Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТГП каз 2 кред УМКМД для ЮСПК 101 (2014-2015).docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
738.86 Кб
Скачать

4. Пәнді игеру үшін ұсынылатын әдістемелік нұсқаулықтар

Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылым және құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Оларға қарағанда, жалпытеориялық және әдістемелік функцияны орындай отырып, ол белгілі бағдарлық қызмет атқарады. Әдетте, оның мемлекеттік-құқықтық даму заңдылығы мен қарқынын ашатын сипаты мынадай, нақты юридикалық ғылым мен пән өкілдері «өздерінің» зерттейтін құбылыстарының жаңа жағын және қырын байқауда немесе оны түсіндіруде және талдауда жаңа көзқараспен қарау мүмкіндігі туындайды. Сонымен қоса нақты юридикалық ғылымдар өз зерттеу қызметінде мемлекет және құқық теориясының мемлекеттік-құқықтық аясын қамтитын, соның ішінде мысалы:- құқық пен заңның мазмұны мен бағыты бойынша ұқсас еместігін танытатын айырмашылығын ажырата білу қажеттілігі, құқықтық актілер сатысының сақталу маңыздылығы, соның ішінде конституция ең жоғары күшіне ие сияқты ұғымдық және түсініктемелік аппараттарды кеңінен қолданады. Сол сияқты мемлекет және құқық теориясында құзырет, заңдық мәртебе, құқықсубъектілік, азаматтылық, иммунитет, депортация, қылмыстылық және құқықбұзушылық, юридикалық техника, легислатура және т.б. ұғымдар қазіргі таңда Құқықтанудың жалпы құндылығы болып табылады. Осы ғылымның теориялық-әдістемелік тұғырымен және оның мазмұнымен таныстығымыздың арқасында студенттер юридикалық пәндердің «құпияларын» белсенді және табысты игеру мүмкіндігі бар.

Студенттерді юридикалық білімге қосу процесінде белгілі кезектілікті сақтау қажет: бастапқы құқықтық ұғымдар мен түсініктерді меңгеруіне үйретуді мақсатқа сай бастау керек, содан кейін күрделірек кешенді ұғымдар мен түсініктерге көшу, содан соң тұжырымдар мен ғылым саласындағы теорияларды зерттеуге кірісу қажет. Басқа да юридикалық (сонымен қоса, философиялық, әлеуметтік және т.б.) пәндерді паралельді және кезектілікпен зерттеу жоғарғыдағыдай тәртіппен жүруі тиіс.

Пәнді оқытудың реті студенттерге дәріс оқудан, студенттердің оқытушымен бірге өткізілетін өзіндік жұмыстарында дәріс кезінде туындаған сұрақтарды талдаудан, семинар сабақтарына дайындықтан және студенттердің өзіндік жұмыстарынан тұрады.

Дәріс сабақтарына студенттер дәріс материалдарын конспектілей отыра, қатысуға міндетті. Жаңа тақырыпты талдау барысы өтілген материалды негізге ала отырып өткізілетіндіктен, дәрісте қайталау сұрақтарын, қазіргі заманмен байланыстыруға, логикалық ойлауға арналған сұрақтар қоюға болады.

Семинар сабақтарында студенттер семинар тақырыптарының сұрақтарына міндетті түрде дайындалып келуі тиіс, силлабусста көрсетілген, және қосымша сұрақтарға, студенттердің бір-біріне қоятын сұрақтарына дайындалып, тақырыпқа сәйкес қызықты фактілер, мемлекетімізде және әлемде болып жатқан жағдайларды тақырыпқа сәйкес байланыстырып келтіруге болады.

Студенттердің өзіндік жұмысы - бұл сабақтың ерекше түрі. Ғылымның белгілі бір саласындағы білімдерін толықтырып, танымдық қызығушылықпен өзіндік жұмыстарды орындауға бағытталған. СӨЖ сабақты меңгеруде материалды жан-жақты зерттеумен, шығармашылық белсенділікпен, логикалық ойлауды дамытумен байланысты. СӨЖ аудиториялық уақыттан тыс оқытушымен бірге (СОӨЖ) және аудиториялық уақыттан тыс оқытушысыз (СӨЖ) жүргізіледі.

Студенттердің өзіндік жұмысы оқытушымен бірге (СОӨЖ) дәріс сұрақтарын талдауға оны нақтылауға арналған. СОӨЖ-де студенттер оқытушыға дәріс бойынша туындаған сұрақтарын қоюға, семинар сұрақтарына, өзіндік жұмыс тапсырмаларына дайындалу барысында кездескен қиындықтарға оқытушыдан жауап алуы тиіс.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) сабақтан тыс уақытта СӨЖ кестесіне сәйкес өткізіледі. Студенттер силлабуста көрсетілген тапсырмаларды орындауы керек.

Оқу ісінің мақсаттары

Мемлекет және құқық теориясының негізгі зерттеу обьектісі мемлекет және құқықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары болып табылады. Мемлекет және құқық теориясы басқа заң ғылымдарына методологиялық және теориялық негіз құрайды. Бұл пәнді зерттемейінше өзге заң ғылымдарын зерделеу мүмкін емес.

Курстың мақсаты: Мемлекет және құқық теориясы студенттердің дүниетанымын қалыптастыратын, құқық және мемлекет аймағындағы негізгі түсініктер мен анықтамаларды түсінуді қамтамасыз ету

Курстың міндеті: Мемлекет және құқық теориясының мақсаты студенттердің ғылыми дүние танымын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында құқыққа деген саналы көз қарас қалыптастырады. Қоғамдағы заңи құбылыстарға сыни тұрғыда баға беруді тәрбиелеу болып табылады

Мемлекет және құқық теориясы пәнінен кейін студенттер төмендегідей білімдерді меңгеруі тиіс:

- мемлекет және құқықтың қалыптасуы және дамуы туралы білімдер;

- қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет және құқықтың орны мен ролі;

- заңдылық және конституциялқ тәртіп;

- құқықықтық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру;

- құқтық мінез- қылық және құқықбұзушылық;

- адам құқықтары мен бостандықтары;

- мемлекет және жеке тұлға арасындағы байланыс;

- құқық салалары туралы жалпы білімдер.

Мемлекет және құқық теориясы кейін студенттер төмендегілерді істей білуі қажет:

- нормативті-құқықтық актілердің мазмұнын түсіну және туынды актілерді қажетті әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып талқылауды;

-жеке нормативтік актілер бойынша олардың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып қортынды жобасын жасай білуге;

- ғылыми негізделген және әдістемелік дұрыс орындалған баяндамалар, Эссе не курстық жұмысты даярлай білу;

- теориялық білімдерді практикада ұтымды пайдалану.