Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Мемлекет тарихы

.pdf
Скачиваний:
80
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.75 Mб
Скачать

1.Жоғарғы сот органы болып император соты табылды — мемлекеттік қылмыстар туралы аса маңызды істерді қарастырды.

2.Мемлекеттік кеңес — мемлекеттік қылмыстар жəне жоғарғы лауазымды тұлғалардың қылмыстары туралы істерді қарастырды.

3.Секреттер (канцеляриялар) — өздеріне бағынышты тұлғаларды соттау құқығы болған.

4.Протовестиарий (сарайдағы жоғарғы лауазымды тұлғалардың бірі) — сарай қызметкерлері, лауазымды тұлғалары туралы істерді қарастырды.

5.Констинополь эпархы — цех шеберлерінің істерін қарастырған.

6.Параталассит (қаржы мекемесінің шенеунігі) — саудагерлер мен кеме иелеріне қатысты сотты жүзеге асырған.

7.Квестор (жоғарғы сот қызметкерлерінің бірі) — жер даулары мен өсиеттер туралы істерді қарастырды.

8.Жоғарғы шіркеу соты болып Константинополь патриархатының соты табылды.

9.Шаруалар қауымында қауым мүшелері арасындағы барлық дауларды қауым жиналысы шешкен.

Құқықтың негізгі сипаттары. Византияда император жар-

лықтары, грамоталары, заңдар жинағы, оларға түсіндірмелер, сот тəжірибесінің жинақтары түріндегі біршама дамыған заңнама жүйесі болған.

IV ғасырдан VII ғасырға дейін құқықтың негізгі қайнар көздері болып Феодосий кодексі мен Юстиниан жинағы табылған. Сонымен қатар құқықтың басқа да қайнар көздері болған:

1.Эклога (726ж.) — азаматтық, қылмыстық жəне іс жүргізушілік заңдардың жинағы (бұлардың негізін Юстиниан жинағы құраған), ескірген заңдардан басқа жаңа заңдар жəне əдет құқығының нормалары.

2.Жер туралы заң, бұның негізін славяндық əдет құқығы құраған, заң ауыл шаруашылығы саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін.

3.Əскери заң, бұл заң əскери қызметшілердің əскери қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілігін анықтаған.

71

4.Номоканондар — шіркеулік құқықтың жинақтары, мұнда шіркеулер мен патриархтардың қаулылары кірген.

5.Прохирон (879ж.) — азаматтық, қылмыстық жəне шіркеулік құқық нормалары бар заңдардың судьяларға арналған қысқаша жазбасы.

6.Базиликтер (888ж.) — 60 кітаптан құралған заңнамалық жинақ.

7.Хрисовулдар — дін қызметкерлері, шіркеулер жəне жекелеген тұлғалар үшін артылықшылықтар жазылған алтынмен өрнектелген грамоталар.

8.Эпарх кітабы, мұнда византиялық саудагерлер қолөнершілер корпорацияларының ұйымы, өмірін жəне жағдайын анықтайтын нормалар көрініс тапқан.

9.Алтыкітаптық — Византияның азаматтық жəне қылмыстық құқығының жинағы (1345ж.).

Меншік құқығында прония институты дамыған, бұл институттың мəні мынада еді: қызметкер тұлғаларға жерді шартты жəне өмір бойға иелікке беру. Міндеттемелік құқықта міндеттемелерді шарттардан туындаған жəне деликтілерден туындаған міндеттемелер деп бөлу сақталып қалды. Неке Византиыда православиелік шіркеулік құқықтың нормаларымен реттелетін. Мұрагерлік құқық заң бойынша жəне өсиет бойынша мұра иеленуді танитын. Қылмыстық құқықта қылмыстардың келесі түрлері ажыратылатын: мемлекеттік қылмыстар, мүліктік құқықтырға қарсы қылмыстар, имандылыққа жəне отбасына қарсы қылмыстарға жеке тұлғаға қарсы қылмыстар. Жазалардың бір қылмыс түрі үшін де көптігі орын алған болатын, олар: өлім жазасы, мүшелерге зақым келтіру жазалары, ақшалай айыппұлдар, мүлікті тəркілеу, мемлекеттен қуу. Барлық құқықбұзушылықтар түрі бойынша сот істері либеллярлық процесс түрінде өтетін, оның мəні мынада болды: сот талқысының барлық кезеңдері жазбаша рəсімделетін.

