Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
latyn_tili_kitap.doc
Скачиваний:
278
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
2.07 Mб
Скачать

Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары

Салыстырмалы шырай жәй шырай негiзiне m және f тектерiнде – ior жұрнағы, ал n – тегiнде ius жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы:

Жәй шырай Салыстырмалы шырай

Longus, a, um longior (m,f) longius (n)

Ruber, bra, brum rubrior, rubrius

Brevis, e brevior, brevius

Simplex, icis simplicior, simplicius

Салыстырмалы шырайдың сөздiк формасы

Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдердiң сөздiк формасы екi жалғаулы сын есiмдер сияқты жазылады. Себебi m, f тектерiнiң жалғаулары ior , ал n- тегi - ius болып аяқталады.

Мысалы: longior (m, f), ius (n) - ұзынырақ

Rubrior, ius - қызылрақ

Brevior, ius - қысқарақ

“Үлкен”, “кiшi”, “төмен”, “алдыңғы”, “артқы”, “жоғары” сын есiмдерiнiң салыстырмалы шырайда ќолданылып, ќазаќшаѓа жєй шырай болып аударылады.

Бұл сөздер медицина терминологиясында өте жиi қолданылады. Сондықтан сөздердi құру және пайдалануда ерекшелiктерi бар.

“Үлкен” және “кiшi” сөздерiнiң әр шырайда негiзi әр түрлi болады: жәй шырайы: magnus, a, um - үлкен, parvus, a, um - кiшкентай; салыстырмалы шырайда: major, jus -үлкен, minor, us - кiшi

2 major, jus ; minor, us салыстырмалы шырай, медицина терминологиясында жұпты анатомиялық құрылымдарды атаған кезде пайдаланады.

Мысалы: a/a major - үлкен қанат ; a/a minor – кiшi қанат.

Ал тақ анатомиялық құрылымдарды айтқан кезде, жәй шырайда қолданылады: foramen magnum - үлкен тесiк.

3)“Жоғары”, “төменгi”, “артқы” және “алдынғы” сын есiмдерiнiң латын тiлiнде жәй шырайдағы формасы жоқ. Сондықтан олар салыстырмалы шырайда берiледi, ал қазақ тiлiне жәй шырай ретiнде аударылады.

4) “Үлкен”, “кiшi”, “жоғарғы”, “төменгi”, “артқы”, “алдынғы” сын есiмдерi, көп сөзден тұратын терминдерде, тек қана зат есiмдi емес барлық сөз тiркесiн анықтайды. Сондықтан сөйлемде ең соңына жазылады. Мысалы: tuberculum thyroideum superius – жоғарғы қалқан тәрiздi төмпешiк.

Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдердiң жiктелуi

Салыстырмалы шырайдағы сын есiмдер III жiктеуде жiктеледi, iлiк септiгiнде is- жалғаумен аяқталады. Iлiк септiгiнiң жалғауы ер тегiндегi формасына жалғанады.

Nom.Sing -ior, -ius.

Gen. sing -ioris, -ioris. Мысалы: anterior, ius – anterioris.

NB – көңiл бөлiңіз.

Салыстырмалы шырайдың iлiк септiгi ұш текте де бiрдей болады.

Gen. sing. салыст. шырай

m, f, n

Nom. sing

-ior

Жалғауы -is

= +

 

Мысалы: Nom.sing Gen.sing

Major (m)

Major (f) majoris

Majus (n)

Prosterior (m)

Prosterior (f) posterioris

Posterius (n)

 

  1. Берiлген сын есiмдердi iлiк септiгiне қойыңдар.

Major, jus; minor, us; inferior, ius; anterior, ius; superior, ius; anterior, ius; brevior, ius; longior, ius; simplicior, ius; latior, ius; albior, ius; nigrior, ius.

  1. Сөйлемдердi аударып, iлiк септiгiне қойыңдар.

Processus superior, incisura superior, foramen superius, arcus posterior, facies posterior, ligamentum posterius, sulcus major, ala major, caput majus, cornu majus et minus, labium inferius, ramus superior, incisura ischiadica major, tuberculum obturatorium posterius.

Musculus scalēnus anterior, tuberculum musculi scalēni anterioris, processus articularis superior, caput superius musculi pterygoidei lateralis, cingulum membri superioris, tuberculum mediale processus posterioris tali, tendo musculi tibialis posterioris, nervus cutaneus brachii lateralis inferior.