Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП каз 2 кред УМКМД для ЮСПК 101 (2014-2015).docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
738.86 Кб
Скачать

3.Дәрістік кешен (дәріс тезистері, дәріс конспектілері)

Дәріс № 1

Дәріс тақырыбы Мемлекет және құқық теориясының пәні және оның ерекшеліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекет және құқық теориясы дегеніміз – бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы, мәні, іс-жүзінде қызмет етуі және дамуы туралы білімдер жүйесі.

Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтары.

Кез келген ғылымның өз пәні, өзі зерттейтін заңдылықтарының анықталған шеңбері болады. Зандылықтар дегеніміз – белгілі бір құбылыстардың маңызын білдіретін шынайы тұрақты қатынастар. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтары құрайды.

Сонымен, өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып мемлекет пен құқық теориясына мынандай сипат беруімізге болады:

а) мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылым, себебі ол қоғамдық өмірдің анықталған бөлігі – мемлекет пен құқықты зерттейді;

ә) тікелей мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтіндіктен, құқықтық ғылым;

б) барлық құқықтық ғылымдарға қатысты жалпы мәселелерді зерттейтіндіктен, жалпы теориялық құқықтық ғылым;

в) тереңдетілген байланыстар мен қатынастарды ашудың негізінде басты қорытындыларды жасайтындықтан, негіз салушы (фундаменталды) ғылым;

г) салалық заң ғылымдарымен өзара байланысты бағыт беруші, әдістемелік мәндегі ғылым;

д) құқықтық ғылым курсына кіріспе ғылым, себебі ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға біртұтас сипаттама беру кезіндегі заңдық түсініктердің негізгі жүйесін қалыптастырады.

Мемлекет пен құқық теориясы пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін білу үшін зерттелетін ғылымның басқа да қоғамдық және құқықтық ғылымдармен байланысын қарастыруымыз қажет. Қоғамдық өмірдің ең өзекті мәселесі - мемлекет пен құқық тек мемлекет пен құқық теориясының ғана емес, басқа да философия, экономикалық теория, әлеуметтану, саясаттану, тарих, психология, логика тәріздес қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектілеріне жатады.

Мемлекет пен құқық теориясы мен басқа қоғамдық ғылымдардың арасындағы байланысты сипаттауда екі түрлі қағида маңызға ие болады. Біріншіден, мемлекеттік құқықтық құбылыстарды зерттеу кезінде басқа әлеуметтік шынайылықтан алшақ кетуге болмайды. Сондықтан, мемлекет пен құқықты зерттеу кезінде басқа қоғамдық ғылымдардың жеткен жетістіктері міндетті түрде қолданылады. Екіншіден, құқықтық шынайылық басқа құбылыстармен байланысып жатқандықтан, қоғамдық өмірдің басқа салаларын - экономикалық, мәдени, саяси және тағы басқалар зерттеу заң ғылымдарының, соның ішінде мемлекет пен құқық теориясының көмегінсіз толық бола алмайды.

Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы екі түрлі сипатқа ие болады. Бір жағынан, мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланса, екінші жағынан, қоғамдық ғылымдар мемлекет пен құқық теориясының тұжырымдарына сүйенеді. Бұндай қорытынды ғылыми білімнің бірлігі мен өзара байланысы қағидасынан шығады.

Құқықтық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайылықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады. Барлық құқықтық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады.

Теориялық құқықтық ғылымдар мемлекеттік құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді. Тарихи құқықтық ғылымдар мемлекеттік - құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін қарастырады.

Салалық құқықтық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты құқықтық мекемелер мен нұсқауларды және тиісінше құқықтық практиканы зерттейді.

Қолданбалы құқықтық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін, құқықтық мәселелерді шешу үшін қолданылады.

Заңдық ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық теориясының алатын орны ерекше. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-заңдық ғылымдардың ұқсастығы олардың мемлекет пен құқықты тұтас қарайтындығына байланысты, айырмашылығы тарихи-заңдық ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық нысандарды даму үрдісінде хронологиялық тәртіппен, тарихи әдістерді қолдана отырып зерттейді, теория осы құбылыстарды тұжырымдап, олардың дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға тырысады, логикалық әдісті қолданады.

Салалық заңдық ғылымдарға қатысты мемлекет және құқық теориясы тұжырымдаушы роль атқарады. Ол мемлекет пен құқықтың дамуы мен қызмет етуінің барынша жалпы заңдылықтарын зерттеп қорытындылайды, барлық салалық заң ғылымдарына ортақ мәселелерді қарастырады, әдістемелік, бағыттаушы роль атқарады. Сонымен қатар өзі де салалық заң ғылымдарының жетістіктерінен нәр алады, яғни ондағы фактілі материалдарды өңдеп, қажетіне жаратады. Мемлекет және құқық теориясының өзге заңдық ғылымдармен арақатынасы өзара тығыз байланысты екі жақты қатынас екендігіне көз жеткіздік.

Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар зерттеу әдістері де болады. Методология дегеніміз – білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, ережелер және қағидалар жиынтығы. Мемлекет пен құқық теориясының зерттеу әдістері екі үлкен топтан құралады:

-жалпы ғылымдық зерттеу әдістері

- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.

Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.

Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз – нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.

- Нақты-әлеуметтік тәсілдер негізінен ғылыми ақпарат жинау кезінде қолданылады. Оларға жататындар: бағдарлау – мемлекет пен құқық теориясында бағдарлау обьектілеріне құқықтық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады. Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. әдістер арқылы субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақтағы нақты әрекеті туралы мәлімет жинауға болады.

Мемлекет пен құқық теориясында қолданылатын негізгі әдістердің бірі – логикалық әдіс. Логика – ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Анализ – теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі обьектілерді талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру.

Жеке ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формалды-заңдық, жүйелік, функционалдық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.

Формалды – заңдық әдіс заңдық түсініктерді анықтауға, олардың қасиеттерін ажыратуға, жіктеу жүргізуге, құқықтық нұсқауларды түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.

Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.

Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.

Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.

Әлеуметтік тәсіл – жүйелік, функционалдық, стстистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.

Салыстырмалы – құқықтық әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.

Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық теориясы екі үлкен бөлімге бөлініп қарастырылуда: мемлекет теориясы және құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің пайда болуының және тарихи дамуының жалпы мәселелері, мемлекеттің және мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал, құқық теориясында құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқық бұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.

Мемлекет және құқық теориясының қазіргі заңгердің заңдық дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы ролі.

Отандық мемлекет және құқық теориясы, оның дамуы.

Дәріс тақырыбы Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет типологиясының ғылыми негіздері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ меншікке негізделген және онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған: 1) рецепроктылық - барлық табылған өнім ортаға жинақталған, 2) редистрибуция – ортақ табыс барлығына бірдей тең негізде бөлінген.

Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі – ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. тайпа көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған.

Оның негізгі белгілері: а) әлеуметтік билік тек ру шеңберінде таралып, оның еркін білдіреді және қандас туыстыққа негізделеді;

ә) ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы қауымдық демократия, өзін-өзі басқару бастамасында құрылады;

б) алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды мәселелерін шешу кезінде билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар танылады.

Әлеуметтік нормалар дегеніміз адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың белгілері:

а) алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар - әдет -ғұрыптармен, яғни тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;

ә) жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір сүрген;

б) негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу (рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;

в) барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.

Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.

Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі белгілері:

1. Қоғамнан ажыратылған ерекше көпшілік (жария) биліктің болуы. Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық сипатында.

2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.

3. Тұрғындардан салықтарды жинау

4. Мемлекетте арнаулы мәжбүр ету аппараты болады.

5. Жалпыға міндетті нормативтік актілердің болуы.

6.Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі – егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.

Мемлекеттің әлеуметтік маңызындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару құралы және таптық қайшылықтарды шешу құралы ретінде.

Мемлекет өндіруші экономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде.

Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.

Мемлекеттің шығу нысандары: шығыстық, афиндік, римдік, германдық және өзгелер.

Мемлекет анықтамаларының әртүрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдық және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет мәніндегі жалпы әлеуметтік және таптық. Мемлекет саяси-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егемендік. Ұлт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттілік дамуы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әр түрлі халықтарда мемлекеттіліктің дамуының әртүрлілігі.

Мемлекет типологиясының ғылыми негіздері

Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.

Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.

Мемлекет мәнін анықтайтын теориялар:

- элита теориясы;

- технократиялық теория;

- плюралистік демократия теориясы.

Типология - қоғамның тарихи дамуының негізгі мазмүны меы нышандарын түсіну үшін қолданатын едістер мен тосілдер. Мемлекеттің даму процесі бүкіл дүниежүзі дамуының бір бөлімі. Оны анықтап түсінгеніміз - бүкіл тарихты жақсы білгеніміз. Мемлекеттің дамуы үздіксіз объективтік процесс.

Бұл даму процесі мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мә-дени, саяси мазмүнымен және алдыыда түрған мақсаттарымен байланысты. Мемлекеттің тарихи типін белгілейтін экономика-лық жағдай, жеке меншіктің түрі, сонымен байланысты қоғам-ның дифферегщиациялау процестері жатады. Ал тарихи типтің дамуы мемлекет қай топтардыц мүдесін қорғайды, халықгың қан-дай демократиялық құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, баскдру процесінде қандай демократиялық едістер мен тәсілдер қолданатынын көрсетуге тиіс.

Мемлекет және құқықтың тарихи типі қоғамның, экономика-ның дамуымен байланысты болса да, мемлекеттің ерекше даму заидары бар. Мысалы, Рим құқығы туралы айтатын болсақ, Кор-пус Юрис Цивилис деген ірі кодификациялық заң қабылданған кезде мемлекет ыдырап, басқа халықпен жауланып, экономика-сы терең дағдарысқа үшыраған еді. Батыс Рим империяны фран-ктер басып, өздерінің Франк империясын қүрған кезде, Византи-яда император Юстиниан жүйелеу жүмыстарын басқарып, құқықтық кодекстің жазуын басқарды. Бұл кезенде экономика-ның, мемлекеттің және құқықгың дамуы бір біріне сәйкес болған жоқ, Құқықгың дамуы мемлекеттен көп жоғары болды.

Мемлекетті типтерге бөлудің марксистік әдісі. Бұл пікір қоғам-ды зерттеуде таптық мәселесімен байланысты. К.Маркс, Ф.Эн-гельс, В.И.Ленин мемлекет үстемдік таптың мүддесіы қорғайтын қүрал деп түсіндіреді. Марксистік түрғыдан қарағанда тарихтағы мемлекеттер төрт түрге белінді: қүл иеленушілік, феодалдық, бур-жуазиялық және социалистік мемлекеттер, Бірінші рулық қоғам-да мемлекет әлі болғаы жоқ, ал соңғы коммунистік қоғамда мемлекеттің орнына коммунистік өзін-өзі басқару жүйесі келуге тиіс. Бір тарихи типтен екіншісіғіе революция арқылы өтеді. Мемлекеттің негізгі мақсаты - бір таптың диктатурасын орнату. Таптық мінездеме экономикалық, әлеуметтік жағдаймен байла-нысты. Марксизм мемлекетті — бір таптың екінші тапты қанау апиараты деп анықтады, Типті осындай бөлудің прогрессивтік те, негативтік те жақтары бар. Бір жағынан мемлекет таптың күры-луымен байланысы анық көрінеді, топтар және таптар қүрылма-ған қоғамдарда мемлекет болмайды. Негізінде мемлекеттің ал-дында мақсат екіге бөлінеді: бір жағынан бүкіл қоғамның мүдделерін қорғап, жалпы қоғамдық мәселелерді шешу, ал екінші жағынан - таптардың арасындағы қайшылықгарды бәсеңдету. Қоғамда таптар анық қүралмаған кезде де мемлекет пайда болған жағдайлар кездеседі. Мысалы, шығыс мемлекеттерді марксизм қүл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, ал негізіиде бұл мемле-кеттерде қүл иеленушілік кдрым-қатынастар әлі қалыптасқан жоқ еді, мемлскеттерді туғызған басқа жағдай — географиялық жағ-дайлар мен қоғамның жалпы экоиомикалық функциялары мен қызметтері (мысалы, Египет мемлекетінде — Ніл өзенімен байла-нысты жер суару жүмыстары). Сонымен, марксистік типология-сының негізін қальштастыратын қоғамның экономикалық базисі мен таптық қүрылысы. Марксизм мемлекеттің тарихи типтерін қоғамның даму қүрылысымен және экономикалық формация де-ген түсінікпенен байланыстырады. Экоиомикалық формация ба-зис (бұл қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық күры-лыс) пен қондырмадан (әрбір базистің өзінің қондырмасы бола-ды) түрады. Базисті өндірістің тәсілі белгілейді. Өндіріс өндірістік қатынастар мен ондіруші күштерден түрады. Осы формацияларға марксизм қүл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік мемлекеттерді сәйкес келтіреді. Мемлекеттің тарихи типтері осы экономикалық- қоғамдық формациямен тығыз бай-ланыста дамуға тиісті.

Бұлардан басқа марксизмде өтпелі дәуірдің мемлекеті деген үғьш бар. Бұл типтерге рулық қоғамнан қүл иеленушілік қоғам арасындағы, қүл иелеушілік және феодалдық қоғам арасындағы, феодалдық және буржуазиялық типтің арасындағы, буржуазия-лық пен социалистік типтердің арасындағы өтпелі мемлекеттер жатады. Қазіргі дәуірді алатын болсақ, бірнеше континенттердің мсмлекеттері осы өтпелі мемлекеттіқ типтеріне жатады. Латын Лмерикасының, Азияның, Африканың XX ғасырда тәуелсіздігін алған мемлекеттер осы өтпелі тарихи типке кірді. Олардың тарихи типтері социалистік те емес, буржуазиялық та емес, олар тек қана социалистік немесе капиталистік бағьпта болуы анықталады.

1991 жылдан кейінгі социалистік мемлекеттерде социалистік жүйе ыдырап, нарықтық-экономикалық елдерге айналып, демок-ратиялық қоғам құру саясатына көшті. Кейбір мемлекеттер социалистік жолынаы тайған жоқ (Куба, Солтұстік Корея, Қытай, Вьетнам).

Мемлекеттерді цивилизациялық, өркениеттік критериймен де бөлу қазір жиі кездеседі. Цивилизациялық әдістің және форма-циялық бөлудің айымашылықтары көп. Формациялық критерий көбіне қоғамның таптық құрьшысы мен өндірістік тәсілінс көңіл аударады. Бұл типологияның сыңар жақ түсіндірілуі. Мемлекеттердің ерекшеліктерін білу үшін қоғамның барлық са-лаларының^жағдайларына ықылас салу қажет. Мемлекеттің эко-номикалық базисін зерттегенде оған қоса қоғамның мәдени, ру-хани деңгейін зерттеп, орнын көрсету кджет және қанаушы тап-тан басқа қоғамды қүрған барлық топтарды зерттеп орындарын, рөлін, мағіызын түсінген дүрыс. Қоғамныц әдет-ғүрыптарын, эр топтың саналары мен құқықгарының деңгейін білу оте қажет. Ал, зерттеудің ең маңызды мақсаты — жеке адамның, бостандығы мен құқықтарын, әлеуметтік жағдайын және еңбектегі қарым-қаты-настарын жақсы білу — мемлекетке мінездеме беру үшін өте ке-рек нәрселер. Қоғам бірнеше топтарға белінетін болса да, мемлекеттің алдында түрған мақсат сол топтардың арасындағы қайшылықтарды бәсендетіп бүкіл халықтың мүддесін қорғау. Ооы әдісті біз цивилизациялық әдіс деп атаймыз. Цивилизациялық әдіс мемлекет өзінің елінде түратын адамдар үшін қандай жақсылық істеді, экономикалық, саяси, әлеуметтік, өнегелі қоғамның да-муы үшін қандай шара қолданды деген сүрақтарға жауап береді.

Цивилизациялық пікір бойынша мемлекеттің тарихи типі өзгеру үшін экономикалық базисқа қосымша қоғамның мәдени жене рухани сана-сезімі жоғары деңгейде болуы қажет.

Мемлекеттік типология әдісінің хронологиялық түрі. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар. Мысалы, иллюстрациямен істелген дүниежүзілік тарих кітабында ағылшын тарихшысы Маргарет Олифант бүкіл тарихты былай бөледі: Ежелгі цивилизациялар, Рим және ежелгі тарих, орта ғасырлар, ғылыми жаңалық ашу кезевдері (1555-1650), өзгеріс және дағдарыс кезендері (1650-1800), одан кейін XIX ғасыр және қазіргі дәуір. Сонымен, мемлекеттің даму-ын бұл тарихшы сегіз кезеңге бөледі. Ал, кейбір шет елдердің ғалымдары мемлекеттің дамуын келесі кезевдерге бөлетіні жақсы мәлім:

1). Ежелг імемлекеттердің тарихы, бұл кезең екіге бөлінеді: Шығыс мемлекеттердің тарихы оған біздің дәуірге дейін төртінші мың жылдығында пайда болған Египет мемлекетінен бастап, Вавилон, Қытай, Ассирия, Үндістан, Персия және басқа шығыс мемлекеттері жатады. Бұл қезеңнің мемлекеттері шығыс деспотияларға жата-ды. Бүдан кейін кене дәуірдегі антикалық мемлекеттерінің кезевдері басталады, бұл кезең біздің эраның 476 жылына дейін созылады.

2). 476 жыпдан басталған кезең орта ғасырларға жатады, бұл кезең шығыс мемлекеттсрдің тарихында қараңғы ғасырлар деп аталады, ол ислам цивилизациясымен байланысты, бұл араб ха-лифаттың көлеңкесінде пайда болған ислам мемлекеттерінің та-рихы. Европа мемлекеттерінде бұл кезең феодалдық мемлекеттердің тарихы, ол ағылшын буржуазиялық революция-сына дейін жалғасады.

3). Келесі кезең XX ғасырдыц басына дейін жаңа ғасырларға жатады.

4). Ал қазіргі XX ғасыр қазіргі дәуір деп аталады.

Хронологиялық бөлудің басқа да түрлері бар: ежелгі ғасырлар, орта ғасырлар, жаңа ғасырлар және қазіргі дәуір. Бұл хронологи-ялық болудің кеп прогрессивтік жақтары бар. Мемлекет қай тап-тың мүддесін қорғайды немесе оның экономикалық жағдайының срекшеліктері бар ма деген сүрақтарға жауап бергеннен басқа, йүл даму кезеңінің, дәуірдің жалпы ерекшеліктері бар екенін анық-тайды.