72

2. Болгарияның мемлекеті жəне құқығы

Болгария мемлекетінің тарихының кезеңдері:

1 кезең — «Жеті тайпа одағы» (VII ғ.), бұл кезде Византияның құрамына кірген Балқан түбегінің ірі бөлігі — Мизияны славяндар жаулап алды;

2 кезең — Біірінші Болгар патшалығы, бұл кезде мынадай оқиғалар орын алды:

667-668 ж.ж. Мизияға Аспарух хан бастаған протоболгар дружинасы басып кірді, бұлар Византияны жеңеді де, 681 ж. византиялық император IV Константин Аспарух ханмен бейбіт келісімге келді, бұл жаңадан пайда болған славян-болгар мемлекетін тануды білдірді;

893-927 ж.ж. славян-болгар мемлекеті Симеон князьдың тұсында Балқандағы үстемдік құрушы державаға айналды; жиі қайталанған өзара соғыстар мен үстемдік құрушы таптағы қайшылықтар Болгар мемлекетінің əскери жəне экономикалық қуатының əлсіреуіне алып келді, мұны пайдаланған Византия Болгарияны 1018 жылдан бастап 1187 жылға дейін өз қол астына алды;

3 кезең — Екінші Болгар патшалығы (1187-1396 ж.ж.) болгар халқының византиялық күштеуге қарсы азаттық күресінің нəтижесінде құрылды.

Қоғамдық құрылым. Славян-болгар мемлекетінің таптық негізін феодал — жер иеленушілер мен шаруалар құраған. Феодалдар табына ірі феодалдық ақсүйектер — боярлар мен олардың вассалдары — ұсақ феодалдар кірген.

Шаруалар да бірнеше санаттардан тұрған:

париктер — феодалдарға тікелей тəуелді, жерге бекітілген жəне одан кетуге құқығы болмаған; отроктар — тəуелді шаруалардың ең төменгі санаты; технатарийлер — өз қожасының шаруашылығындағы қажеттіктер үшін қызмет ететін қолөнершілер.

Мемлекеттік құрылым. Болгар мемлекетінің басында монарх тұрған (ол түрліше аталған: алғашқыда — хан, славянша — князь, Симеонның тұсында — кесар, кейін — император). Патша жоғарғы заң шығарушы, жоғарғы сот жəне

73

жоғарғы қолбасшы болып табылды. Оның билігінің негізін əскер құраған. Патша билігі Бояр кеңесімен шектелетін, оның құрамына ұлы боярлар мен патриарх кіретін. Жоғарғы лауазымды тұлғаларды патша өзі тікелей тағайындайтын. Олардың қатарынан мыналарды атауға болады: ұлы логофет– бірінші министр жəне Екінші Патшалық патшасының көмекшісі; протовестиарий — қаржы министрі, патшаның жəне мемлекеттің қазынасын сақтаушы жəне басқарушы; ұлы əскербасы жəне протостратор — жоғарғы əскери шендер.

Жергілікті басқару. Болгарияның аумағы облыстарға бөлінген, оларды патша билігінің тікелей өкілдері болып табылатын облыстық басшылар — дукалар басқарған.

Сот жүйесі. Болгарияның сот жүйесі мемлекеттік жəне шіркеулік соттардан құралған.

1393 жылдан 1878 жылға дейін Болгария Түркияның билігіне бағынған. 1878 жылғы 19 ақпанда Ресей мен Түркияның арасында Сан-Стефан бейбіт келісіміне қол қойылды, оған сəйкес Болгарияға, Сербияға, Румынияға жəне Черногорияға тəуелсіздік берілді.

Құқықтың негізгі сипаттары. VІІ-VІІІ ғасырларда Болга-

рияда құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылды. Кейін номоканондар — шіркеулік византиялық заңдар жинағы пайда болды, олардың арасында Эклога мен Жер туралы заң ерекше орынды иеленген. Аса маңызды қайнар көздердің бірі 32 тараудан тұрған, қылмыстық, азаматтық жəне іс жүргізушілік құқық нормаларының жинағы түріндегі Сот заңы болған.

