Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП каз 2 кред УМКМД для ЮСПК 101 (2014-2015).docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
738.86 Кб
Скачать

Пәннің мазмұны

КІРІСПЕ

Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылым және құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Оларға қарағанда, жалпытеориялық және әдістемелік функцияны орындай отырып, ол белгілі бағдарлық қызмет атқарады. Әдетте, оның мемлекеттік-құқықтық даму заңдылығы мен қарқынын ашатын сипаты мынадай, нақты юридикалық ғылым мен пән өкілдері «өздерінің» зерттейтін құбылыстарының жаңа жағын және қырын байқауда немесе оны түсіндіруде және талдауда жаңа көзқараспен қарау мүмкіндігі туындайды. Сонымен қоса нақты юридикалық ғылымдар өз зерттеу қызметінде мемлекет және құқық теориясының мемлекеттік-құқықтық аясын қамтитын, соның ішінде мысалы:

- мемлекеттік ұйғарымның императивтілігі, олардың билік құрылымының мәжбүрлік күші арқылы нығайтылғандығы және шартсыз міндеттілік сипатының болуы;

- құқықтық актілер иерархиясының сақталу маңыздылығы, соның ішінде конституция ең жоғары күшіне ие сияқты ұғымдық және түсініктемелік аппараттарды кеңінен қолданады.

- мемлекетке тән және оған құқықбұзушылықпен күресуіне кең мүмкіндік беретін құқыққорғау қызметі нысанын бөліп қарастыруы.

Сол сияқты мемлекет және құқық теориясында құзырет, заңдық мәртебе, құқықсубъектілік, азаматтылық, иммунитет, депортация, қылмыстылық және құқық бұзушылық, юридикалық (заңшығарушылық) техника, континуитет, легислатура және т.б. ұғымдар қазіргі таңда юриспруденцияның жалпы құндылығы болып табылады. Юриспруденцияда мемлекет және құқық теориясы интегративтік құрылымын құрады, яғни өзіне барлығын шоғырландыратын оның квинтэссенциясы деуге болады.

Жоғарыда айтылғандар студенттердің мемлекет және құқық теориясын оқып үйренуге деген нақты қатынасының маңыздылығының көпе көрнеу үлгісі. Бұл оларға жалпы юриспруденция үшін кейбір іргелі және түйінді сауалдарға зейін аудару мүмкіндігін береді, ондай білімдерге оларсыз көптеген салалық проблемаларды түсінуге жол бермейтін білімдер жатады. Осы ғылымның теориялық - әдістемелік тұғырымен және оның мазмұнымен таныстығымыздың арқасында студенттер юридикалық пәндердің «құпияларын» белсенді және табысты игеру мүмкіндігі бар.

Отандық мемлекет және құқық теориясы өзінің даму кезеңінде көптеген қиындықтарды басынан өткерді, қоғам тұғырын идеалдандырып және саясиландырып терең дағдарыстық күйге түсірген партиялық қағиданы жүктеді, енді соның ықпалынан шығуға тырысып жүрміз. Қазіргі қабылдап жатқан шаралар, әзірше оны толық сауықтыруға жеткіліксіз, оның дәлелі қазіргі қоғам деңгейі. Алдымызда кеңес дәуірінің мұрасынан толық құтылу және қоғамның мемлекеттік-құқықтық өмірінің қазіргі болмысымен сусындалған ережелерімен мемлекет және құқық теориясын байыту міндеті тұр. Бұл ғылыми зерттеу мазмұнымен, әдістері, әдістемесімен және өмірлік процесс нәтижелері және байлам түйіндерімен де жанасады. Мемлекет және құқық теориясын жаңарту мен сауықтыруда қолданып жатқан шараларға студент қауымын кеңінен қатыстырған жөн, оларды жетістіктерге сыни тұрғыдан қарауға жетелеу және дағдарысты жылдам жою жолдарын табуға бағыттау керек. Студенттер қауымы ғылымның болашағы: біздің үмітіміз де, келешігіміз де олармен байланысты; олардың еңбегі тезірек дербес ғылыми жұмыс қатарын толтырса, солай олардың көзқарасы белгілі орынға ие болады.

Студенттерді юридикалық білімге қосу процесінде белгілі кезектілікті сақтау қажет: бастапқы құқықтық ұғымдар мен түсініктерді меңгеруіне үйретуді мақсатына сай бастау керек, содан кейін күрделілірек кешендік ұғымдар мен түсініктерге көшу, содаң соң тұжырымдар мен ғылым саласындағы теорияларды зерттеуге кірісуі қажет. Басқа да юридикалық (сонымен қоса, философиялық, әлеуметтік және т.б.) пәндерді паралельді және кезектілікпен зерттеу жоғарғыдағыдай тәртіппен жүруі тиіс, студенттердің юридикалық дүниетаным процесінің қалыптасуы, олардың құқықтық сана, құқықтық мәдениет, азаматтылықтың қалыптасуы күшейеді. Аталмыш үлгі бағдарлама республика өмірінде болып жатқан мәнді өзгерістерді, және бұрынғы бағдарлама қабылданып жарияланғаннан кейінгі жоғары юридикалық білім саласындағы өзгерістерді ескере отырып құрылған. Ол қазіргі қазақстандық және ресейлік ғылыми еңбектерде (монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, мақалалар және т.б.) бекітілген мемлекет және құқық теориясының дамуының қазіргі деңгейін бейнелеуге ұмтылады. Бағдарлама ғылыми пікірсайыстар мен талқылаулар материалдарын (қажет болған жағдайда, бірақ шектелген көлемде) пайдалануды қарастырады.

