Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Мемлекет тарихы

.pdf
Скачиваний:
80
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.75 Mб
Скачать

Бесінші бөлім

ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

1. Жапония

ЖАҢА САЯСИ ҚҰРЫЛЫМ Бірінші дүниежүзілік соғыста Жапония өзінің колониалдық

иеліктерін Тынық мұхиттағы германдық колонияларды жаулап алып кеңейтті. Ірі концерндердің (“Мицуи”, “Мицубиси” жəне т.б.) позицияларының күшеюі өнеркəсіптің, соның ішінде əскери өнеркəсіптің де дамуы негізінде жүзеге асырылды. Бұл концерндер “дзайбацу” деп аталынды.

Сонымен қатар, селода əлеуметтік шиеленістің өсуіне жағдай жасайтын феодалдық қатынастар да сақталынып келді. 20-жылдардың соңы — 30 жылдардың басындағы тоқырау əлеуметтік-экономикалық жəне саяси қайшылықтарды өршіте түсті. Бұл жағдайдан шығудың жолы ретінде мемлекет басшылары милитаризация мен əскери полицейлік режимнің күшейтілуіне ден қойды. 1933 жылы Жапония Ұлттар лигасынан шықты. 1937-1939 жəне 1940-1941 жылдары министрпрезиденттің лауазымын тоталитаризмнің жақтаушысы — ханзада Коноэ иеленді. Ол милитаристтік топтар мен “дзайбацудың” өкілі болып табылды. Оның үкіметі “жаңа саяси құрылымды” құру туралы жариялады. Барлық партияларға ерікті түрде таратылуға ұсыныс жасалды. Олардың орнына жартылай қоғамдық-жартылай мемлекеттік ұйым — Таққа көмек беру ассоциациясы. Кəсіподақтардың орнына “отанға қызмет ету қоғамдары” құрылды. Аса милитаризацияланған əскери-полициялық режим орнады. Халықты идеологиялық жəне ұйымдастырылған түрде соғысқа дайындады (жалпы əскери дайындық пен əскери іске оқыту курстары енгізілді).

Экономикада барлық кəсіпорындарды аумақтық-салалық қағида бойынша біріктіруді көздеген “Жаңа экономикалық құрылым” енгізілді. Ереуілдер жасауға тыйым салынды. Жұмыс уақыты өсіп, əскери техника мен қару-жарақ өндірісі ана-

161

ғұрлым жылдам күшейе түсті. Экономика соғыстық жағдайға икемделе бастады.

1941 жылғы желтоқсанда Қытаймен соғысып жатқан Жапония американдық əскери-теңіздік база Перл-Харборға (Інжулі жағалау) шабуыл жасап, АҚШ-пен, содан кейін антигитлерлік коалицияның басқа да мемлекеттерімен соғыс бастады.

ЖАПОНИЯНЫҢ СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ДАМУЫ Жапония соғыстан жеңіліс тапты. 1945 жылы Жапонияға американдық əскерлер келді, елде генерал Д.Макартур басшылық еткен əскери əкімшіліктің оккупациялық режимі орнықты. Əскер мен флот қайта құрылып, əскери қылмыскерлер Халықаралық трибуналдың сотына тартылды. Мемлекеттік аппаратта тазалаулар жүргізіліп, милитаристік органдар мен қоғам-

дар таратылды.

1946 жылы аграрлық реформа туралы заңмен ірі помещиктік жер иелену жойылды. Өңдеуге берілетін жердің көлемі 3 те-ден (9 га-дан) аспауы тиіс болды.

Кəсіподақтар қайта қалпына келтірілді, 8 сағаттық жұмыс уақыты жəне ұжымдық шартқа деген құқық енгізіліп, ереуілдер жасауға рұқсат етілді.

Жаңа үкіметтің құрамын американдық əскери əкімшілік анықтады. Бұл əкімшілік Жапонияның жаңа конституциясының жобасын жасады.

1946 жылы жаңа сайлау заңының негізінде парламентке сайлау жүргізілді, бұл заңға сəйкес, əйелдер де сайлау құқығын иеленіп, жасқа қойылған ценз 5 жылға қысқарды. Конституция дамыған елдердің конституцияларында көзделген көптеген либералдық-демократиялық бостандықтарды ескерді. Соған қарамастан, монархия ұлттың рəмізі ретінде сақталып қалды. 1947 жылы конституция өз күшіне енді.

