Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меттич25 30.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
606.09 Кб
Скачать

30Сызу пәнінің мазмұны мен міндеттері

Сызу пәнінің маңызы.Сызу -графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және айырып тану теориясының негізгі қағидалары және практикалық амалдары оқылатын оқу пәні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу —жаза және оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нәтижесінде ғанаадам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады және басқалар орыңдаған немесе әртүрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі білім беретін деңгейіндегі сызу пәнін тек 9 сыныпта

оқыту көзделеді. Соңдықтан сызу пәнінің мұғалімі әр сабаққа жауапкершілікпен дайыңдалып, жоғары ұйымдастыру-әдістемелік деңгейде өткізуі керек. Теориялық материалды меңгерту сызбаларды орындау нәтижесінде ғана жүзеге асады. Ал орындалатын сызбаларға қажет материалды мұғалім оқулықта берілген үлгілерді басшылыққа алып сұрыптайды. Сызбалардың бір бөлігі жаттығу дәптерінде, ал екінші бөлігі (міндетті түрдегі графикалық жұмыстарды) сызу қағазында орындалады. Кейін сызбалар альбомға тігіліп, сызу кабинетінде біраз уақыт сақталуы қажет.

Жақсы нәтиже алу мақсатында оқушыларды сызуды тереңірек оқып-білу үйірмелеріне қатыстырып, олардың еркі бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру керек. Осыған орай мынадай факультативтік курстарды ұсынуға болады: «Геометриялық фигуралардың өзара қиылысуы», «Біріктірулердің түрлері және оларды кескіндеу», «Құрастырылған бұйымдар сызбаларын оқу және тетік бөлшектеу», «Құрылыс сызуының негіздері», «Сызбаларда метрикалық есептерді шешу», «Компьютерлік графиканың негіздері» және т.б.

Теориялық материалды меңгеру сапасын бақылау және оқу үрдісіне түзетулер енгізу үшін тестілерді қолдану ұсынылады. Бағдарламаның барлық негізгі мәселелері бойынша тестілер құрастыру қажет.

Сызу пәнінің міндеті.Құрамасызбаларды оқи білуге мектеп оқушыларын оқытып-үйретуде бұйымдардың геометриялық формалары жайлы және бөлшектердің өзара орналасу жайын, олардың құрамды бөліктерін, бұйымның жұмыс жасауын, сондай-ақ өзге техникалық және оның технологиялық сипаттамасын қажетті мәліметтерді мақсатты бағытта алуға көмектесетін бұйымдар жайлы ақпараттарды оқудың белгілі бір жүйелілігін жасап шығу ұсынылады.

Мектеп оқушылары сызбадағы құрама өлшемдерді оқып-үйренуі үшін мұғалімнің негізгі назары сызбаны оқи білу мен бөлшектеу біліктіліктеріне бағытталған болуы тиіс.

Құрамдысызбаларды оқи білу біліктілігін қалыптастыру үшін ұсынылған жауаптарды таңдап алу арқылы құрастырылған тапсырмаларды кеңінен қолдану қажет. Бөлшектеу біліктілігін қалыптастыруға сызбаларды (эскиздер) орындау үрдісінде ғана жетеді.

Құрамаөлшемдердің формаларын зерделеуде мектеп оқушыларының назарын аралас бөлшектердің өзара шартты түрде байланысқандығына аударған жөн. Міндетті графикалық жұмыстардан басқа, сызу сабақтарында әртүрлі пландағы графикалық тапсырмаларды пайдалану қажет.

Мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін белсендіру оқыту формасының, құралдарының, әдіс-тәсілдерінің және сабақты әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жолдары арқылы іске асырылады.