Бағдарлама мазмұны төрт бөлімді қамтиды: мемлекет және құқық теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері (ол 3 тақырыпты қамтиды), мемлекет және құқықтың пайда болуы және даму кезеңдері (3 тақырып), мемлекет туралы ілімі негіздері (9 тақырып), құқық туралы ілім негіздері (15 тақырып). Бағдарлама негізгі және қосымша әдебиеттер тізімдерін, тәжірибелік (семинар) және СОӨЖ ­сабақтар тақырыптарының үлгі тізімдерін, курс жұмыстары жобаларының үлгі тақырыптарын қарастырады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.

1-тақырып. Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. ( 1 сағ.)

Мемлекет және құқық теориясының ғылыми-әдістемелік негіздерінің дамуы – осы ғылымның өз пәнін жетік менгерудің маңызды шарты. Мемлекет және құқықтың пайда болуы, әрекет етуі, дамуы заңдылықтарына тән сипаттамасы; олардың табиғат заңдарынан және материалды әлемнен айырмашылығы.

Мемлекет және құқық теориясындағы жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістемелердің үйлесімділігі. Салыстырмалы, нақты-әлеуметтік, статистикалық, формальды-заңдылық, кибернетикалық және басқа да жеке әдістер және олардың ғылыми танымдағы ролі. Мемлекет және құқық теориясының ғылыми сипаттамасымен партиялылық қағидасының сәйкес келмеуі. Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан тану қажеттілігі.

Мемлекет және құқық теориясында талдау (анализ), сомдау (синтез), индукция, дедукция, болжау (гипотеза) сияқты ғылыми әдістерді қолдану.

2 – тақырып. Мемлекет және құқық теориясы гуманитарлық ғылым және нақты юридикалық ғылымдар жүйесінде. ( 1 сағ.)

Мемлекет және құқық теориясы мен негізгі гуманитарлық ғылымдардың (философия, саясаттану, әлеуметтану, экономиялық теория) өзара қатынасы. Юриспруденцияның әдістемесін қалыптастыру және дамыту үшін мемлекет және құқық теориясында философия ережелерін қолдану.

Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін ғылым жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясының алатын орны. Мемлекет және құқық теориясы және шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихымен өзара байланысы. Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудегі тарихи қағидасы. Мемлекет және құқық теориясы мен нақты (соның ішінде салалық) юридикалық пәндер.

Нақты юридикалық ғылымдарды зерттеу және таным қызметтерінің тәжірибелерін жалпылау, сонымен қатар, мемлекеттік-құқықтық даму заңдылығын жеке талдау юриспруденция саласындағы әдістемелік маңызы бар мемлекет және құқық теориясының жалпы қағидаларының негізі ретінде.

3 – тақырып. Мемлекет және құқық теориясының ғылыми мәртебесі және оның функциялары ( 1 сағ.)

Мемлекет және құқық теориясының ғылымилық қағидасы. Мемлекет және құқық теориясының функциялары: зерттеуші – танымдық, бағыттаушы, тәрбиелеуші, болжаушы. Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Заңи дүниетаным қалыптасуындағы және кәсіби-заңгерді қалыптастырудағы мемлекет және құқық теориясының ролі. Мемлекет және құқық теориясының фундаментальді және қолданбалы міндеттерінің үйлесуі және олард ың өзара толықтырылуы. Көп жылдар бойы мемлекет және құқық теориясында болған дағдарыстан шығудың шаралары.

ІІ -ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

4 – тақырып. Мемлекеттің пайда болуы ( 1 сағ.)

Алғашқы қауым қоғамын айрықшаландыратын ерекшеліктері және оған тән басқару жүйесі. Еңбекті өндірудің баяу дамуы және иелік ету мүмкіндігінің пайда болуы және осыдан меншіктік қатынастың пайда болуы. Қоғамның әлеуметтік қабаттану алғы шарттары, оның стратификациялануы, рулық және тайпалық мекемелердің ыдырауы, оның ежелгі мемлекеттілік құрылымға қайта құрылуы. Функциясы басқару болып табылатын адамдардың ерекше қабаты. Бюрократияның пайда болуы. Әлеуметтік теңсіздіктің және даудың (конфликтінің) күшеюі.

Әртүрлі халықтарда мемлекеттің пайда болу ерекшеліктері. Мемлекеттіліктің пайда болуының еуропалық, азиаттық-африкандық, американдық модельдері. Мемлекет - саяси, құрылымдық, территориалдық ұйым ретінде, және оның бұқаралық билік, бодандарын территориалық бөлу, аппараты ұстау үшін тұрғындардан салықты жинау тәрізді белгілері мен қасиеттерінің қалыптасуы.

Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары: патерналистік, теологиялық, келісімдік, күштеу теориясы, табиғи-құқықтық, диалектико-материалдық және т.б. Көрсетілген теориялардың жағымды жақтары мен кемшіліктерін ғылыми бағалау.

5 – тақырып. Құқықтың пайда болуы ( 1 сағ.)

Алғашқы қауым қоғамындағы адамдардың қатынасын нормативтік реттеу жүйесі. Мононормалар алғашқы қауым адамдарының оларды қоршаған нақтылықты мүшелемей қабылдаудың тәсілі ретінде. Мононормалардың ыдырауы және дағдарысы, олардан әдет-ғұрып, мораль, діни рәсімдердің баяу бөлінуімен түсіндіріледі. Құқықтың пайда болуындағы экономикалық және әлеуметтік алғышарттардың қалыптасуы. Құқықтың пайда болуының негізгі заңдылықтары. Құқықтың жалпыәлеуметтік және таптық мазмұны. Алғашқы қауымдық қоғамның әлеуметтік нормаларынан құқықтың айырмашылығы.

Құқықтың пайда болуы туралы теорияларға сипаттама: теологиялық, келісімдік, психологиялық, табиғи-құқықтық, диалектико-материалдық.

6 - тақырып. Мемлекет және құқықтың дамуының негізгі кезеңдері ( 1 сағ.)

Мемлекет және құқықтың кезеңдерге бөлінуі. Кезеңдерге бөлудің өлшемдері.

Мемлекет және құқықтың кезеңдерге бөлуге деген хронологиялық көзқарас. Ежелгі әлемдегі, орта ғасырдағы, жаңа және қазіргі замандағы мемлекет және құқық.

Мемлекет және құқық дамысын марксистік кезеңдерге бөлуі. Құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік мемлекет және құқық. Мемлекет және құқықтың тарихи типтерінің ауысуы. Мемлекет және құқықтың келесі мемлекет және құқық типіне көшуінің эволюциялық және революциялық жолдары. Өтпелі (транзиттік) қоғамның мемлекет және құқығы.

Мемлекет және құқықтың әрекет етіп жүрген өркениет типтеріне қарай кезеңдерге бөлу. Өркениеттің батыс, мұсылман, қытай, дала және басқа да түрлері, әрекет етуші мемлекеттілік пен құқық жүйесінің мазмұнына, сипатына және даму бағытына ықпал етуі.

ІІІ – ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ІЛІМНІҢ НЕГІЗДЕРІ

7 – тақырып. Мемлекет түсінігі және жалпы сипаттама ( 2 сағ.)

Мемлекет адамзаттың жалпы өмір сүруінің ерекше саяси ұйымы ретінде. Мемлекеттің мәні және оның эволюциясы: мемлекет дамуының әртүрлі сатысындағы мемлекетпен шешілетін жалпыәлеуметтік және таптық міндеттері қатынасындағы өзгерістер. Мемлекеттің негізгі ерекше белгілері, олардың басқа қоғамдағы ұйымдардан айырмашылығы. Мемлекеттік биліктің егеменділігі – мемлекеттің саяси-юридикалық өзіндік сипаты ретінде. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің түрі ретінде, оның жүзеге асырылу тәсілдері мен нысандары. Құқық мемлекеттік билікті шектеу үшін тиімді тәсіл ретінде және оны соққыға ұшыратпау. Мемлекет бұқаралық-құқықтық қауым ретінде. Ұлт және мемлекет. Әртүрлі халықтарда мемлекеттілік дамуынының әртүрлілілгі. Мемлекет және мемлекеттілік: шектері мен арақатынасы.

8 – тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуы және оның қазіргі кезеңде либеральды-демократиялық бағытта даму қажеттілігі ( 2 сағ.)

Мемлекеттің әлеуметтік тағайындалуындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару құрал және таптық дауды шешу құралы ретінде. Қоғамдағы үстем таптың немесе үстем әлеуметтік қабаттың мемлекетті біржақты таптық бағдарына көндіру ұмтылысы. Осындай ұмтылыстан баяу құтылу және либеральды-демократилық бағдарды орнықтыру - қоғамның алдынғы қатарлы күшін қолдау арқылы қазіргі саяси-құқықтық дамудың ең маңызды тенденциясы.

Ірі ресурстарды (ұйымдастырушылық, материалдық, қаржылық, адамдық) және мүмкіндіктерді (биліктік өкілеттілікті пайдалану, мәжбүрлеу және т.б.) мемлекетте шоғырландыру, сонымен қатар, осыған байланысты қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани процесстеріне позитивті және негативті әсер ету қабілеті, қоғамның даму деңгейіне және оның бағытына белгілі көлемде ықпал ету.

9- тақырып. Мемлекеттің типологиясының ғылыми негіздері ( 1 сағ.)