Шығыс мемлекеттері. Оған біздің дәуірге дейінгі 4 мыңжыл-дықтың соңында Египет мемлекеті, одан кейін 3 мыңжылдықта. — Шумер, Ассирия мемлекеттері, 2 мыңжылдықта - Үндістан, Қытай, Хеттердің патшалығы пайда болғаны белгілі. Марксизм бұл мемлекеттерді құл иеленушілік мемлекеттерге жатқызады, бірақ бұлардың қүлиеленушілік мемлекеттерден айырмашылығы өте көп. Олар шығыс деспотия деген ерекше мемлекеттік типті құрады. Бұл мемлекеттерді біріктіретін жалпы негізгі нышандары бар: эконо-микасында рулық қоғамның қалдықтары көпке дейін сақталғаны белгілі. Сондықтан жеке меншікпен қатар қоғамдық және мемлекеттік меншігі қальштасты. Экономикалық жағдайға кли-маттың ерексшеліктері озінің әсерін тигізді. Қоғамның мүддесін қорғау ұшін жер оуару жәнс басқа жалпы жұмыстар жүргізілді. Осы мемлекеттер ұлы езендердің Хуанхе, Тигр, Евфрат, Ніл жа-ғасында орналасты. Бұл елдердің саяси жағдайларын дұрыс түсіну үшін осы ерекшеліктерді ескеру қажет. Қүлдық институтының ерекшеліктері болатын. Қүлдар көбіне мемлекеттің, қауымның және әрбір жанүяның жеке менигігінде болады. Жердің жеке меншігі күшті 'дамыған жоқ. Шығыс мемлекеттерде көбіне мо нархия түрінде дамыды. Құқықтың жазулы түрлері де пайда бола бастады, мысалы, Ману, Хаммурагш заңдары. Шығыс мемлекет-тер тарихтағы бірінші мемлекеттердің типін қүрады.

Келесі тарихи типтерге Греция және Рим солармен қатар да-мыған антикалық мемлекеттер жатады. Бұл мемлекеттердің ерекшеліктері: қүлиеленушілік өндірісі шығыс мемлекеттерден көп жоғары, рулық қоғамның қалдықтары сирек кездеседі, құлдар-дын, еңбегін қанап пайдалану экономиканың негізін қүрады. Қоғам негізінде қүл иеленушілерге және құлдарға белінеді. Қүлдардың бірнеше түрлері қүл иелеңушілердің жеке меншігін күрады. Олар-дың жеке меншігінде қүлдар, жер және баскд өндіріс қүралдары (кедей таптан) болатын. Қүлдардың құқықтық жағдайлары ашык айтылатын, олар сөйлей алатын құралдарға жатады. Қүлдардың ешқандай құқықтары жоқ, ол өзінід мырзасының жылжымалы заты. Қоғамның негізгі байлықтарын осы топ жарыққа шығара-тын, олардың еңбегін ендірісте, ауыл шаруашылықта, құрылыста, жалпы жүмыстарда, спортта, басқа да жерлерде пайдалана-тын. Сонымен, антикалық мемлекеттерде қүл иеленушілер мен қүлдар екі негізгі таптарды күрды. Ал олардан басқа топтарға са-удагерлер, қоленершілер, шаруалар жатты. Қүл иеленушілік мемлекеттің негізгі мақсаттары құлдарды, басқа топтарды езгіге салып, олардың еңбектерін пайдалану. Оның осындай негізін мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары дәлелдейді: мемлекеттің негізгі ішкі функциясына қүлдарды және басқа ке-дей топтарды қанау және сол үшін тиісті жағдай туғызу. Мемлекеттің өзі жерлердің, күлдардың, кен шығаратын жерлердің, баскд байлықтардың иесі болатын. Сондықтан ол жеке меншікті қорғау қызметіне қатты көңіл бөлетін. Күлдардың көтерілістері кдтаң соққымен басылатын, тарихта бүндай жағдайлар өте жиі болды. Антикалық мемлекеттердің сыртіфі функциялары да соғыс — күрес-пен байланысты (Рим мемлекеті). Осы сыртқы және ішкі функци-яларын жүзеге асыру үшін мемлекеттің аппараты ыңғайлы еді, оның демократиялық формалары да кездесетін.

Көне дәуірдегі антикалық мемлекеттер республика және мо-нархияға бөлінеді. Греция, Рим, Спарта республика және монар-хия болғаны мәлім. Республика аристократиялық және демокра-тиялық түріыде болатын, ал монархияның тек шексіз монархия болғаны анық белгілі.

Құл иеленушілік антикалық мемлекеттердің арасьшдағы ең ірі және соңғы мемлекет — Рим мемлекеті. Оның патшалық, респуб-лика және имлерия кезеңдері болды. Рим мемлекетінде жақсы белгілі құқық жуйесі құрылды. Рим құқығы бүкіл дүниежүзіне әсерін тигізді.

Орта ғасырлардың мемлекеттері. Феодалдык мемлекеттердің құрылуының екі жолы бар: біреулері құл иеленушілік мемлекеттердің дамуынан пайда болды (Үндістан, Қытай, Визан-тия), екіншілері рулық қоғамнан пайда болды (Ресей, Араб хали-фаты, Франк мемлекеті). Оларды да екіге белуге болады — Азия, Африканың және Еуропаның мемлекеттері. Орта ғасырлардың дамуы 476 жылдан басталады, бұл Рим империясының қүлаған жылы. Рим империясының орнында Франк мемлекеті пайда бол-ды. 628 жылы мүсылмандар мемлекетінің пайда болған жылы. Еуропадағы феодалдық мемлекеттердің дамуының үш кезендері белгілі: ерте—феодалдық монархия, сословиелік-өкілдік монархия және шексіз монархия. Шығыс мемлекеттер осындай кезеғщерге бөлінбейді. Феодалдық мемлекеттердің негізгі нышаны - жерге жеке меншіктің қалыптасуы. Феод — деген сөз — толық жеке меншіктегі жер. Феодалдық жеке меншіктің тағы екі түрі бар: аллод және бенефиций (аллод — жерге жеке меншіктің мүрагерлік жолмен көшуі; бенефийде — мүрагерлік жерге құқық жоқ). Бұл иерархиялық баспада (жүйеде) әрбір топ өзінің жеке орнын ала-ды, сол орны құқықтық жағдайды белгілейді_2кәне_ жер иеленушілігімен байлаыысты.

Феодалдық иерархиялық құкық. Феодалдар бірнеше топқа бөлінеді: мысалы, Франциядағы граф, герцог, рыцарь, шіркеу қызметкерлері, шаруалар, құлдар. Феодалдық рентаңың үш түрі болды: ақшалай, барщина және натуралдық рента. Феодалдық мемлекеттің ішкі функциялары: жеке меншікті қорғау, шаруалар-ды және басқа жай адамдарды қанау, тәртіпті қорғау, салық жи-нау, шаруалардың көтерілістерін басу. Сыртқы функциялары — баскд халықтарды тонау, өз мемлекетін қорғау және көрші мем-лекеттермен қарым-қатынастарды құру. Феодалдық мемлекет өзінің билігін шіркеудің әсерімен күшейтті. Феодалдық қоғам шіркеудің кұшеюіне, баюына жағдай туғызды. Шіркеудің көп жерлері, шаруалары және баска да байлықгары болатын. Шіркеудің билігін дәлелдеу үшін әртүрлі теорияларды шығарды. Мұсылман, Христиаы, Католик, Буддистік шіркеулердің арасында бірталай айырмашьшық болғанымен, қоғамдағы құқықгык жағдайлары бір-біріне үқсас. Шіркеудің күшейген де, әлсіреген де кезеңдері бол-ды. Феодалдық мемлекеттер көбіне ьвдыраған, ұқсас мемлекеттер болатын. Бірақ кейбір кезде олардың күшейіп, ірі, мықты мемле-кет құрған кезендері де болды. Мысалы, Омейядтардың араб ха-лифаты, Францияның шексіз монархиясы. Бұл кезеңде К,үран, Үлы Еркіндік Хартия, Каролина, Алтын Булла деген белгілі фео-далдық актілер қабылданды.

Феодалдық мемлекеттердің дамуы буржуазиялық төңкеріске дейін созылды. 1640 жылдан бастап келесі кезең жаңа дәуір бас-талды. Бұл кезең бірнешеге бөлінеді: 1) Париж Коммунасына дсйін капитализмнің құрылган кезеңі; 2) 1917 жылға дейін капитализмнің күшейген кезеңі; 3) 1918-1950 дәуір-дағдарыс және өзгерістердің кезеңі; 4) 1951-1999 - қазіргі заман бейбітшілікті, халықтар досты-ғын, демократияны дамыту. Капиталистік мемлекеттің негізіы жеке меншіктің көп түрлері құрады, жеке меншік құқығы ең қасиетті және жоғарғы куқық болып жарияланды. Заңның алдында бері тең. Бұл кезеңде мемлекеттің маңызды прогрессивтік принциптері нығайтылды: биліктің бөліыуі, заңның жоғарылығы, құқықтың алдында бәрі тең, азаматтардьзд саяси, әлеуметтік және жеке құқықтары, завдылық, соттың тәуелсіздігі және т.б. Құқықтық мемлекеттің түсінігі анықталып, көп конституциялар осы терминді қолданатын болды.

Әрбір құқықтық саланың өзінің прогрессивтік жерлері бар. Мысалы, қылмыстық сала мынандай негізгі принциптерге кепілдік береді: занда жазылмаған іс қылмыс емес, бір қылмысқа бір жаза, жазаның ауырлығы қылмысқа сәйкес болуға тиіс, адамды қинай-тыы жазалар қолданбауы тиіс. Азаматтық құқықтық салада шарттардың және өнеркәсіптің бостандықтары, некені мемлекеттің тіркеуі, некеде екі жақгың тевдігі.

Мемлекеттердің көпшілігінде конституция - мемлекеттің заң-дары қоғамның ыегізгі карым-қатынастарын реттейді, азаматтар-дың құқықтары мен бостандықтарына мемлекеттік кепілдік береді. Ол жазбаша түрде қабылданатын болды. Буржуазиялық құқықтық актілердің арасында ерекше орын алатын Францияның 1789 жы-лғы Азаматтың және адамның құқық туралы декларациясы, АКШ-тың 1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы, Англияның Хабеас корпус актісі, Наполеонның басқаруымен алынған кодекстер және басқа қүжаттар прогрессивтік дамуға ықпалын тигізді.

1917 жылдан бастап социалистік мемлекеттер пайда болды. Олар 70 жылдай өмір сүрді. Солтүстік Корея, Вьетнам, Куба мемлекеттері қазір де өздерінің социалистік бағытын өзгерткен жоқ. Қытай мемлекеті ерекше Қытайлық социализм қоғамын құрады деп жа-риялағаны мәлім. Социалистік мемлекет пролетарлық төңкерістен кейін қүрылды. Бірінші кезеңде ескі капиталистік мемлекеттік аппарат жойылып, жаңа социалистік мемлекеттік аппарат қүры-лады. Мемлекет пролетариаттың диктатурасын жүзеге асырды. Социалистік мемлекет жүмысшылардың диктатурасын қорғап, ол Кеңес республикасы, Париж Коммунасы және халық-демократи-ялық республика түрінде қүрылды. Социалистік мемлекеттің екінші кезеңі пролетарлық мемлекеттің бүкілхалықгық мемлекетке көшуі, үшінші — халық демократиялық мемлекет. Бірақ саяси жүйесі, құрған режимі, коммунистік партияның жалғыздығы және қол-данған әдісі, халыққа қарсы жүргізген саясаты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жағдайы социалистік мемлекеттің ұш кезеңінде де тоталитарлық мемлекеттік жүйеге айналды.

Дәріс № 2

Дәріс тақырыбы Мемлекеттің түсінігі, мәні және әлеуметтік тағайындалуы. Мемлекет нысаны.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;

2) мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:

- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;

- жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.

Мемлекет – бұл арнайы басқару және м.жбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы.

Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:

1. Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және м.жбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік – бұл шенеуніктер, .скер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.

2. Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы біріктіреді.

3.Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.

4. Егемендік. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.

5. Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.

Мемлекеттің мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттің мәні – бұл оның мазмұнын, мақсаттарын, қызмет етуін анықтайтын басты қасиеті. Мемлекеттің мәнін бұл түсініктің кең және тар мағынасында анықтауға болады.

Кең мағынада мемлекеттің әлеуметтік мәнін биліктік-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бірлестігі ретінде анықтауға болады. Мұндай бірлестіктердің тұтастығы сәйкес мемлекеттік-құқықтық институттар мен қатынастарда көрініс тапқан бұқаралық-биліктік құрылымдар негізінде қалыптасады.

Тар мағынада мемлекеттің әлеуметтік табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген класстар мен әлеуметтік топтардың да, қоғамның да мүддесін білдіруші әрі қорғаушы басқару аппараты, бұқаралық биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықтайды.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, мемлекеттің мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:

1) формальды – кез-келген мемлекеттің саяси биліктің ұйымы екендігі;

2) мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Мемлекеттің мәнін анықтауда келесі бағыттарды атап өтуге болады:

- класстық, бұған сәйкес мемлекетті экономикалық үстемдік құрушы топтың саяси билігінің ұйымы ретінде анықтауға болады;

- жалпы әлеуметтік, бұған сәйкес мемлекетті әртүрлі класстар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру үшін жағдай жасайтын саяси биліктің ұйымы ретінде анықтауға болады.

Сонымен, мемлекеттің мәні саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның тұтастығын және қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден көрінеді.

Мемлекеттік билікке сипаттама берместен бұрын әлеуметтік билікке анықтама беріп алу қажет. әлеуметтік билік – бұл адамдарың кез-келген бірігуіне тән үстемдік пен бағынушылық қатынастары, бұл кезде бір тұлғалардың – билік құрушылардың – еркі мен әрекеттері басқа тұлғалардың – бағынушылардың – еркі мен әрекеттеріне үстемдік құрады. әлеуметтік билік кез-келген ұйымдасқан, белгілі бір дәрежеде тұрақты адамдар тобына – руға, тайпаға, отбасына, қоғамдық ұйымға, партияға, мемлекетке, қоғамға және т.б. тән.

Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше бір түрі ретінде көрініс табады. Бұл мемлекеттік м.жбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік және бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:

1. Бұқаралық билік. Ол бүкіл қоғамның, халықтың атынан қызмет етеді және өз қызметінде бұқаралық негізге – қазына мүлкіне, өз кірістеріне, салықтарға ие.

2. Аппараттық билік. Ол аппаратқа, мемлекеттік органдар жүйесіне сүйенеді және олар арқылы жүзеге асырылады.

3. Заң қолдайтын билік. Сол себепті, ол аппарат пен заң нормаларының көмегімен елдегі барлық халық үшін міндетті сипатты иеленеді.

4. Егеменді билік–ол кез-келген биліктен дербес және тәуелсіз.

5. Заңдастырылған билік. Яғни, ол заңды негізді және қоғамдық тануды иеленген.

Мемлекетте еңбек бөлінісі болған жағдайда ғана, яғни, ерекше қызмет түріне негізделген дербес билік түрлері қалыптасқан жағдайда ғана, мемлекеттік биліктің тиімділігі артады. Мұндай биліктің үш түрі бар: заң шығарушы билік, атқарушы билік және сот билігі.

Мемлекет нысаны

Мемлекет нысаны түсінігі мемлекеттану сипаттарының ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет нысаны ретінде мемлекеттік билік пен оның құрылымдарының ұйымдастырылуы түсіндіріледі. Мемлекет нысаны мемлекет мазмұнымен тығыз байланыста сипатталады. Егер мемлекет мазмұны мемлекеттік билікті кімнің жүзеге асырып жатқанына жауап берсе, ал мемлекет нысаны мемлекетте билік қалай ұйымдастырылып, қандай органдармен жүзеге асырылады, олардың құрылу тәртібі және өкілеттік мерзімдері жайында, сондай-ақ жалпы мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілдері туралы сұрақтарды қарастырады. Мемлекет нысаны – басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режимнен құралатын мемлекеттің ерекшелігі.

Мемлекет нысаны мемлекеттік биліктің құрылымы мәндік жағынан әртүрлі сипаттармен анықталады:

– мемлекеттік билік пен басқару органдарының құрылу және ұйымдастырылу тәртібі.

– мемлекеттің аумақтық құрылымының тәртібі, орталық, аймақтық және жергілікті биліктің өзара қатынасының белгілі тәртібі.

– мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Сонымен, мемлекет нысаны үш негізгі элементтен құралады:

- басқару нысаны

- мемлекттік құрылым нысаны

- саяси режим.

Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың оны қалыптастыруға қатысу дәрежесі. Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады.

Монархия – жоғарғы мемлекеттік биліктің бір әулетке мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілуін білдіретін басқару нысанының бір түрі. Оның мынандай белгілері бар:

- жоғарғы билік мұрагерлік жолмен беріледі;

- шексіз мерзімде жүзеге асырылады;

- сайлаушылар еркінен тыс жүзеге асырылады.

Монархия екіге бөлінеді: абсолютті монархия (Сауд Аравиясы, Бруней) және конституциялық монархия. Конституциялық монархия екіге бөлінеді: дуалистік монархия және парламенттік монархия.

Республика – басқару органдары белгілі бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы түрде қабылданатын басқару нысанының бір түрі. Онда биліктің жалғыз қайнар көзі халық болып табылады. Жалпы белгілері:

- бір немесе алқалы түрдегі мемлекет басшысының болуы;

- мемлекет басшысы және басқа да жоғарғы мемлекеттік билік органдарының белгілі мерзімге сайланатындығы;

- мемлекет басшысының заңмен қарастырылған жағдайлардағы заңдық жауапкершілігі;

- жоғарғы мемлекеттік билік шешімдерінің барлық басқа мемлекеттік органдарға міндеттілігі;

- мемлекет азаматтары мүдделерінің басым түрде қорғалуы, тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы. Республиканың екі негізгі түрі бар: парламенттік республика және президенттік республика.

Мемлекеттік құрылым нысаны – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы. Мемлекет пен құқық теориясы мемлекеттің аумақтық құрылымының бірнеше түрін көрсетеді :

- біртұтас мемлекет

- федерация

- конфедерация

Мемлекет нысанының соңғы элементі – саяси режим. Ол басқару және мемлекеттік құрылым нысандары сияқты мемлекеттің мәндік-мазмұндық жағы көрінетін, мемлекет құрылымын және оның басқа да сыртқы жағын сипаттайтын жиынтық түсінік ретіндегі мемлекет нысанының бір компоненті болып табылады. Мемлекеттің билік ету әдістерін зерттей отырып, жеке тұлғаның нақты мәртебесі туралы және мемлекеттегі басқа субьектілердің қарым-қатынасы, олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдік және қамтамасыз етілушілік деңгейі туралы түсінік алуымызға болады.

Тар ауқымдағы анықтамасы: мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы, оның мазмұндық қасиеті.

Кең ауқымдағы анықтамасы: демократиялық, құқықтық мемлекетте жеке тұлғаның саяси бостандықтарының кепілдік дәрежесі, ресми конституциялық және құқықтық үлгілерінің саяси жағдайларға сәйкес келу дәрежесі, билік органдарының мемлекет және қоғамдық өмірдің құқықтық негіздеріне қатынасының сипаты. Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы болып екі түрге бөлінеді. Демократиялық режим – халықтың басқаруға қатысуына, барлық адамдардың теңдігі мен бостандығы қағидасын тануға негізделген либералдық режимнің бір түрі. Демократияға қарсы режим авторитарлық және тоталитарлық режимдерге бөлінеді. Авторитарлық режим – халықтың аздаған мөлшерде қатысуымен бір адамның бақылаусыз толық билік жүргізуін білдіретін қоғамның мемлекеттік-саяси құрылымы.

Дәріс тақырыбы Мемлекеттің функциялары. Мемлекеттің механизмі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мемлекет функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары. Мемлекет функциясы әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет функциясын ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған. Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-қатынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет функциясын ішкі және сыртқы деп бөлудің шарттылығы. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет функциясын төрт топқа жіктеу танылған:

- мемлекеттің экономикалық функциясы. Оған экономиканың дұрыс қызмет етуін және дамуын әртүрлі шаралардың (елдегі меншік нысандарын қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады.

