Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Мемлекет тарихы

.pdf
Скачиваний:
80
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.75 Mб
Скачать

Сот жүйесі. Вестминстрлік соттардың (патша орындығы соты, жалпы өндіріс соты, қазына соты жəне канцлер соты) құзіретінің сақталуымен қатар төтенше соттар — Жұлдызды палаталар құрылды. Халық заседательдері соттың құрамына толығымен енгізілді.

Құқықтың негізгі сипаттары. Англия аумағындағы құқық-

тың негізгі қайнар көздері болып мыналар табылды:

1.əдет-ғұрып;

2.нормативтік актілер (мысалы, Британияны жаулап алған дат патшасы Кнут 1017 жылы мемлекет үшін міндетті заңдарды — Кнут заңдарын шығарды);

3.жүріп-тұрушы соттар институтының пайда болуымен «жалпы құқық» қалыптасты, оның мəні мынада болды — жүріп-тұрушы судьялар үйлеріне қайту жолында сот тəжірибесін жалпылаумен айналысты жəне патша судьялары істерді қарауда басшылыққа алатын жалпы құқық нормаларын қалыптастырды;

4.ХІІ ғасырдан бастап патша соттарында сот отырысының барысын жəне сот шешімін көрсететін хаттамалар жазыла бастады. Содан соң аса маңызды сот істері туралы есептер «əржылдықтарда» жазыла бастады. Мұнда «жалпы құқықтың» негізгі қағидасы пайда болды: жоғары тұрған соттың шешімі осыған ұқсас істі осы сот немесе төмен тұрған сот қарау кезінде міндетті болып табылатын, яғни, сот прецеденті;

5.құқықтың жалпы қағидалары немесе сот бостандығы — егер ұқсас шешім болмаса;

6.«əділдік құқығы» — тұлға «жалпы құқық» соттарында өзінің мүддесін қорғауға қол жеткізе алмаса, ол патшаға «арұяты бойынша» істі шешуге шағымдана алатын;

7.статуттар — жоғарғы биліктің, яғни, патша мен парламент қабылдаған заң шығару актілері. Патшаның заң шығару актілері мен патша жəне парламент бірлесе қабылдаған актілерінің жиынтығы статуттық құқық деп аталды.

Ағылшын-саксондық құқық жүйесіне тəн сипат болып сот прецеденттеріне негізделген «жалпы құқық» пен «əділдік құқығының» болуы табылды.

«Жалпы құқық» тек жерді еркін, яғни, феодалдық ұстаумен байланысты сұрақтарды реттеген. «Əділдік құқығының»

61

негізінде копигольдерлер (бірқатар міндеттері бар шаруалар) мен лордтардың арасындағы азаматтық даулар қарастырылған.

ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. ағылшын құқығында бірде-бір құқықтық жүйеде болмаған институт — сенімгерлік меншік институты

— траст пайда болды, оның мəні мынада еді: бір тұлға (сенімгерлік меншіктің құрылтайшысы) басқа тұлғаға өз мүлкін меншікке, бір немесе бірнеше тұлғалардың — бенецифианттардың мүддесі үшін осы мүлікті басқаруға беретін.

Міндеттемелердің негізгі қайнар көзі болып шарттар мен құқықбұзушылықтар — деликтілер табылды. Ағылшынсаксондық құқығына барлық шарт түрлері тəн болатын, алайда шарттардың жарамдылығына ерекше мəн берілген болатын: белгілі бір нысанда бекітілген жəне сотта хаттамаға тіркелген шарттар ғана жарамды болып табылатын.

Неке бекітумен жəне оны бұзумен, ерлі-зайыптылардың жеке қатынастарымен қатысты сұрақтар канондық құқықтың құзіретіне жататын. Ал ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік қатынастар «жалпы құқықпен» реттелетін.

Қылмыстар мен жазалар туралы нормалардың дамуы статуттардың жəне патша соттарының сот тəжірибесінің əсерімен дамыды. Барлық қылмыстар үш топқа бөлінген: тризна — сатқындық (асып өлтіру арқылы өлім жазасымен жазаланатын); фелония — аса ауыр қылмыстар (өлім жазасымен жазаланатын) жəне мисдиминор — теріс қылықтар (мүлікті тəркілеумен жазаланатын).