1947 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯ

1947 жылғы 3 мамырда күшіне енген жапон конституциясы императорды ұлт пен мемлекеттің рəмізі ретінде жариялайды (1 бап). Императордың мемлекеттік істер бойынша барлық əрекеттері Кабинетпен (үкіметпен) келісіліп отыруы тиіс болған.

162

Сонымен қатар, бұл конституция жапон халқының соғыстан бас тартуын ұлттың егеменді құқығы ретінде жəне əскер мен əскери флоттың болмауын жариялады. Формальды теңдік пен қандай да болмасын нысанда, қандай да болмасын белгісі бойынша (жынысы, нəсілі, діні жəне т.б.) кемсітуге жол бермеу танылды. Тең жалпыға ортақ сайлау құқығы (тікелей құпия дауыс берумен) жарияланды. Заңшығарушы билікті екі палатадан тұрған парламент жүзеге асырды, оның палаталары: Өкілдер палатасы жəне Кеңесшілер палатасы. Екі палата да сайланбалы болды: біріншісі 4 жылға, екіншісі 6 жылға сайланды. Парламент сессиялары жылына бір рет шақырылатын. Өкілдер палатасы қабылдаған заң жобасына байланысты Кеңесшілер палатасы басқа шешім шығарған болса, бұл жоба Өкілдер палатасының қатысушы мүшелерінің кем дегенде үштен екі бөлігі қайта қабылдағанада ғана заңға айналатын.

Атқарушы билікті премьер-министр мен мемлекеттік министрлерден құралған Кабинет жүзеге асырды. Ерекше атап өтетін жайт, конституция барлық министрлердің азаматтық тұлғалардан болуын талап етті. Мемлекеттік министрлердің басым көпшілігі сияқты Премьер-министр да Парламент мүшелерінен қатарынан ұснылатын. Кабинет парламенттің алдында ұжымдық жауапкершілікте болды.

Сот билігін басында Жоғарғы сот тұрған соттардың біртұтас жүйесі жүзеге асырды. Судьялар 10 жылға сайланатын, ал егер заңмен белгіленген жасқа (отставка жасы) жетпесе, қайтадан сайлана алатын. Сонымен қатар, Жоғарғы сот кезкелген заң мен актінің Конституцияға сай, немесе емес екендігі жөніндегі мəселені шеше алатын.

163

2. Италия

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ ТОҚЫРАУЫ Италия ХХ ғасырды конституциялық монархиялық мемлекет ретінде аттады. Бұл кезде Италияда дамыған банкілік капитал мен өнеркəсіптік өндіріс болған. ХХ ғасырдың басында “Фиат”, “Монтеатини”, “Пирелли” сияқты концерндер мен “Банка ди Рома”, “Қасиетті рух банкі” сияқты банкілер

құрылды.

Солтүстік Италия өнеркəсіптік сипатты, ал Оңтүстік Италия (Сицилия аралын қосқанда) ауылшаруашылық сипатты иеленді.

Италияның негізгі заңы болып 1848 жылғы Пьемонт (Альбертиндік) статут сақталып қалды. Оған сəйкес, заңшығарушы билікті патша мен парламент жүзеге асырды. Патша күшті президенттік билік орын алған мемлекеттегі президенттің функцияларына тең келетін функцияларды жүзеге асырды (заңдарды бекіту, үкіметті құру жəне т.б.).

Парламент Сенат пен 5 жылға сайланатын Депутаттар палатасынан тұрды. Сенат (патша сияқты) ұснылатын заң жобаларына қатысты вето құқығын иеленді. Депутаттар палатасы мемлекеттің бюджетін құру мен салық жинаумен байланысты өкілеттіктерді иеленді. Үкімет Депутаттар палатасының алдында жауап берді.

Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия жеңген мемлекеттердің (Антанта) жағында болды жəне аграрлық мемлекеттен аграрлық-индустриялық мемлекетке айналды. Мұндай даму барысында қоғамның əлеуметтік белгілер бойынша түрге бөлінуі орын алды.

Жұмысшылар қозғалысы күшейе түсті, 1919 жылғы сайлауда Итальяндық социалистік партия сайлаушылардың үштен бір дауысын иеленді. Ірі кəсіподақтық бірлестік — Жалпыитальяндық еңбек конфедерациясының қызметі ерекше маңызға ие болды. 1921 жылы социалистік партияның сол қанаты Итальяндық коммунистік партияны құрады.

