Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
latyn_tili_kitap.doc
Скачиваний:
278
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

III. Аударып атау септiгi көпше түрiне қойыңыз

Төменгi күрек тiс, емiзiк тәрiздi ұяшық, үлкен қанат, тiс аралық кеңiстiк, кiшi шемiршек, күрек тiстiк өзек, кiшi тiл асты ағын, торлы тесiк, қан тасушы тамыр, кiшi мүйiз.

IV. Аударып iлiк септiгi көпше түрiне қойыңыз

Мұрындық без, альвещлярлы тесiк, төменгi буынды өсiндi, төбелiк сүйек.

V. Жазбаша аударыңыз,

Жалпы бауырлық ағын, жұлын-милық нервтi түйiн, iшкi есту жолы, венозды өрiм, төбелiк төмпек, самайлық сызық, көмейдi қысушы бұлшық ет, кеуде клеткасын айналдырушы бұлшық ет, қысқа асқзандық веналар, кiшi таңдайлық өзектер, жамбастық түйiндер, шемiршек ойықтары, бас сүйектiк жүйкелер ядролары, бауыр байламдары, көк бауырдың висцеральды беткейi, қосымша омыртқалық вена, аралық сегiзкөздiк тесiктер, тiзе байламдары, қуықтыњ бұлшық еттiк қабығы, қабырға басының буыны, тiлдiң ортаңғы жүлгесi, тiлдiң соқыр жүлгесi, қосымша мұрындық шемiршектер.

13 - cабақ

Тақырыбы: Жалпы сөз құрылымы туралы түсiнiк. Сөз құрамы. Морфемалар түрлерi. Морфемалық талдау.

Сөз құрамы мағынасына, формасына қарай бөлiнбейтiн бөлiктерден тұрады. Олар: префикстер, сөз түбiрi, жұрнақ және жалғау. Осы сөз бөлiктерiнiң бәрiн морфемалар (грек. morphe - форма) деп атайды. Негiзi түбiрде орналасқан. Мысалы: тер, терлеу, тершең, тердi т.б..

Түбiр сөзге қатыстығына қарай префикс пен жұрнақ сөз құраушы аффикстер деп аталады (лат. afficus - бекiтiлген). Олар түбiр сөзге жалғану арқылы жаңа сөздер құрайды (сөз құраушылар). Жалғаудың грамматиқалық мағынасы болады. Ол сөздердi септiктерге, түрлерге, тектерге өзгертедi. Сөздердi морфемаларға бөлудi – морфемалық талдау немесе құрамына қарай талдау деп аталады.

Inter-vertеbral-is,e

Префикс түбiр жұрнақ жалғау

Сөз құраушы аффикстер

Жалғауға дейiнгi, негiзгi лексикалық мағынаны алып жүретiн, өзгермейтiн сөз бөлiгiн – сөз негiзi деп атайды. Vertebra , vertebral –is сөздерiнiң негiздерi- vertebr-, vertebral, intervertebral болып табылады. Мысалдардан көрiнiп тұрғандай, сөз негiзi кейбiр жағдайда тұүбiр арқылы берiледi, ал кейбiр жағдайда – түбiр және сөз құраушы аффикстермен берiледi.

Сөз құрылымына қарай талдау. Сөз тудырушы жәнеқұралған негiз.

Морфемалық талдау – сөздiң қандай бөлiктерден тұратынын көрсетедi. Бiрақ ол сөз құралудағы “механизiмi қандай деген сұраққа жауап бере алмайды. Бұл механизмдi сөз құрылымына қарай талдау көмегiмен шешуге болады. Бұл талдаудың мақсаты: сөзден негiз құраушы бөлiктi және сөздiң құралуына себеп болған аффикстi бөлiп алу болып табылады.

Морфемалық және сөз құрылымына қарай талдау айырмашылығын мына мысалдан көруге болады: interlobularis- бөлiкше аралық сын есiм – морфемалық тандау арқылы 4 бөлiктен тұрады: inter (префикс), lob (түбiр) ul,-ar-(жұрнақтар), is (жалғау): ал сөз құрылымына қарай талдау арқылы оны 2 бөлiкке бөлуге болады: inter аралық (префикс) + lobural (is) бөлiкше (сөз тудырушы негiз). Нағыз “механизмi: inter (префикс) + lobural (is) (сөз тудырушы негiз ешқандай морфемаларға бөлiнбейдi).

Сонымен, сөз тудырушы негiз деп - аффикстер жалғау арқылы құрамы күрделi болып жасалынған негiздi айтамыз. Құралған негiз құраушы негiзден 1-морфемаға артық болады. Құрамында құралған негiзi бар сөздi құралған деп, ал құраушы негiздi құраушы сөз деп атаймыз. Мысалы:

құрушы негiз құралған негiз I құралған негiз II құралған негiз IV

Lob us бөлiк lob-ul (us) lobul ar (is) inter- lobular (is)

Сөз құраушы негiздi бөлiп алу үшiн сөздердi екi қатарға қою керек.

1) Бiр негiзден тұратын (немесе 1-түбiрден) және 2) бiр аффикстен тұратын (немесе аффикстерден).Мысалы: cholecys-itis, cholecyst-o pexia,cholcyest-o graphia,gastri itis,vagin itis т.б.

Сөз құраушы негiз тек қана құралған сөздiң негiзiн ғана құрамайды, сонымен қатар ол оның мағынасын да бiлдiредi.