Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
меттич25 30.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
11.02.2016
Размер:
606.09 Кб
Скачать

28Сызуды пәнінін бағдарламасының мазмұны

1960 жылы мектептегі білім беру мазмұны мен әдістеріне қайта құру жасалды.Сызу пәні 6-8 сыныптарда оқытылатын болып оны оқыту бағдарламасы қайта жасалынды. Бұл бағдарламаға өту 1972-73 оқу жылынан бастау жоспарланды. Бірақ бұл орындалмады. Сызу 1980-81 оқу жылына дейін 7-8 сыныптарда ( 7 сыныпта -аптасына 1 сағат, 8 сыныпта аптасына 2 сағат) оқытылды. Осы уақытта 9-10 сыныптарға арналған бір жылға 70 сағатқа есептелген сызудан үш түрлі факультатив курсын оқытуға шешім қабылдады.

Оқу бағдарламасында «Геометриялық сызу», «Проекциялық сызу», «Аксонометриядығы сызба», «Нұсқадан сызу» атты төрт бөлім болды.Сызудан алғашқы оқулық 1934 жылы жарық көрді. Ол В.О.Гордон жазған «Техникалық сызу негідері» деп аталатын, оқулық еді. Оқулық проекциялық сызудан және техникалық сызу элементтерінен басталып, онда жазықтық бетіне құрастыру жүйелі түрде баяндалды. Сонымен сызуды бұл жылдардағы оқыту оқушыларды жартылай техникалық дайындау міндеттеріне сай, ұйымдастыруға толық жағдай жасалынды.

Бірақ ол кейінгі кезде мазмұны жағынанда, әдістері жағынанда елеулі өзгерістерге ұшырады.1934-35 оқу жылындағы оқу жоспарында сызуды оқыту 6-10 сыныптарға бөлінді. Бағдарлама революцияға дейінгі ескі оқытудәстүріне қайта оралып, сызу көптеген геометриялық құрылымдарды орындау болып табылатын сызу техникасының іскерлігі мен дағдыларын жетілдіретін пән ретінде қарастырылды.

Сызуды оқытудың мазмұны жалпы білім беретін мектептің оқу жоспары мен бағдарламасында берілген. Оқу жоспары бойынша сызуды оқытуға барлығы 68 сағат берілген. Олар 9-10 сыныптардың әр сыныбына жылына 34 сағаттан бөлінеді.

Сызу пәнінің оқу бағдарламасы оны оқыту мазмұнын анықтайды. Ол оқушыларға сызудан беретін білім мазмұнын анықтаумен қатар мұғалімге жетекшілік қызмет атқарады. 9 сыныпта «Сызбаларды безендіру ережелері», «Проекциялау әдістері», «Сызбаларды оқу және орындау» атты негізгі үш тақырып оқытылады. 10 сыныпта «Қима мен тілік», «Құрастыру сызбалары», «Құрылыс сызбаларын оқу» атты негізгі үш тақырып оқытылады.

29Сызуды оқытудың тарихы

Ресейде сызуды жүйелі түрде оқыту он сегізінші ғасырда басталған. Бірінші Петрдің дәуірінде тау кен зауытының мектебінде сызуды оқыту саласында алғашқы қадам жасалған. Мұндай мектеп 1721 жылы Екатиринбургте ашылған болатын. Тау кен зауыт мектебінде сызу негізгі пәндердің бірі болып есептелген. Ондағы оқушылар цехтардың жоспарын, машина бөлшектерін сызумен шұғылданған. Бірақ бұл кездегі сызбаларда өлшемдер қойылған жоқ. Олардың кейбір өлшемдері, сызбаның қосымша жазбаларында ғана берілді. Сонымен қатар сызу он сегізінші ғасырда гимназияларда оқытылды. Осы кезеңде Ресейдегі Петербургте (1725 ж.), Москвада (1755 ж.), Қазанда (1758 ж.) гимназиялар ашылды.

Гимназиядағы сызу маериалдары геометрия курсының ішінде оқытылды. Оқушылар сызба құралдарыныңкөмегімен көпқырлы моделдер дайындауға қажетті жалпақ фигураларды, сызба талдаулардың сызбаларын сызумен айналысты. Бұл жердегі сызуды оқыту барысы дайын сызбаларды көшіріп сызу мен механикалық жаттауға негізделді.1828 жылдан бастап сызуды оқыту орта мектепке енгізілді. 1828 жылдан бастап сурет пен сызу жалпы бір бағдарламаға біріктіріліп, оны сурет мұғалімі оқытатын болды. Гимназиялар бағдарламаларында, ең бастысы сызғыш пен циркульді пайдалана отырып, үлгілер бейнелерін көшіру жолымен сурет салу дағдысын дамыту қарастырылды. Сызу курсының өзіндік міндеттері сурет салудың жалпы міндеттерінің тасасында қалып қойды. 1871 жылы сурет мектептегі міндетті емес пәндердің қатарына қосылды. Оның ішінде сызу да болды. Бұл сабақ мектептегі жалпы сабақтар біткен соң, тек қана сызуға ынтасы мен қызығушылығы бар оқушылар үшін ғана өткізілді. Кейінгі уақытта сызу гимназияның оқу жоспарынан шығарылып тасталды.1872