ФАШИСТІК ИТАЛИЯ ХХ ғасырдың 20-жылдарында оң жəне сол күштердің

арасындағы саяси күрестің нəтижесінде шовинистік көзқа-

164

расты ұстанған офицерлер мен солдаттарды, ұсақ буржуазияны құраған итальяндық фашистік қозғалыс пайда болды. Олардың басында Б.Муссолини тұрды. Фашистік партия қызметінің идеологиялық негізін антисемитизм мен расизм құрады, ал оның ұраны болып “Ұлы Италия” табылды.

1922 жылғы қазан айының соңында фашистердің қаруланған тобы патшаның, əскердің жəне Ватиканның жақтауымен Римге шабуыл жасады, бұл əрекеттің нəтижесінде 1922 жылғы қарашада Б.Муссолини билігінен айырылды да, оны патша премьер-министр етіп тағайындады.

1925 жылы “Үкімет басшысының құқықтары мен артықшылықтары туралы” заңға сəйкес мемлекеттегі бүкіл атқарушылық билік премьер-министрдің қолына шоғырланды.

1923 жылғы сайлау заңына сəйкес орнықтырылған сайлау жүйесіне өзгертулер енгізілді. Бүкіл мемлекет біртұтас сайлау округі ретінде жарияланды. 1928 жылғы сайлау заңына сəйкес жалпыға ортақ, тең, пропорционалды дауыс берудің (1919 жылғы заң бойынша) орнына үміткерлерді фашистік кəсіподақтардың ұсынуы енгізілді, жəне бұл үміткерлерге 1922 жылғы 15 желтоқсанда құрылған Жоғарғы Фашистік кеңес міндетті түрде келісім беруі тиіс болатын. Жоғарғы Фашистік кеңес парламенттің заңшығарушылық функцияларын қайталап, тіпті, оның орнына өзі заң қабылдап отырды.

1939 жылы парламенттік жүйе жойылды. Депутаттар палатасының орнына партиялық-мемлекеттік органға айналған фашалар мен корпорациялар палатасы құрылды. Оның құрамы сайланбалы емес, тағайындаушылық сипатты иеленді, мүшелерді дуче (көсем) Б.Муссолини тағайындайтын. Сенатпен (бұрынғыдай патша тағайындайтын) бірлесе отырып жаңа палата жоғарғы заңшығарушы органды құрады.

Жергілікті əкімшілік фашистік партияның құрамынан тағайындалатын префекттер мен подесттердің басқаруына берілді. 1926-1927 жылдардағы “Мемлекетті қорғау туралы” заңдармен фашистік партиядан басқа барлық саяси партиялардың жəне фашистерге қарсы барлық газеттердің қызметіне тыйым салынды. Фашистік кəсіподақтардан басқа барлық кəсіподақтар таратылды.

165

Қуғын-сүргіндік аппарат белсенді түрде қалыптасты. 1923 жылы Жоғарғы Фашистік кеңестің шешімімен ұлттық қауіпсіздікті қорғаумен айналысатын ерікті милиция құрылды, оның мүшелерінің саны елдің қарулы күштеріндегі əскердің санынан асып кетті. Милиция тек дучеге бағынатын.

1926 жылы мына органдар құрылды: ұлттық қауіпсіздік полициясы; фашистерге қарсы қозғалыстардан қорғау ұйымы; саяси тергеудің ерекше қызметі. Қарулы күштер үкімет басшысына бағынды, жəне оған ішкі істер министрі ретінде карабинерлер корпусы да бағынды.

Сот жүйесіне төмендегідей өзгерістер енгізілді: арнайы комиссиялар (полициялық соттар); режимге қарсы қылмыстарды реттеуге арналған ерекше саяси трибунал; мемлекетті қорғау бойынша арнайы фашистік трибунал ерекше өкілеттіктерді иеленді.

Партия бюрократиялық, əскерилендірілген аппаратқа айналды. 1927 жылы Жоғарғы Фашистік кеңес Еңбек хартиясын қабылдады, оған сəйкес, фашистік мемлекеттің негізін кəсіпкерлер мен жұмысшыларды біріктірген корпорациялар құрады, ереуілдер мен қозғалыстарға тыйым салынды.

Фашистік режим Корпорациялардың арнайы министрлігін жəне Корпорациялардың ұлттық кеңесін қалыптастырды. Елде өнеркəсіптің əртүрлі салаларында 22 корпорация құрылды, Корпорациялардың ұлттық кеңесі экономиканы басқару органына айналды.