- саяси қызмет. Бұған мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз ету, өзара күресуші әлеуметтік күштердің қарсылығын басу, ел егемендігін ішкі және сыртқы күштердің қол сұғушылығынан қорғау мәселелерін шешу жатады.

- мемлекеттің әлеуметтік функциясы. Мемлекет тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.

- идеологиялық қызмет. Мемлекеттің аталған функциясыне елдегі басым идеологияны қолдау, білім беруді ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау көрсету тәріздес жұмыстар жатады.

Мемлекет функциясын жүзеге асыру нысандары құқықтық және ұйымдастырушылық болып екіге бөлінеді. Құқықтық нысандарға құқық шығармашылық (нормативті актілерді дайындау және қабылдау), құқыққолдану (нормативті актілерді іске асыру) және құқық қорғау (адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кінәлі жанды заңды жауапкершілікке тарту) әрекеттері жатады. Ұйымдастырушылық нысандар арасынан экономикалық (несиелеу, мемлекеттік тапсырыстар, бағаны реттеу және т.б.), саяси (әртүрлі саяси ағымдарды ортақ келісімге келтіру, халықаралық келісімдер және т.б.), идеологиялық (халыққа үндеу, күнделікті тәрбиелеу жұмыстары, үгіт-насихат және т.б.) және тікелей ұйымдастырушылық (жоспарлау, бағдарлау, тексеру және т.б.) әрекеттерді бөліп көрсетуге болады. Ал әдіс-тәсілдерінің қатарынан сендіру немесе мәжбүрлеу, көтермелеу немесе жазалауды көруге болады.

Мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі. Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына екі түрлі көзқарас орын алған: өркениеттік және формациялық.

¤ркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін. Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады. Формациялық көзқараста негізгі өлшем ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) қолданылады. Аталған көзқарастың өкілдерінің ойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис болып табылады, ол қондырмалық құбылыстардың: мемлекет пен құқықтың да типін анықтайды. Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық базис типіне сай мемлекеттер: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық өндіріс тәсіліне негізделген мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді.

Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына қатысты мәселе қарастырылғанда, көпшілік формациялық көзқарасқа жүгінетіндігіне қарамастан, оның да кем соғатын тұстары бар екенін ескеру қажет. Оған алдымен, шығыстық мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Мемлекет типологиясындағы келелі мәселелердің бірі ретінде «өтпелі» мемлекет түсінігінің де толық бағасын алмағанын атап кетуге болады. Бұндай мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені: тәуелсіздік алу, ұлттық экономиканы, мәдениетті көтеру мақсатын көздейтін блоктардың жиынтығы ретінде қалыптасады да, өз мүддесін қанағаттандырғаннан кейін саяси аренадан кетеді.

Мемлекет механизмі (аппараты)

Мемлекет механизмі – мемлекет әрекетінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын, қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекет механизмі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Заң ғылымында «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктері синонимдер ретінде қолданылады. Дегенмен де, мемлекеттік аппарат – басқару әрекетін тікелей жүзеге асыратын, арнайы биліктік өкілеттіліктерге ие органдар жүйесі, ал «мемлекет механизмі» түсінігіне мемлекеттік аппаратпен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың соларға сүйене отырып, өз әрекетін жүзеге асыратын «материалдық қосымшалары» (қарулы күштер, милиция, түзеу мекемелері және т.б.) жататындығын ескеру керек. Сондай-ақ, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықта (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппаратын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органның маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизмін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады. Мемлекет механизмінің маңызды белгілеріне мыналар жатады:

-ол өзара байланысты мемлекеттік органдардың тәртіптелінген жиынтығын, яғни жүйесін көрсетеді. Мемлекет механизміне заң шығару органдары (парламент), өз әкімшілігімен қоса президент, атқару органдары (үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар), сот органдары, прокурорлық және өзге де қадағалау органдары, милиция, салық полициясы, қарулы күштер және тағы басқалар кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың біртұтас жүйесін құрайды;

-оның біртұтастығы ортақ мақсаттар мен міндеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік құрылымдарды тұтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге бағыттайды;

-мемлекет механизмінің негізгі элементі ретінде биліктік өкілеттіліктерге ие мемлекеттік органдар танылады;

-мемлекеттік билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші,құралы болып табылады.

Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылысын, оның аралық элементтерінің орналасу тәртібін, олардың өзара бағыныштылығын, қатынасын және байланысын айтамыз. Мемлекет механизмінің құрылымы мынандай элементтерден тұрады:

1) Мемлекеттік органдар, олар өздерінің тікелей биліктік функцияларын атқару барысында тығыз өзара байланыста және бағыныштылықта болады. Мемлекеттік органдардың ерекшелігі сонда, олар мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктерге, яғни мемлекет күшімен, жалпыға міндетті басқармашылық шешімдер қабылдаумен байланысты құралдарға, ресурстарға және мүмкіншіліктерге ие болады. Оларға парламент, президент, үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар жатады;

2) мемлекеттік ұйымдар, оны басқаша, мемлекет механизмінің «материалдық қосымшалары» деуге де болады, олар мемлекеттің қорғау әрекетін жүзеге асыруға арналған. Қатарына қарулы күштерді, милицияны, салық полициясын және т.б. жатқызуға болады;

3) мемлекеттік мекемелер – мемлекет механизмінің биліктік өкілеттіліктері болмайтын (олардың әкімшілігін есепке алмағанда), әлеуметтік, мәдени, тәрбиелеу-білім беру, ғылыми аймақтардағы мемлекет қызметін атқару бойынша практикалық әрекетті тікелей жүзеге асыратын бөлігі. Оның қатарынан кітапханаларды, ауруханаларды, пошта, телеграф, ғылыми-зерттеу институттарын, мектеп, балабақша, жоғарғы оқу орындарын, театрларды және т.б. көруге болады;

4) мемлекеттік кәсіпорындар – бұлар да әкімшілігін есепке алмағанда биліктік өкілеттіліктері болмайтын, шаруашылық-экономикалық әрекетті жүзеге асыратын, өнім шығаратын немесе өндірісті қамтамасыз ететін, әртүрлі жұмыстар атқаратын және қоғам қажеттілігін қанағаттандыру, пайда табу үшін көптеген қызмет көрсететін мемлекет механизмінің құрамдас бөліктері. Оларға қазыналық зауыт, фабрикалар және т.б. жатады;

5) мемлекеттік қызметкерлер – басқарумен арнаулы түрде айналысатын мамандар;

6) ұйымдастырушылық және қаржылық құралдар, мемлекет аппаратының әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті мәжбүрлеу күштері.

Мемлекет органы – мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін, мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі болып табылатын, биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруы мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар.

Мемлекет органының өзіне тән ерекше белгілері болады:

-мемлекетік органдар мемлекет механизмінің дербес элементі, біртұтас мемлекеттік ағзаның өзіндік арнаулы орнымен сипатталатын ажырағысыз бөлігі;

-мемлекет атынан және оның өкілеттілігімен әрекет етеді;

-мемлекеттік органдар нормативті-құқықтық актілер (конституция, заңдар және заңға бағынышты актілер) негізінде құрылған және әрекет етеді;

-әрбір мемлекеттік орган тек өзіне тән міндеттер мен функцияларды атқарады және сол үшін тиісті нысандар мен әдістерді қолданады (биліктік өкілеттіліктерді иемденген, соның ішінде қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану да қарастырылған);

-мақсат ортақтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметкерлер мен тиісті құрылымдардан (бөлім, басқарма, аппарат, кеңсе және өзгелерден) тұрады;

-органдардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық база (құрылым, көлік, ұйымдастырушылық техникалары және т.б.) мен қаржылық құралдар (банктегі есеп шоты, қажетті қаржы қорлары т.б.) берілген;

-мемлекеттік органдар белгілі бір құқықтық мәртебеге ие болады, онда берілген мемлекеттік органның жағдайы және оның нақты әлеуметтік мазмұны көрініс табады;

-мемлекеттік органдардың өзіне тиісті құзіреті болады. Құзірет - ұйымның заңмен бекітілген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Ол нақты органға немесе лауазымды тұлғаға мемлекеттік, яки қоғамға маңызды міндеттер мен тиісті қызметтерді тиісті дәрежесінде жүзеге асыру мақсатында беріледі;

-мемлекеттік органдар өз құзіретін үш тәсілмен: а/нормативті актілер (жалпы сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; ә/құқық қолдану актілерін (жеке сипаттағы нұсқаулар) қабылдау жолымен; б/нақты-ұйымдастырушылық әрекеттер жолымен жүзеге асырады;

-мүліктік құқықтарды жүзеге асыру барысында заңды тұлға ретінде көрінеді, яғни өз жауапкершілігі бойынша оған сеніп тапсырылған мүлікпен жауап береді, сондай-ақ өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемдене және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқарады, сотта талапкер және жауапкер бола алады;

-мемлекеттік органдар белгілі бір аумақта әрекет етеді.

Мемлекеттік органдар көп түрлі. Олар әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Құрылу тәртібіне байланысты мемлекеттік органдар тікелей халықпен сайланатын органдар (ҚР Парламенті, ҚР Президенті, маслихаттар) және өзге мемлекеттік органдармен қалыптастырылатын органдар (ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі) болып бөлінеді. Мемлекет әрекетін жүзеге асыру нысандарына байланысты заң шығарушы, атқарушы-жарлық етуші, сот және бақылау - қадағалау органдары ретінде айырылады. Заң шығару органдары мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті, заңдарда қоғам еркін және мүддесін көрсетуге лайықталған арнаулы органдар; атқарушы – жарлық етуші органдар (ҚР Үкіметі, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар) қабылданған заңдар мен заңға бағынышты актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге арналған; сот органдары (конституциялық, жалпы құзіреттегі, әскери, өзге де арнаулы соттар) әділсотты іске асыруға, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік дауларын қарастыруға, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған; бақылау - қадағалау органдары (прокуратура, өндірістік бақылау органдары, радиациялық қауіпсіздікті бақылау органдары) мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың және азаматтардың заңдарды дәлме-дәл және біркелкі орындауын қадағалайды.

Мемлекеттік органдар билікті бөлу қағидасына сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі. Мемлекеттік органдар орналасу иерархиясына сүйене отырып, республикалық (мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары) және жергілікті болып екіге бөлінеді. Бағыныштылық сипатына байланысты «вертикалды» бағыныштылықтағы органдар (прокуратура, сот т.б.) және екі жақты «вертикалды – горизонталды» бағыныштылықтағы органдар (милиция, мемлекеттік банктер т.б.) болып бөлінеді. ¤кілеттілік мерзіміне байланысты тұрақты, яғни әрекет ету мерзімі шектелместен құрылатын органдар (оларға прокуратура, милиция, сот т.б. органдар жатады) және уақытша, белгілі бір міндетті шешу үшін құрылатын органдар түрінде беріледі. Шешім қабылдау тәсіліне байланысты мемлекеттік органдар алқалы және жеке органдар ретінде көрінеді.

Әрекет етуінің құқықтық нысандарына сүйене отырып, мемлекеттік органдарды құқықшығармашылық (парламент, үкімет, мәслихат және т.б.), құқыққолданушы (сот, әділет басқармалары,әкімшіліктер және т.б.) және құқыққорғаушы (салық полициясы, кеден органдары және т.б.) органдар деп бөлуге болады. Құзіреттілігінің сипатына байланысты жалпы құзіретті органдар және арнаулы құзіретті органдар деп бөліп қарастырамыз.

Мемлекеттік аппарат - ұйымдастырылу мен әрекет етудің жалпы қағидаларымен өзара байланысқан мемлекеттік органдар жүйесі.

Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің қағидалары:

- заңдылық қағидасы;

- адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;

- демократизм қағидасы;

- билікті тәуелсіз тармақтарға бөлу қағидасы;

- жариялылық қағидасы;

- кәсібилік қағидасы;

- алқалылық пен жеке шешімдерді тиімді ұштастыру қағидасы;

- сайланбалылық пен тағайындалмалықты ұштастыру қағидасы;

- сатылық /иерархиялық/ қағидасы.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдар жүйесі. Қазақстан Республикасы Президенті. Қазақстан Республикасы заң шығару билігі. ҚР Парламенті. Сенат. Мәжіліс. Қазақстан Республикасы атқару билігі. Үкімет. Премьер-Министр. Министрліктер. Мемлекеттік комитеттер. Конституциялық Кеңес.

Қазақстан Республикасы сот билігі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты. ҚР жергілікті соттары.

Қазақстан Республикасы прокуратурасы. ҚР Ішкі істер органдары. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті. Әскер.

Мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың жергілікті органдары. Мәслихаттар. Әкімдер.

Дәріс № 3

Дәріс тақырыбы Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны. Құқықтық мемлекеттің азаматтық қоғамы.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Азаматтық қоғам және саяси жүйе. Билік және оның көрінісі. Қоғам өзара әрекеттестікте болатын әр түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, құқықтық жүйелер жиынтығы ретінде. Қоғамның саяси жүйесі – құқық және өзге де әлеуметтік нормалар негізінде тәртіпке келтірілген, белгілі бір елдің саяси өмірін қамтамасыз ететін және саяси билікті жүзеге асыратын мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы.

«Саяси жүйе» түсінігі саяси процесстердің қалай реттелетіндігін, саяси биліктің қалай қалыптасатындығын және қызмет ететіндігін көрсетеді. Бұл саяси әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың механизмі. Билік және оған қатынас әртүрлі әлеуметтік институттардың саяси функциясын сипаттайды. Билік, егеменділік, тұлға бостандығы тәріздес қоғам өмірінің аймағы көптеген адамдардың мүддесін қозғайды да, саяси аймаққа айналады. Осы тұста кешенді алынған адамдардың үлкен тобының билікті, егемендікті, тұлға бостандығын қамтамасыз етуді, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану барысы бойынша қатынасы саяси сипатқа ауысады.

Қоғамның саяси жүйесі мынандай қызмет атқарады:

1) қоғам дамуының мақсатын, міндетін және жолдарын анықтау;

2) осы мақсат, міндеттерге жету үшін қажетті құралдар мен ресурстарды топтастыру;

3) қоғамды жақындастыру, оның құрылымының әртүрлі элементтерінің өзара әрекеттестігі үшін қажетті шарттарды жасау;

4) мемлекеттік билікті легитимдендіру, яғни шынайы саяси өмірді ресми саяси және құқықтық нормаларға сәйкестендірудің жоғарғы деңгейіне жеткізу;

5) қоғамдық-саяси әрекет режимдерін реттеу.

Саяси жүйелерді әр түрлі негізде топтастыруға болады. Оның пайда болуының әлеуметтік ортасына қарай тоталитарлық және либералды-демократиялық саяси жүйелер танылады, осы сипатына байланысты аралас (конвергенциялық) түрлері де кездеседі. ¤зара әрекеттестік сипатына байланысты ашық және жабық саяси жүйелер анықталған.

Қоғамның кез келген жүйесі, соның ішінде саяси жүйе өзара әрекеттестікте болатын көптеген элементтерден құралады. Құрамдас бөліктердің өзара бірлігі жаңа сапа тудырады. Саяси жүйенің құрылымы деп оның элементтері мен олардың арасындағы байланысты айтамыз. Саяси жүйенің келесі компоненттері танылған:

1) қоғамның саяси ұйымы, оған мемлекет, саяси партиялар және қозғалыстар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, еңбек ұжымдары және т.б. жатады.

2) саяси сана, саяси билік саяси жүйенің психологиялық және идеологиялық жақтарын сипаттайды.

3) қоғамның саяси өмірін және саяси билікті іске асыру үрдісін реттейтін әлеуметтік-саяси және құқықтық нормалар.

4) саяси билікке қатысты жүйе элементтерінің арасында қалыптасатын саяси қатынастар.

5) саяси практика /тәжірибе/, ол саяси әрекет пен жинақталған саяси тәжірибеден құралады.

Осы жерде саяси жүйенің субъектілеріне де тоқтала кетуге болады. Оларды екі деңгейде ажыратып қарастырсақ, институционалдық деңгейде субъектілер құрамына парламент, президент, үкімет, кәсіподақтар және т.б. кіреді де, функционалдық деңгейде оның қатарына шіркеу, армия, оппозиция және т.б. жатады.

Саяси жүйенің құрамына тікелей немесе жанама түрде белгілі бір саяси функцияларды атқаратын немесе өзінің қоғамдық роліне байланысты қоғамның әлеуметтік мақсаты мен идеалын қалыптастырушы әлеуметтік институттар кіреді. Саясатпен тікелей айналысатын әлеуметтік институттарға мемлекет пен саяси партиялар кіреді. Қоғамдық қозғалыстар, еңбек ұжымдары, кәсіподақтар, шығармашылық одақтар, жастар ұйымдары, спорттық ұйымдар және т.б. саясатпен жанама түрде айналысатын әлеуметтік институттарды құрайды.

«Мемлекет» және «қоғамның саяси жүйесі» түсініктері бөлшек пен тұтас категориялар ретінде арақатынаста болады. Мемлекет саяси өмір құбылыстарын «жалпы міндеттілік» өлшемі арқылы өткізіп, өз бойына саяси мүдделердің көпшілігін шоғырландырады. Міне осы тұрғыдан мемлекет саяси жүйеде ерекше роль атқарады, оған тұтастық пен тұрақтылық береді. Ол қоғам ресурстарын пайдалана және оның өмір сүруін ретке келтіре отырып, басқару бойынша әрекеттердің басым бөлігін атқарады.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде орталық, жетекші орын алады. Себебі:

- Мемлекет өзінің аумақтық шекарасы көлемінде азаматтық белгісі бойынша біріккен бүкіл халықтың бірден-бір ресми өкілі ретінде көрінеді.

- егеменділіктің бірден-бір иегері болып табылады.

- қоғамды басқаруға арналған арнаулы аппаратқа (көпшілік билігі) ие.

- «күштеу» құрылымдары болады (қарулы күштер, милиция-полиция, қауіпсіздік органдары және т.б.)

- көбінесе құқықшығармашылық монополиясына ие болады.

- материалдық құндылықтар жиынтығын иемдене алады (мемлекеттік меншік, бюджет,валюта және т.б.)

Саяси жүйеде қоғамның саяси өмірінің маңызды әлеуметтік институты саяси партиялар расында үлкен роль атқарады. Саяси партиялар - өздерінің негізгі мүдделерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік билікті жеңіп алу, ұстап тұру және пайдалану мақсатын көздейтін идеологиялық және ұйымдық біріккен адамдардың ерікті қауымдастығы. Партияларды парламенттік - билікті демократиялық жолдармен, парламент жұмысына қатысу арқылы жеңіп алуды мақсат ететін және билікті күшпен басып алуды, қоғамдық құрылымды күштеп өзгерту міндетін қоятын партиялар деп ажыратуға болады. Мемлекет ісіне қатысуына байланысты парламенттік партиялармен қатар, басқарушы партияларды – билікті жеңіп алған және жүзеге асырып отырғандарды да атауға болады. Бағдарламалары мен әрекетінің әлеуметтік бағытталғандығына байланысты саяси партиялар социал-демократиялық, либералды-демократиялық, коммунистік, таптық, ұлттық, нәсілдік, фашистік, діни болып жіктеледі. Әрекетінің идеалдық негізіне байланысты доктриналдық (өз идеологиясын қорғауға бағытталған), прагматикалық және харизматикалық болып бөлінеді. Саяси спектрдегі орнына байланысты – солшыл, оңшыл және орталықшыл түрінде танылады.