62

4. Германияның мемлекеті жəне құқығы

Дербес мемлекет ретінде Германия Франк мемлекетінің ыдырауы нəтижесінде пайда болды. Алғашқыда ол Тевтон мемлекеті деп аталды, оның құрамына Швабия, Бавария, Франкония, Саксония жəне Лотарингия кірген (славяндар Тевтонияда өмір сүретін халықтарды немецтер деп атаған, «немой»

славян тілдерінде сөйлей алмаушы).

Германияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері:

1кезең — ертефеодалдық монархияның — герман халқының Қасиетті Рим империясының құрылуы (Х-ХІІІ ғ.ғ.);

2кезең — Германияның княздықтарындағы сословиелікөкілдік монархияның қалыптасуы жəне нығаюы жəне курфюрсттер олигархиясының орнауы (ХIV-XVI ғ.ғ.);

3кезең — герман мемлекеттерінде княздық абсолютизмнің орнауы (ХVII-ХІХғ. басы).

а) Ертефеодалдық монархия Аумақтың көршілес халықтардың (славяндардың) кеңеюі

нəтижесінде Еуропаның орталығында құрамына барлық германдық герцогтықтар, полабтық славяндар мен Солтүстік Италияның күштеп қосылған жерлері кірген империя пайда болды, ол ХІІІ ғасырда «герман халқының қасиетті Рим империясы» атауын иеленді. Бұл əр түрлі халықтарды — немістерді, славяндарды — императордың билігіне күштеп біріктірген мемлекет болды, алайда əлсіз болғандықтан, мұнда саяси дербес княздықтар мен жекелеген неміс қала — республикалары қалыптасты.

Қоғамдық құрылым. Бұл кезеңде халықтың негізгі бөлігін феодалдар құрады, олар үстемдік құрушы топ пен рыцарьлардан тұрды (бұлардың екеуіне де ортақ белгі болып сюзереннен алынған ленді иелену мен сюзереннің əскеріне қызмет ету міндеті табылды). Халықтың екінші бөлігі шаруалардан тұрды, олар бірнеше санаттарға бөлінді: еркін шаруалар — өз жерлерінің иесі; чиншевиктер — бөтен жерді пайдаланушылар жəне сол үшін алым-чинхи төлеушілер; басыбайлы

63

шаруалар мен халоптар; қалалықтар — саудагерлер мен қолөнершілер, жеке бостандық пен меншікті иеленген.

Мемлекеттік құрылым. Германиядағы мемлекеттік құрылымның өзіндік ерекшеліктері болған:

а) патшалар (императорлар) сайланбалы болатын; ə) жергілікті феодалдардың, əсіресе, князьдардың билігі

ерекше мəнге ие болғаны соншалық, олар дербес мемлекет басшыларына айналды. Формальды түрде герман патшасының билігі ауқымды болса, іс жүзінде ол діни жəне ақсүйек феодалдардың артықшылықтарының нəтижесінде шектелетін болды, сөйтіп феодалдар орталық биліктен экономикалық жəне саяси тəуелсіз болды. Хғ. басқарудың сарайлық — вотчиналық жүйесі бекітілді. Жергілікті жерлердегі патша шенеуніктері — графтар мұрагерлік ленниктерге айналды, олар өз иеліктерінің басқару аппаратын қалыптастырды, сөйтіп орталық органдар жергілікті жерлердегі басқаруға араласа алмайтын болды.

Əскер. Бұл кезеңде Германияның қарулы күштері рыцарьлардан — императордың вассалдарынан құралды. Феодалдардың əскери қызметі 6 аптамен жəне белгілі бір аумақпен шектелді. Қажет болған жағдайда патша қолына шаруалар шақырылатын.

Сот. Императорлардың сот билігі шектелген болатын. Жоғарғы юрисдикция ақсүйек жəне діни феодалдардың қолында жинақталды; сословиелік соттар пайда болып, өзімен тең тұлғалармен соттасу қағидасы бекітіледі. Шаруаларға қатысты сот билігін феодалдар жүзеге асыратын болды.