Бұл қайнар көздерге сəйкес жерге меншіктің екі түрі ажыратылды: баштина — мұрагерлікпен, еркін түрде берілетін меншік жəне прония — міндетті əскери қызметпен байланысты, шарттық сипаттағы өмір бойғы иелену. Баштина қайтыс болған тұлғаның балаларына өтетін, ал прония иесінің өлімімен жер үлесі оның жоғарғы иесіне қайтарылатын. Қалған мүліктерді мұрагерлікке алу Эклогамен реттелетін.

Қылмыстық құқықта қылмыс ретінде патша билігі мен шіркеу орнықтырған құқық нормаларын бұзу түсінілген. Патшаға жəне жеке тұлғаға қарсы қылмыстар Эклогамен, ал меншікке қарсы қылмыстар Сот заңымен реттелетін, азамат-

74

тық-құқықтық құқықбұзушылықтар Жер туралы заңда көрініс тапқан. Болгар мемлекетінде жауапкершілік дəрежесі мен жазаның ауырлығы жəбірленуші мен қылмыскердің сословиелік тегіне байланысты анықталатын болған.

75

3. Сербияның мемлекеті жəне құқығы

Сербтердің бірінші тайпалары көрші қауымдардан құралған болатын, бұл қауымдар, өз кезегінде, үлкен патриархалдық жанұялардан — задругалардан тұратын. Бірнеше задруга тайпаны құраған, ал бірнеше тайпа жупаны құраған, жупаны жупан басқарған. Рулық-тайпалық демократияның негізгі органдары болып жупан, ақсақалдар кеңесі жəне халық жиналысы табылған.

Серб мемлекеті қоғамның даму нəтижесі ретінде белгілі бір заңдылықтарға сəйкес пайда болды, қоғамның даму нəтижесінде феодалдық қатынастар қалыптасып, қоғам феодалдар мен шаруалар табына бөлінді. Ортағасырлық Серб мемлекеті ХІV ғасырдың ортасында Стефан Душанның тұсында ерекше қуатты болды.

Қоғамдық құрылым. Феодалдардың жоғарғы тобын ерекше ақсүйектер — властелдер мен текті ақсүйектер — князьдар мен вельможалар құрады. Властелдер жерді баштина құқығына (мұрагерлікпен, еркін берілетін меншік) сəйкес иеленетін. Феодалдардың келесі бөлігі — властеличтер — жерді өз властелдері — сюзерендерден прония құқығы негізінде — əскери қызметтен өту шартымен уақытша пайдалануға алатын. Ақсүйек феодалдармен бірге үстемдік құрушы тапқа дін кызметкерлері де кірген.

Халықтың қаналушы табының арасынан келесі топтар бөлінді: меропхалар — əртүрлі міндеттерді орындайтын жəне феодалдарға, мемлекет пен шіркеуге салық төлейтін шаруалар; влахтар — катундар деп аталатын ерекше қауымдарда өмір сүретін, таулы аймақтардың мал бағумен айналысатын халқы; отроктар — негізінен үй шаруашылығында пайдаланылатын құлдар, себралар — еркін қауым мүшелері; қала азаматтары.

Мемлекеттік құрылым. Серб мемлекетінің басында сайланбалы ірі феодал-монарх тұрған. 1217 жылы серб монархы Стефан Неманич алғаш рет рим папасынан патша титулын алды, бұл оның басқа ірі феодалдарға билік жүргізу деңгейін анықтады. Патша əскердің, мемлекеттік аппараттың жəне шіркеудің басында тұрды. Серб патшасының билігі Собормен — ірі ақсүйек жəне діни феодалдардың съездімен

76

шектелді. Собор патшамен бірлесе отырып маңызды мəселелерді шешті: архиепископтарды сайлады, патшаны сайлады, маңызды заңдарды қабылдады. Мысалы, 1349 жылы Собор Скоплада патшаның феодалдарға қатысты билігін шектейтін Стефан Душанның Законнигі қабылдады.

Жергілікті басқару. Серб мемлекетінің бүкіл аумағы патша өкілдері басқаратын облыстарға бөлінді, ал əрбір облыс — басында князьдар, чельниктер жəне кегралиялар тұратын волостьтарға бөлінді.