Саяси жүйелер бірпартиялық және көппартиялық (плюралистік) болып та жіктеледі. Қазақстан Республикасы кеңестік дәуірдегі бірпартиялық жүйеден бас тартқалы бері, елімізде қабылданып жатқан нормативті-құқықтық актілерге сүйене отырып, әр түрлі саяси партиялар құрылып әрекет етуде. Оның құқықтық базасын ҚР Конституциясы, ҚР заңы «Саяси партиялар туралы», ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңдары құрайды.

Қоғамдық саяси қозғалыстар – азаматтардың белгілі бір әлеуметтік тобының мүддесін көздеуге және маңызды саяси мақсатқа жетуге бағытталған қоғамның барынша белсенді тобы. Қоғамдық қозғалыстардың саяси партиялардан айырмашылығы:

- қозғалыстар тек бір саяси тұжырымды қолдайды және бір ірі мәселені шешуді мақсат етіп қояды (Семей полигонын жабу);

- қозғалыс билікке таласпайды, оған ықпал ету арқылы өз мәселесін шешуге бағыттайды;

- қоғамдық-саяси қозғалыста формальды ішкі иерархия, нақты анықталған тұрақты мүшелік және тиісті құжаттар (бағдарлама,жарғы) болмайды.

Қоғамдық - саяси қозғалыстарды да саяси партиялар тәрізді әр түрлі негіздер бойынша жіктеуге болады: әрекет ету аймағына байланысты – әлеуметтік-саяси, этносаяси, конфессионалдық, экономикалық, экологиялық, ғылыми және т.б.; қатысушыларының санына байланысты – бұқаралық, элитарлық; әрекет ету аумағына байланысты – жергілікті, аймақтық, республикалық, мемлекетаралық; әлеуметтік құрамына байланысты – кәсіби, әйелдер ұйымы, жастар одағы және т.б.; ұйымдасу тәсіліне байланысты – фронт, ассоциация, бірлестік, одақ, ұйым және т.б. деп бөлуге болады.

Саяси жүйелер тарихында мемлекет пен дін қатынасы туралы мәселе ерекше орнымен танылған. Тарих теократиялық (діни) және зиялы, жаугер-атеистік және конфессиялық-плюралистік мемлекеттермен, соған сәйкес саяси жүйелермен таныс.

Жалпы айтқанда, діни ұйымдар көптеген қоғамда саяси жүйенің маңызды элементтерінің бірі ретінде (либералды-демократиялық саяси жүйелерде бұл жоққа шығарылса да) танылып отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына, Қазақстан Республикасы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған заңына сәйкес еліміз зайырлы мемлекет ретінде танылып, ондағы діни ұйымдар мен мемлекеттің ара қатынасы анықталған.

Құқықтық мемлекет - адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, мемлекеттік билікті құқық көмегімен шектейтін саяси билікті ұйымдастыру. Ол гуманистік бастауларды, әділеттілікті бекітуге арналған әлеуметтік құндылықтардың біреуі ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға бостандығын, ар-ожданы мен намысын қамтамасыз етудің құралы, халықтық биліктің өмір сүруінің нысаны.

Құқықтық мемлекеттің жәй мемлекетке қарағанда айырмашылықтары болады: 1. Мемлекетте билік шексіздігімен сипатталса, құқықтық мемлекетте құқық үстемдігі танылады, 2. Мемлекет қоғамнан алшақ кетсе, құқықтық мемлекетте азаматтық қоғам мемлекет әрекетін бақылап отырады, 3. Мемлекет өз тарапынан азаматтарға бассыздық пен күштеуден қорғауға толық кепілдік бермесе, құқықтық мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары шынайы қорғалады.

Құқықтық мемлекет мәнінің екі жағын ажыратып көрсетуге болады:

1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын барынша толық қамтамасыз ету, жеке тұлға үшін құқықтық көтермелеу режимі қалыптастыру. Бұл құқықтық мемлекеттің әлеуметтік мазмұндық жағы.

2. Мемлекеттік билікті құқықтың көмегімен шектеу, мемлекеттік құрылымдар үшін шектеу құқықтық режимін қалыптастыру (формальді заңды жағы).

Құқықтық мемлекет функцияларын шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады. Оның ішкі функцияларына:

- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың тең құқылығын және заңдылық негізінде қоғам мүддесін қамтамасыз ету;

- меншіктің әр түрлі нысандарын тең қорғау;

- монополизмді жоққа шығаратын нарықтық экономиканың дамуын қамтамасыз ету;

- азаматтардың еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау;

- азаматтардың мүддесіне сай рухани құндылықтарды қорғау және байыту.

Құқықтық мемлекеттің сыртқы функцияларына:

- бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру үшін күрес функциясы;

- елді сыртқы басқыншылықтан қорғау;

- дүниежүзілік қауымдастық елдерімен экономикалық ынтымақтастық;

- басқа мемлекеттермен саяси ынтымақтастық;

- қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзге елдермен өзара әрекеттестіктің әр түрлі нысандарын қалыптастыру шаралары жатады.

Аталған функциялардың негізінде азаматтық қоғамның еркі жатады, олар қатаң түрде қолданыстағы заңдарға және адам құқықтары бойынша халықаралық актілерге сай, тиісті органдарда жүзеге асырылады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарымен және олардың теңдігімен санасады.

Сонымен, құқықтық мемлекет – заң жоғарылығына негізделген, оның жалпыға міндетті еркін білдіретін және жүзеге асыратын, жалпыны қамтитын қоғам ұйымы.

Құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерінің қатарына заң жоғарылығы қағидасы жатады. Аталған қағидаға сәйкес қандай да болмасын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға, ұжым, мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым не болмаса жеке тұлға заңға бағыну міндетінен босатылмайды. Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық кепілдендірілуі және ажырамастығы, сондай-ақ азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілігі қағидасын бекіту және үнемі қолдап отыру болып табылады.

Келесі бір негізгі қағида – мемлекеттік билікті тәуелсіз тармақтарға бөлу болып табылады. Мемлекеттің дұрыс қызмет ету процесін қамтамасыз ету үшін, онда бір-бірінен дербес, тәуелсіз билік тармақтары болуы қажет. Олардың қатарына заң шығару билігі, атқару билігі және тәуелсіз сот билігі жатады. Заң шығару билігі парламентке берілген, атқару билігі үкіметке, сот билігі соттарға беріледі.

Биліктердің теңділігі халық егеменділігіне негізделеді. Оған сәйкес, заң шығару билігі заңдар қабылдауға, атқару билігі олардың орындалуын ұйымдастыруға, ал сот билігі заң шығарушы органмен қабылданған заңдарды негізге ала отырып, құқық туралы дауларды шешуге тиісті.

Құқықтық мемлекеттің өзге де қағидалары: заңдылық қағидасы, мемлекеттік биліктің шектеулілігі, адам құқықтары мен бостандықтарының ажырағысыздығы, саяси, идеологиялық және экономикалық плюрализмнің болуы танылған.

Құқықтық мемлекет қалыптастыруды анықтаушы факторлар мен мәселелер төңірегінде сөз қозғағанда басым міндеттер қатарында материалдық және идеалдық сипаттағы алғы шарттарды қарастыру қажет. Материалдық сипаттағы қажетті алғы шарттарға әділ, тәуелсіз сот билігінің болуы, мемлекеттік билікті жіктеу, мемлекетте құқықтың (заңдардың) үстемдік құруы, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының шынайы кепілдендірілуі жатады.

Құқықтық мемлекет қалыптастырудың өзге алғы шарттарына тоқталатын болсақ, алдымен оның қоғам тұрақты демократиялық, құқықтық, саяси, мәдени дәстүрлерді ұстанатын жерлерде пайда болатынын атауға болады. Егер мәдениет, құқық, демократия, заңдылық әрбір жеке тұлғаның ішкі құндылығына айналмайтын болса, онда құқықтық мемлекет туралы ойлар да негізсіз болады.

Дәріс тақырыбы Құқық түсінігі, оның белгілері мен функциялары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың белгілері:

  • реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;

  • жалпылық сипаты болады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады.

  • субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты;

Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық, әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.

Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар – әр түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып – қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік нормалар.

Құқықтың пайда болуы. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.

Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні мен мағынасына қатысты ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың, көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық - қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.

Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар. Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап, өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас түсінігі болуы қажет.

Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.

Құқыққа мынандай белгілер тән:

-еріктілік сипаты болады;

-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;

-нормативтілік;

-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;

-жүйелілік;

-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.

«Құқық» термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші мағынасында «құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын барлық құқықтық ережелердің жиынтығы», ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз «жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс табуы».

Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.

1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.

2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының арасындағы келістіруші ролін атқарады.

Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, әлеуметтік теориялар бар.

Құқықтүсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:

  • нормативистік;

  • әлеуметтік юриспруденция;

  • табиғи құқық теориясы;

  • философиялық құқықтүсінушілік.

Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)

Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы.(Ромашов А.И.)

Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.

Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика – нақты

қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат – билікке байланысты таптардың, топтардың қатынасын сипаттайтын қоғамды басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған.

Бірінші көзқарас бойынша олардың арасында басымдылығымен танылатын құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын ролі тең деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен қызмет етуінің алғашқы факторы ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір жағдайларда мүдде құқықта жүзеге асырылады да, содан кейін әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға тигізетін әсері туралы айтуға болады.

Екінші көзқарас бойынша экономика саясатты да, құқықты да анықтайды. Кейінгілер қондырмалық құбылыс болғандықтан, базиске (өндіріс тәсіліне) тәуелді болады. Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат пен құқық экономиканың дамуына немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие. Бұнда да саясат экономика мен құқықтың дәнекері болып табылады.

Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі түрлі. Кейбір жағдайда ықпал етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса, кейде үстемдік құқыққа тиесілі болады.

Адамгершілік – адам әрекетін жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі. Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке келтіру барысында өзара әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне қоятын талаптары көбінесе ұқсас келеді. Ұқсастықтары мынада:

-әлеуметтік нормалардың ішіндегі ең әмбебап түрі, қоғамның барлық мүшелеріне таралады;

-реттеу объектілері қоғамдық қатынастар болып табылады;

-қоғамнан бастау алады.

Адамгершілік пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар:

-шығу тегіне байланысты әртүрлі. Адамгершілік нормалары адамзат қоғамымен қатар пайда болса, құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда болған;

-көрініс табу нысандары да әртүрлі. Адамгершілік адам санасында орын алса, құқық жазба нысандағы мемлекеттің арнаулы актілерінде көрініс табады;

-әрекет ету аймақтарына байланысты ажыратылады. Егер адамгершілік қоғамдағы барлық қатынастарды ретке келтіре алатын болса, құқық барынша маңызды бөлігін ғана қамтиды;

-қолданысқа енгізілу мерзімі де ерекше. Адамгершілік түйсікпен сараланған мезеттен бастап әрекет етсе, құқықтың заңды күшіне ену мерзімі нақты анықталады;

-қамтамасыз ету тәсілдері бөлек. Адамгершілік қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілетін болса, құқық нормалары мемлекеттің мәжбүр ету шараларымен қамтамасыз етіледі.

Дәріс № 4

Дәріс тақырыбы Құқықтың қайнар көздері

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқық теориясында осы мәселеге қатысты дау әлі де болса дамылдамай отыр. Даудың басы кейбір ғалымдардың нормативті актілер, әдет-ғұрыптар мен прецеденттерді құқық нысаны деп тануы мен екіншілерінің аталған құбылыстарды құқықтың қайнар көзіне жатқызуында десек жаңылмаймыз. Құбылысқа әртүрлі анықтама беру оның мәнінің сан қырлылығын білдіреді дей отырып, аталған екі көзқарасты да қолдауға болатындығын ескеру керек. Аталған қос түсінікті де қолдануға болады, дегенмен де алдымен олардың әрқайсысының жеке мазмұнын анықтау маңызды.

Құқық түп нұсқасы ретінде құқықтың пайда болуы мен әрекет етуін мүмкін ететін факторларды айтады. Бұндай факторларға мемлекеттің құқықшығармашылық әрекеті, халық еркі және қоғам өмірінің материалдық жағдайлары жатқызылады. Құқық қайнар көзі құқықты тану барысында да қолданылатын термин. Бұл жағдайда оның мазмұнын құқықтың тарихи ескерткіштері (Ману заңдары, Орыс правдасы, Жеті Жарғы), археология мәліметтері, қолданыстағы құқық актілері, заңдық тәжірибе, келісім-шарттар, құқықтанушылардың еңбектері құрайды. Құқық қайнар көзінің бұдан да тар ауқымда қолданылатын түсінігі бар. Ол тәжірибеде нақты істі шешу барысында қолданылатын құжат. Бұнда мемлекеттік еріктің сомдалуын білдіретін құқықтың сыртқы нысаны көрініс табады.

Құқық нысаны – жалпыға бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі. Құқық нысаны мынандай ерешеліктерімен айшықталады:

  • азаматтардың нормативті бекітілген еркін бейнелейді, әлеуметтік-экономикалық базиспен негізделеді;

  • халықтың саяси билігін бекітеді және қамтамасыз етеді, оның мүддесіне қызмет етеді;

Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: прецедент, әлет-ғұрыптық құқық, нормативті акт, нормативті келісім.

Прецедент - құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша қабылдаған шешімінің осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолданылуы. Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа бөлінеді. Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады.

Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларына мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын құқық нысанының бір түрі. Қазіргі кезеңде көбінесе діни-ғұрыптық құқықтық жүйелерде (мұсылман құқығы, иудаистік және индустық құқықтарда) танылған. Қазіргі Қазақстанда дүниежүзілік нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес азаматтық және банк құқығы салаларында істік айналым әдет-ғұрыптары қолданысқа енуде.

Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі. Үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.

Заң - мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның белгілері.

  • заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен қабылданады;

  • дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент регламентімен анықталады;

  • халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет;

  • барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;

  • жоғарғы заңдық күші болады.

Ол мынадан көрінеді: 1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға және оған қарсы келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын болса, заң үстемдігі танылады; 2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа ешкімнің бекітуін қажет етпейді; 3)заңды қабылдаған органнан басқа ешкім оны қайтарып алуға немесе өзгертуге хақысыз.

Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар, заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік (депутаттардың 2/3 бөлігінің) даусымен қабылданады.

Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:

  • Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

  • Үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;

  • Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің нормативті бұйрық, нұсқау, ережелері;

  • Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен шешімдері;

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім, өкім, қаулылары.

Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім - құқықшығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті актілермен қатар қолданылуы мүмкін.

Нормативті актілер әрекеті кеңістік, уақыт және адамдар арасында таралады. Нормативті актілердің кеңістіктегі әрекеті территория ұғымымен анықталады. Нормативті актінің қабылдаған органның құзіреті қандай аумақта міндетті болса, актілер сол аумақта орындалады. Қазақстан Республикасының аумағына оның құрғақтағы аумағы, ішкі және территориялық сулар, әуе кеңістігі, жер қойнауы жатады. Сондай-ақ, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумағы, ашық теңіздегі сауда кемелері мен әскери кеме, әуе кемесінің іші мемлекет аумағы ұғымына кіреді. Сондықтан, аталған жерлерде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге заңға бағынышты актілерінің юрисдикциясы жүреді.

Нормативті актілердің уақыт аралығындағы әрекеті оның заңдық күшіне енуі және заңдық күшінен айырылуы түсініктерімен беріледі. Заңның уақыт аралығындағы әрекеті үш түрлі қағидаға сәйкес жүреді.

1.Заңның тікелей әрекеті. Қазақстан Республикасының заңдары қабылдағаннан кейін заңмен немесе Парламент палаталарының қаулыларымен өзге тәртіп анықталмаса, 10 күн мерзім ішінде заңдық күшіне енеді де содан кейін пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді.

2.Заңның кері күші. Заңның кері әрекеті немесе кері күші деп заңның заңдық күшіне енгеннен кейін де, соған дейін де пайда болған қоғамдық қатынастарды реттеуін айтамыз. Жалпы қағида бойынша заңның кері күшін қолдануға болмайды. Заңға кері күш беру екі түрлі жағдайда мүмкін деп саналады. Біріншісі, егер заңның өзінде кері күші болу мүмкіндігі туралы тікелей айтылатын болса, екіншіден, егер заң қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін немесе тіпті жоятын болса заңның кері күші танылады.

3.Заңның мерзімінен аса әрекет етуі. Кейбір жағдайларда заңдық күші жойылған заң актілері жаңа заң қабылданғанға дейін толықтай немесе белгілі бір бөлігінде қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе азаматтық-құқықтық қатынастар аймағында қолданылады. Бірақ жалпы тәртіп бойынша бұндай заң әрекетіне де жол беруге болмайды.

Сонымен, нормативті актілер мынандай жағдайларда заңдық күшінен айырылады:

-актінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда;

-бұрынғы әрекет еткен актінің орнына жаңа акт қабылданғанда;

-нақты органның актінің күшін жою туралы шешімі шыққанда.

Нормативті құқықтық актінің адамдар арасындағы әрекеті жоғарыда айтылған мәселелермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының заңдары оның аумағындағы барлық мемлекеттік органдарға, кәсіпорын, мекеме, ұйымдарға, ҚР азаматтарына, осы аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға міндетті. Дегенмен де аталған қағидадан ауытқу кездеседі. Арнаулы актілерге байланысты мемлекет басшыларының экстерриториялық құқығы болады. Олар қай мемлекеттің аумағында болса да, тек өз елдерінің заңдарына бағынады. Депутаттардың, дипломатиялық өкілдіктердің арнаулы қызметкерлерінің иммунитеті танылған. Сондай-ақ, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтары шектелген.

Дәріс тақырыбы Құқық типтері және қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқық типін анықтау қазіргі кезеңде екі түрлі нысанда жүзеге асырылады. Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық тұрғыдан анықталады. Оның басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер алынады. Аталған көзқарас авторларының ойы бойынша базис (өндірістік қатынастардың типі) қоғам дамуының шешуші факторы болып табылады да, тиісінше қондырмалық құбылыстарды – мемлекет пен құқық типін анықтайды. Экономикалық базис типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік құқық типтері анықталған. Аталған көзқарастың ұтымды тұстарымен (құқықты әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлумен) қатар осал тұстары да бар. Ол құқықтың нақты тарихи, ұлттық-мәдени және арнаулы заңдық қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Екінші көзқарас бойынша құқық нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни, арнаулы заңдық белгілеріне байланысты жіктеледі. Аталған өлшемдерге байланысты құқықтың мынандай типтері анықталған:

    1. Ұлттық құқықтық жүйелер. Ол белгілі бір мемлекеттің нақты тарихи құқығының, заңдық тәжірибенің және үстем құқықтық идеологияның жиынтығы.