Фашистік режим Ватиканмен одақтасты. 1929 жылы Ватиканды Рим папасы басқаратын мемлекет ретінде тану туралы келісім бекітілді. Католик діні Италияның жалғыз діні ретінде танылды.

Сыртқы саясатта, фашистік Германиядағы сияқты, агрессия ерекше сипатты иеленді. 1936 жылы Эфиопия (Абиссиния) жауланып алды, ал 1939 жылы Албания оккупацияланды. 1940 жылы Италия əскерлері Грецияға басып кірді. 1937 жылы Италия “Антикоминтерндік пактқа” Жапония мен Германиямен бірлесе отырып қосылды. 1940 жылғы шілдеде Италия Англия мен Францияға соғыс жариялады, содан кейін Италия КСРО-ға қарсы (Қырымда) соғысқа қатысты.

166

ФАШИСТІК РЕЖИМНІҢ ҚҰЛАУЫ ЖƏНЕ РЕСПУБЛИКАНЫҢ ОРНАУЫ

Елдегі жағдай нашарлай түсті. Соғыстағы жеңілістер əскердің ұйымдастырылуын əлсіретті. 1943 жылы итальяндық əскер тарады. 1943 жылғы 24 шілдеде Жоғарғы Фашистік кеңес патшадан қарулы күштерге басшылық жасауды сұрады, бұл дучеге сенімсіздіктің көрінісі еді.

Жаңа премьер-министр П.Бадольо сөзсіз жеңілу шарттарына қол қойып (1943 жылғы 3 жəне 29 қыркүйек), антигитлерлік коалиция елдерінің жағына өтті. 1943 жылғы қазан айындағы Москвада өткен конференцияда АҚШ-тың, КСРО-ның жəне Ұлыбританияның сыртқы істер министрлері фашистік партияны, фашалар жəне корпорациялар палатасын, Жоғарғы Фашистік кеңесті, фашистік трибуналдарды, фашистердің басқару органдары мен қуғын-сүргін аппаратын тарату туралы шешім қабылдады.

1943 жылғы күзде қарсылық білдіру қозғалыстары мен ағылшын-американдық əскер Италияның аумағынан фашистерді қуып жіберді.

1946 жылғы 20 наурызда үкімет Құрылтай жиналысы туралы заңды бекітті, бұл орган демократиялық сайлаудың негізінде құрылуы тиіс болатын. 1947 жылғы 16 наурызда сайлау мен референдум өтті, мұнда итальяндықтар “Сіз республиканың орнағанын қалар ма едіңіз?” деген сұраққа жауап берді. 11 миллион сайлаушы монархия үшін, 13 миллион сайлаушы республика үшін дауыс берді.

Құрылтай жиналысы конституцияны 1947 жылғы 22 желтоқсанда қабылдады, ол 1948 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді. Конституция тараулар мен бөлімдерге біріктірілген 139 баптан жəне 18 өтпелі жəне қорытынды ережелерден тұрды. Конституция Италияны демократиялық парламенттік республика ретінде жариялады.

Парламент екі теңқұқылы палаталардан тұрды. Депутаттар палатасы жалпы жəне тікелей дауыс беру арқылы бес жылға сайланатын болды. Сенат алты жылға сайланатын. Айырмашылықтар депутаттар (21-25 жас) мен сенаторлар (25-40 жас) үшін белсенді жəне бəсең сайлау құқығынан байқалады. Парламент үкіметті құрап, бақылайды. Үкімет парламенттің

167

алдында жауап береді жəне парламенттің сенім вотумына тəуелді болып табылады.

Президент мемлекеттің басшысы болып табылады жəне ұлттың біртұтастығының кепілі болып табылады. Ол парламент палаталарының біріккен отырысы арқылы 7 жылға сайланады. Президентке тəн барлық міндеттерден бөлек ол өмір бойғы 5 сенаторды тағайындау құқығына ие. Ол референдум туралы жариялайды, халықаралық шарттарды ратификациялайды, дипломатиялық корпусты құрайды, соғыс жəне бейбітшілік жағдайы туралы хабарлайды (бұл жөнінде парламентте шешім қабылданған соң). Оның функцияларына, сонымен қатар, рақымшылық ету жəне кешірім жасау жатады.