ə) Сословиелік — өкілдік монархия Қоғамдық құрылым. Таптық құрылымдағы өзгерістер орта

феодалдардың жоғалуынан, орта феодалдар сословиесі ретіндегі рыцарьлар тобының құлдырауынан жəне қалалардағы қаналушы тап өкілдерінің санының өсуінен көрініс тапты. Діни қызметкерлер екі топқа бөлінді: жоғарғы діни қызметкерлер — ірі жер иеленушілер жəне төменгі діни қызметкерлер — қаланың жəне селоның дін қызметшілері. Қала халқының арасынан жоғарғы топ — патрициат, орта топ — шеберлер жəне халықтың пиебей бөлігі — шеберлердің көмекшілері бөлініп шықты.

64

Мемлекеттік құрылым. Князьдардың экономикалық күшеюінің нəтижесі ретінде Германияның саяси ыдырауының өсуі орын алды. Бұл кезеңде мемлекетте 324 аумақтық бірлік болды, олар дербес мемлекеттер құқығын иеленді, сонымен қатар, 1475 еркін рыцарьлықиеліктер болды. ХІV ғасырдан бастап мемлекетті іс жүзінде жеті ірі князьдардан құралған топ басқарды, олар: маркграф Бранденбургский, герцог Саксонский, пфальцграф Рейнский, Чехия мен Богемия патшалары жəне үш епископ — Кельнский, Майнцкий жəне Трирский. Бұлар курфюрсттар, яғни, сайлаушылардың князьдары атауын иеленді. Курфюрсттар əрбір императордың сайлау кезінде оның билігін шектеуге қатысты өздерінің шарттарын қабылдауына бар күшін салды. Бұл шарттар сайлаушылық капитуляциялар деп аталды.

ХІV ғасырдан бастап имперлық сейм — Рейхстагтың өкілдік органының ұйымы тұрақты сипатты иеленді, ол үш алқадан құралды: курфюрсттер алқасы; князьдер, графтар жəне еркін тұлғалар алқасы жəне қалалар өкілдерінің алқасы. ХVІІ ғасырдан бастап бұл алқалар имперлік сословиелер немесе чиндер атауын иеленді. Əрбір мемлекетте өз сословиелері (чиндер) пайда болды, олар өз артықшылықтарын иеленді жəне тұйық корпорацияларға айналды. Басым көпшілік мемлекеттерде бір-бірінен тəуелсіз жəне тұйық үш курия құрылды: дін қызметкерлерінің куриясы, рыцарьлар куриясы жəне қалалықтар куриясы.бұл куриялардың жиналыстары ландтагтар деп аталды.

Қалалар өздерінің саяси мəні бойынша үш топқа бөлінді: имперлық қалалар (патшаның тікелей вассалдары болып табылды, өздерінің жоғарғы соты, əскері болды, тиын шығарды, императорға адалдық антын білдірді, жыл сайын императорлық салық төлеп əскерді жасақтауға жəрдемдескен), еркін қалалар) ұқсас құқықтарды иеленген, алайда салықтар мен əскерді жасақтаудан босатылған) жəне княздық немесе жергілікті қалалар (өз кеңестері болған, алайда олардың құқықтары шектелген болатын).

1495 жылы импер соты құрылды, мұнда барлық істер рим құқығының негізінде қарастырылатын болды, содан кейін ғана екінші кезекте неміс құқығы қолданылатын.

65

б) Шексіз монархия Германиядағы шексіз монархияның өзіндік ерекшеліктері

болды. Біркелкі емес экономикалық дамудың нəтижесінде мемлекет ұзақ уақыт бойы ыдыраушылық жағдайында болды, алайда империяның құрамына кірген əрбір жеке мемлекетте ХVІІ ғасырға қарай шексіз монархия орнады. Бұл княздық немесе облыстық абсолютизм еді.

XVII-XVIII ғ.ғ. герман империясының қоғамдық құрылысы өзгеріссіз қалды. Император билігі құрметті атаққа айналды. Князьдар əскери міндеттен босатылып, императорға салықтар төлемейтін болды. Рейхстаг өз мəнін жоғалтты. Импер сотының орнына имперлық сарайлық сот келді. Ландтагтар тек көзбояушылық үшін жиналатын болған.

в) Пруссия

Барлық герман мемлекеттерінің арасынан XVIII ғасырда Бранденбург маркграфствосы ерекше күшейді, ол 1702 жылы Пруссия патшалығына айналды. Бұл полицейлік мемлекет еді, оның негізгі қағидасы болып азаматтардың кезкелген жеке құқықтарын жоққа шығару жəне шектен тыс бюрократизм табылды.