    2. Құқықтық семьялар. Бұл қайнар көздердің, құқық құрылымының және оның қалыптасуының тарихи жолдары ұқсастығы негізінде ерекшеленген құқықтық жүйелердің жиынтығы. Құқықтық семьялардың мынандай түрлері танылған: жалпы құқық, романо-германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық құқық және тағы басқалар.

Бұл көзқарастың ұтымды жағы - онда құқықтың ұлттық-тарихи, нақты географиялық және техникалық-заңдық белгілері ажыратылған. Осал тұсы құқық табиғатындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролі толық бағаланбаған.

Қоғамның құқықтық жүйесі. Негізгі элементтері мен олардың сипаттамалары:заң ғылымы, құқықтық ұғымдар, заң техникасы. Заңды тәжірибе. Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.

Дәріс № 5

Дәріс тақырыбы Құқық жүйесі және заңнама жүйесі

Құқық жүйесі - құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салашаларына, салаларына және институттарға жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.

Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері:

1) жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;

2) жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;

3) жүйенің мұндай болуы әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;

4) құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес. Құқықты реттейтін не – деген сұраққа пән жауап берген болса, онда қалай реттейді деген сұраққа – әдіс жауап береді. Енді осыдан шығарып құқықтық реттеудің әдісіне анықтама беріп көрейік.

Құқықтық реттеудің әдісі дегеніміз біркелкі сипатты қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін жүзеге асыратын заңдық құралдардың жиынтығы.

Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері болады:

1) Иперативтік әдіс - бұл өкілдік ұйғарымдар мен субординациялар арқылы тыйымдар, міндеттер мен жазалар беру нормаларына негізделеді.

2) Диспозитивтік әдіс - бұл әдіс келісімге келуші жақтардың теңдігі (теңқұқықтылығы), субординациялар арқылы рұқсат ететін (ерік беретін) нормаларға негізделеді.

3) Мадақтау - бұл лайықты мінез-құлқына байланысты анықталған сыйлық беру әдісі.

4) Ұсынылатын, кеңес беретін - бұл әдіс қоғам мен мемлекет үшін қажетті нақты мінез-құлықтың болуын жүзеге асыруға кеңес беруге негізделеді.

Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:

Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.

Құқық институты — белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тәртіпке салынған жиынтығы. Құқық институты — құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде алғанда көп емес орнықты жиынтығы. Құқықтық институттар қоғамдық болмыстың жекелеген тұстарын, фрагменттерін (үзіктері мен үзінділер), жақтарын ретке келтіріп тәртіптеуге бағытталған. Институт — саланың құрамдас бөлігі, топтамасы, звеносы (үзбесі). Құқық саласының әрқайсысында көптеген институттар болады. Мысалы, қылмыстық құқықта тағайын, жаза беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату институттары болады; отбасы құқығында - неке институты, бала асырап алу институты, некені бұзу институты болады; азаматтық құқықта – сатып алу – сату шарты институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты және т.с.с.

Барлық институттар бір-бірімен тығыз байланысты түрде бір саланың аясында немесе одан тысқары да қызметтерін атқара береді. Құқықтық институттардың арасында кешенді күрделілері де болады. Бұлар өз құрамдарында субинституттар деп аталатын тым майда құрылымдардан тұратын құқықтық нормалардың аса ірі жиынтықтары. Мысалы, азаматтық құқықтағы жеткізіп тұрушылық институты өзіне айып институтын, айып төлеу (неустойка), жауапкершілік институттарын біріктіреді.

Қандайда болсын бір жиынтықтың нақты құқықтық институтқа, жекеленуі үшін заңды айырымдық үш нышаны (белгі) қызмет етеді:

1) құқық нормаларының заң тұрғысынан тұтастығы;

2) қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығын реттеудің толықтығы;

3) құқықтық институттарды құрайтын нормалардың заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер тарауларында, бөлімдерінде және басқалай да құрылымдық бірліктерінде жекеленуі.

Құқық саласы – құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.

Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастарды реттейді. Мысалы, кәсіпкерлік құқығы – азаматтық құқықтың салашасы.

Құқық салаларының белгілері (нышандары):

- әрбір саланың өз пәні болады;

- өзінің заңдары, қағида бойынша дербес кодекстері немесе ірі заңдары;

- құқық нормаларын мүлтіксіз орындауға бағытталған құқық және міндеттерді, мемлекеттік құқықтық шараларды жүзеге асыру тәсілдерін белгілейтін өзінің заңдық ерекше режимі болады.

Құқық салаларын жіктеу:

1) басты құқықтық режимдерді қамтитын профильдеуші негізгі салалар және де бүкіл құқық саласы жүйесінің үстінде конституциялық құқық болады, содан кейін барып материалдық салалар – азаматтық, әкімшілік қылмыстық құқық және соларға сәйкес іс жүргізу салалары - азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы болады;

2) арнайы салалар — мұнда құқықтық режимдер қоғамның ерекше аясына; еңбек құқығына, жер, қаржы құқығына, әлеуметтік қамсыздандыру құқығына, отбасы құқығына ыңғайластырылады;

3) профильдеуші және арнайы салалардың әртекті институттарын біріктіруі оларға тән болып келетін кешенді салалар: аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы.

Заң әдебиеттерінде құқық салаларынан мыналарды атап көрсетеді:

1) Конституциялық құқық;

2) Азаматтық құқық;

3) Әкімшілік құқығы;

4) Қылмыстық құқық;

5) Жер құқығы;

6) Еңбек құқығы;

7) Неке-отбасы құқығы;

8) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;

9) Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы;

10) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;

11) Экологиялық (табиғи қорғау) құқығы;

12) Қаржы құқығы;

13) Азаматтық іс жүргізу құқығы;

14) Халықаралық құқық.

Қалыптасу кезеңін өткізіп жатқан құқықтарға кәсіпкерлік, салық, кеден, муниципалдық, компьютерлік, ғарыштық құқықтарды жатқызуға болады.

Құқықтың негізгі салаларына сипаттама беру дегеніміз конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, неке-отбасылық, еңбек және т.б. құқықтардағы нақты пәнді және олардағы құқықтық реттеудің басым әдістерін талдап қарастыру болып табылады. Кейбір құқық салаларын қарастырып көрейік.

Конституциялық құқық саласы - жетекші құқықтық сала Конституциялық құрылыстың негіздері, тұлғаның құқықтық жағдайы, басқару формасы және конституциялық құрылыс осы құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің әдісі – императивтік әдісі басым түрде қолданылады.

Азаматтық құқық саласы - мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық сала құқықтық реттеуде негізінен диспозитивтік әдісті қолданады.

Әкімшілік құқық саласы - мемлекет органдарының атқару-орындау қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің көпшілігінде императивтік әдісін қолданады.

Қылмыстық құқық саласы - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, меншіктің жекелік және мемлекеттік нысандарын және т.б. қылмыстық қол сұғулардан қорғауда туындаған құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде императивтік әдіс үстем болып келеді.

Неке-отбасы құқығы саласын — отбасын құру негізінде туындаған және отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды құқықтық жолмен реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде негізгі қолданылатыны диспозитивтік әдіс.

Еңбек құқығы саласы - еңбек аясы мен еңбек ету яғни жұмыс атқару барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланың құқықтық реттеуде қолданатыны – императивтік әдіс.

Дәріс тақырыбы Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Адам құқының даму эволюциясы мемлекет және құқықтың пайда болуымен бірге дамып, сапалы құндылықтар деңгейіне көтерілді. Уақыт адам құқықтарының асқақтауына, тиімді қорғалуына өзінің ықпалын тигізуде. Олай дейтін себебіміз адамзат тарихы, оның прогрессивтік саяси-құқықтық идеялары адам құқықтары қай заманда болмасын қастерлеу қажеттілігін үлкен, маңызы зор проблема етіп ұсынады. Себебі адам жаратылыстың ең саналы, ең нәзік, ең күшті ажырамас бөлігі. Сондықтан адам құқықтарын қорғаудан, асқақтаудан, аяққа таптаудан адамзат өркениетінің қандай бағытта дамитынын болжауға болады.

Адам құкығы адамдар әрекетінің бірнеше рет қайталанылатын актілерінен, қайталанылатын байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақты формаларынан қалыптасқандығының өзі қызықты. Ең әуелі адам кол жеткізуге ұмтылатын құндылықтар болды. Бұл құндылыктар адам баласынын дүниеге келуінен бастап-ақ бойына енгізілген еді. Шөліркеу, аштық сезімдері жеке адамды сұраныстарды қанағаттандыруға, осы құндылықтарға кол жеткізуге ұмтылуға итермеледі. Алғашкы қауымдык құрылыста адам жалғыз жүріп өз мүдделерін жүзеге асыра алмайтын еді. Сондықтан ол баска адамдармен бірігуге мәжбүр болды. Қауым мүшесі ретінде адам өз мүдделерін шектеп, кысым жасамйу үшін басқалардың да мүдделерін мойындауға мәжбүр еді. Бүкіл тайпа болып азық таба отырып, адамдар оны өзара бөлісті, сол арқылы бір-бірінің мүддесін тани білді. Индивидті кауымға бірігуге итермелейтін баска да көптеген факторлар болды. Қалыптасқан қоғамдағы жеке адамдардын (индивид) әр түрлі мүдделері, сұраныстары, максаттарының жиі қақтығысуы, соғыстар, шиеленістер туғызып, қылмысты қоздырады. Дегенмен, қоғам мүшелерінің істері мен әрекеттері өртүрлі болса да адам бойындағы құндылықтар әртүрлі индивидтердін мүдделерін орайластыра отырып адамдардың өзара әрекеттері процесін реттей алады.

Жеке адамның құқықтық мәтребесін меңгеру үшін адам құқығы мәселесін жетік түсіну қажет. Адам құқы табиғи құқықтан туындайды және ол барлық адам баласына туа біткен қасиет ретінде танылады. Ол - өмір сүру, бостандық, езгіге қарсы тұру, бақытты болуға ұмтылу. Бұл қасиеттер бүкіл адамзаттың ажырамайтын құқықтары деп танылады.

Жеке адамның құқығы қоғамдағы құқықпен тығыз байланысты. Бірі болса екіншісі де болады. Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір-бірінен ажыратып қарауға болмайды.

Сонымен адамның құқығы, бостандығы олардың мазмұндық дәрежесі қоғамның даму деңгейімен байланысты.

Мысалы: Алғашқы қоғамдағы бостандық:

- құл иелену қоғамдағы бостандық пен шектеулер;

- феодалдық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;

- буржуазиялық қоғамдағы бостандық пен шектеулер;

- қазіргі замандағы бостандық түсінігі мен мазмұны.

Құқық пен жеке тұлғаның өзара байланысын тек құқықтық мәртебе арқылы толық түсінуге, білуге болады. Онда олардың санқырлы байланысының түсінігі, мазмұны, құрылымы, мақсаты, талаптары, мемлекет пен қоғамдық ұйымдармен арақатынасы көрсетіледі.

Құқықтык, мәртебе - жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы, табиғи және саяси құқықтары, әлеуметтік кемеліне келген жағдайы, рухани, мәдени білімі. Бұл мәртебенің мазмұны адамның қоғамның әлеуметтік құрылысындағы алатын орны, ал мәртебетың нысаны - сол адамның қоғамдағы алатын орын заңды түрде сипаттауы. «Мәртебе» латын тілінен аударғанда «положение - жағдай» - деген ұғымды көрсетеді.

Сонымен, құқықтық мәртебе - "құкықтық жағдай" - бір мағынадағы ұғым. Оның негізгі мазмұны мемлекеттің Конституциясында бекітілген жеке тұлғаның бостандығы, құқықтары мен міндеттері.

Құқықтық мәртебе объективтік тұрғыдан бостандықтың, демократияның жетістіктері мен кемшілігінің көрінісінің айнасы деуге болады. Адам қоғамының көне дәуірден даму кезеңдерінде құқықтық мәртебе әртүрлі болды. Бірақ бұл процесс үнемі прогрестік жолмен дамыды.

Сонымен кұқықтық мәртебе - кешенді, интеграциялық категория. Ол адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, жеке тұлға мен еңбек ұжымының ара байланысының көрініс – айнасы.

Құқықтық мәртебенің негізгі түрлері:

1) Жалпылама құқықтық мәртебе - бұл азаматтық мәртебе, қоғамның мүшесі, Конституциялық мәртебе.

2) Арнаулы құқықтық мәртебе - студенттер, зейнеткерлер, шахтерлар т.б. мәртебесі.

3) Тұлғаның құкықтық мәртебесі - бір адамның өмірбаянының реквизиттері: білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т.б. Олардың қоғамның қай саласында кызмет атқаруы, соған сәйкес саяси және арнаулы жеңілдіктер болуы.

4) Жеке тұлға және заңды тұлғалар мәртебесі.

5) Шет елдердің азаматтарының мәртебесі.

6) Қазақстан Республикасыиың шет слдердегі азаматтарының мәртебесі.

7) Жүйелік мәртебетар: азаматтық, әкімшілік т.б.

8) Кәсіпқойлық, лауазымды тұлғалар мәртебесі.

9) Мәртебесі - қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар (солтүстікте, қиыр-шығыста, қорғаныс өндірісінде, құпия өндірістет.б.)

Қазіргі заманда тұлғаның кұкықтық мәртебесі заң ғылымының бір саласына айналды және жалпы теорияның жеке тақырыбы болып отыр.

Заң ғылымында адам құкығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғым бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.

- Адам кұқығы - табиғи құқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.

- Азамат құқығы — табиғи кұкықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамныц азаматы болу.

- Тұлғаның құқығы - жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық мәртебесіның шеңберіне байланысты. Жеке тұлғаға жататындар: адам, азамат, шет елдердің азаматы, азаматтығы жоқ адамдар, саяси-экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қашқындар.

Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігі бұл үш ұғымды бір мағынада қолдана береді. Жеке адамдардың кұкықтарында объективтік және субъективтік деген түсініктер бар. Енді солардың мазмұнына тоқтайық.

- Объективтік құқық - заңды пормалардың бір жүйесі, оның мазмұны, нормалардың өмірге келуі жекс адамдармен қатысы жоқ.

- Субъективтік құкық - субъектілердің бостандығы мен құқықтары объективтік құқықтағы іс-әрекеттерді орындауға байланысты.

Дәріс № 6

Дәріс тақырыбы Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық және құқық нормасы

Дәрістің қысқаша мазмұны:Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.

Әлеуметтік нормалардың белгілері:

  • реттеу пәні қоғамдық қатынастар болып табылады;

  • жалпылық сипатыболады, олар адамдардың саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде құрылады.

  • субъективті құрамы әлеуметтік аяның өкілдері ретіндегі адамдармен байланысты;

Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық, әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.

Адамгершілік нормалары – халықтың ұлттық ұғымымен жақсылық, зұлымдық туралы қоғамда қалыптасқан әлеуметтік норманың бір түрі. Діни нормалар – әр түрлі діни сенімдермен тағайындалған және белгілі бір дінді тұтынушылар үшін міндеттілік маңызы болатын әлеуметтік нормалар. Әдет-ғұрып – қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін географиялық, ұлттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған, қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілген әлеуметтік норманың бір түрі. Корпоративтік нормалар – қоғамдық ұйымдардың жарғыларында анықталған, ұйым мүшелеріне міндетті болатын әлеуметтік нормалар.

Құқықтың пайда болуы. Құқықтың қалыптасуының негізгі себептері мен жолдары. Құқықтың пайда болуы туралы негізгі теориялар:табиғи-құқықтық, теологиялық, нормативистік, марксистік, психологиялық, социологиялық.

Құқық философия мен теория категориясы ретінде шынайы мазмұнды құрай отырып, инструменталдық роль атқарады. Құқық түсінігіне, шығу жолына, мәні мен мағынасына қатысты ғылымда сан алуан көзқарастардың болу мүмкін. Бірақ құқықты өмірде қолдануға келгенде міндетті түрде біркелкі ойдың, көзқарастың тұрғысынан табылу керек. Егер құқық әртүрлі мағынада ұғынылатын болса, онда ол өзінің құндылығын, қоғамдық қатынастарды тұрақтандыру мен ретке келтірудегі ролін жоғалтушы еді. Құқық түсінудегі анықталғандық - қоғамдық қатынастардың анықталғандығы мен тәртібінің бастауы.

Құқыққа деген әртүрлі көзқарастар қоғамды демократияландырумен ұштасады, пікір плюрализміне сәйкес келеді. Субъективті, объективті факторлармен қатар, көзқарастардың көптігіне гносеологиялық та себеп бар. Таным барысында құбылыстың бір ғана жағына еліктеу, оны жоғары санап, өзгелерін жоққа шығару мүмкіндігі бар. Міне, осыдан құқықтың әртүрлі анықтамалары туындайды. Егер бір жақты анықтама өзгелерін алмастыруды мұрат тұтпаса, жалғыз дұрыс деген атауға ұмтылмаса, онда одан келетін еш жамандық жоқ. Құқықты терең түсіну үшін, егер ол шындыққа сәйкес келетін болса, кез-келген анықтама пайдалы. Ал, практикалық қолдану үшін құқықтың тұтас түсінігі болуы қажет.

Құқық көп жақты, күрделі құбылыс. Сондықтан оған берілетін анықтамалар да сан қырлы. Құқық (жалпы әлеуметтік мағынада) тиісті мүмкіндіктердің заңда көрсетілген, көрсетілмегендігіне қарамастан адамгершілік, әдет-ғұрып тұрғысынан әрекеттің негізделуі мен еркіндік ретінде танылады. Құқықтың функционалдық анықтамасы – қазіргі кездегі экономикамен негізделген халықтың, көпшіліктің еркін білдіретін, нормативті анықталған және бұзылудан тәрбиелеу, сендіру және қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларымен қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқаратын, құқықтық демократиялық мемлекет қалыптастыру мақсатында қоғамдық келісім құралы болатын нормалар жүйесі ретінде көрсетеді.

Құқыққа мынандай белгілер тән:

-еріктілік сипаты болады;

-жалпыға бірдей міндеттілік күші танылған;

-нормативтілік;

-мемлекетпен қалыптастырылады және қорғалады;

-жүйелілік;

-қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарады.

«Құқық» термині екі мағынада: обьективтік және субьективтік болып қолданылады, бірақ қай қайсысының да мағынасы толық ашылмаған. Бірінші мағынасында «құқық дегеніміз өмірдің заңдық тәртібі, мемлекетпен қорғалатын барлық құқықтық ережелердің жиынтығы», ал екінші жағдайда – құқық дегеніміз «жеке тұлғаның нақты құқық өкілдігіндегі абстрактылы ереженің нақты көрініс табуы».

Құқық мәнін анықтау барысында екі түрлі көзқарасты ескеру қажет.

1.Таптық қөзқарас, онда құқық экономикалық үстем таптың заңдастырылған еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдендірілген нормалар жүйесі ролін атқарады.

2.Жалпы әлеуметтік көзқарас бойынша құқық қоғамның әр түрлі топтарының арасындағы келістіруші ролін атқарады.

Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық мәнін анықтайтын нормативистік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, әлеуметтік теориялар бар.

Құқықтүсінушіліктің негізгі типтеріне мыналарды жатқызады:

  • нормативистік;

  • әлеуметтік юриспруденция;

  • табиғи құқық теориясы;

  • философиялық құқықтүсінушілік.