Үкімет парламенттің алдында жауап береді. Ол жергілікті жерлердегі атқарушы билік жүйесіне басшылық жасайды. Жаңа институт үкіметтік комиссар институты енгізілді, оның функцияларына облыстағы барлық азаматтық əкімшілікке басшылық жасау жəне оның қызметін облыстық өзін-өзі басқару органдарымен үйлестіру кірді. Сонымен қатар, префектура кеңесінің қызметіне басшылық жасайтын префекттің лауазымы, арнайы қызметтер жəне жергілікті басқарудағы полициялар сақталып қалды.

Қарулы күштерде қарулы күштердің бас инспекторы институты енгізілді, ол бас қолбасшының (республика президентінің) билігіне бағынды. Кеңесуші органдар — Аэронавтика бойынша жоғарғы кеңес жəне Қорғаныс бойынша жоғарғы кеңес (бұл кеңеске президент төрағалық етті) құрылды.

50-жылдары Италияда полицияның 5 түрі қалыптасты: қоғамдық қауіпсіздік күштері (Франциядағы республикалық қауіпсіздік отрядтарына ұқсас), карабинерлер корпусы, қаржы (салық) полициясы, орман қорғау қызметі, провинциялық полиция.

Құқыққорғау органдары 1931 жылғы Қылмыстық кодекстің жəне 1941 жылғы Қылмыстық іс жүргізушілік кодекстің негізінде жұмыс жасады.

Жаңадан құрылған мекемелердің бірі болып Конституциялық сот табылды, оның функцияларына мыналар кірді: Конституцияға ресми түсіндірме беру, заңдардың конституция-

168

ға сəйкестігін тексеру, мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешу, азаматтардың құқықтарына кепілдік беру.

Сот өкілеттік мерзімі 9 жылдан тұратын 15 судьядан құралды, олардың құрамы біртіндеп өзгертіліп отыратын.

Конституциямен əділдіктің келесі жүйесі бекітілді: Мемлекеттік кеңес; Есеп палатасы; əскери трибуналдар; апелляциялық жəне кассациялық соттар; преторлар; əкімшілік джунттар (атқарушы органдарға ұқсас).

1947 жылғы конституцияға сəйкес Италия біртұтас орталықтандырылмаған (яғни, автономиялық облыстары көп) мемлекет ретінде жарияланды, мемлекет 20 облысқа, 95 провинцияға жəне 8068 коммуналарға бөлінді. Облысқа Облыстық Кеңес басшылық жасайтын болды, атқарушы орган болып облыстық джунта табылды. Облыстық Кеңестің өкілеттіктеріне мыналар жатты: облыстық деңгейдегі органдарды, оның ішінде полицияны, құру; жергілікті сауда, денсаулық қорғау; мəдениет жəне əлеуметтік қамтамасыз ету; облыстық салықтар жəне провинциялық жəне коммуналық өзін-өзі басқару органдарының қызметіне бақылау жасау. Бес облыстық кеңестен құралған топ заңнама мəселелері бойынша референдум өткізуді талап ете алатын. Облыстар президентті Сенаттағы өздерінің делегаттары арқылы сайлайтын. Облыстар мен мемлекет арасындағы даулар Конституциялық сотта шешілетін.

Облыстар провинциялардан тұрды, оларды провинциялық жиналыс басқаратын. Бұл жиналыс провинция джунтасын атқарушы орган ретінде сайлайтын. Коммуна да осындай жүйе бойынша басқарылатын.

Жергілікті жерлерде орталық биліктің өкілдері болып мыналар табылды: облыстарда үкіметтік Комиссарлар; провинцияларды префекттер; коммуналарда мэрлар.

1975 жылы сайлау жүйесін демократизацияландыру жүзеге асырылды. Азаматтарға, Сенатқа сайлауды қоспағанда, белсенді сайлау құқығы 18 жастан, бəсең сайлау құқығы 25 жастан бастап берілетін болды (фашистердің тұсында сайлау құқығы

21жастан бастап пайда болатын).

1947 жылғы 10 желтоқсанда антигитлерлік коалиция

мемлекеттері Италиямен бейбіт келісімге келіп, оған еркін

169

демократиялық мемлекет ретінде даму құқығын берді. Италия өзі жаулап алған Албанияның жəне Эфиопияның егемендігін таныды, Грецияға аумағын қайтарып берді, Африкадағы өз колонияларынан (Ливия, Итальяндық Сомали, Эритрея) бас тартты.

Қазіргі кезде Итальян республикасы — дамыған мемлекет, НАТО-ның жəне Еуропалық Одақтың мүшесі.

170