жылдан бастап гимназиялармен қатар реалдық учелищелер ашылды. Гимназияларда сызу сурет пәнінің қосымшасы ретінде болса, учелищеде сурет сызудыңқосымшасы етінде танылды. Бірақ сызу суреттің қосымшасы болудан арылғанымен, ол қолданбалы пән ретінде қалып, оны математика мұғалімі геометриялық сызу түрінде өткізді.

Қазантөңкерісінен кейін жаңа біріңғай еңбек мектептері құрылды. Кеңес мектебіндегі сызу курсының бағдарламасына геометриялық, проекциялық, техникалық, аксонометриялық проектілеу мен тахникалық сурет тақырыптары қосылды. Бірақ осы жылдардағы оқу жоспарларында сызудың дербестік мәні болған жоқ. Мысалы, геомертиялық құрылым мен ортоганалдық проекциялауға қатысты материалдар математика бағдарламасында болса, техникалық сызбаға қатысты материалдар еңбек пен физика пәнінің бағдарламасында болды. Сол сияқты, көрнекті бейнеге қатысты материалдардың барлығы бейнелеу өнерінің бағдарламасында болды. 1932 жылдан бастап сызу дербес пән ретінде бөлініп шықты. Оқу бағдарламасында «Геометриялық сызу», «Проекциялық сызу», «Аксонометриядығы сызба», «Нұсқадан сызу» атты төрт бөлім болды.Сызудан алғашқы оқулық 1934 жылы жарық көрді. Ол В.О.Гордон жазған «Техникалық сызу негідері» деп аталатын, оқулық еді. Оқулық проекциялық сызудан және техникалық сызу элементтерінен басталып, онда жазықтық бетіне құрастыру жүйелі түрде баяндалды. Сонымен сызуды бұл жылдардағы оқыту оқушыларды жартылай техникалық дайындау міндеттеріне сай, ұйымдастыруға толық жағдай жасалынды.

Бірақ ол кейінгі кезде мазмұны жағынанда, әдістері жағынанда елеулі өзгерістерге ұшырады.1934-35 оқу жылындағы оқу жоспарында сызуды оқыту 6-10 сыныптарға бөлінді. Бағдарлама революцияға дейінгі ескі оқытудәстүріне қайта оралып, сызу көптеген геометриялық құрылымдарды орындау болып табылатын сызу техникасының іскерлігі мен дағдыларын жетілдіретін пән ретінде қарастырылды.

Соғыс және соғыстан кейінгі жылдары сызуды оқыту саласында елеулі өзгерістер болған жоқ.Сызуды оқыту әдістері мен жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларды қайта қарауға 1947-48 оқу жылында басты қадам жасалды. Барлық сызу курсы екіге бөлінді: біріншісі жетінші сынып, екіншісі сегіз бен оныншы сыныптар аралығы болды. Жетінші сыныптағы сызуды оқыту бастауыш сызу мәліметтерін меңгерту сипатында болды.Оқушылар бұл сыныптарда сызу кұралдарын қолдануға үйреніп, геометриалық құрылымдарды орындауға жаттықты, зат бейнесін жазықтық бетінде орындау тәсілдерімен танысты. Сызудың негізгі курсы 8-10 сыныптарда оқытылып, оқушылар геометриялық және проекциялық сызумен таныстырылды. Бұл сызба геометрия элементтерімен байланыстырылып оқытылды. Бұл кезде сызу пәні біртіндеп, жоғары оқу орнында сызба геометриясы мен техникалық сызуды оқуға дайындайтын пән ретінде қалыптаса бастады.1958 жылы КСРО Жоғары кеңесі КСРО халыққа білім беру жүйесін онан әрі дамыту, мектепті өмірмен байланыстыру туралы заң қабылдады. Бұл кездегі сызу курсы алдындағылардан мүлдем өзгеше болды. Оқыту негізіне кеңістік формаларын жазықтық бетінде бейнелеуді, техникалық сызбаларды орындаудың ережелері мен шарттарын, бөлшектердің қосындыларының көріністерін оқып үйрену алынды.