Құқық – қоғамның мемлекеттік еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін жалпыға міндетті, формальды-анықталған нормалар жүйесі; мемлекетпен шығарылады немесе санкцияландырылады және бұзылудан мемлекеттік мәжбүр ету мүмкіндігімен қорғалады; қоғамдық қатынастарды өкімдік-ресми реттеуші болып табылады.(Байтин М.И.)

Құқық – көмегімен құндылық тағайындалымдар анықталынатын және бекітілетін, белгілі бір социумның өкілдерімен жалпы маңызды ретінде танылған және заңдық кепілдіктер жүйесі мен заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілген біртектестендірілген әрекет стандарттарының жиынтығы.(Ромашов А.И.)

Құқық – мемлекеттен бастау алатын және орындалуы онымен қамтамасыз етілетін әрекет тәртібі жүйесі. Сондықтан даулы мәселе құқықты қалай түсінуде емес, мәселе осы тәртіптің мән - мағынасын қоғамның қалай қабылдайтындығында - деп санайды Раянов Ф.М.

Экономика, саясат және құқық түсініктерінің арақатынасына тоқталмастан бұрын, олардың әрқайсысына жеке-жеке анықтама беру қажет. Экономика – нақты

қоғамның өндіріс тәсілі, өндірістік қатынастарының жиынтығы. Саясат – билікке байланысты таптардың, топтардың қатынасын сипаттайтын қоғамды басқару өнері. Құқық туралы жоғарыда баяндалды. Аталған құбылыстардың арақатынасына екі түрлі көзқарас анықталған.

Бірінші көзқарас бойынша олардың арасында басымдылығымен танылатын құбылыс жоқ, қоғам дамуындағы атқаратын ролі тең деп саналады. Себебі, қоғамдық қатынастардың пайда болуы мен қызмет етуінің алғашқы факторы ретінде адамдардың мүддесі танылады. Белгілі бір жағдайларда мүдде құқықта жүзеге асырылады да, содан кейін әлеуметтік байланыстардың өзге салаларына таралады. Бұл жағдайда құқықтың экономикаға тигізетін әсері туралы айтуға болады.

Екінші көзқарас бойынша экономика саясатты да, құқықты да анықтайды. Кейінгілер қондырмалық құбылыс болғандықтан, базиске (өндіріс тәсіліне) тәуелді болады. Дегенмен де экономиканың үстемдігі шартты, себебі саясат пен құқық экономиканың дамуына немесе кері кетуіне әсер ететіндей күшке ие. Бұнда да саясат экономика мен құқықтың дәнекері болып табылады.

Саясат пен құқықтың да арақатынасы екі түрлі. Кейбір жағдайда ықпал етуші фактор ретінде саясат үстемдігі танылса, кейде үстемдік құқыққа тиесілі болады.

Адамгершілік – адам әрекетін жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі. Адамгершілік пен құқық қоғамдық қатынастарды ретке келтіру барысында өзара әрекеттестікте болады. Олардың адам әрекетіне қоятын талаптары көбінесе ұқсас келеді. Ұқсастықтары мынада:

-әлеуметтік нормалардың ішіндегі ең әмбебап түрі, қоғамның барлық мүшелеріне таралады;

-реттеу объектілері қоғамдық қатынастар болып табылады;

-қоғамнан бастау алады.

Адамгершілік пен құқықтың өз алдына жеке құбылыстар болуына байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар:

-шығу тегіне байланысты әртүрлі. Адамгершілік нормалары адамзат қоғамымен қатар пайда болса, құқық нормалары мемлекетпен бірге пайда болған;

-көрініс табу нысандары да әртүрлі. Адамгершілік адам санасында орын алса, құқық жазба нысандағы мемлекеттің арнаулы актілерінде көрініс табады;

-әрекет ету аймақтарына байланысты ажыратылады. Егер адамгершілік қоғамдағы барлық қатынастарды ретке келтіре алатын болса, құқық барынша маңызды бөлігін ғана қамтиды;

-қолданысқа енгізілу мерзімі де ерекше. Адамгершілік түйсікпен сараланған мезеттен бастап әрекет етсе, құқықтың заңды күшіне ену мерзімі нақты анықталады;

-қамтамасыз ету тәсілдері бөлек. Адамгершілік қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілетін болса, құқық нормалары мемлекеттің мәжбүр ету шараларымен қамтамасыз етіледі.

Дәріс тақырыбы Құқық және құқықтық сана.

Дәрістің қысқаша мазмұны:Құқықтық сана қоғамдық сананың үлгісі ретінде. Құқықтық сана түсінігі, негізгі қызметтері: танымдық, бағалық және реттеушілік. Құқықтық сана түрлері: субъектісі бойынша – жеке, топтық, қоғамдық. Құқықтық сана деңгейлері: кәдуілгі, кәсіби және ғылыми құқықтық сана.

Құқықтық сана құрылымы. Құқықтық идеология және құқықтық психология. Қоғамдық пікір және оны зерттеу тәсілдері. Жеке құқықтық сана.

Құқықтық сананың құқық нормаларына және құқықтың құқықтық санаға әсері. ¤зара байланыс каналдары.

Конформизм. Заңды тыңдау. Құқыққа құрметпен қарау және оны қазіргі кезеңде қалыптастыру процесстері. Лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық санасы. Құқықтық тәрбие.

Құқықтық нигилизм түсінігі. Құқықтық нигилизм қоғам тарихындағы даму кезеңдері. Қоғамның нарықтық экономикаға, саяси-құқықтық жаңаруға, адамгершілік және демократиялыққа көшу жағдайларында құқықтық нигилизмді жою жолдары.

Құқықтық мәдениет: түсінігі, әрекет ету аймақтары мен нысандары. Құқықтық мәдениет қоғам мәдениеті жүйесінде. Құқықтық мәдениеттің құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы. Қазіргі заңгер әрекетіндегі құқықтық мәдениет. Лауазымды тұлғалар мен азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көтеру – Қазақстан Республикасында демократиялы, тәуелсіз және құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі шарты.

Глоссарий (терминдер): құқықтық идеология, құқықтық психология, пролетарлық құқықтық сана, корпоративтік құқықтық сана, социум, эмпирикалық сана, доктриналдық сана, құқықтық нигилизм, құқықтық инфантилизм, құқықтық идеализм, құқықтық демогогия.

Дәріс № 7

Дәріс тақырыбы Құқықтық реттеу механизмі және құқықшығармашылық

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқықтық реттеу механизмі дегеніміз құқықтық құралдардың тұтас жүйесінің көмегімен қоғамдық қатынастарға нәтижелі ықпал етуін қамтамасыз етілуі.

Құқықтық реттеу механизмі құқықтық реттеу ұғымынан туындайды. Сонымен құқықтың жалпы теориясындағы құқықтық реттеу механизмі рөлін және маңызын анықтаудан бастау алады. Құқықтық реттеу механизмі құқықтық болмыстағы – нормалар, құқықтық қатынастар, құқықтық актілер және тағы басқа құқықтық құралдарды біріктіріп, олардың тұтастығын қалыптастырып, оларды «әрекет етуші» динамикалы-жүйе түрінде, яғни құқықтық реттеудің нәтижелігін сипаттай келе, заңнаманың алдына қойған мақсатына құқықтық жағынан жетуге кепілдік беру қабілеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар құқықтық жүйедегі құқықтық құбылыстар өздеріне тиесілі арнайы функцияларын атқару барысында өзара тығыз байланысқа және өзара әрекетеседі.

Құқықтық реттеу дегеніміз құқықтық (юридикалық) құралдар көмегімен қоғамдық қатынастарға және адамдардың жүріс-тұрыстарына ықпал ету.

Құқықтық реттеудің пәні болып әрқашанда құқық нормасымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Қоғамдық қатынастардың көп түрлілігі осы қатынастарды реттейтін құқық нормалардың әртүрін, жиынтығын анықтайды. Яғни, қоғамдық қатынастар өзінің түрлеріне сәйкес қандай да бір белгілері бойынша салаларға немесе топтарға бөлініп, тиісті белгілі бір құқық нормаларының жиынтығымен, тобымен реттеледі. Мысалы, еңбек қатынасы – белгілі бір құқық нормаларының жиынтығымен реттелетін қоғамдық қатынастың бір саласы. Сол сияқты отбасы қатынастары, мүліктік қатынастар бөлек құқық нормаларының жиынтығымен реттеледі. Сонымен, құқықтық реттеудің пәні – құқықпен не реттеледі? деген сұраққа жауап береді. Демек құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Жалпы құқықтық реттеудің пәнін екі топқа бөлуге болады: біріншісі, материалдық және материалдық емес құндылықтарды өндіру, пайдалану, айырбастау бойынша туындайтын қоғамдық қатынастар; екіншісі, қоғамдағы қатынастарды ұйымдастыру, басқару және қорғау бойынша туындайды. Бірінші топтағы қоғамдық қатынастар жеке мүдделер және олардың жалпы әлеуметтік мүдделермен үйлесуі нақты көрініс табады. Олар тараптардың еркіндігіне негізделе отыра, әдетте реттеудің жеке құқықтық сипатын танытады. Ал екінші топтағы қоғамдық қатынастар реттеу аясы бойынша бұқаралық сипатта. Яғни бұл қатынастар қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін, бұзылған құқықтарды қалпына келтіретін биліктік, өкілеттік құзыреттерді жүзеге асырумен негізделе туындайды. Аталған қатынастар алдымен жалпыәлеуметтік, жалпымемлекеттік мүдделерді және оларды жеке адамдардың мүдделерімен үйлестіре отырып реттейді.

Құқықтық реттеудің әдісі қоғамдық қатынастардың сипатымен және оған қатысушылардың құқықтық мәртебесімен анықталады.

Құқықтық реттеудің пәні – «құқық нені реттейді?» деген сұраққа жауап берсе, әдісі – «қалай реттейді» деген сұраққа жауап іздейді. Егер құқықтық реттеудің пәні материалдық критериясы болса, әдісі – формальді – заңи критериі болып табылады.

Құқықтық реттеудің әдісі – біртекті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қолданылатын заңи құралдардың және тәсілдердің жиынтығы.

Құқық теориясында құқықтық реттеуде қолданылатын үш әдіс туралы көп кездеседі: рұқсат беруші, міндеттеуші, тыйым салушы. Рұқсат беруші дегеніміз субъект өз мүддесін іске асыру үшін белсенді әрекеттер жасау мүмкіндігіне ие болу. Міндеттеу әдісі бойынша адамға бұйрық, парыз арқылы белсенді әрекеттер жасауды жүктейді. Ал тыйым салу дегеніміз қандай да бір әрекетті жасауға тыйым салу, яғни заңда көзделмеген, рұқсат берілмеген әрекеттен бас тарту.

Құқықтық реттеудің басқа да тәсілдері: мысалға, заңи мүмкіндік беру (субъективтік құқық), белсенді және бәсең міндетті (тыйым) жүктеу.

Қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал ету арнайы және құқықтық реттеу көптеген режимдер мен тәсілдер арқылы сипатталады. Сондықтанда екі тәсілге ғана тоқталу пікір-талас тудырады. Құқық теориясында, соның ішінде құқық шығармашылық тәжірибесінде құқықтық реттеудің алты арнайы тәсілін бөліп көрсетеді. Оларға мыналар жатады: тыйым салу, рұқсат беру, құқықтық өкілдік беру, міндеттеу, көтермелеу, санкциялау.

Тыйым салу – азаматқа немесе басқа тұлғаға құқық нормасы арқылы тыйым салынған әрекеттен бас тартуды жүктеген міндет. Рұқсат беру – тұлғаға белгілі жағдайда әрекет ету мүмкіндігін беру. Құқықтық өкілдік беру – азаматқа немесе басқа тұлғаға бөтен адамнан немесе бөтен тұлғадан белгілі жүріс-тұрысты талап ету мүмкіндігін беру. Жағымды міндет жүктеу – құқық нормасында бекітілген ұйғарым арқылы азаматқа, басқа да тұлғаларға бөтен, өкілетті тұлғаның пайдасына қандай-да бір әрекет жасау. Көтермелеу – тұлға құқыққа сай әрекет жасағаны үшін құқық нормасында бекітілген материалдық және/ немесе рухани игілікке, басқа тұлғамен салыстырғанда әдеттегіден артық талап қоюға ие болу. Санкция – мемлекет құқық нормасында жаза түрінде бекіткен шара.

Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері бар.

  • императивтік – тыйым салу, жазалауға негізделген биліктік өкім ету, субординация әдісі, императивтік әдіс құқықтық өкімдерден бас тартуға жол бермейді. Бұнда құқықтық қатынастың пайда болу негізі мемлекеттік – биліктік бұйрық болып табылады: соттық үкім, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы; ол көбінесе әкімшілік және қылмыстық құқыққа тән болады.

  • диспозитивтік – ерік беруге негізделген, тараптардың теңдігі кодификация әдісі. Бұл әдіс құқықтық қатынасқа қатысушыларға өзара қатынастарын өз қалауларынша реттеуге құқық бере отырып, белгілі дәрежеде дербестік береді. Бұл әдіс азаматтық, отбасылық құқықтарға тән. Оған «егер заңда өзгеше көзделмесе» деген қаратпа тән болып келеді.

  • қолдау әдісі – қандай да бір лайықты мінез құлығы үшін мадақтау әдісі; ол көбінесе еңбек құқығында кездеседі.

  • ұсынбалы әдіс – қоғам мен мемлекет үшін нақты пайдалы кеңес беру әдісі. Ол кәсіпкерлік құқыққа тән.

Құқықтық реттеудің әдісі оның пәнімен анықталады. Мәселен, әкімшілік құқықтағы императивтік әдіс мемлекет басқару саласындағы субъектілерде болатын билік және бағыну қатынастарының сипатынан туындайды.

Егер әр құқық саласында өзінің реттеу пәні болса, онда құқықтық реттеу әдісі бірнеше құқық саласына тән болуы мүмкін (жоғарыда қара).

Құқықтық реттеу механизмі құрамдас әлементтерден тұрады, яғни оның құрамындағы құқықтық құбылыстар өзара қарым қатынасқа түсу нәтижесінде белгілі құрылымға ие болады.

Демек құқықтық реттеу механизмі инструментальды (құралдық) сипатта болғандықтан оның мазмұны ықпал етушы құқықтық құралдармен, яғни қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер етуші құқықтық құбылыстармен сипатталады. Құрамдас элементтеріне институциональдық және нақты функциональдық қасиет тән.

Институциональдылығы: құқық жүйесінің субстанциялық, статистикалық жағын көрсететін элементтер құқықтық реттеу механизмі құрылымына жатады. Мысалы: құқық шығармашылығы, құқық қолдану құқық құбылысы болғанымен құқықтық реттеу механизмінің құрылымдық элементтер қатарына кұқық қолдану актілері, құқықтық-техникалық актілер кіреді.

Нақты функциональдылығы: құқықтық реттеу механизміне нақты әрекеттенентін құқықтық құбылыстар жатады. Мысалы заңдылық, құқықтық сана құқықтық жүйеде маңызды құқықтық құбылыс болғанымен құқықтық реттеу механизмінің элементтері емес олардың әрекет ететін құқықтық аясы немесе олардың әрекет етуіне жағда тұғызатын құқықтық факторы болып табылады.

Құқықтық реттеудің сатылары:

  1. құқықтық нормалардың қалыптасуы және әрекет етуі сатысы – қоғамдық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын бағыттайтын, олар үшін құқықтық режимді көрсететін нормалар (НҚА);

  2. құқықтар мен міндеттердің туындайтын сатысы —-қарастырылған жағдайға сай құқық норма негізінде нақты субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы немесе жүріс-тұрыстарының даралануы;

  3. құқықтар мен міндеттердің іске асырылуы сатысы – құқық нормасында баяндалған және осы жағдайға қатысушы субъектінің жүріс-тұрысының нақты өрнектелуі арқылы өмірге енуі, яғни қоғамдық қатынасқа қатысушылардың нақты жүріс-тұрыстары арқылы іске асуы;

  4. құқықтың қолданылу сатысы (қосымша саты) – құзыретті мемлекеттік органдар арқылы жекеленген биліктік құқық қолдану актісінің қабылдануы.

Көрсетілген сатыларға тоқтала отырып құқықтық реттеу механизмінің элементтерін анықтауға болады:

  • құқықтық норма;

  • құқықтық қатынас;

  • құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері;

  • құқық қолданудың жеке ұйғарымы (қосымша элементі).

Әрбір мемлекет қоғамдық қатынастарда құқық нормасында реттелетін, қамтамасыз етілетін, қорғалатын және сақталатын заңдылық және құқықшығармашылық көмегі арқылы анықталған тәртіп орнатады. Құқықтық аймақтағы шығармашылық – мемлекеттік еріктің заңға айналуын білдіретін мемлекеттік әрекет, құқық қалыптастыру үдеріснің соңғы, қорытындылаушы кезеңі.

Сонымен, құқықшығармашылық деп заңды актілерді жасау, жарыққа шығару не болмаса олардың заңды күшін жою, олардың алға қарай тиімділігін дамытуға бағытталған құқық қалыптастыру процессінің соңғы сатысы ретінде қоғамдағы объективті жағдаймен айқындалған мемлекет органдарының арнаулы қызметін айтамыз.

Оның белгілер:

  • белсенді, шығармашылық, мемлекеттік әрекет болып табылады;

  • нәтижесінде басым түрде нормативті-құқықтық актілерде орын алатын заңдық нормалар қалыптастырылады;

  • қоғамды басқарудың маңызды құралы;

  • құқық шығармашылық деңгейі мен мәдениеті қоғамдағы демократия мен өркениеттіліктің бейнесі болып табылады.

Құқықшығармашылыққа мынандай қағидалар тән:

  • ғылымилық (нормативті актілерді дайындау барысында әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайларды зерттеу қажет);

  • кәсібилік (арнаулы мамандар айналысуы керек);

  • заңдылық (заңға сәйкес және заң негізінде орындалуы);

  • демократизм (азаматтардың қатысу дәрежесін көрсетеді);

  • жариялылық (қоғамның мәліметтік хабарлылығын көрсетеді).

Құқықшығармашылық күрделі әрекет болғандықтан біртектес болуы мүмкін емес. Сондықтан ол әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Субъектілерінің сипатына байланысты былай бөлінеді:

  1. Халықтың тікелей құқықшығармашылығы. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің маңызды мәселелері бойынша тікелей халықтық дауыс беру (референдум) жолымен заңдар қабылданады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы тікелей халық еркімен қабылданған акт.

  2. Мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы. Қазақстан Республикасында нормативті құқықтық актілерді қабылдау құқығына Қазақстан Республикасының Парламенті, Президенті, Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар ие.

  3. Қоғамдық ұйымдардың құқықшығармашылығы немесе санкцияланған құқықшығармашылық. Мемлекет белгілі бір жағдайларда қоғамдық ұйымдардың актілерін немесе әдет-ғұрып нормаларын мемлекеттің рұқсат беру күшімен заңдастыруы мүмкін.

Құқықшығармашылық маңыздылығына байланысты заң шығару және заңға бағынышты актілерді шығару деп екі үлкен топқа жіктеледі. Заң қабылдау құқығына мемлекеттегі ең жоғарғы өкілді орган құзіретті болады және оның актілерінің жоғарғы заңдық күші танылады.