1355 жылы Стефан Душанның өлімінен соң мемлекетте феодалдар арасындағы қақтығыс-соғыстар күшейе түсті, осы жағдай 1389 жылы Сербияның Түркияға вассалды түрде тəуелді болуының негізгі себебі болды. Басқару түрік уəзірлерінің қолына көшті. Мұсылман құқығы қолданысқа енді. Сербия 1878 жылға дейін Түркияға тəуелді болды, тек осы жылы ғана ол Сан-Стефан бейбіт шартына сəйкес тəуелсіздікке ие болды.

Құқықтың негізгі сипаттары. Алғашқыда Серб феодалдық құқығының негізін үстемдік құрушы таптың мүдделеріне тиісті түрде бейімделген əдет-ғұрыптар құрады. Алайда, 1349 жылдан бастап Скоплада Собор қабылдаған соң құүқықтың негізгі қайнар көзі болып Стефан Душанның Законнигі саналады. Оның басым көпшілік баптары қылмыстық-құқықтық стипатта болып, дінге, жеке тұлғаға жəне меншікке қарсы қылмыстарға арналды. Сот өндірісі айыптаушылық сипатта болды, алайда, мұндағы тараптар еркін адамдар болуы тиіс еді. Ал еркін емес адамдар өз қожалары арқылы соттасатын.

77

4. Польшаның мемлекеті жəне құқығы

Польшаның мемлекеті мен құқығының кезеңдері:

1 кезең — ертефеодалдық монархия кезеңі (ХІІ-ХІІ ғ.ғ.); 2 кезең — феодалдық ыдыраушылық кезеңі (ХІІ ғ. ортасы

ХІV ғ. бірінші жартысы);

3 кезең — сословиелік-өкілдік монархия кезеңі (ХІV ғ.—

ХV ғ. ортасы);

4 кезең — ХV ғ. екінші жартысы — ХVІІІ ғ. соңы — екі кезеңнен тұрады:

а) шляхеттік демократия жəне ə) ірі магнаттар олигархиясы

а) Ертефеодалдық монархия Қоғамдық құрылым. Польшадағы феодалдар тобын

можновладец-нобильдер, рыцарьлар (болашақ шляха) жəне дін қызметкерлері құрады. Ал халықтың негізгі бөлігін алғашқыда смерд, кейіннен кмет деп аталған еркін шаруалар — қауым мүшелер құрады. Тəуелді шаруалардың саны біртіндеп өсе бастады, олар феодалдар үшін баршина мен көптеген заттай салықтар төлеген.

Мемлекеттік құрылым. Басқару нысаны бойынша Польша бұл кезеңде монархиялық мемлекет болған. Елдегі жоғарғы билік князьға тиесілі еді. 1025 ж. Бірінші патша болып Ержүрек Болеслав (Болеслав Храбрый) сайланды. Бұл кезеңде польша патшалары заң шығару, сот, атқару жəне əскери билікті жүзеге асырған. Патшалардың билігін можновладецтерден құралған Патшалық кеңес жəне ірі феодалдардың съездері шектеген. Басқарудың орталық аппараты келесі лауазымды тұлғалардан құралған: əскербасылар — патша сарайының істерін, əскерді басқарған; канцлер — патшаның хатшылық қызметін атқарған; коморник — патша сарайын барлық қажеттіктермен қамтамасыз етуді жүзеге асырған; скарбник — тиын шығарумен жəне əскерді қамтамасыз етумен айналысқан.

Жергілікті басқару. Бүкіл мемлекет округтарға бөлінген, оларды патшаның өкілдері басқарған. Қалалық округтардың əкімшілігінің басында сарайлардың билеушілері тұрған, олар

78

заң шығару, атқарушы жəне сот билігін қаланың аумағында жүзеге асырған.

ə) Феодалдық-ыдыраушылық мемлекет 1138 жылы Болеслав Кривоустыйдың өлімінен соң Польша

бірқатар князьдықтарға бөлінді, оларды қайтыс болған патшаның ұлдары өсиет бойынша басқаратын. Кейінірек, князьдардың билігінің əлсірегенін пайдаланған ірі феодалдар толық саяси дербестікке жетіп, тəуелсіз билеушілерге айналды.