Пруссия мемлекетінің басшысы болып патша табылды, ол курфюрсттердің имперлық алқасына кіретін. Патшаның жанында құпия кеңес-мемлекеттік басқарудың жоғарғы органы əрекет етті, ол үш департаментке бөлінді: шетелдік істер, ішкі істер жəне юстиция департаменттері. Пруссиядағы жергілікті басқару ақсүйектік өзін-өзі басқаруға негізделген болатын. Ақсүйектер өз қатарынан ландраттарды сайлайтын, олар толығымен орталық билікке бағынған болатын. Пруссиядағы басқарудың жүйесі төменгі буындардың жоғарғы буынға толығымен бағыну қағидасына — шенеуніктік иерархия қағидасына негізделген болатын.

Құқықтық негізгі сипаттары. Х-ХІІІ ғасырларда Герма-

нияда біртұтас құқықтық жүйе болмаған: əрбір саяси бостандығы бар аумақта өз құқығы болатын, бұл кезеңдегі құқықтың негізгі қайнар көзі болып əдет-ғұрып табылатын.

66

ХІІІ ғасырда əдет-ғұрыпты жазуға қатысты алғашқы талпыныстар орын алды, олар жеке сипатта болды, олардың ішіндегі аса əйгілілері Саксондық зерцало мен Шваб зерцалосы еді.

Саксондық зерцалоның негізгі қайнар көзі болып солтүстікшығыс Германияның əдет құқығының нормалары табылды. Ол екі бөліктен құралды: 1) жергілікті құқық — еркін тұлғалар арасындағы азаматтық, қылмыстық — іс жүргізушілік жəне мемлекеттік-құқықтық қатынастарды реттейтін жəне 2) лендік құқық — феодалдар арасында пайда болатын вассалитет қатынастарын реттейтін.

Шваб зерцалосының қайнар көздері болып ежелгі германдық шындықтар — Бавар жəне Аллемен шындықтары, императорлардың капитулярийлары, римдік жəне канондық құқық, сонымен қатар Саксон шындығы табылды.

Құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар мыналар да жатты: қалалық құқық — Магдебург жəне Любекс құқықтары, бұлар адамдарды еркін жəне тəуелді деп бөлмейтін жəне барлық қатынастарды реттейтін; рим құқығы, ол XVI-XVII ғасырларда негізгі қайнар көз болып табылды; канондық құқық. 1532 жылы рехстаг жалпы германдық қылмыстық жəне қылмыстық іс жүргізушілік ереже қабылдады, ол «Каролина» деп аталды, бұл ереже жергілікті əдет-ғұрып пен заңдардағы олқылықтардың орнын толтыруға бағытталған болатын.

Каролинаға сəйкес қылмыстардың келесі түрлері ажыратылды: 1. Дінге қарсы қылмыстар — құдайдан безіну, дуалау, антынан таю. 2. Мемлекеттік қылмыстар — сатқындық, билікке қарсы көтеріліс, бейбітшілікті бұзу, жалған ақша жасау, қарақшылық. 3. Меншікке қарсы қылмыстар — ұрлық, тонау, өртеу. 4. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар — адам өлтіру, адамның мүшелеріне зиян келтіру, зорлау, қорлау, ар-ұятқа нұқсан келтіру. 5. Имандылыққа қарсы қылмыстар — екі əйел алу, некедегі адалдықты бұзу, зинақорлық, жақын туыстарымен жыныстық қатынасқа түсу, кəмелетке толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу. 6. Əділ сотты жүзеге асыру тəртібіне қатысты қылмыстар — сот алдында өтірік ант беру жəне жалған куə болу. 7. Сауда тəртібіне қатысты қылмыстар —

67

жеткізбей өлшеу, асыра өлшеу. Жаза түрінде өлім жазасы, дене жазалары, мелекеттен қуу жəне айыппұл көзделген.

68

Ə. ОРТАЛЫҚ ЖƏНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІНДЕГІ ФЕОДАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ

1. Византияның мемлекеті жəне құқығы

395 жылы Рим империясы түбірімен Батыс жəне Шығыс империяларға бөлінді. Шығыс Рим империясы Византия деп атала бастады. Византияның құрамына мыналар кірді: Түркия, Кіші Азия, Сирия, Палестина, Египет; Балқан түбегі, Месопотамияның бөлігі, Армения, Қырым мен Кавказдың оңтүстік жағалауы.

