries inferior; insula; junctura (iunctura); jugum (iugum); jugularis (iugularis); canalis palatinus major (maior); fossa infratemporalis; tuberculum majus (maius); jejunum (ieiunum); iliacus.

III. ss, s - әрiптерiнiң оқылуын түсiндiрiңiз.

Fossa; humerus; mesenterium; impressio; sinus; sigmoideus; septum nasi; canalis; hypoglossalis; processus styloideus; basis cranii; segmentum; pars petrosa; chiasma; fissura; dens incisivus; platysma; mesogastrium; mucosus; nasolacrimalis; sulcus sinus transversi.

IV. x, z - әрiптерiнiң оқылуына көңiл бөлiңiз.

Flexio; axis; externus; maxillaris; fornix; index; punctum; fixum; plexus; larynx; dexter; maxilla; circumflexus; radix; extremitas; os coxae; startum zonale; zygomaticus; trapecius; zona orbicularis; vena azugos.