Заңға бағынышты нормативті актілерді қабылдау Президентке, үкіметке, министрліктер мен ведомстволарға, мемлекеттік комитеттерге, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларына берілетін құқық.

Құқықшығармашылық процесі кезектілікпен жүргізілетін ұйымдастырушылық әрекеттердің жиынтығы, нормативті актілерді жасау және оның нұсқауларын адресаттарға жеткізу технологиясы. Заңшығармашылықтың бірінші кезеңі заң жобасын дайындау болып табылады.

Заңдық бастамашылық дегеніміз конституцияда анықталған, соған өкілеттілігі бір белгілі бір субъектілердің заң жобасын дайындап, оны заң шығарушы органға енгізуі және оның заң жобасы бойынша шешім қабылдау міндеттілігі. Қазақстан Республикасында заңдық бастамашылық құқығы ҚР Үкіметі мен Парламент депутаттарының тобына берілген.

Екінші саты заң жобасын талдау деп аталады. Ол парламенттің төменгі палатасында – Мәжілісте заң жобасын ұсынған субъектінің баяндамасын тыңдаумен басталады. Аса маңызды заң жобалары бүкілхалықтық талдауға түседі. Заң жобасын талдау бап бойынша немесе толықтай түрде жүзеге асырылады.

Үшінші саты заңды қабылдау сатысы. Заң алдымен Мәжілісте, соңынан Сенатта қабылданады. Заң қабылдаудың екі түрлі тәртібі бар: заңдар көпшілік даусымен, яғни депутаттардың 50% + 1 дауыс жолымен немесе конституциялық заңдар басым көпшілік даусымен, депутаттардың үштен екі бөлігінің даусымен қабылданады. Парламент палаталарымен қабылданған заң актілері Президенттің қол қоюына жіберіледі. Қол қойылған заңдар іске асырылады.

Төртінші саты заң актілерінің жарық көруі және заңды күшіне ену сатысы деп аталады. Жарияланбаған заңдар қолданылмайды. Қазақстан Республикасында ресми жариялану органдары ретінде Парламент жаршысы, Президент пен үкімет актілерінің жинағы, Егеменді Қазақстан танылған. Заңдардың заңды күшіне енуінің арнаулы тәртібі бар. Ол «Нормативті-құқықтық актілер туралы» заңда көрсетілген.

Дәріс тақырыбы Құқықтық қатынастар

Дәрістің қысқаша мазмұны:Құқықтық қатынас - қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

  • әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас;

  • құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді);

  • адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс;

  • ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;

  • қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі;

  • мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.

Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады:

  • субъект;

  • объект;

  • субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).

Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады.

Субъективті құқық – субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Субъективті құқықтың құрылымы:

  • өкілді жанның белгілі бір әрекетке мүмкіндігі;

  • міндетті жаннан әрекеттің белгілі бір түрін талап ету мүмкіндігі;

  • құқығын қорғау үшін құзіретті мемлекеттік органға қайырылу мүмкіндігі;

  • белгілі бір әлеуметтік құндылықты пайдалану мүмкіндігі.

Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі. Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі. Заңды міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:

  • белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;

  • өкілді жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;

  • аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту қажеттілігі;

  • контрагентке құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.

Субъективті құқық пен заңды міндеттер арасындағы айырмашылықтар:

  1. егер субъективті құқық өз мүддесін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет өзгенің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған;

  2. субъективті құқық мүмкін болатын әрекет мөлшері болса, заңды міндет тиісті әрекет мөлшерін көрсетеді.

Құқықтық қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар. Құқықтық қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған құқық субъектісі. Құқық субъектісі деп заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке субъектілерге мыналар жатады:

  • азаматтар;

  • екі азаматтылығы бар адамдар;

  • азаматтығы жоқ адамдар;

  • шет ел азаматтары.

Ұжымдық субъектілерге мыналар жатады:

  • мемлекет;

  • мемлекеттік ұйымдар;

  • мемлекеттік емес ұйымдар.

Жеке құқықтық қатынастар аймағындағы ұжымдық субъектілер заңды тұлға белгісіне ие. Заңды ұйым - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Құқықтық қатынас субъектілері мәселесін көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет. Құқық қабілеттілік – азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. Кейбір жағдайда анасының құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі танылады. Мысалы, мұрагерлік құқықта.

Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты. Қазақстан Республикасында толық әрекет қабілеттілік 18 жастан бастап танылады. Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:

-толық әрекет қабілеттілік (18 жастан басталады);

-жартылай әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас аралығында);

-шектелген әрекет қабілеттілік (ішімдікке немесе нашақорлыққа салынуына байланысты өзін немесе отбасын ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен 18 асқан азамат сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектеледі);

-әрекет қабілеттілігінің болмауы. Жүйке ауруларымен ауруына байланысты кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.

Қазіргі кезде азаматтық құқықта 16 толған жасөспірімдер еңбек шарты бойынша еңбек ететін болса немесе ата-анасының немесе қамқоршыларының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп сот арқылы тануға рұқсат етіледі.

Құқық субъектілік – мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі). Ұжымдық субъектілер құқықсубъектілікке ие болады.

Құқықтық қатынастың объектісі деп құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз.

Құқықтық қатынастың пәні деп материалдық немесе рухани құндылықтарды, сондай-ақ құқықтық қатынастың пайда болуына себеп болатын адам әрекетін айтамыз.

Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:

  • құқықтық қатынастың объектісі болып тек адам әрекеті танылады;

  • құқықтық қатынастың объектілері сан қырлы.

Олардың қатарына:

  1. материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар);

  2. материалдық емес құндылықтар (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты);

  3. рухани шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.);

  4. құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі;

  5. бағалы қағаздар мен құжаттар жатқызылады.

Құқықтық қатынастар әр түрлі негіздер бойынша топтастырылады. Құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық қатынастар конституциялық құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қылмыстық құқықтық қатынастар, экологиялық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, еңбектік құқықтық қатынастар және т.б. болып бөлінеді.

Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді. Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді.

Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді және бәсең болып жіктеледі.

Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу - сату шарты. Ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық жазаны өтеу.

Құқықтық қатынастар әрекет ету мерзіміне байланысты қысқа мерзімді (айырбас) және ұзақ мерзімді (азаматтық) болып бөлінеді.

Жақтардың анықталу дәрежесіне байланысты салыстырмалы, абсолютті және жалпы құқықтық қатынастар болып айырылады.

Салыстырмалы құқықтық қатынас деп екі тарап та дербес және нақты анықталған және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттердің иесі болып табылатын құқықтық қатынастың бір түрін айтамыз. Абсолютті құқықтық қатынас деп субъективті құқық иесі ғана нақты анықталған, өзге субъектілердің барлығына оның субъективті құқығын бұзбау міндеті жүктелген құқықтық қатынастың түрін айтамыз.

Жалпы құқықтық қатынастар жеке тұлға мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынасты туындататын заңдардан бастау алатын қатынастың бір түрі. Нақты құқықтық қатынастар нақты заңдық фактінің негізіндн пайда болатын жеке тұлғалардың өзара немесе белгілі бір ұйыммен, мекемемен қарым қатынасын реттейтін құқықтық қатынастың бір түрі.

Заңды факт деп құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайларды айтамыз. Заңды фактілер құқықтық қатынастардың алғы шарты болып табылады. Олардың моделі заңдық норманың гипотезасында тіркеледі. Заңды фактілерді де әр түрлі негізде жіктеуге болады.

Туындайтын нәтижелерінің сипатына байланысты:

  • құқық қалыптастырушы;

  • құқық өзгертуші;

  • құқықты тоқтатушы болып бөлінеді.

Құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркіне байланысты:

  • оқиға;

  • әрекет болып бөлінеді.

Оқиға құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін, адамдардың еркінен тыс өтетін заңдық факт. Оған баланың туылуы, төтенше оқиғалар т.б. жатады.

Әрекет құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің еркіне байланысты болады да екіге бөлінеді: құқықтық және құқыққа қарсы. Құқықтық әрекеттің өзі екіге бөлінеді: заңдық актілер және заңдық әрекет. Заңдық акт белгілі бір заңдық нәтижелерге жетуге бағытталған әрекет. Заңдық әрекет жанның ой-пиғылынан тыс заңдық нәтижелердің пайда болуына әкелетін әрекеттер.

Құқыққа қарсы әрекеттер қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, тәртіпшілік болады.

Кейде құқықтық қатынастың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына бір факті аздық етеді , бұндайда заңдық құрам әрекет етеді.

Глоссарий (терминдер): өндірістік қатынастар, идеологиялық қатынастар, құқық субьектілері, заңды маңызы бар фактілер, жеке тұлға, заңды тұлға, әрекет қабілеттілік, субьективтік құқық, құқықтың обьектісі, монистік көзқарас, плюралистік көзқарас, және т.б.

Дәріс № 8

Дәріс тақырыбы Құқықты іске асыру

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқықтық қоғамда халық бір жағынан, ал мемлекет екінші жағынан өз тарапынан құқық нормаларының талаптарын орындауға міндеттеме алады. Осы тұрғыдан алғанда құқықты іске асыру мәселесі екі жақты сипатқа ие болады және оны қарастыру екі бағытта жүргізіледі. Бірінші бағыты мемлекет органдары мен лауазымды тұлғалардың тарапынан құқыққа мойын сұнумен анықталса, екінші бағыт азаматтар мен олардың ұйымдары мен бірлестіктері әрекетінде құқықты іске асырумен ерекшеленеді.

Соңғы нәтиже ретіндегі құқықты іске асыру белгілі бір әрекет жасау немесе одан бас тарту талабы мен нақты жасалған әрекеттер арасында толық сәйкестікке жетуді білдіреді. Құқықты іске асыру арқылы заң шығарушы мүдделі болған нәтижеге, пайдалы мақсатқа жетуге болады. Әрине мақсатқа жету құқықты іске асыру ауқымынан тыс болады, дегенмен де құқықтанушыны заң талап еткен әрекеттер қызықтырады.

Үрдіс ретіндегі құқықты іске асыру объективті және субъективті жақтарымен сипатталады. Объективті жағынан ол белгілі кезектілікпен анықталған құралдармен және анықталған мерзімде әрі орында құқық нормаларында көрсетілген заңды әрекеттерді жетілдіруді білдіреді. Субъективті жағынан құқықты іске асыру субъектінің жүзеге асырылатын құқықтық талаптарға қатынасымен, нұсқалынған әрекеттерді жасау сәтіндегі оның еркімен сипатталынады. Ол құқықты іске асыруға өз еркімен, мүдделілігімен баруы немесе жағымсыз салдардан қорыққандықтан баруы мүмкін. Бастысы – әрекет түріне, оны жасаудың орны мен уақыты шарттарына қойылатын талаптарды мүлтіксіз орындау болып табылады. Міндетті шарттардың біреуін бұзуға жол берілетін болса, құқықты іске асыру болмаған деп саналады.

Құқық теориясында құқық нормаларын іске асырудың әр түрлі нысандары танылған. Құқық нормасының мазмұнымен негізделген құқықты іске асыру әрекетінің сипатына байланысты төрт нысан танылған: құқықты сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.

Сақтау арқылы тыйым салушы нормалар іске асырылады, бұл нысанның мәні – тыйым салынған әрекетті жасаудан бас тарту болып табылады. Субъектінің әрекеті пәстігімен айқындалады немесе қазақшаласақ «сен тимесең, мен тимен» қағидасына сүйенеді деуге болады.

Орындау керісінше субъектіден міндеттеуші құқықтық нұсқауларды жүзеге асырумен байланысты болатын белсенді әрекеттерді талап ететін іске асыру нысаны болып табылады. Бұнда субъект өзіне жүктелген белсенді әрекетке деген міндеттілікті атқарады.

Құқықты пайдалану субъектінің өкілеттілігін жүзеге асыруға бағытталған, сондықтан да бұнда оның ерік-жігеріне байланысты белсенді мінез-құлық та, пәс әрекет те жасалуы мүмкін. Құқықты пайдалану - рұқсат беруші нормалардан бастау алатын мүмкіндіктерді жүзеге асырудан көрінетін құқықты іске асыру нысаны. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауы, меншік объектілеріне заңдық жарлық ету құқығы, сайлау құқығын пайдалануы түрінде кездеседі.

Расын айтқанда құқықты іске асыру туралы оны орындауға қатысты ғана айту жөн. Бұнда өзге құқықтық құралдармен бірге кепілдендірілген нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін заңдық нормаларда танымал әрекет тәртібі қалыптастырылады, олар соңынан нақты, тікелей мағынасында фактілі қатынастарға ауысуға, яғни өмірде жүзеге асырылуға тиісті.

Құқықтық жүйенің тереңіне бойлайтын пайдалану және сақтау тәріздес құқықты іске асыру нысандарына жүгінсек алдымен анықталған тұжырым дәлелдене түседі. Бұл тұрғыда құқық реттеуші және тиімді қорғаушы әлеуметтік механизм ретінде көрінеді. Ол жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырушылыққа сүйене отырып, экономикалық, жалпы әлеуметтік заңдылықтардың қызметін көрсететін құқықтық әрекет жасауға барынша мүмкіндік беріп, оны кепілдендіруі қажет. Және оның қызметі адам, олардың ұжымы әрекетін, қажеттіліктері мен мүддесін экономикалық, жалпы әлеуметтік, соның ішінде психологиялық көтермелеудің, реттеудің барлық жүйесімен терең, біртұтас өзара байланыс пен өзара әрекеттестікте болуымен сипатталады. Міне, осы тұрғыда құқықтық нысанды дамытудың, оның мүмкіндіктері мен қорларын пайдаланудың, құқықтың ролін қоғамдағы әлеуметтік, материалдық, рухани және өзге реттеушілер кешенімен үйлестіре отырып көтерудің анық жолы көрінеді. Құқыққа осындай көзқарас оған қарапайымдатылған түсінік беру мен оның ролін жөнсіз көтеру тәріздес әрекеттердің алдын алып, қоғам өміріндегі құқықтың шынайы құндылығын ашуға, оның әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі заңды ролін анықтауға мүмкіндік береді.

Құқықтық реттеу үдерісне оның соңғы сатысында, ал кейбір жағдайларда құқықтық қатынастар пайда болған кезде құқықты қолдану қосылады. Құқық қолдану - құзіретті органдардың нақты өмірлік жағдайларға қатысты құқық нормаларын жүзеге асыруындағы мемлекеттік-биліктік ұйымдастырушы әрекеті. Құқық қолдану құқық шығармашылықтан кейінгі екінші маңызды, құқықтық реттеуге мәнді ықпалы бар фактор. Құқық шығармашылық органдары құқықтық жүйеге қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқының жалпы бағдарламаларын енгізсе, құқық қолдану органдары басталған реттеуді әрі қарай қағып алып кетіп, заңдық нормаларды өмірге енгізуді қамтамасыз етеді.

Құқық қолдануды туындататын жағдайлар ішінде құқықтық қатынастардың пайда болуымен байланысты түрлері де бар. Бірақ басым түрде құқық қолдануды анықтайтын жағдайлар оның басты функциясын – құқықтық реттеу үдеріснде мемлекеттік-биліктік қамтамасыз етілу әрекетінің қажеттілігін көрсетеді. Ал бұл жағдайлар өз сипатына байланысты құқықтық реттеу үдеріснде мемлекеттік мәжбүрлеуді пайдалануды талап етеді. Жалпы алғанда тарих мемлекеттік бұйырымдарды іске асыруға адам еркін көндірудің екі негізгі құралын таниды: ол марапаттауға уәде ету және белгілі бір құндылықтардан айырумен қорқытып, мәжбүрлеу.

Құқықтық мемлекетте жазалаушы және мәжбүр етуші шаралардың аймағы мен көлемі күрт өзгереді де, құқықтық нұсқаулардың «өзін-өзі қамтамасыз етуіне» мүмкіндіктер ашылады.

Құқық қолданудың ерекше белгілері:

  • құзіретті мемлекеттік органдармен (сот, әкім) қолданылады;

  • биліктік сипатта болады;

  • сатылардан тұрады: істің фактілі және заңды негізін табу, шешім қабылдау;

  • тиісті жеке биліктік акт қабылдаумен байланысты.

Құқық қолдану актісі – құзіретті субъектінің құқықтар мен заңды міндеттердің бар-жоқтығын және тиісті норманың негізінде олардың мөлшерін анықтау мақсатымен жасалатын мемлекеттік-өкілді жеке анықталған акт.

Құқық қолдану актісі:

  • нормативті акті негізінде қолданылады;

  • нормативті актіде мазмұндалған құқық нормаларын нақты жағдайларға, қатынастарға қатысты нақтыландырады;

  • жекеленген (индивидуалды-анықталған) сипаты бар;

  • құқық нысаны болып табылмайды және бір мәрте қолдануға ғана арналған;

  • тиісті қоғамдық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болатын заңдық факт қызметін атқарады.

Құқықтың мақсаты адамдардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандырумен анықталады. Сондықтан да мемлекеттік ерікті құқықты іске асыру субъектілерінің еркімен сәйкестендірудің мән-мағынасы өте зор.

Глоссарий (терминдер): заң аналогиясы, құқықтың аналогиясы, лоббизм, заң коллизиясы, нормалар бәсекелестігі және т.б.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ағдарбеков Қ. Мемлекет жғне құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

2. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.

3. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1999.

4. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

5. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет жғне құқық теориясы. Алматы, 1998.

6. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

7. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

8. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

9. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

10. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

11. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Григорьев Ф. А. Акты применения права. Саратов, 1995.

  1. Завадская Л. Н. Механизм реализации права. М., 1992.

  2. Мурзаев К. Применение права судебными органами.// Вестник КазГУ. 2001.№4.

  3. Саутпаева Б. Практика применения действующего законодательства.// Фемида. 1999. №7.