Қоғамдық құрылым. Бұрынғыдай үстемдік құрушы тап болып діни жəне ақсүйек феодалдар сақталды. Рыцарьлар — шляхтичтердің көбеюі байқалды, олар дружиналар мен басқарудың сарайлық аппаратын құрады. Шаруалар арасында да біршама өзгерістер орын алды: феодалдық тəуелді шаруалар (смердалар) да, бостандыққа ие шаруалар (кметалар) да басыбайлылық мəртебесіне ие болды. Бұл кезеңде Польшаның қоғамдық құрылымының дамуының аса маңызды жағы болып сословиелердің қалыптаса бастауы табылды: ірі магнаттар — пандар, ұсақ феодалдар — шляхталар, қалалықтар жəне діни қызметкерлер.

Мемлекеттік құрылым. Əрбір князь өз иелігінде мемлекеттік билікті толығымен иеленді, яғни, ол заң шығару, атқарушы, сот жəне əскери биліктерді иеленді. Князьдар өз билігін өз вассалдарынан құралған кеңестердің көмегімен жүзеге асырды. Князьдың жанындағы басты лауазымды тұлғалар болып əскербасы, коморник, коморниктің көмекшісі, канцлер, канцлердің көмекшісі жəне скарбник табылды.

Жергілікті басқаруда да біршама өзгерістер орын алды. Округтардағы жоғарғы лауазымды тұлғалар болып каштеляндар

— қала билеушілерінің өкілдері табылды, олар өз аумағында билікті толық көлемде жүзеге асыратын. Каштелянияға қала мен оған іргелес жатқан жерлер кіретін.

б) Сословиелік-өкілдік монархия

ХІV ғасырдың алғашқы онжылдықтарында князь І Владислав польшалық жерлердің басым көпшілігін біріктіре білді. І Владиславтың ұлы Ұлы ІІІ Казимирдің тұсында Люблина сеймінде 1569 жылы Польша мен Литва Ұлы князьдығының

79

бірігуі жүзеге асады. Осы кезден бастап біртұтас польша-лит- валық мемлекетінің өмір сүруі басталады.

Польшаның біртұтас мемлекетке бірігуінде ІІІ Казимирдің реформаларының маңызы ерекше болды, бұл — əкімшілік, əскери жəне заң шығару саласындағы реформалар. Əкімшілік реформа орталық жəне жергілікті басқаруға байланысты болды: орталық басқаруда жаңа лауазымдар бекітілді: подскарбий

— мемлекеттегі қаржыларды басқару үшін жəне маршалек — патша мен оның жанындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін; жергілікті жерлердегі басқару үшін староста лауазымы бекітілді, оны патша өзі тікелей тағайындайтын. Əскери реформаға сəйкес əскери қызметке барлық жер өңдеушілер мен шаруалар да тартылды. Патша əскеріне жіберілетін əскерилердің саны жер иеліктерінің мөлшеріне сəйкес анықталатын болды. Заңнама саласында ескі сот əдет нормаларын кодификациялау жүзеге асырылып, патша билігін күшейтуге бағытталған бірқатар жаңа заңдар қабылданды.

Қоғамдық құрылым. 1370 жылы, ІІІ Казимирдің өлімінен соң негізгі үш сословие толығымен орнықты: ірі феодалдық магнаттар — пандар, ұсақ феодалдар — шляхта жəне дін қызметкерлері. Бұлар 1374 жылғы Кошица артықшылықтарына сəйкес барлық мемлекеттік салықтар мен міндеттерден босатылған болатын. Қалалықтар сословиесінің құқықтары біршама шектелді, ал шаруалар толығымен өз құқықтарынан айырылды.

Мемлекеттік құрылым. ХІV ғасырдың соңынан бастап польшалық феодалдар патша билігін шектеу мақсатында жаңа саяси органдарды — пандар мен шляхталардың съездін құрады. ХV ғасырдан бастап шляхтаның рөлі өсе түсті, олар “сеймиктерге” — жекелеген воеводстволар бойынша съездерге жиналатын. Ал ХVІ ғасырдың басында Польшада жалпымемлекеттік Вальдық сейм қалыптасады, оның екі палатасы болады: жоғарғы палата — сенат немесе патша кеңесі, мұнда ірі феодалдар мен патша сарайының жоғарғы шенеуніктері жиналатын жəне төменгі палата — елшілік изба, бұл палата шляхтаның депутаттарынан құралған болатын. Осылай, Вальдық сейм жəне сеймиктер магнаттар мен шляхтаның өкілдік органдары болып табылды. Басқарудың орталық органы болып

80