Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
latyn_tili_kitap.doc
Скачиваний:
278
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Ossis, iass, ismus, oma жұрнақтары

  1. osis, iasis-жұрнақтары.

Бұл жұрнақтар берiлген зат есiмдер мен етiстiктер негiздерiне жалғанып аталған негiздiң әрекетiн және соның нәтижесiн көрсетедi. Мысалы: stenosis - стеноз, тарылу (нәтижесi)

Selerosis - склероз, қатаю.

Narcosis - наркоз, ұйықтау.

Жалпы осы жұрнақпен берiлген сөздер «патологиялық процесс, аурудың асқынуын, созылмалы ауру түрiн білдiретiн мағына бередi. Ал егер сөз құраушы негiздер : "тiн (ұлпа), ағза, дене мүшесi, организм жүйесi" мағынасында берiлсе, бұл сөздерге osis жұрнағы жалғанып, "ауруға шалдыққан" деген мағынаны бiлдiредi. Мысалы: fibrosis-фиброзды қайта даму, nephrosis-нефроз - бүйрек өзекшелерiнiң ауруының асқынуы. Toxicosis - токсикоз - улы заттармен – “улану нәтижесiнде” ауру.

NB- көнiл бөлiңіз.

Егер сөз құраушы негiз "қанды денешiк немесе iсiк" деген мағына беретiн болса, онда osis жұрнағы арқылы жасалған сөз - "таралу, көп екендiгiн бiлдiретiн" мағынадағы сөздi жасайды. Мысалы: leucocytosis лейкоцитоз қан құрамында лейкоциттердiң көп болуы деген мағынаны бiлдiредi. Fibromatosis фибромдардың көп болуы.

  1. ismus - жұрнағы.

Бұл жұрнақпен берiлген зат есiмдер, берiлген белгiге байланысты құбылысты, сәйкестiктi бiлдiретiн зат есiм жасайды. Мысалы: infantilismus (латынша-infantilis-балалық) бала жасына тән психикалық және физиологиялық дамудың сақталып қалуы. Daltonismus - қызыл және жасыл түстердi ажырата алмау. Strabismus - қитар көз.

  1. itis - жұрнағы ќабыну және қабыну барысын көрсетедi. XVIII ғасырдан бастап itis жұрнағы аурудың қабыну атауларын жасау үшiн қолданылып келедi. Мысалы: gastritis-гастрит-асқазанның кiлегейлi қабығының қабынуы; nephritis-нефрит-бүйректiң қабынауы. Itis- жұрнағымен берiлген зат есiмдер III жiктеуде f тегiнде жiктеледi, iлiк септiгiнде itidis болады. Мысалы: bronchitis, itidis meningitis, itidis f.

  1. oma – жұрнағы ісiк атауларын жасаѓан кезде қолданылады. Медицина термиологиясында oma- жұрнағы зат есiмдер немесе сын есiмдер негiздерiне жалғанып, iсiк атауларын жасайды. Мысалы: fibr-oma талшықты байланыстырушы тiндердiң залалсыз iсiгi. Oste-oma- сүйектiк тiндердiң заласыз iсiгi. Oma- жұрнағымен берiлген зат есiмдер III жiктеуде n – текте жiктеледi, iлiк септiгiнде atis болады. Fibroma, atis n, osteoma, atis n

Кейбiр тiндердiң залалды iсiктерiнiң атаулары, тiкелей ауру атын көрсетедi. Мысалы: carcinoma- рак, язва; sarcoma- еттi iсiк. Жалпы iсiк сөзi tumor, oris m, blastoma, atis, n neoplasma, atis n сөздерiмен синонимдес болып келедi.

Ұлпалар мен мүшелердiң патологиялық өзгерiстерiн бiлдiретiн грек терминоэлементтерi

Iatria, iater (iatreia, iatros)

Ectasia, ectasis (ektasis)

Ptosis (ptosis-құлау, түсү)

Steno, stenosis (stenos-тар)

Sclero, sclerosis (skleros-тығыз)

Malacia (malakos-жұмсақ)

Iysis, lyt (ivsis-еру, бұзылу, шешiлу)

Plastica (plastice-жапсыру)

Tomia (tome-кесу)

Tomo (tomos-кесiндi, қабат)

Ectomia (ectome-кесiп алу)

Stomia (stoma, stomatos-тесiк)

Pexia (pexis-бекiту)

R(h)aphia (rhaphe-тiгiс)

Schisis (грек. жарылу, ыдырау)

Rhexis (грек. үзiлу)

Desis (desis-байлау, бекiту)

Eurysis (eurus-кең)

Eurynter (euryno-кеңейту)

Clasia (klasis-сындыру, бұзу)

Centesis (kentesis-шаншу, тесу)

Privus (айырылу)

Ауруларды емдеу, дәрiгер

Созылу, кеңейу, жыныс мүшесiнiң эктазиясы

Түсу, мүшенiң төмен жылжуы

Тар, тарылу, стеноз

  1. қатты, тығыз, қатаю

  2. склераға қатысты

жұмсақтық, жұмсару, малация

  1. еру, бұзылу, сiңiру

  2. мүшенi хир. операция жолымен босату

пластикалық хир. операция жолымен қалпына келтiру.

Хир. операция жолымен мүшелердi, тiндi кесу, ашу

Қабаттану, қабат-қабат кесiндiсi

Хир. операция жолымен мүшелердi, тiндi кесiп алу, алып тастау.

Хир. операция жолымен жасанды тесiк, анастомоз жасау

Хир. операция жолымен iшкi мүшелердi бекiту

Хир. операция жолымен тiгiс жасау

Мүшелердiң ыдырауы

Ағзаның б±зылуы, үзiлуi

Хир. операция жолымен мүшелердi орнына бекiту, қимылдатпау.

Мүшенi кеңейтуге арналған тәсiл

Кеңейтуге арналған құрал

Хир. операция жолымен дене бөлiгiн бұзу

Тесу, пункция

Мүшенi алып тастау немесе жоқ болуы.