Решетов Ю. С. Реализация норм советского права. Казань,1989

Дәріс тақырыбы Құқыққа түсінік беру

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар. 1. Субъектілері бойынша құқық нормаларын талқылау ресми және ресми емес болып екі түрге болінеді. 1.Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субъектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы кұқықтык кесім аркылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талкылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық норманы колдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада үғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда кателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді. 2. Нормативтік талқылауда құқықтық норманы талқылаған түсініктің өзі бәріне міндетті нормаға айналады, көп рет қолдануға мүмкіндіктер туады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы заңында» заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылдаған органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар нормативтік талқылаудын субъектісі болып әділсот органдары, атап айтқанда Қазақстан Республикасыиың Жоғарғы Соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар мен заңға сәйкес кабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге түсініктеме береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 81-бабында: Қазакстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі Жоғарғы Сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысанасында олардың кызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады», — деп атап көрсетілген. 3. Казуальдық талқылау нақтылы қаралған іс бойынша қолданылатын құқық нормаға түсінік беру. Мұндай талқылау негізінде құқық колдану барысында арнайы құзырға ие органдардың шешімдері мен соттардың үкімдерінен, шешімдерінен өздерінің көріністерін табады, соттық және әкімшілік болып екі түрге бөлінеді. II. Ресми емес талқылау заң күші жоқ, құқық нормаларын іс жүзіне асыруда құқық субъектілеріне міндетті емес түсінік беру. Мұндай талқылау кеңес берумен ғана шектеледі. Ресми емес талқылау мемлекет және құқық теориясында үш түрге бөлінеді: кәдімгі, кәсіби және доктриналдық. 1. Кәдімгі талқылау кез келген субъекттің өзінің білімі, деңгейі дәрежесінде қандай да болмасын заңға, онын нормала-рына түсінік беруі. Мысалы, референдум барысында жеке адам-дардың өз пікірлерін білдіруі. 2. Кәсіби талкылау құқық қорғау органдарының қолданылатын құқық нормалары бойынша азаматтарға, занды тұлғаларға түсінік беруі. Негізінде кәсіби талқылауды арнайы заң мамандығы бойынша білімі бар субъектілер іс жүзіне асырады. 3. Доктриналдық талқылау заңгер ғалымдар мен ғылыми мекемелер жазылған мақалалар, монографиялар және коментарийлерде беретін талқылаулар. Бұл талқылаудың зандарды жетілдіруде, олардың тиімділігін арттыруда, құқық нормаларының кемшіліктерін жоюда үлкен рөл атқарады. Көрнекті заңгер ғалым Е.Б.Әбдірасұлов доктриналық талқылау туралы мынандай қорытынды жасайды: «Біріншіден, доктриналдық талқылаудың субъектілеріне негізгі қызмет саласы ғылыми зерттеу болған ірі ғалымдар жатады. Екіншіден, доктриналдық талқылаудын жеке субъекті ретінде ғылыми доктрина жасап, құқықты талқылау қызметінің нәтижесін шығаруды қамтамасыз ететін ғалымдардың тобын, бірге жұмыстарды орындайтын бірсыпыра ғылыми-зерттеу мекемелері мен институттарды бөліп айтуға болады. Үшіншіден, доктриналдык талқылаудың жеке субъектілеріне ғылыми кызметтері өздерінің заң ұйымдары мен мекемелер, өр түрлі мемлекеттік органдармен байланысты заңгер-ғалымдар-ды жатқызуға болады. Төртіншіден, кұқық нормаларын доктриналдық талқылау субъектілері болып практика қызметкерлері табылады, егер олардың заңды талқылау қызметтері таза комментаторлық шы-ғармашылықпен шектелмей, кәсіби интерпретация деңгейінен жоғары болса». III. Тәсілдері бойынша құқық нормаларын талқылау тарихи-саяси, логикалық, арнайы-зандық, жүйелілік, грамматикалық болып бөлінеді. 1. Тарихи-саяси талқылау нормативтік құқықтық кесімдердің қабылдануының тарихи жағдайларын түсіну арқылы олар-дың негізгі мақсаттарын айқындап, танып білу және зерттеу. 2. Логикалық талқылау логиканың зандарын пайдалана оты- рып, заң мәтінінде қолданылған ұғымдар мен категориялардың, құбылыстардың, бір бірімен байланыстарына, арақатынастарына талдау жасау арқылы түсінік беру. 3. Арнайы-заңдық (терминологиялық) заңнама шығарушы органның заң техникасын қолдану барысында пайдаланылған арнайы терминдерді түсіндіру, мазмұнын ашып көрсету. Мысалы, «әлсірету мақсатында жасалған», «ауыр зардаптарға әкеп соққан іс-әрекеттер», «қылмыстық қоғамдастық», «ірі мөлшерде», «құнды заттар», «мүдделеріне елеулі зиян келтіру», «лизинг», «ипотска», «акцепт», «элемент», «регресс» жәнет.б. 4. Жүйелілік — кұқық нормаларының институт, құқық салаларымен байланыстарын, алатын орындарын ұғыну арқылы талқылау. Соның нәтижесінде талқыланған құқық норма басқа нормалармен салыстырылып, салалармен шектес екені айқындалады. 5. Граматикалық талқылауда құқық нормаларының мәтініне, сөз құрылыстарына талдау жасау арқылы оның мазмұнын үғыну. IV. Көлемі бойынша құқық нормаларын талқылау сөзбе-сөз, кеңейтілген және шектелген болып бөлінеді. 1. Сөзбе-сөз талқылауда қүкық норманың мәтіні оның мазмұнын дәлме-дәл көрсстеді. Осыган байланысты онын мазмұнын түсінуде ешқандай қиындықтар болмайды. Кеңейтілген талқылауда құқық норманың толық мазмүны онын создік мағынасынан кеңірек болып ұғынуды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының бірінші тармагы: «Судья сот торелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады», деген норманы бекіткен. Бұл жерде судьялар іс қарағанда тек ғана Конституция мен зандарға ғана емес, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге бағынады. Бұл норма кеңейтілген талқылауды талап етеді. Сонымен қатар кұқық нормаларының мәтінінде «және басқалар», «өзгеше көзделмесе», «басқа құжаттар», «басқа да мүлік» және т.б. сөздер құқық нормалар мәтінде пайдаланғаңда кеңейтілген талқылау пайдаланылады. Шектелген талқылауда кұқық нормасының толық мазмұны оның сөздік мәтінінен кеңірек болып қабылданады. Мысалы, Казақстан Республикасынын Конституциясының 36-бабы: «Қазақстан Республикасын корғау — оның әрбір азаматының қажетті борышы және парызы» деген норманы бекіткен. Бірақ, бұл борышты барлык азаматтар орындай алмайды. Атап айтқанда әрекет қабілеттілігі жок азаматтарға отанды корғау борыш және парыз бола алмайды. Немесе Конституцияның 27-ба-бының 3-тармағы «Кәмелетке толған еңбекке кабілетгі балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамкорлык жасауға міндетті» деп атап көрсетеді. Бұл жерде шектелген талкылаудың корытын-дысы мен балаларына қамқорлык жасамаған және тастап кеткен ата-анаға көмек көрсету міндетті емес екенін аңғарамыз.

Дәріс № 9

Дәріс тақырыбы Заң техникасы

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Дәріс тақырыбы Құқыққа сай жүріс-тұрыс. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1. Құқықтық мінез-құлықтың түсінігі және белгілері. Құқықтық мінез-құлық–бұл субъектілердің құқық нормаларына және әлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы.

Құқықтық мінез-құлық келесі белгілермен сипатталады:

- заңмен орнықтырылған шекте болады (формальды аспект);

- әлеуметтік пайдалы, қоғамдық мақсаттар мен мүдделерге қайшы келмейді; бұлар оның объективтік жағын құрайды (мазмұнды аспект);

- саналы сипатқа ие; бұл оның субъективтік жағын құрайды.

 

2. Құқықтық мінез-құлықтың түрлері. Құқықтық мінез-құлық мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді:

1) әлеуметтік маңыздылығы дәрежесіне қарай: қажетті (мысалы, әскери борышты өтеу); қалаулы (мысалы, ғылыми және көркем шығармашылық); рұқсат етілген (мысалы, діни рәсімдерді орындау).

2) себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты: әлеуметтік белсенді; конформисттік; әдетті; маргиналды.

Әлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс–бұл құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгейімен сипатталатын жүріс-тұрыстың жоғарғы нысаны. Бұл жерде субъект жазадан қорықанынан немесе марапаттауды күткенінен емес, құқықтық мінез-құлықтың қажеттігіне сенуінің негізінде әрекет етеді.

Әлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс мынадай элементтерден құралады: а) қызметтің мемлекеттік ұйымдастырылған түрлеріндегі, құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру салаларындағы белсенділік; ә) ерікті ұймдардың қызметіндегі белсенділік; б)қоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды құрудағы және олардың қызметіндегі белсенділік; в) тұлғаның құқық саласындағы дербес белсенділігі.

Конформисттік жүріс-тұрыс–бұл  құқықтық ережелерге оларды терең әрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсенділіксіз бағынумен сипатталатын әрекет. Басқаша айтқанда, адам басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық мінез-құлықты таңдайды.

Әдетті жүріс-тұрыс–бұл құқық нормаларының орындалуы әдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын жүріс-тұрыс. Әдет әрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нәтижесінде қалыптасады.

Маргиналды жүріс-тұрыс–бұл мемлекеттің мәжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нәтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлық. 

1. Құқықбұзушылықтардың түсінігі, белгілері және түрлері. Құқықбұзушылық–бұл қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқықбұзушылықтың белгілері:

әрекет немесе әрекетсіздік;

кінә;

құқыққа қайшылығы;

зиянды нәтиже;

әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс;

заңды жауапкершілік.

Әлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға және теріс қылықтарға бөлінеді.

Қылмыстар–бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, әлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан келтірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық әрекеттердің тізімі нақты анықталған және олар кеңейтілген  түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді.

Теріс қылықтар–әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген.

Теріс қылықтардың түрлері:

1. Азаматтық–бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуды және т.б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар  және басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.

2. Әкімшілік–бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласындағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) және  әкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.

3. Тәртіптік–бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асырылатын, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің  қызметінің ішкі тәртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін–Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін–арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің  немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады.

Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар құқықты қалпына келтіруші және айыпппұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мәжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.   

         

2. Құқықбұзушылықтың заңды құрамы–бұл құқықбұзушылықтың  заңды жауапкершілікке тарту үшін қажетті және жеткілікті белгілерінің жүйесі. Заңды құрамға мыналар жатады:

1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқықәрекетқабілетті жеке тұлға немесе әлеуметтік ұйым.

2. Құқықбұзушылықтың объектісі–бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік және тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік және т.б. жатады.

3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы–бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә дегеніміз тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы.

Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді және осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді. 

Абайсыздықтың да екі нысаны болады: менмендік және немқұрайдылық. Менмендікте тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын түсінеді, алайда жеткілікті негізсіз олардың алдын алуға тырысады.  Немқұрайдылықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті салдарын болжай алмайды, алайда дұрыс зейін қойғанда оларды байқауы мүмкін әрі тиіс еді.

4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы–бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а) әрекет немесе әрекетсіздік; ә) құқыққа қайшылық; б) зиянды нәтиже; в) әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

 

3. Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары. Заңды жауапкершілік–бұл құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану. Шаралар мынадай сипатта болуы мүмкін: а) жеке сипаттағы шаралар (бас бостандығынан айыру); ә) мүліктік сипаттағы шаралар (айыппұл); б) ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар (жұмыстан босату).

Заңды жауапкершіліктің белгілері:

- оны мемлекет құқықтық нормалард орнықтырады;

- мемлекеттік мәжбүрлеуге негізделеді;

- арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданады;

- жаңа қосымша  міндетті жүктеумен байланысты;

- жеке, мүліктік және ұйымдастырушылық сипаттағы белгілі бір теріс салдардан көрініс табады;

- іс жүргізушілік нысанда жүктеледі;

- тек жасалған құқықбұзушылық үшін ғана туындайды.

Егер заңды жауапкершіліктің іс жүзіндегі негізі болып оның құрамын құрайтын белгілердің жиынтығымен сипатталатын құқықбұзушылық табылса,оның заңды негізі болып құқық нормасы мен сәйкес құқыққолданушы акт табылады. Құқыққолдану актісінде құзіретті орган нақты бір құқықбұзушыға қатысты мәжбүрлеу шараларының нақты көлемі мен нысанын анықтайды. Мұндай құқыққолдану актісі ретінде әкімшілік бұйрығын, сот үкімін немесе шешімін және т.б. атауға болады.

Заңды жауапкершіліктің қағидалары:

1) заңдылық–жауапкершіліктің тек құқықбұзушылық (яғни, құқықәрекетқабілетті тұлға жасаған кінәлі, құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік) үшін ғана қолданылатынын білдіреді;

2) әділеттілік–жазаның кінәға сәйкестігін, теріс қылықтар үшін қылмыстық санкцияларды белгілеуге жол берілмейтіндігін, кінәліге бір құқықбұзушылық үшін тек бір ғана жазаны тағайындауды білдіреді;

3) негізділік–істің жағдайларын объективтік түрде зерттеуді және нақты жазалау шарасын заңға сәйкес анықтауды білдіреді;

4) ізгілік (гуманизм)–адамның қадір-қасиетін қорлайтын жазалау шараларын белгілеуге және қолдануға тыйым салуды білдіреді;

5) жауапкершіліктің міндетті түрде болатындығы–жасалған қылмыс үшін заңды жауапкершіліктің міндетті түрде туындайтынын білдіреді;

6) мақсаттылық–құқықбұзушыға қатысты таңдалған жазаның заңды жауапкершіліктің мақсаттарына сәйкестігін білдіреді.  

 

4. Заңды жауапкершіліктің түрлері. Заңды жауапкершіліктің төмендегідей түрлері болады:

1. Қылмыстық–тек қылмыстар үшін қолданылады; ешкім де сот шешімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы және қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Қылмыстық жазалау шаралары–кінәлінің тұлғасына бағытталған мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатаң нысандары–бас бостандығынан айыру, өлім жазасы және т.б.

2. Әкімшілік–әкімшілік теріс қылықтарды жасағаны үшін туындайды және айыппұл, арнайы құқығынан айыру және т.б. сияқты шаралардан көрініс табады.

3. Азаматтық–мүліктік сипаттағы шарттық міндеттемелерді бұзу және шарттан тыс мүліктік зиян келтіру  үшін туындайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қағидасы–зиянды толығымен өтеу.

4. Тәртіптік–еңбек, оқу, қызметтік, әскери тәртіпті бұзу үшін қолданылады; тәртіптік жауапкершілік шаралары–сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару және т.б.

5. Материалдық–қызметкерлер мен жұмысшылардың өз қызметтік міндеттерін орындауы барысында кәсіпорынға, мекемеге, ұйымға келтірген зияны үшін туындайды.

    

5. Әрекеттің құқыққа қайшылығын және заңды жауапкершілікті жоятын жағдайлар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

1) есі дұрыс еместік–тұлғаның өз әрекеттеріне есеп бере алмауы;

2) қажетті қорғаныс–мемлекеттің, қоғамның тұлғаның мүдделерін қоғамға қауіпті нұқсан келтіруден қорғау барысында нұқсан келтіруші тұлғаға зиян келтірумен сипатталады; алайда, қажетті қорғаныс шегінен асып кетпеуі тиіс, яғни, қорғанудың  нұқсан келтірушіліктің  қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне айқын түрде сәйкес келмеуі орын алмауы тиіс;

3) аса қажеттілік–мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның мүдделеріне қауіп төндіруші әрекетті жою жағдайында мүмкін, қойылатын шарт–бұл қауіп басқа құралдармен жойыла алмауы қажет және аса қажеттіліктен туындаған зиян алдын алған зияннан аз болуы тиіс;

4) қоғамға аса қауіптілігі жоқ құқықбұзушылық;

5) казус (жағдай) және т.б.   

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ашимов А. Организация - юридическое лицо.// Право и государство. 2000. №3.

  2. Варламова В. И. Правоотношения: философский и юридический подходы //Правоведение. 1991. № 4.

  3. Грецов Ю. И. Проблемы теории правового отношения. Л.,1981.

  4. Дудин А. П. Объект правоотношения. Саратов, 1980.

  5. Дудин А. П. Диалектика правоотношения. Саратов, 1983.

  6. Исаков В. Б. Юридические факты в советском праве. М., 1984.

  7. Кропачев Н. М., Прохоров В. С. О понятии правовых отношений//Правоведение. 1985. № 3.

  8. Протасов В. Н. Правоотношение как система. М., 1991.

  9. Раимбеков Е. Понятие правовых отношений и их виды. // Фемида. 2001. №10.

Дәріс № 10

Дәріс тақырыбы Құқықтағы сендіру және мәжбүрлеу

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқықты іске үрдісінде әлеуметтік-пайдалы нәтижеге жету үшін сендірудің бағыттылығы. Сендіру үрдісінің сатылары (сендірудің бастапқы сатысындағы тиімділіктің төмен болу мүмкіндігі, сендірудің созылу барысында жағымды аргументтердің баяу «қабаттануы», сендіру бойынша жүргізілетін шараларды үздіксіз, кешендік жұмысқа айналдыру). Сендіру нысанының көптүрлілігі: құқықтық ұйғарымның мағынасын түсіндіру, құқықтық әрекеттер мен қылықтардың артықшылықтарын талдап, олардың орындалмағаның жағымсыз салдарының көрсету. Мәжбүрлеу жағымсыз, бірақ құқықты іске асыру мен байланысты, алдында тұрған жүріс тұрыс нұсқаларын таңдау қажеттілігімен байланысты азаматтарға ықпал ету тиісті тәсіл ретінде. Сендіру шаралары қолданылған және тәмамдалған соң мәжбірлеуді пайдалану қажеттілігі. Құқықтық мәжбірлеудің түрлері, оларды қажетті жағжайжа ғана қолдану, және де ауырлық дәрежесінің өсуіне (басында мүмкіндігінше жұмсақ, сондан кейін қатаң, кейін келе қатал) сай қолдану.

Сендіру мен мәжбірлеудің ыңғайлы үйлесімі-адамдардың жүріс тұрысына құқықтық ықпал ету басты тиімді шарта.

Глоссарий (терминдер): Құқықтық реттеу , құқықтық қатынас, құқық беру, міндет жүктеу.

Дәріс тақырыбы Заңдылық және құқықтық тәртіп. Әлемдік құқықтық тәртіптің қалыптасуындағы проблемалары.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Заңдылықтың түсінігі және қағидалары. Заңдылық–бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.

Заңдылық үшін екі жақ тән: а) мазмұнды жағы–бұл құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы; ә) формальды жағы– бұл оларды орындау, себебі, орындаусыз ең кемшіліксіз заңдардың болуының өзі де жеткіліксіз.

Заңдылықтың субъектілері болып қоғамдық қатынастардың барлық қатысушылары табылады, нақты айтқанда: мемлекет және оның органдары; қоғамдық және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері табылады.

Заңдылықтың қағидалары–бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:

1) заң үстемдігі–барлық нормативтік және жеке құқықтық  актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;

2) заңдылықтың тұтастығы–нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;

3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестігі– құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;        

4) заңдылықтың шынайылығы–құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез-келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.

                                     

2. Заңдылықтың кепілденуі–бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен  мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Заңдылықтың кепілденуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

1) әлеуметтік-экономикалық–бұл қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі, оның жағдайының деңгейі, меншік нысандарының алуан түрлілігі, экономикалық бостандық және т.б.;

2) саяси–бұл конституциялық құрылымның қоғамның саяси жүйесінің демократиялылығының дәрежесі, саяси плюрализм, көппартиялық, биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.;

3) ұйымдастырушылық–бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың (прокуратура, сот, полиция және т.б.) қызметі;

4) қоғамдық–бұл заңнаманы бұзумен күресу мақсатында қолданылатын алдын алу және басқа да шараларының мемлекетте қалыптасқан кешені;

5) идеологиялық–бұл құқықтық сананың дамуының, азаматтар арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарын орындаудың дәрежесі, қоғамдағы адамгершілік тәрбиелеудің деңгейі;

6) арнайы-заңды–бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау және қудалау  мақсатында қолданыстағы заңнамада бекітілген тәсілдер мен құралдар.

   

3. Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құқықтық тәртіп–бұл субъектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.

Құқықтық тәртіптің ерекшеліктері:

а) ол құқық нормаларында жоспарланған;

ә) осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;

б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;

в) қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;

г) заңдылықтың нәтижесі болып табылады.

 

4. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді.

1) құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады; құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады;

2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жету мүмкін емес;

3) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;

4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.