Византияның мемлекеті жəне құқығы тарихының кезеңдері: 1 кезең — құл иеленуші мемлекет пен құқықтың ыдырауы жəне феодалдық мемлекет пен құқықтың негізгі институтта-

рының қалыптаса бастауы (IV-VII ғ. ортасы);

2 кезең — феодалдық мемлекет жəне құқықтың қалыптасуы жəне дамуы (VII ғ. ортасы — ІХғ. бірінші жартысы);

3кезең — басқарудың тармақталған бюрократиялық аппараты бар орталықтанған феодалдық монархияның құрылуы (ІХ ғ. екінші жартысы — ХІІІ ғ. басы);

4 кезең — феодалдық ыдыраушылық жəне орталық биліктің əлсіреу процесінің күшеюі (1204 — 1453 ж.ж.).

Қоғамдық құрылым. Византияның бүкіл халқы мұрагерлікке өтетін өзіне тəн белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар сословиелерге бөлінді. Ең жоғарғы болып қызметкерлер сословиесі табылды, олардың жоғарғы тобын жоғарғы мемлекеттік лауазымдардағы ірі жер иеленушілер — сенаторлар құрады. Сенаторлар атағын иеленбеген қызметкер — ақсүйектер динаттар деп аталды. Бұл — магистрлар, облыстық бастықтар, митропометтер, епископтар, игумендер лауазымын иеленген ірі жер иеленушілер еді. Артықшылықтарды иеленген сословиеге, сонымен қатар, куриалдар — қалалық куриялардың құрамына кірген ұсақ жəне орта жер иеленушілер де кірді. Одан кейін иерархиялық баспалдақта шаруа халқы тұрды, олардың негізгі бөлігін колондар құрады. Колондар еркін жəне басыбайлы болып бөлінді. Басыбайлы колондар еркін колондарға қарағанда нақты бір жерге бекітілген болатын жəне бір

69

жер иеленушіден екіншісіне кете алмайтын. Келесі сословие — плебейлер, бұл — қалалардың еркін халқы: саудагерлер, кеме иелері, қолөнершілір, ұсақ жер иеленушілер. Соңғы, құқықтарды иеленбеген топ — құлдар-дулдар еді.

Мемлекеттік құрылым. Византия империясы орталықтанған мемлекет болатын, оның басында император тұрған, ол византиялық шіркеудің ілімі бойынша өз билігін құдайдан алтын, ал оның тұлғасы қасиетті деп саналатын. Императордың қолында заң шығару, атқару жəне сот биліктері жинақталған болатын. Императордан кейін екінші тұлға болып Константинополь патриархы табылды. Императордың жанында екі кеңесуші орган болды: 1) ішкі жəне сыртқы саясаттың маңызды мəселелерін талқылаушы Сенат жəне 2) орталық мемлекеттік басқарудың басында тұрған мемлекеттік кеңес — Консисторий.

Жоғарғы лауазымды тұлғаларға мыналар жатты:

преторийдің екі префекті (Шығыс преторий префекті Кіші Азияға, Понтқа жəне Фракияға басшылық жасады; Илирия преторий префекті — Балқан түбегіне басшылық жасады);

астана префекті (эпарх), Константинополь мен 100 мильге дейін оған жақын жатқан селолық аймақты басқарды;

сарай бастығы — императордың жеке күзетін, жеке канцеляриясын жəне мемлекеттік поштаны басқарды;

квестор — Мемлекеттік кеңестің төрағасы болып табылды, император жарлықтарын жасаумен жəне оларды таратумен айналысты;

қаржының екі комитеті — біреуі мемлекеттік қазынаны, екіншісі императордың иеліктерін, сарайларын жəне ат зауыттарын басқарды;

əскердің екі магистрі: біреуі жаяу əскерге, екіншісі атты əскерге басшылық жасады.

Жергілікті басқару. Византияның бүкіл аумағы екі префектураға бөлінді, префектуралар əрқайсысы 50 провинциядан құралған жеті диоцезден тұрды. Ең төменгі аумақтық бірлік болып қауымдастық табылды.

Сот жүйесі. Византияның сот жүйесі төмендегідей сипатты иеленді:

70